Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы



бет1/23
Дата04.06.2020
өлшемі328,61 Kb.
#72361
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
совместный приказ .kaz




Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17647 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2 және 3-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мына:

      1) өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) азаматтық қорғаныс саласындағы бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) санатына, мақсатына және қызмет түріне қарамастан, объектіге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

      5) автокәсіпорындарға, көлікке қызмет көрсету объектілеріне, автотұрақтарға (паркингтерге) қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

      6) әкімшілік ғимараттарға (көп функционалды кешендерге), көппәтерлі (жеке) тұрғын үйлерге және жатақханаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

      7) автомобильдерге жанар-жағармай құю және газ құю (стационарлық және жылжымалы) станцияларына қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

      8) метрополитендерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;

      9) демалыс үйлері мен аймақтарына, жазғы сауықтыру лагерлері мен туристік базаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

      10) мәдени-көрсетілімді, ойын-сауық және спорттық мекемелерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;

      11) ғибадат объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;

      12) мұнай-газ өндіретін және мұнай-газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;

      13) денсаулық сақтау объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;

      14) білім беру объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;

      15) әлеуметтiк сала (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлерi, интернат үйлерi, балалар мен мүгедектерге арналған психоневрологиялық орталықтар) объектiлерiне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;

      16) сауда объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;

      17) сақтау объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес;

      18) ауыл шаруашылығы объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес;

      19) энергетикалық (энергия өндіру және энергия беру) объектілерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес;

      20) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес;

      21) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес;

      22) азаматтық қорғаныс санатына жатқызылған және базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес;

      23) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес;

      24) орталық атқарушы органдар мен олардың аумақтық бөлімшелеріне қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес;

      25) табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалыс орындары бекітілген ұйымдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 307 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15368 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________ Т. Сүлейменов

     

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      __________ Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

      "____"_______ 201__ жыл



 

Қазақстан Республикасы

 

Ұлттық экономика министрінің

 

2018 жылғы 30 қазандағы № 31

 

және Қазақстан Республикасы

 

Ішкі істер министрінің

 

2018 жылғы 30 қазандағы № 758

 

бірлескен бұйрығына

 

1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет