Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері Болат Бақытбекұлы Байқас



бет1/6
Дата29.03.2020
өлшемі0,58 Mb.
#60995
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері

Болат Бақытбекұлы Байқас


Кіріспе …………………………………………………….............................

2

1

Дәстүрлі мәдени құндылықтар - отбасындағы тәрбиенің негізі .........

4

2

Орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасы институтының маңыздылығы мен отбасы құндылықтарын тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар .........................................................

31


Қорытынды .....................................................................................................

60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................

61

Қосымша .........................................................................................................

63



Кіріспе
Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы.

Сэмюэл Смайлс
Тұңғыш Президентіміз, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жаңғыру жағдайындағы еліміздің болашағын айқындайтын аса маңызды бағдарламалық құжат болып табылады [1].

Бағдарламалық мақалада білім беру саласының жаңа бағыт-бағдары, міндеттері айқын көрініс тапқан. «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» - деп көрсеткен Н.Ә.Назарбаев білім алушыларда ұлттық сананы қалыптастыруды ұсынады. Сонымен қатар, кейінгі жылдары жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» [2] мен «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» [3] мақалалары да «Рухани жаңғыру» мазмұнымен сабақтас туындылар. Ел басшылары бұл мақалаларында Ұлттық сананы қалыптастыру жолында ұлттық рухымызды оятатын әдебиетіміз мен мәдениетімізді жас ұрпаққа танытудың маңыздылығын түсіндіреді.

2020 жылы Американың «U.S. News & World Report» жаңалықтар журналы «Бала тәрбиесіндегі үздік елдер» рейтингін жариялады. Журнал алдымен «адам құқықтарын сақтау, отбасын құрметтеу, гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін қоршаған орта, бақыт деңгейі, табыс теңдігі, қауіпсіздік деңгейі, мемлекеттік білім берудің дамуы және денсаулық сақтау жүйелері» бағытында жаһандық сауалнамаға жүргізген. Сегіз түрлі көрсеткіштердің нәтижесі бойынша Қазақстан соңғы орынды иеленді» деп жазады Qazweek.kz сайты.

Білімдегі бұл ахуал білім берудегі тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарас қажеттігін көрсетіп отыр. Сондықтан, рухани жаңғырудың ауқымды идеяларын жүзеге асыру үшін алдымен қоғамдағы құндылықтарды анықтау қажет болды. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты, еліміздегі Фридрих Эберт қоры, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары» және «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында қазіргі заманғы қазақстандық қоғам құндылықтары» атты әлеуметтік зерттеулер жүргізді.

«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының зерттеу деректері бойынша «қазақстандық патриотизмді» маңызды құндылық ретінде сауалнамаға қатысқандардың 13 %-ы ғана атап көрсетті. Бұл еліміздегі отбасы тәрбиесінде үлкен олқылықтың барын көрсетіп берді [4].

Отанға деген сүйіспеншілік отбасыдан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі» [5].

Халқымыздың ғасырлар бойғы қалыптасқан отбасылық тәрбиесі де өзгеше. Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасындағы тағылым мен үлгі-өнегенің, тәлім-тәрбиенің жүйелі, бірізді жүргізілуінен бастау алатыны баршаға белгілі. Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы – отбасы тәрбиесі. Отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы білім алушылар арасында отбасылық қарым-қатынасты анықтау мақсатында әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізді. Зерттеу деректері бойынша ата-аналардың 62 %-ы өз балаларына жеткілікті уақыт бөлмейді, 43 %-ы балаларының проблемаларына аз мән береді [4].

Балалардың өз-өзіне қол жұмсауының өсуі сақталып отыр (2018 жылы балалардың арасына өз-өзіне қол жұмсаудың 178 оқиғасы тіркелді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ке жоғары).

Сондықтан, білім беру саласында отбасы тәрбиесін дамыту өзекті болып отыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (бұдан әрі – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері) әзірленді. Бұл құжатта тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталады. Соның бірі отбасы тәрбиесіне арналды [6].

Сонымен қатар, 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі- БДМБ) 5 бағыт, 11 міндет қарастырылған. «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» бағытында негізгі міндеттердің бірі «жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» болып бекітілді [4].

Жоғарыда айтылған бағыт пен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім алушылардың отбасылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралын әзірлеп отыр.

Себебі, орта білім беру беру жүйесіне отбасылық құндылықтарды енгізу барысында мектеп директорына, оның орынбасарларына, мұғалімдерге, психологтарға ғылыми-әдістемелік көмектің ауадай қажеттілігі туындады.

Бұл әдістемелік ұсынымда өскелең ұрпақтың бойына отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың бірегей жолдары қарастырылған. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрімізді талдап, саралай отырып оны жаңғыртып жас ұрпаққа заманауи үлгіде ұсынады. Білім беру ұйымдарында ата мен әке, әже мен ана, аға мен жеңге мектебін ұйымдастыру жолын үйретеді. Сабақтың мақсаты мен міндетін дұрыс қою арқылы әулет ішіндегі ынтымақ пен бірлік, бауырмалдық құндылықтарын және ағайын арасындағы туыстық атауларды үйретеді. Отбасылық құндылықтар бойынша тапсырмалар, танымдық сұрақтар, тренингтер, зияткерлік ойындар берілген. Осы арқылы білім алушыларды күнделікті өмірде отбасылық құндылықтарды орынды қолдана білуге тәрбиелейді.

Білім алушылардың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда әдістемелік ұсынымның көмегі көп деп сенеміз.



1 Дәстүрлі мәдени құндылықтар отбасындағы тәрбиенің негізі

«Отанды сүю отбасынан басталады»


Төртінші өндірістік төңкеріс пен әлемдік жаһандану заманында материалдық құндылықтар алға шығып, рухани құндылықтардың дамуы кідіре бастады. Бұған дәлел жастардың жат ағымға ілесуі, қоғамдық санасының адасуы, шет елдерге еліктеушілік және ұлттық құндылықтарға «шекесінен қарауы» бола алады. Осының барлығы ең бірінші тәрбиеден болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бекітілді [6].



Тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінде тәрбиенің сегіз бағыты берілген (1-кесте). Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің бағыты адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін құндылықтарды жандандыру арқылы «Рухани Жаңғыру» мақсатын жүзеге асыруды көздейді [6].
1-кесте – Тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінің 8 бағыты




Тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінің 8 бағыты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

3

Ұлттық тәрбие

4

Отбасы тәрбиесі

5

Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие

6

Көпмәдениетті және көркем әстетикалық тәрбие

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі


Берілген сегіз бағыт тәрбиенің сан қырлы мәселелерін назардан тыс қалдырмайды. Керісінше олардың өзектілігін анықтап, тәрбие жұмысын жандандыруға бағыт береді. Адамның ішкі мәдениеті, болмысы,мінез-құлқы көрсеткішін жан-жақты дамытуға негіз болады. Адам жеке басының қасиеттері арқылы бағаланады. Тәрбиелі адам тіркесін құндылықтарды меңгерген

Тәрбие – адамзат тарихының біте қайнасқан,ажырамас бөлігі. Тәрбиенің нәтижесінде сан ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс-тәжірибе, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті.

Дүниежүзілік экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің оқу бағдарлармалары мен білім стандарттарында жалпыадамзаттық құндылықтын 39 түрі енгізілген. Ынтымақтастық, құрмет, жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, кемелдену, этика-әдеп, табандылық, Отансүйгіштік, кішіпейілділік, сүйіспеншілік, жомарттық, әділдік, эмпатия, қанағат, тазалық, денсаулық, батылдық қасиеттері жалпыадамзаттық құндылықтарға жатады. Қазақстандағы білім беру жүйесіне құндылықтардың 7 түрі ғана бар.

Бұл жалпыадамзаттық құндылықтар тәрбиенің Тұжырымдамалық сегіз бағытына топтастырылған (1-сызба).

1-сызба. Жалпы адамзаттық құндылықтар [25].
Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы жәнс педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнің (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және; көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады.

Жалпыадамзаттық құндылықтардан философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының занды нәтижесі болып табылады. Мамандар оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игертуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.



Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» – деп халыққа рухани бағыт беріп отыр. Оның басты мақсаты – тарихы терең ұлт құндылықтарын сақтау, мәдениетімізді жаңа заманға сай жандандыру, дамыту. Ұлттық құндылыққа – Тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр жатады (2-кесте) [25].
2-кесте – Ұлттық құндылықтар


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Тәуелсіздік – мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы.

Патриотизм- бұл өз отанын мен жеріне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз елінің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі.

Толеранттық ‒ бұл біздің әлем мәдениеттерінің, өзін-өзі көрсету формаларының және адамгершілік даралығын көрсету тәсілдерінің бай көптүрлілігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну. (16 қараша ‒ Халықаралық толеранттық күні).

Ана тілі ‒ белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.

Заңға бағынушылық-заңды дәлме-дәл орындау.

Этникалық мәдениет – әрбір халықтың және барша адамзаттың байлығы, рухани материалдық шеңберіндегі өмірі.

Салт-дәстүр – халықтың рухани азығы. Қалыптасқан әдет-ғұрпы.


Рухани жаңғыру аясында бірқатар жобалар қолға алынуда: көне жәдігерлерімізге назар аударылып, қазақ ұлыларына арнап ескерткіштер салынуда, мәдениет, спорт кешендері дамып, жастар жағын білімге, тәрбие мен өнерге баулу жолында көптеген республика деңгейіндегі конкурстар ұйымдастырылып, ұлт құндылықтарын насихаттап, оларды ұлттық кодын сақтай отырып жаңарту, жаңғырту мақсатында бірқатар істер атқарылуда.

Бүгінгі күннің сұранысы да ұлы ата бабаларымыздың ізімен ерген – сапалы тәрбие, біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез-келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде ең алдымен отбасы, қоғам, мектеп бір болып еңбек етуі керек.

Ұлттық құндылықтардың бір компонентіне отбасылық құндылықтар жатады (3-кесте). Отбасылар бір-біріне ұқсамайды, әрі қайталанбайды. Әр отбасының тәрбие потенциалы әртүрлі. Отбасында баланың құқығын бұзбай дұрыс тәрбие беру үшін тәрбие принциптерін біліп, басшылыққа алу керек.



Отбасылық құндылықтар – бұл адалдық, ынтымақтастық, құрмет, сыйластық, жауапкершілік, эмпатия, сүйіспеншілік, Отансүйгіштік, батылдық, мейірімділік, бауырмалдық, еңбекқорлық, кішіпейілділік, этика-әдеп, денсаулық т.б.
3-кесте – Отбасылық құндылықтар.


ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

1

Салт-дәстүрді сақтау

2

Ана тілінде сөйлеу

3

Жеті ата және әулет

4

Көршімен татулық

5

Білім беру

6

Құдайға сену

7

Қанағат

8

Сабыр

9

Ынтымақтастық

10

Құрмет

11

Бауырмалдық

12

Сүйіспеншілік

13

Достық

14

Эмпатия

15

Жауапкершілік

16

Кішіпейілділік

17

Адалдық

18

Этика-әдеп

19

Отансүйгіштік

20

Еңбекқорлық

21

Мейірімділік

Отбасылық құндылықтар – моральдық нормалар мен ұлттық дәстүрлердің басты сақтаушысы болып табылады және тұлғаның ішкі дүниесінің қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді.



Бұл құндылықтардың адам болмысындағы көрінісі мынадай болады:

1. Салт-дәстүр дегеніміз – дербес халықтардың табиғи болмысына, танымына, тұрмысына, менталитетіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, атадан-балаға мұра болған ғұрыптардың жиынтығы; өзге халықтардан ерекшелеп тұратын мінез-құлыққа жатады. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың және т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрініс.

Бауыржан Момышұлы «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне «көзім жетті» деп жазады.

Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті.

Отбасында балаларды ұлттық тәрбиелеу әдіснамасы аясында қазақ халқының тәрбиелік салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қысқаша этнопедагогикалық шолу келтіреміз, өйткені дәстүрлі мәдени құндылықтар – отбасындағы тәрбиенің негізі болып табылады.



ХІХ ғасырдағы орыс ғалымы, зерттеуші Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский: «Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері түгел тұнып тұрған білім!» – деп қазақ халқының этнопедагогикасына таңданысын білдірген.

Тәрбие ана құрсағынан басталып-ақ кетеді дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келмей тұрып басталатын «Құрсақ шашу», бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау»,«Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» – бәрі-бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық.

Дүниеге келген шақалақтың алғашқы тойы «шілдехана», «қырқынынан шығару» деп аталады. Бұл бала туғаннан кейін толыққанды бала болып есептелетін уақыт шегін білдіреді. Бұл тойда бесікке салу, тұзды суға шомылдыру, баланың азан шақырып атын қою сияқты әдет-ғұрыптар жүргізіледі.

Қазақ халқы әрдайым «Бесігі жоқ үйде береке болмайды» деп айтқан. Баланы бесікке салған кезде елді жиып, батасын алмау – бауырмал қазақ үшін жөнсіздік болып көрінген. Бесікке бөлеу – үлкен өнер. Ол баланың ұйқысын күзетіп қана қоймайды, халық сенімі бойынша оны жын-шайтаннан да қорғайды.

Салт-дәстүрлер тек қана тәлім-тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртіпке де негізделіп отырған. Мәселен, бала бір жасқа жеткенде «тұсау кесу» тойын өткізеді. Бұл – баланың алғаш өмірге қадам жасауына арналған ата-ананың қуанышты тойы. Ал танымдық, тәрбиелік жағы кім көрінгенге емес, ауылдағы аса сыйлы, ел-жұрты құрмет тұтатын өсіп-өнген, ардақты аналарға кестіру арқылы адамның қадірін де үлгі ету болса, рәсімнің тәртіптік рөлі алдымен ала жіппен тұсап алып, соны кестіру, бала бұл өмірде біреудің ала жібін аттамасын, яғни ұрлық жасамасын, алаяқтықтан аулақ жүрсін деген ұғым.

Үш жастан бастап жыныстық-жастық бөлу басталады: қыздарға сырға тағады, ал ер балаларды бірінші рет атқа отырғызады. Негізгі тәрбие 7 жастан 12 жасқа дейін жүргізіледі.

«Баланы – жастан» дейтін қазақ, бес жасында ер баланы сүндетке отырғызып, «Сүндет той» рәсімін өткізеді. Ер баланы азамат болды деп ашамай ерге мінгізеді.

Қыздар шаштарын өсіреді, қыз балаларға тән қасиеттерге тәрбиелейді және дербестікке баулиды. 13 жастан бастап өмір сүруді балалардың есею кезеңі деп атайды, балалар салт-дәстүрді зерделегенде, қажетті білімдерді меңгереді, білім алады және кемел жасқа жетуге дайындалады.

«Он үште отау иесі» деп көтермелей отырып болашақ отағасы болуға санасын қалыптастыра бастайды. Одан қалды, жыраулар философиясында да: «Болар елдің баласы он үшінде баспын дер, тозар елдің баласы отызында жаспын дер», деп ескертеді. Демек, қазақ халқының салт-дәстүрі де, өнері де, ұлттық бойында тұнып тұр­ған тәрбие, тәлім, тәртіп екен.

Оған XVIII ғасыр мен XX ғасыр аралықтарында Ресей әкімшілігінің бірқатар өкілдері, орыс және шетел ғалымдары мен саяхатшыларының жазып қалдырған еңбектері дәлел бола алады. Зерттеуші Виктор фон Герннің «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды, ақкөңілділігімен және қонақжайылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет» деп жазуы ежелгі қазақ халқының мәдениет жоғарылығының суреттелуі іспеттес [26].

Қазақ халқының мейірімділігі мен құрметі оның қонақжайлылығынан көрінеді. Сондықтан үйде ең жақсысын қонаққа ұсынады. Халықтың түсінігінде үйге бақыт, байлық, ырыс қонақтармен бірге келеді деген түсінік қалыптасты. Сондықтан қонаққа шақырусыз баратын болған.



«Сарқыт» сөзі қонақтардан немесе іс-шаралардан туыстардың әкелетін сәлемдемесі. Сарқыт - балалық шақ пен мерекенің дәмі. Оған кәмпит, печенье, ет және шұжық тағамдарын салуға болады.

Қонақжайлылық деген өз қонақтарына сарқыт салу, оларға алғыс пен құрмет білдіру деген сөз. Сарқытқа адамның әлеуметтік мәртебесі де, жынысы да, адами қасиеттері де әсер етпейді. Бұл дәстүр әлі күнге дейін өмір сүруде және барлық қазақстандықтарды ерекше қуантады.

«Ерулік» дәстүрі жаңа көршілерді қонаққа шақыру дегенді білдіреді. Ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақын болуы үшін оларды қонаққа шақыратын болған, сондықтан да бұл дәстүр ауылда пайда болған. Олар жаңа ортаға тез бейімделе отырып, сыйлық алатын болған. Бұл отбасылармен топтасып, дос болуға көмектесті. Сондай-ақ көршілер әрдайым көмекке келуге дайын болған.

Көрімдік – қазақ халқының ең ғажайып дәстүрлерінің бірі. Ол сіздің жетістіктеріңіз үшін туысқандар ұсынатын сыйлықты айтамыз.Бұл дәстүр сыйлайтын адамдардың шынайы қуанышы мен жомарттығын көрсетеді, сондай-ақ адамдарды бір-бірімен жақындастырады [27].

«Он үште отау иесі» деген халықтың дәстүрінде неке қиюға ерекше орын беріледі, өйткені өмірлік серігін дұрыс таңдау жастар үшін де, сондай-ақ туған-туысқандары үшін де маңызды болып табылады. Мысалы, қазақта адам өмірінде үш жолды дұрыс таңдау керек деген ұғым бар. Ол жар таңдау,мамандық таңдау, жол таңдау. Осы үш жолдан адасқан адам мақсатына жете алмайды деп есептейді. Сондай-ақ, мақал-мәтелдерінде «жақсы келін туған қызы сияқты; жақсы күйеу туған ұлы сияқты», «қалыңдықты анасына қарап таңда» деп айтылады.

Үйлену жаңа отбасының пайда болуы ретінде кез-келген халықтың өмірінде маңызды оқиға болып саналады. Бұл мерекелерде үйлену жырлары үлкен рөл атқарады. Қазақ қоғамында ежелден келе жатқан «Беташар», «Той бастар», «Сыңсу», «Жар-жар» сияқты әндер шырқалды. Қалыңдық осы әндер арқылы ауылдың жаңа дәстүрі мен әдет-ғұрпын біле бастайды, тұрмысқа шығатын қызды өсіріп, тәрбиелеп отырған әкесі мен анасының, туыстарының қадір-қасиетін көрсетеді, ақыл беріледі: ата-енесін сыйлау, болашақ жолдасының туыстарын құрметтеу және қадірлеу. Бұл әндердің мазмұны жастарға тәлім-тәрбие және өнеге болары сөзсіз.

Үйлену тойының алдында құда түсу рәсімі болады, қалыңдықтың отбасына күйеу жігіттің ата-анасы туыстарымен бірге келген кезде егер ата-аналар қызын тұрмысқа беруге келісімін берсе, бұдан әрі танысу рәсімі өткізіледі (болашақ жас жұбайларды таныстыру), содан кейін сөз байласу мен қол алысу рәсімі болады (ата-аналар үйлену тойларын өткізу күні мен той сыйлықтары туралы сұрақтарды шешеді). Бүгінгі күнге дейін сақталған үйлену рәсімдері дәстүрлі бай этикетті көрсетеді, ол адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста өзіндік бағдар рөлін атқарады, адамның басқа адамдармен туыстық белгілеріне қарай жақындасуын білдіреді, оған сенімділік береді, оның өмір сүруін неғұрлым мағыналы етеді.



Еуразия даласының кең кіндігің мекен еткен көне қазақ халқының көшпелі өмір салтына қарамастан сол кездерден-ақ салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен мәдениеті қалыптасып үлгерді. Аналарымыз балаларын бесік жырымен сусындатса, ата –бабаларымыз баланың жеті атасын, тарихын үйретіп, ақ жаулықты әжелер адамгершілікке, патриоттыққа баулитын ертегілерін айтып, отанды сүюге, үлкенді сыйлауға баулыған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет