Қос сөздер және оның ТҮрлері



Дата19.04.2018
өлшемі13,62 Kb.
#40215

ҚОС СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

  • 6 “К” сынып
  • Қазақ тілі

Өткенді қайталау

  • І топ
  • 1. “Сөзжасам” дегеніміз не?
  • 2. Жаңа сөздер қалай жасалады?
  • 3. Жаңа сөз тудырудың қандай тәсілдері бар?
  • ІІ топ
  • 1. Сөз тұлғасы деген ұғымға қандай бөлшектер кіреді?
  • 2. Түбір дегеніміз не?
  • 3. Қосымша нешеге бөлінеді?

ІІІ топ

  • ІІІ топ
  • 1. Сөздер құрамы жағынан қалай бөлінеді?
  • 2. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді?
  • 3. Қандай сөздер біріккен сөздер деп аталады?
  • Біріккен сөз неше түрлі болады?

ОЙ ҚОЗҒАУ :

  • ОЙ ҚОЗҒАУ :
  • Географиялық атау –
  • Күнделікті тұрмысқа байланысты –
  • Өлең атауы –
  • Ән атауы –
  • Қоғамдық өмірге байланысты атау-
  • Кісі атауы –
  • Өнеркәсіп
  • Сарыжайлау
  • Сегізаяқ
  • Отағасы
  • Заттыбек
  • Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА

  • ҚЫЗЫЛОРДА
  • ОТАҒАСЫ
  • СЕГІЗАЯҚ
  • САРЫЖАЙЛАУ
  • ӨНЕРКӘСІП
  • ЗАТТЫБЕК

  • Сабақтың мақсаты:
  • Қос сөздердің жасалу жолдарымен және олардың түрлерімен танысу. Ауызекі сөйлеу кезінде қос сөздердің түрлерін дұрыс қолдана білуге үйрену.
  • Жаттығу жұмыстарын жасау.

Қазанның он тоғызы.

  • Қазанның он тоғызы.
  • Сынып жұмысы.
  • Қос сөздер және олардың түрлері.

Жұмбақ жасыру

  • Жұмбақ жасыру
  • Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық.

Қабат – қабат қаттама,

  • Қабат – қабат қаттама,
  • Ақылың болса аттама.
  • Аяғы біреу, қолы жоқ,
  • Шиыр – шиыр жолы көп.
  • Өзі сөйлей білмейді.
  • Салған ізі сөйлейді.
  • Жылмаң – жылмаң етеді,
  • Жылмаңдап сайдан өтеді.
  • Із – міз тастап кетеді.

  • Үлкен – үлкен түйені,
  • Тастапты адам шөгеріп.
  • Өркеші бұлтқа тиеді,
  • Бауыры жатыр көгеріп.
  • Өзі жап – жас, мұрты бар,
  • Ет пен сүтке ұмтылар.
  • Тастамайды жылы үйде
  • Түкті тоны шұп – шұбар.
  • .
  • Күмбір – күмбір қарағым,
  • Қартайғанша жарадың.
  • Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
  • Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
  • Адамзат, жан – жануар арасында
  • Мәңгілік өсіп - өніп өмір сүрген
  • Шыр – шыр етеді,
  • Құлағыңнан өтеді.
  • Ұстай алсаң,
  • Сөйлеп кетеді.

ҚОС СӨЗДЕР:

  • ҚОС СӨЗДЕР:
  • қабат – қабат, шиыр – шиыр, жылмаң – жылмаң, із – міз, үлкен – үлкен, жап – жас, шұп – шұбар, күмбір – күмбір, жан – жануар,
  • өсіп - өніп, шыр – шыр.

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөздер деп атаймыз.

  • Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөздер деп атаймыз.
  • М ы с а л ы:
  • Жан – жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі (Абай).
  • Қос сөздер
  • Қайталама
  • қос
  • сөздер
  • Қосарлама
  • қос
  • сөздер

Қос сөздер екі түрлі

  • Қос сөздер екі түрлі
  • болады:
  • қайталама қос сөздер
  • қосарлама қос сөздер

Бір түбірдің екі рет қайталануынан

  • Бір түбірдің екі рет қайталануынан
  • жасалған қос сөздер
  • қайталама қос сөздер деп аталады.

М ы с а л ы:

  • М ы с а л ы:
  • Тау – тау астық, көре – көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, үйдей- үйдей боп жатыр т.б.
  • Көзбе – көз айтты, ауыл – ауылды аралады, өз - өзінен қысылды, жүзбе – жүз көрісті т.б.
  • Өзді - өзіне айтты, қолды – қолымен кетті, ерні – ерніне жұқпады, айтып – айтпай не керек, орынды – орынсыз күлме, барар – бармасымды Құртқа біледі.
  • 4.

Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді

  • Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді
  • қосарлама қос сөз дейді

М ы с а л ы:

  • М ы с а л ы:
  • аяқ – табақ, құрт – құмырсқа, құрбы – құрдас, әке – шеше, кәрі - жас, үлкен – кіші, ұзынды - қысқалы, қысы – жазы.
  • бала – шаға, жүн – жұрқа, көйлек – көншек т.б.
  • ығы – жығы, оқта - текте, некен – саяқ т.б.
  • үгіт – насихат, оқу – ағарту, саяси – экономикалық, қоғамдық – саяси, саяси – көпшілік, оқу - әдістемелік, қазақша – орысша, мәдени – ағарту.

Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады.

  • Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады.
  • Қосымша сөйлем ішінде негізінен қос сөздің екінші сыңарына жалғанады.
  • Мысалы:
  • барар – бармасымды, келер – келмесімді Тәу. жалғ. І жағы (-ым) мен табыс септік жалғауы (-ды).

Жаттығу жұмыстары:

  • І топ
  • 90 – жаттығу.
  • ІІ топ
  • 91 – жаттығу.
  • ІІІ топ
  • 95 – жаттығу.

Бекіту:

  • Бекіту:
  • Қос сөз дегеніміз не?
  • Қос сөздер нешеге бөлінеді?
  • Қандай сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз?
  • Қандай сөздерді қайталама қос сөздер дейміз?
  • Қос сөздердің екі түрі де қалай жазылады?
  • Қос сөздерге қосымша қалай жалғанады?

Қап - қара,

  • Қап - қара,
  • Тентек бала,
  • Жүрісі жаман,
  • Ісі шала,
  • Киімі алба – жұлба,
  • Бет – аузы жара – жара.
  • Қарның ашты ма ?
  • Түсіп қалсаң қайтесің,
  • Аттың астына?
  • Тентек бала.

Үйге:

  • Үйге:
  • 93,94,95 жаттығулар, ереже оқу, жаттау.
  • Өздік жұмысы дәптеріне:
  • 96,97,98,99 жаттығулар.

  • Ет – мет, шай – пай, түйе – мүйе, ат – мат т.б.
  • Тарс – тұрс дыбыс шықты, жалт – жұлт етті, найзағай жарқ – жұрқ етті т.б
  • Үп – үлкен, қып – қызыл т.б.

Каталог: uploads -> doc -> 0884
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0884 -> Сабақ Тақырыбы: «Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері»
0884 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет