Қош келдіңіз! Сіз Homebank kz интернет-банкингіне қосылғаныңызға қуаныштымыз. Homebank қаржы порталы қызметтерін пайдалануға қосылу шартымен танысуыңызды сұраймыз. Homebank қаржы порталының қызметтерін пайдалануға



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата11.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#180674
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
interconnection agreement-kk

Сәйкестендірілген Клиент
– Банк бөлімшесінде немесе Homebank қаржы порталында немесе 
Homebank авторизациялық сервистері арқылы сәйкестендіруден өткен, жеке деректерін растаған 
және қандай да банктік өнімі бар Банктің тіркелген Клиенті. Клиенттің осы түрі Homebank-ті 
толық көлемінде пайдалану бойынша мүмкіндіктерге ие. 
Тіркелмеген Клиент
– Банк бөлімшесінде жеке деректерін растамаған және қандай да бір банктік 
өнімі жоқ, Homebank-те тіркеуден өтпеген Клиент. Клиенттің осы түрі сервистерге қол жеткізу 
шеңберінде төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыра алады. Клиенттің осы түріне қатысты 
Homebank-те айқындалған бірқатар сервистер бойынша шектеулер әрекет етеді. 
Сәйкестендірілмеген Клиент
– Банк бөлімшесінде жеке деректерін растамаған және қандай да 
бір банктік өнімі жоқ, Homebank-те тіркеуден өткен, тіркелген Клиент. Сәйкестендірілмеген 
Клиент электрондық эмиянның иеленушісі болып табылады, сервистерге қол жеткізу шеңберінде 
төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыра алады. Клиенттің осы түріне қатысты Homebank-те 
айқындалған бірқатар сервистер бойынша шектеулер әрекет етеді.


Homebank мобильдік қосымшасы
— ұялы телефонға және/немесе планшеттік компьютерге 
және/немесе Банктің бағдарламалық жасақтамасын орнатуды қолдайтын және Клиентке Банк 
Қызметтерін алу үшін Тапсырмалар мен Өкімдерді жолдауға мүмкіндік беретін өзге құрылғыға 
орнатылатын Банктің бағдарламалық жасақтамасы. 
ХТЖ (Visa International немесе MasterCard Worldwide және басқа да халықаралық төлем 
жүйелері)
– белгілі бір қағидалармен біріктірілген және өзара қарым-қатынастарын төлем 
карталары технологияларын пайдалану негізінде құратын есептесулерге қатысушылардың және 
олардың агенттерінің жүйесі. Төлем жүйесі ақшаны бір тараптан екінші тарапқа беру үшін төлем 
жүйесі қағидаларының, бағдарламалық және техникалық құралдардың белгілі бір жиынтығын 
белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет