Орталық және Орта Азия халықтарының



бет2/2
Дата30.04.2018
өлшемі222,22 Kb.
#40328
1   2

Есiк пен төр

Басты мақаласы: Есік (қазақ үй), төр

Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.

Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.

Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген.

Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.

Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар.

Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi.

Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi».



Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!

Басты мақаласы: Кереге, Босаға

Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға.

Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады.

Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген.

Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен — қатындыкi» деп бiр-ақ қайырады.

Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi.

Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке-шешең аман болсын деген астар жатыр.

Қазан-ошақ

Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады.

Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек.

Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы — қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi — Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын-баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi.

Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде де мансұқтайтын аңыздар бар. Оның бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы ретiнде де таниды.

Бақан, адалбақан

Басты мақаласы: Бақан, адалбақан

Бақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек-орнымен сол жаққа шыққан ерлi-зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса, адалбақанға екi табан жақындайды.

Адалбақан — әлем ағашының символы. Әлем ағашы, әлем бәйтерегi дегенiңiз — Ертөстiк ертегiсiнде айтылатын, самұрық құс қонатын, арғы әлем мен бергi әлемдi жалғастырған ғажайып ағаш. Адалбақанға жақындаған адам — адалдыққа жақындаған адам. Дәл осы жастағылардың денсаулығы сыр берiп, жаны күйзелгенде «Төрiмнен көрiм жақын» деп қиналатыны да бар.

Табалдырықты баспа!

Ертедегi түсiнiк бойынша, әлем үш сатыдан тұрады. Аспан — рухтар мекенi. Ондағы адамдар белбеудi басынан байласа, жердегiлер белiнен, ал төмендегiлер аяғынан байлайды. Табалдырық сол төмендегi әлеммен байланысқа түсiретiн мәнге ие.

Мысалы, ертеректе шала-жансар туылып, өлiп қалған малдың төлiн табалдырықтың астына көметiн болған. Түсiктi де сөйткен. «Табалдырықты баспа!» дейтiн тыйымның шығу себебi, мiне, осымен байланысты.

Оталмаған мылтық пен қаппаған қақпанды домдау үшiн табалдырықтың астына қойып, бойын таза ұстайтын әйел адамға аттататын болған. Себеп, арғы әлем мен бергi әлемнiң арасындағы қаскөй рухтар мылтық пен қақпанды байлап тастады дейтiн түсiнiк.



Үй киіздері

  • Киіздер– киізден тұратын бөлшектер.

  • Түндік– шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.

  • Туырлық– ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз.

  • Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.

  • Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.[8]

  • Киіз есік - үйдің есігін сыртынан жабылып тұрады

  • Үзік - уықтардың үстін ала жабылады

Киіз үйдің баулары, басқұр мен арқандары (бау-шулары)

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.



  • Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Таңғыш – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.

  • Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан.

  • Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

  • Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

  • Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.

  • Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр. Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.

  • Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.

  • Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

  • Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.

  • Киіз үйдің шилері - кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.

  • Есікбау – киіз есіктің бауы.

  • Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.

  • Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.

  • Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы

  • Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар.

  • Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау.

  • Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.

  • Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан.[9]

Киіз үйндің негізгі бөлмелері

  • Төр – мұнда жүк жаналады, қонақтар орналасады. Бұл үйдің жоғарғы әрі қымбатты орыны деп саналады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.

  • Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

  • Оң жақта - (кіргенде сол жақ) балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.

  • От орны қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

Киіз үй киіздерін дайындау барысында орындалатын жұмыстар:

  • Қой қырқу

  • Жүн тазарту

  • Жүн сабау

  • Киіз басу

  • Киіз пісіру

  • Киіз пішу

  • Киіз тігу

  • Жүн түту

  • Жіп иіру

  • Жіп ызып бау жасау

  • Киіз жиектеу

  • Талдырмаш басу

  • Текемет басу[10]

Киіз үйде отыру тәртібі

  • Сүйеніп, тіреліп отыруға болмайды.

  • Таянып отыруға болмайды.

  • Жағын таянуға, маңдайды тіреуге де тыйым салынады.

  • Қолын төбесіне қойып немесе желкесіне қойып отыруға болмайды.

  • Тізені құшақтап немесе қолдарын айқастыра, тізені тартып отыруға болмайды.«Тізеңді құшақтама, керме».

  • Жұртқа қарап керілуге болмайды.

  • Киіз үйде жастардың жамбастап жатуына болмайды.

  • Жатып ішуге болмайды.

  • Аяғын созып отыруға болмайды — көсіліп жату.

  • Киіз үйдің ішінде жүрелеп отыруға болмайды.

  • Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды.

  • Киіз үйге қолына қамшы ұстап кіру жөнсіз саналады.

  • Қазақта ер адамның дұрыс отыруы «малдас құру» арқылы отырады.

  • Күйеуі бар әйел, бәйбіше — ошаққа қарап, оң аяғын астына басып, сол аяғының тізесін бүгіп отырады.

  • Салт атты адам киіз үйге артқы жағынан келуі керек.[11]

Киiз үйге байланысты қарғыстар

  • «Шаңырағың шарт сынып, шандырыңа қадалсын, күлдiреуiшiң күрт сынып к…iңе қадалсын». Мұны кезiнде Радлов жазып алған.

  • «Көк шөбiң басылмасын, күлiң шашылмасын». Бiр қарағанда тәп-тәуiр сөз секiлдi көрiнгенiмен бұл қарғыстың салмағы зiл батпан. Бұл — үйiңнiң айналасын жайқалған шөп бассын, оны таптайтын үйiңде адам қалмасын, балаларың, үрiм-бұтағың жойылсын деген сөз. (Ертеректе балаларды «күлшашар» деп те атаған). Бұл қарғысты Моңғолия қазақтарынан Ақедiл Тойшанұлы жазып алған.[12]

Қазақ киіз үйі мен моңғол киіз үйінің парқы

  • Ұяағаштарының жасалуы ұқсамайды.

  • Сыртқы жамылшыларының пішіліп, жабылуы (үзік, туырлықтарының) ұқсамайды.

  • Сыртқы пішіні ұқсамайды.

  • Бау-шу, өрнектері, ішкі жиһаздалуы ұйқаспайды. Сондықтан сырттай көргенде-ақ киіз үйдің тігілу пішінінен қазақ киіз үйі мен моңғол үйін айқын парықтауға болады.[13]


Дереккөздер

  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

  3. https://en.wikipedia.org/wiki/Yurt

  4. el.kz

  5. Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0

  6. el.kz

  7. Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0

  8. Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0

  9. e-history.kz

  10. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

  11. e-history.kz

Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет