Орталық және Орта Азия халықтарының



бет1/2
Дата30.04.2018
өлшемі222,22 Kb.
#40328
  1   2
Киіз үй

Киіз үй[1]Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.



Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Толығырақ... Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.



Тарихы

Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақынрақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шаменен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған.



Этимологиясы мен синонимі

Жалпытүрік тіліндегі «jurt» («юрта» - орыс тілінде ) деген сөзі «жұрт» деген мағынаны басымрақ білдіріп және де – «жайылым, жайлау» деген мағынаны да білдерді. Қырғыз және қазақ тілдерінде «Ата-Жұрт» сөзі «атамекен» - синонимі «Отан», сөзбе-сөз айтқанында: «Әке үйі» дегенді білдіреді.



  • Гэр (транслитерациясы: ger) – Моңғолша жай ғана «үй» мағынасын бідіреді.

  • Тирмә (транслитерациясы: tirmä) – бұл Башқұрт тіліндегі «киіз үй» термині.

  • Боз үй (транслитерациясы: boz üy) – Қырғыз терминінде киіздің түсіне байланысты, «боз, сұр үй» дегенді білдіреді.

  • Аk öý және gara öý – Түркімен тілінде сән салтанатына не әсемділігіне сай сөзбе-сөз «ақ үй» және « қара үй» дегенді білдіреді.

  • "Kherga"/"Jirga" - деп атайды, Африкандықтар.

  • Kheymah (خیمه) (урду тілінен (және парсы): خیمه) – Пакистан тұрғындары үшін, бұл «шатыр» не «киіз үй» деген мағынаны білдіреді.

  • Чадра (چادر) – Парсы тілінде

  • Хona-я siyoh , xayma (киіз үй, хонаи сиёҳ, хайма). –Тәжік тілінде [3]

Киіз үй түрлері

  • Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

  • Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.

  • Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

  • Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

  • Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.

  • Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.

  • Қараша үй – кедей үйі.

  • Отау – жас жұбайлар үйі.

  • Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

  • Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.[4]

Үй құрамы

Киіз үй сүйегі

Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты “қаңқа” сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да, әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де “киіз үй сүйегі” атауын пайдаландық.

Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет.

Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы (шарнирлі) етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді.



Өмірлік тәжірибе құлаған киіз үйдің ең көп зақымданатыны уық қаламдары екенін көрсетіп жүр. Бұндай жағдайға ұшыраған киіз үй сүйектері зақымданған уық қаламдарын сәл ұзартып, қайта қаламдаумен шектеледі де, үй қалпына келтіріледі.[5]

  • Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері.

  • Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.

  • Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.

  • Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.

  • Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.

  • Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.

  • Уық– шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш.

  • Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы.

  • Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы.

  • Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).

  • Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы.

  • Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы.

  • Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)

  • Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері.

  • Желі– керегені құрайтын ағаштар.

  • Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.

  • Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.

  • Қары– уақтың иініне дейінгі бойы.

  • Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.

  • Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.

  • Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.

  • Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.

  • Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.

  • Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.

  • Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш.

  • [6]

Шаңырақ

Басты мақаласы:Шаңырақ Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.
Шанырақ

Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.

Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.

Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген.

Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.



Этимологиясы

Қазақ тілінде “шаңбақ” деген сөз бар. Ол сөз тек қана бір-біріне тік бұрышпен бікітілген нәрселерге арналатын сөз. Қауғаның шаңбағы деп құдықтан су шығаратын тері ыдысты бекітетін, тура шаңыраққа ұқсатып жасаған құралды айтады. “Шаң” сөз түбірі болса (қосу таңбасы) “рақ” пен “бақ” жалғаулары олардың бірін шаңыраққа бірін шаңбаққа айналдырып тұрады. Бұл мәселе жөнінде тіл мамандарына ой толғап көруіне болатын секілді.[7]




Сықырлауық. Есік. Немесе киіз үйдің кіреберсі. Blender және ZBrush 3D графикалық бағдарламада орындалған сурет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет