Орта білім беру



бет28/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)

Мектепалды даярлық сыныптарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізі басым бағыттары айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттері мынадай бағыттарды қамтиды:

    • әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды;

    • балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды;

    • баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп

тану;

    • ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң

көзқарасын қалыптастыруды;

    • мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы).

Әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтеміз.
Педагогтердің назарын тәрбиелеу-білім беру қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаларына аударамыз:

  1. ойын арқылы оқыту;

  2. білім беру салаларын кіріктіру арқылы дамыту.

Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылады:

  1. білім беру ұйымдары деңгейінде:

  • мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;

  • оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;

  • баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;

  • ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;

  • отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет