Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет54/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76

Карабалыкский -Қарабалық МАТС-да шығарылған. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден масақтануға дейін 62-66, түқымның пісуіне дейін 84-100 тәулік. Көктемде және шабылғаннан кейін баяу көктейді, қуаңшылыққа орташа, ал қысқа жақсы тезімді, 1959 (1,7,9,12).

Колутонский (Арман) -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған. Бұтасы тік еседі, борпас, сабағы түкті, биһсгігі 65 см дейін. Бұтақтануы жоғары жапырақтануы 54% дейін. Көктемде жөне бірінші шабылғаннан жақсы көктейді, ал екінгі шабыстан соң баяу. Кектеуден шабылмалы пісуіне дейінгі вегетациялық толық пісуіне дейін 90 төулік. Құрғақшылыққа және қысқа төзімді сорт, 1994 (1).КӨКШІЛ СҮР БИДАЙЫҚ-ПЫРЕЙ СИЗЫЙ-АСКОРҮКОК СЬАІІСІШ

Көкшіл сүр бидайық (орташа бидайық)-А§горугоп £Іаисит, көпжылдық, қысқа көген тамырлы төбелік типтегі астық түұқымдас, шабывдық және жайылымдық өсімдік. Сабақтары тік өседі, буындарында біршама жуанданған, жалаңаш, жақсы жапырақтанған. Жапырақтары түкті, көкшіл сүр түсті. Гүл шоғыры үзындығы 7-10 см борпас масақ, көпгүлді, өлсіз қылтықты. Жемісі-дән, 1000 түқымның массасы 2,5-3,0г. Пайдалануға рұқсат етілген сорттары:



Ростовский 31 - Зерноград МАТС-да шығарылған. Тік өсетін бұтасының биіктігі 65-90 см, бұтада 23-56 сабақ болуы мүмкін. Масақтануға дейін сабақтары нәзік, жапырақтары сызықты, көкшіл сұр-жасыддау, жұмсақ. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден шабылмалы пісуіне дейін 49-77 тәулік, шабылғаннан кейін жөне көктемде баяу көктейді, қуатты тамыр жүйесі бар, шөптесінде ұзақ уақыт сақталады. Қысқа және қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1974 (1,4,9,12).

Омич-Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, 1989 (1,7,9).



Карабалыкский сизый, 1998 (7).

Жоғарыда аталған сорттардан басқа көпжыддық астық тұқымдас шөптердің темендегідей сорттары пайдалануға рұқсат етілген:

Шалғындық бетеге: Каргалинская, 1991 (3); Пензенская, 1989 (6).

Сібірлік пырейник: Гуран, 1974 (1,12).

Даурлық пырейник: Нарынкольский, 1991 (3).

Ситник ломколоснигі: Бозойский, 1975 (1,2,3,4,5,6,7,9,11,12,13); Шортақцинский, 1975 (1,3,9,11,12).

Тік арпабас : Целиноградский 30, 1991 (3).



Жима тарғақ: Заилийская, 1993 (3); Каркара, 2000 (3).

Қазақстанда көгалға (көгаддық дюптер) себуге рүқсат етілген шалғындық қоңырбас сорты Барон, 1985 (3,5,8,13,), түрліжапырақты бетеге сорты Изумрудная, 1986 (3,5,8,13).

Пайдалануға рүсат етілген басқа түқымдастардың кепжылдық жөне біржыддық өсімдіктері: Қара сексеуіл сорты; Жан-Сая, 2000 (8,13); Шашақты амарант сорты: Атлант, 1995 (3,4,13); Изен (прутняк) сорттары ~ Алма-Атинский песчаиый 1, 1985 (3); Бактоген, 1999 (3); Задарьинский, 1990 (13); Күйреуік сорттары-Айдарлинский 1, 1985 (3); Сэн, 2000 (8,13): Теріскен сорттары-Арысский, 1990 (13); КЛХ-2, 1990 (3); Қызыл-күм, 1999 (13); Чолон (азжапырақты эления) сорты: Сырдарьинский, 2000 (8,13).

Бақылау сұраұтары

  1. Қазақстанда егістікте және шалғындық жайылымдық шаруашылықта өсірілетін кепжылдық астық тұқымдас шөптердің азықтық құндылығын сипаттау.

  1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің негізгі түрлері және оларды Республика мен Солтүстік Қазақстанның топырақ-климат аймақтарына орналастыру.

  1. Астық тұқымдас еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидайық ж.б. шөптердің морфологиялық ерекшеліктері, жапырақтануы.Еркекшөп пен бидайықтың негізгі түрлері.

  1. Еркекшөп, бидайық, райграс, арпабас, бетеге ж.б. түрлерін тұқымдары мен гүл шоғырлары бойынша айырмашылық белгілері.

  2. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің өсіп-даму ерекшеліктері. Топырақ-климат жағдайларына байланысты өнімді пайдаланудың ұзақ-еміршеңцігі.

  3. Көгакылдық астық тұқымдас шөптердің биологаялық ерекшеліктері (жылуға, ылғалға, топыраққа талаптары). Қазақстанның негізгі топырақ-климат аймақтарында өнімділігінің потенциальды мүмкіндігі. Агротехника мен себілгеннен кейінгі жағдайларға байланысты танаптық өнгіштігі және өсімдіктерінің сақталуы.

  4. Республика мен Солтүстік Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген көпжылдық шөптердің сорттары.

  5. Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді мал азығы мен тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері:

а. алғы дақылдар мен жамылғысыз және жамылғылы себу тәсілдерінің жағдайлары;

б. қалыптасқа жағдайларға байланысты себу мерзімдерін негіздеу;

в. себу кезеңіндегі нақты жағдайларға байланысты тұқымның себу мөлшері мен олардың сіңіру терендігі;

тыңайтқыштар мөлшерін есептеудің ерекшеліктері және оларды көпжылдық шөптерге енгізу;

д. бірінші және одан кейінгі тіршілік жыддарындағы шөптердің егістігін күтіп-баптау.

10. Мал азығын жинау жөне дайындау технологиясы. Мал азығьш дайындаудың прогрессивті технологиялары.



4.3. МАЛ АЗЫҚТЫҚ БІРЖЫЛДЫҚ БҰРШАҚ

ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР

ТАПСЫРМА

1. Айырмашылық белгілері бойынша жаздық жөне күздік сиыржоңышқа, ас бүршақ, ноғатық, сераделланы оқып үйрену жене сипаттап жазу.

2. Сиыржоңышқаның негізгі түрлерін анықтауды үйрену.



  1. Егістік сиыржоңышқаның негізгі түршелерін оқып-үйрену. Біржылдық бүршақ тұқымдас шөптердің сорттарын сипаттау.

  1. Мал азықтық шөптердің (сиыржоңышқа, далалық және егістік асбүршақ, ноғатық) бірінің тұқымға өсірудің операциялык, технологиясын жасау.

Пішен, пішендеме, жалқы азық,жасыл балауса алу үшін біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер ретінде сиыржоңышқа, асбұршақ егістік және далалық пелюшка, ноғатық өсіріледі. Мал азықтық мақсатқа бұл дақылдар біржылдық астық тұқымдас шөптердің қоспаларында себіледі, мұның өзі мал азығының құндылығын анағұрлым арттырады.

СИЫРЖОҢЫШҚА-ВИКА-VІСІА

Сиыржоңышқа-біржылдық б9ршақ тұқымдас шөптердің ішівдегі барынша құнды мал азықтық өсімдіктердің бірі туыстығынан егістікке 10 түрі енгізілген, алайда кең тарағандары егістік сиыржоңышқа (\.$аіі\а) түкті немесе күздік сиыржоңышқа және паннон сиыржоңышқасы (V. Рап рашіопіса).

Сиыржоңышқаның көптеген түрлері мезофиттер, жақсы аймақтарда тараған, бірақ далалық аймақта өсетін айтарлықтай қуаңшылыққа төзімді топтары мен сорттары да бар.

Өсімдіктердің құрылысындағы ерекшеліктері. Сиыржоңышқаның сабағы жіңішке (2,5-4,0 мм), жапырылғыш, айқын емес төртқырлы, әртүрлі дәрежеде түкті, кейде түксіз. Сабақтың биіктігі өсіру жағдайлары мен сорттарына қарай 0,5-1,0 м. Жапырақтары қосқауырсынды, бұтақты мұртшамен бітеді, айтарлықтай ірі, ұзындығы 4,0-8,5 см, 5-8 (4-9) жүп әртүрлі пішіндегі жапырақшалары (кең эллипс, кері жұмыртқа тәрізді, жіңішкелеу-сопақ, сына, жүрек төрізді, ұштары қиық немесе ойық болып бітеді) бар. Гүлдері ірі, түстері әртүрлі, бірақ көбінесе ақшыл көк қарақошқыл, жапырақтардың қолтығыңца қысқа аяқшаларға жұптасып, кейде біреу немесе үшеу болып бекеді, күлтешесінің мөлшері 20-28 мм (ақ, сарғыш, қызғылт ж.б. түсті). Жемістері-көптұқымды бұршаққап, үзынша-ромбылы, жалаңаш немесе түкті, ашық-қоңыр, қоңыр, кейде қара түсті, ұзындығы 40-85 мм, ені 5-10 мм, тұқым саны 4-11. Тұқымдары домалақ, әлсіз қысылған, 4,05-5,0 мм, әртүрлі түсті және суретті. 1000 тұқымның массасы 45-65 г.

Сиыржоңышқаның түрлерін анықтау. Барынша кең тараған егістік және түкті сиыржбңышқаның айырмашылық белгілері 68,69-сурет пен 86-кестеде келтірілген.

Сиыржоңышқаның түршелерін анықтау. Сиыржоңышқа күлтеше жапырақшасының, тұқымның түстері тұқымдағы суретке байланысты бірнеше түршелерге бөлінеді (87-кесте).

86-кесте Сиыржоңышқаның негізгі тү

рлерінін айырмашылық белгілері

Белгілері

Егістік сиыржоңышқа

Түкті (күздік) сиыржоңышқа

Егін кегі

Алғашқы жапырақтарда бір жүп жапырақшалар бар

Алғашқы жапырақтарда екі жүп сызықты жапырақшалар бар

Жапырактың түктілігі

Талшықты, әлсіз қысыңқы

Талшықты, түкті-шашыраңқы

Жапырақшал ар пішіні

Ұзынша-сызықты, төбесі тұқыл қиықты, жүйкесі шығып түрады

Ұзынша-сопақ, жүйкесі шетіне шықпаған

Гүл шоғыры

Гүлдері отырған (аяқшасы жок),

қосгүлді


Шоқгүл үзын аяқшамен бекіген, көпгүлді

Гулдің түсі мен мөлшері

Ірі, ақшыл-көк қара-қошқыл

Орташа ірілікте, күлгін кек немесе қызғылт-күлгін

Жемісі

Ұзын (4-6 см), ені 0,6-1,0 см, кептұқымды (7-12 тұқым)

Ұзынша-ромбылы, кысыңқы, жалаңаш, үзындыш 2-3 см, бір бұршаққапта 3-8 тұқыш, сары немесе қоңыр түсті

Тұқымы

Домалақ, әлсіз қысылған, ірі, орташа мелшерлі, түсі өртүрлі, тұқым жолы ұзынша жіңішке келген

Шар тәрізді, ұсақ немесе орташа күңгірт-қоңыр немесе қара түсті, тұқым жолы сопақ, қысқа

Даму типі

Біржылдық жаздық өсімдік

Біржылдық жаздық немесе күздік өсімдік



68-сурет. Егістік сиыржоңышқа: 1,2-егін көгі мен гүлдену-жеміс түзу кезендеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың бір бөлігі; 4-гүлдер; 5-жемістер; 6-түқымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет