Мектеп директоры: А. Б. Жақсыбаева
Класс жетекшісі: Ж. Р. Данешева
Ақтөбе қаласы
№ 8 орта мектебінің
9 «А» класс оқушысы
Жаумытбаев Берикке
Мінездеме
Жаумытбаев Берик Сугирбай улы 23.10.2001 ж. дүниеге келген
Берік толық отбасында тәрбиеленуде, отбасында жалғыз бала, ата-анасы мектептің тыныс – тіршілігінен хабардар болып, үнемі бала тәрбиесіне көңіл бөліп, жан- жақты дамытуға үлес қосып отыратын жандар.
Сабақ үлгерімі жақсы, себепсіз ешқашан сабақ жібермейді, кластастарымен, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тұрақты. Оқушы үнемі өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, дамытып отырғанды ұнатады, мектептен тыс ағылшын тілі , домбыра үйірмесіне қатысады, мектептегі мәдени іс-шараларға тұрақты түрде, белсене ат салысады.
География, қазақ әдебиеті пәндеріне қызығушылығы басым, география пәнінен пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде III – орынды иеленсе, қазақ әдебиеті пәнінен КҒА- сына жоба ұсынып, алғыс хатпен марапатталды.
Берік түсінігі терең, қай уақытта болмасын өз пікірін еркін ,толық жеткізе білетін оқушы , өзіндік ұстанымы қалыптасып келе жатқан тұлға деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |