Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет46/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76

Песчаный улучшенный сорты Қарағанды а.ш. станциясында шығарылған. Шабылғаннан кейінгі өсу қуаты төмен, әдетте бір-ақ шабыс береді, ылғалды жыддары шамалы өнімді екінші шабыс бере алады. Сорт-қыстың суығы мен қуаңшылыққа төзімді, 1950 (1,4,5,7,9,11,12).

Шортандинский 83 - Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1993 (11).

ТҮЙЕЖОҢЫШҚА ДОННИК-MELILOTUS ТАПСЫРМА

  1. Түйежоңышқаның морфологиялық ерекшеліктерін оқып- үйрену.

  1. Түйежоңышқаның түрлері мен ақ және сары түйежоңышқаның айырмашылық белгілерін оқып-үйрену.

  1. Аудандастырылған сорттарына сипаттама беру.

  2. Түйежоңышқаның мал азығына және тұқымға өсіру технологиясын жасау.

Түйежоңышқа (МеіііоШз) - бұршақ тұқымдасына жататын екіжылдық, кейде біржылдық шөптесін өсімдік.

Тамыр жүйесі кіндікті, жақсы дамыған, 1,0-5,0 м терендікке бойлайды. Сабақтары тік өседі, немесе көтерілгіш, бұтақты, іші қуыс, жылтыр немесе төбесіне қарай түкті, биіктігі 0,5-3,5 м.

Жапырақтары үштік, шеттері ара тісті, ортаңғы жапырақша ұзын аяқшаға орналасқан, ортаңғы және төменгі жапырақтар домалақ келген, жұмыртқа пішіндес, жоғарғылары-линиялы (сызықты), жіңішке-эллипс тәрізді, ұзынша-ланцетті.

Гүл шоғыры - ұршық немесе ұзынша цилиндр тәрізді шоқгүл, гүлдерінің саны 30-150, өсімдігі айқас тозанданады, бал жинағыш.

Жемістер - бұршаққап, біртүқымды, кейде қостұқымды, піскенде шашылуға бейім, жарылмайды, жұмыртқа немесе эллипс пішінді, тор көзді немесе көлденең әжімді.

Тұқым жұмыртқа пішінді, сопақ, тегіс немесе әлсіз дөңестелген, сары, жасылдау-сарғыш түсті. 1000 тұқымның массасы 1,6-3,0 г.

Қазіргі уақытта туыстығына жататын түйежоңышқаның 16 түрі белгілі, олардың 11-і жабайы түрде ТМД елдерінің аумағында кездеседі. Олардың ішінде ақ, сары, тісті, хош иісті, каспийлік, орыстық, бойшаң, неополитандық, қырымдық, түкті, үнді т.б. түйежоңышқаларды атауға болады.

Егістікте негізінен екі түрі - ак, (М. аіЪш) жөне сары (М. оШсіпа1і§) түйежоңышқа кең тараған.



Ақ және сары немесе дерілік түйежоңышқа төмендегідей негізгі белгілермен ажыратылады (59-сурет, 82-кесте).

82-кесте Ақ және сары түйежоңышқалардьң айырмашылық белігілері

Белгілері

Түйежоңышқаның түрлері



ақ

сары

Жапырақшалардың пішіні а. төменгі және ортаңғы жапырақтардың

Сопақтау кен келген, домалақ

Кері жұмыртқа пішінді немесе домалақ

б. жоғарғы жапырак,-тардың

Сызықты немесе жіңішке-эллипс төрізді

Ұзынша-ланцетті

Гүлдердің түсі

Ақ

Сары

Бұршаққап пішіні

Эллипс төрізді

Жұмыртқа төрізді

Бұршаққаптың беті

Торлы-әжімді

Көлденең өжімді

Бұршаққаптың ұшы

Қысқа үшкір түмсықты

Әдетте аналық аузы сақталған

Тұқымы

Сопақ, сарғыш немесе жасылдау-саргыш, 1000 тұқымның массасы, 1,9-3,0 г.

Жұмыртқа-эллипс тәрізді, жасылдау-сарғыш түсті күңгірт-күлгін дақты суреті бар-1000 тұқымның массасы

1,4-1,6 г.



59-сурет. Түйежоңышқа: сары түйежоңышқа: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезевдеріндсгі өсімдіктер; 3-гүл шоғырлары, жемістері және жапырақтарымен бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жеміс пен түқым (сол жакта-үлкейтілгендері). Ақ туйежоңышқа: 7-бүршіктің бір бөлігі; 8-гүл; 9-жеміс (сол жақта-үлкейтілген); 10-тамыр жүйесі.



Пайдалануға рүқсат етілген түйежоңышка сорттарының сипаттамасы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет