Қоршаған ортаның сандарын талдаудың негізгі тәсілдері Тақырып Атмосфералық ауаны талдау



бет2/2
Дата09.10.2023
өлшемі41 Kb.
#184284
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
Лекция 6

2 Ауа сынамасын алу

Ауаның сыеамасын арнаулы ыдыстарда жинайды да, содан сон жиналған сынаманы талдау жүргізілген жерге жеткізеді немесе талдау үшін арналған аспаптардың көмегімен сынама алған жерде талдау жасалады. Осы кезде сынамадағы зиянды заттың концентрациясың қатты беттегі абсорция немесе сұйық денелердің абсорциясы арқылы концентрациясын жоғартылуға болады. Ауаның сынамасын алған кезде, алынған сынаманың көлемін жағдайын қандай қысымда, температурада есепке алып отырады.


Ауаның сынамасын алу үшін қолданылатын арнайы құрылғылар
1) газ жинағыш түтік (газды пипеткалар),
2) сіңіргіш ыдыстар (Рихтер,Зайцев, Полежаев)
3) қатты сіңіргіштер (сорбенті бар түтіктер)
Жүргізілетін ауаны талдаудың дәлділігі көп жағдайда сынаманы алудың дұрыстығымен, жүргізілетін талдаудың дәлділігі, әдістің сезімталдылығына мен сенімділігіне байланысты болады.
Атмосфералық аэрокіренлерде уытты аммиакты, азот пен күкірттің оксидін, қышқылдардың буларын, меркаптандарды, СО, ауыр металдардың қосындыларын, HCl, HF және т.б. анықтауға тура келеді.
Атмосферадан және өндірістерден шыққан газдардан сынамалар алғанда сынаманың құрамын сақтау үшін алдын-ала шоғырлаусыз алған сенімді. Инертті материалдардан жасалған ыдыстардың өзінде сынамалар бастапқы қалыпында сақталынбайды. Өйткені, реакциялық қабілетті ластағыштар жоғалуы байқалады (криогенді ұстағыштарға сынама алғанда байқау шегі масса бойынша шамамен 10 -4 % (1 мг\м3) жетеді).
Сынама алғанда сынаманы зеріттелудегі ауаның табиғатына толық сәйкестікке жақындату шарты орындалуы қажет.
Байланыстардың шығарындысын бағалауда сынаманы шығару аузынан немесе ауа үрлегіштің қабырғасында орналасқан диаметрі 15 миллиметрлік тесіктен алады. Аспирацианың жылдамдығы ауа үрлегіштегі ауа ағынының жылдамдығына тең болуы қажет, сондықтан алдын-ала ауаның жылдамдығын өлшейді және де ауаның ылғалдылығы мен температурасын анықтайды.
Атмосфералық ауаның сынамасын желдің жылдамдығы мен бағытын ескеріп алады, басым кезде желдін жылдамдығы төменде адамның тыныс алу биіктігінде (жер бетінен 1,5-2м). Таңдап алу үзіліссіз тәулік бойы, немесе 12 сынаманы бір орыннан бірдей уақыт аралығында 20-30 минут айырмашылығымен алынады, кейіннен орташа шоғырлануы саналады.
Жұтқыштық жүйеге алынған ауаның мөлшері анықталатын заттың шоғырлануына байланысты. Атмосфералық қысымда және температурада 00С (м3) талдауға арналған ауаның минималды көлемін келесі формула арқылы анықтауға болады:

онда, V min - м3


а-затты анықтау сезгіштігі, мг
Vжұтқыш -жұтқыш сұйығының жалпы көлемі, мл
Vаликвота -талдауға алынған жұтқыштың көлемі, мл; ПДК - мг/м3
Алынған ауаның көлемі Vmin 5-10 есе артык.

Vопт = (5÷10) ∙ Vmin


Көбінде аудан сынама алу жұтқышты жүйеден белгілі бір ауа көлемін өткізуге негізделген аспирациалық әдіс арқылы алынады. Химиялық қосындылар сұйық немесе қатты жұтқыштармен ұсталады. Жұтқыштар арқылы өткізілетін талдаудағы ауаның аспирациясы электрліаспирациялармен және кейде вакуум-сорғылар арқылы жүргізіледі.


Жұтқыштар аспаптары абсорбициялық принципке негізделгендіктен, газдағы байланстардың ұсталу деңгейі газ бен сұйықтың қатынасу уақытына, газ/сұйық қытынасу бетіне байланысты. Сондықтан, сұйықты жұтқыштардың көрсеткіштерін сипаттайтын қандай да бір біркелкі шарттар мен сипаттамалар жоқ.
Мысалға, сынама алу жылдамдығы (л/мин) жұтқыштың құрылмасына және жұтқышты сұйықтың құрамына байланысты 0,5 тен 20 л/мин дейін аралығында өзгеруі ықтимал.
“Қышқыл” газдарды (NO2, SO2, HCl, HF, CL2) ұстау үшін әртүрлі қосындылармен сілтілік ерітінділер қолданылады, одан соң карбонатты-бикорбанатты ерітінділермен өңделеді. Талдамалы ауадан қосындыларды ұстау үшін сұйықтық жұтқыштардан бөлек қатты түйіршікті сіңіргіштер (құмсірне, алюмсірне, активтенген көмір және т.б.) қозғалмайтын қабатты аспаптарда пайдаланылады.
Сіңіргіштермен сынама алынатын әдіс көбінесе иілгіш, жоғарыөндірісті, сынаманы таңдап алуын реттейді. Қорытындысында көбірек ақпарат алынады. Хронографиялық колонкаларда қоспалардың шоғырлануы сынама алғыштың, шоғырлағыштың, мөлшерлегіштің функцияларын қосуға мүмкіндік береді. Бұл сынаманы талдауға дайындау сатыларының санын азайта отырып анықтаудың дұрыстығын үлкейтеді.
Аэрокірне түріндегі қосындыларды ұстауға әртүрлі талшықты сүзгіш материалдар мен сүзгіштер пайдаланылады. Асперацияның жылдамдығы 100 л/мин дейінде сүзгіштермен ұстаудың пәрменділігі 98-99% құрайды. Сүзгіштерден қосындыларды алу тәсілі – матаны жағу (өңдеу), матаны қышқылда немесе сілтіде еріту.
Сынаманы алу және дайындау кезінде шоғырлау үшін табиғатына байланысты ауаның талданатын құраушысының сіңіретін материалдары:

  1. Қағаз және аэрокірнелі кеуекті сүзгі;

  2. Қатты сіңіргіш хромотон - N-AW, карбохромдар, көмірсутекті сіңіргіштер, пенополиуретан және флоризил (полихлорланған ПХБ бифенилдарының сынамасын алу үшін), ПХДД үшін – ХАД-2 сіңіргіші, аэросил (бутисил), Порохром -1 болуы мүмкін.

Шекті және шексіз фторқұрамды байланыстардың (октафторизобутилен ШРШ-ы 0,1 мг/м3) уытты қосылыстарының сынамасын алу кезінде – үлкен кеуекті құмсірне, S және Q поролактары, полисорб -1 бейорганикалық сіңіргіштерге төментемпературалы шоғырлануды қолданып, одан кейін термиялық десорбция өткізеді (CF2=CF2, CF2=CFH, CF2= CFс, CF2-CF= F2).
Ауадағы ( ацетон–ШРШ 0,35 мг/м3, СС14-0,7 мг/м3, бензол-0,1 мг/м3, толуол – 0,6 мг/м3, ксилолдар-0,2 мг/м3) уытты еріткіштерді анықтаған кезде шоғырлауды қатты сіңіргіштерде өткізеді. Сіңіргіштерден шоғырланған газдарды органикалық еріткіштермен шайғындайды.
Адсорбционды шоғырлану кезінде талдаудың қорытындысы сіңіргішті дұрыс таңдағанға және десорбция тәсілінің тиімділігіне байланысты екенін айта кеткен жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет