Орта білім беру



бет68/240
Дата23.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127961
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   240
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1) (копия)

«Дүниетану» оқу пәні
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.

Бұл оқу пәні – негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар циклі пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалық пән. Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.

«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына –1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты; 4-сыныпта – аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Мұғалім дүниетану сабақтарында оқытудың түрлерін қолдана алады (25-кесте).



  1. кесте. «Дүниетану» оқу пәнін оқыту бойынша «стратегия» үлгілері.





Жұмыс түрлері

Критерийлер/Дескрипторлар

1

«Өсімдікті таны»

Білім алушылар өсімдіктер туралы сипаттау мәтінін оқиды немесе тыңдайды.



  • Мына өсімдікті атаңыз.

  • Адамдар оны қалай пайдаланады?

  • өсімдіктің атауын сипаты бойынша анықтайды;

  • бұл өсімдіктің не үшін қолданылатынын біледі

2

«Жедел жәрдем» ойыны. Мысалы,

  • Жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктер пайдаланылады? (алоэ, түймедақ, жолжелкен, орамжапырақ...)

  • Қызуды басу үшін қандай өсімдіктер пайдаланылады? (таңқурай, лимон)

  • Жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдік пайдаланылады? (валериан)

  • Қандай шөптің көмегімен күн соққысынан қалай құтылуға болады? (басқа түйежапырақты қою керек)

  • Көруді жақсарту үшін адамдар қандай жемістерді тұтыну керек? (сәбіз, қаражидек)

  • Қай гүлдің тұнбасымен шашты жуғанда сары түс береді? Оларды атаңыз (гүл, түймедақ).

  • жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктердің қолданылатынын біледі;

  • қызуды басатын дәрі ретінде қандай өсімдіктер пайдаланылатынын біледі;

  • жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдік қолданылатынын біледі;

  • қандай шөптің көмегімен күн соққысынан сақтануға болатынын біледі;

  • адамдар көруді жақсарту үшін қандай жемістерді тұтынатынын біледі;

  • қандай шөптің тұнбасына жуылған шаштың түсі сары түсті болатынын біледі

3

«Орман тыңшылары» ойыны Балалар орманда болған төтенше оқиғаларды, табиғаттағы кез келген өзгерісті (ағаштардың кесілуі, сүйікті алаңындағы көп гүлдердің жұлынуы,

бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.



  • оқиғалар тізбегін құра алады;

  • өз тұжырымдарын жасай алады;

  • табиғатты қорғау туралы біледі

4

«Құстар асханасы»

Жобаның мақсаты – мектеп немесе үйдің ауласында құстардың тұрақты

«асханасын» жасау және ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – құстарға арналған үйшіктерді дайындау бойынша әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің көрмесі.

Жобаның үшінші кезеңі – «асхананың» салтанатты ашылуы (презентация)



  • құстардың үйшігі туралы ақпаратпен жұмыс жасай алады;

  • үйшікті жасай алады;

  • үйшікті таныстыра біледі

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет