Орта білім беру


Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагогтер өз



бет196/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагогтер өз бетінше құрастырады.
Формативті бағалау кезінде педагог бағаланатын білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін дербес анықтайды.



КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ




  1. Формативті бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады. Бағаланатын бала санын педагог өзі анықтайды.

  2. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.

  3. Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін келесі саралауға сәйкес балл түрінде белгілейді:

  1. балл - 10%-ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді;

  2. балл – 20% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;

  3. балл – 30% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберілді, қателіктерін түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауын қажет етеді;

  4. балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмек қажет, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

  5. балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

  6. балл - оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;

  7. балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

  8. балл - оқу тапсырмаларының 80%-на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;

  9. балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;

  10. балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, дербес жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.

  1. Кеңейтілген кері байланыс үшін мұғалім оқушының электронды күнделігі арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады.

  2. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.

  3. Қашықтан оқу режимінің енгізілуіне байланысты енгізілген электронды журнал форматындағы өзгерістерді түсіндіру үшін оқу жылының басында ата- аналар мен мұғалімдерге электронды журналды пайдалану туралы жадынама беріледі.

  4. Электронды журнал формативті бағалау үшін орташа балды автоматты түрде шығарады және ТЖБ бағанына орналастырылған жеке бағанға қояды (бұл формативті бағалау үшін орташа балды шығаруды жеңілдетеді).

  5. БЖБ мен ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі.

  6. Қорытынды баға формативті бағалау үшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.

Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерді пайдалануға болады:

  1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (9 ақпан 2018ж

№47 бұйрығы өзгерістермен);

  1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;

  2. Негізгі және жалпы орта мектеп педагогтеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ,2016;

  3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешені http://smk.edu.kz;

  4. Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы сайтынан «Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады https://www.nao.kz ;

  5. «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» онлайн курсы https://academia.kz/ru/course/1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет