Сабақ түрі: Жаңа білім, білік, дағдыларды игеру.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі материалдар.
Тірек ұғымдар: теңдеу, теңдеудің түбірі, анықталу облысы, өрнектерді тепе-тең
түрлендіру, мәндес теңдеулер, п-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері.
Сабақ жоспары:
Топты сабаққа ұйымдастыру.
Өткен материалды қайталау.
Сұрақтарға ауызша жауап алу.
Ауызша тапсырмалар орындату.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа тақырыптың теориялық материалын оқулықтан студенттерге оқыту (Алгебра және анализ бастамалары, 11 сынып, 39 бет).
Интерактивті тақтада шыққан сұрақтарға оқыған материалдар бойынша жауап іздету.
Оқулықтағы 1-мысал және 4-мысалдарды тақтада шығарып түсіндіру.
Жаңа тақырыпты бекіту (№96-101 (1) жаттығуларын орындату).
Өзіндік жұмыс (2 нұсқа).
Өзіндік жұмысты тексерту (қатар отырған студенттер бір-бірінің жұмыстарын тексереді).
Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма беру. § 6, № 96-101 (4)
Сабақ барысы:
Оқытушының кіріспе сөзі, сабақ жоспарымен студенттерді таныстыру.
Өткен материалды қайталау.
1) Сұрақтарға ауызша жауап алу.
- Теңдеу дегеніміз не?
- Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
- Мәндес теңдеулер дегеніміз қандай теңдеулер?
- Теңдеудің қасиеттерін атаңыз.
- aсанының n-ші дәрежелі түбірі дегеніміз не?
- формуласында a саны нені білдіреді?
n саны нені білдіреді?
b саны нені білдіреді?
- Жұп дәрежелі түбір таңбасының ішіндегі а саны қандай болуы керек?
- Жұп дәрежелі оң а санының неше түбірі бар?
- Тақ дәрежелі түбір ішіндегі а саны қандай бола алады?
- Теріс емес а санының п-ші дәрежелі арифметикалық түбірі дегеніміз не?
2) Өрнектің мәнін табыңдар:
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа тақырыптың теориялық материалын оқулықтан студенттерге оқыту
(Алгебра және анализ бастамалары, 11 сынып, 39 бет).