Жаздық сиыржоңышқаныц сорттары:
Камалинская 611 - Краснояр АШҒЗИ-да шығарылған, типика түршесіне жатады, 1000 тұқымның массасы 65-67 г. сорт ерте піседі, егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін орта есеппен 42, тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 78 тәулік. Өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінде кейініректегісіне қарағанда қуаңшылыққа төзімділігі төменірек, 1954 (9).
Лыовская 31-202 - Курск облысының Льгов тәжірибе станциясында шығарылған, иммакулята түршесіне жатады, жапырақтануы 42-47 %, 1000 тұқымның массасы 55-70 г. сорт кеш піседі егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін орта есеппен 45-55, ал тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 75-90 төулік. Ауа қуаңшылығын нашар көтереді, топырақ құрғақшылығына төзімдірек, жазғы ылғалды жақсы пайдаланады, 1941 (1,12).
Льговская 60 - Курск облысының Льгов төжірибе селекциялық станциясында шығарылған, типика түршесіне жатады, 1000 тұқымның массасы 50-85 г, жапырақтануы 50-52%. Сорт кеш піседі: себуден шабылмалы пісуіне дейін орта есеппен 50-60, тұқымның шаруашылықты, пісуіне дейін 110-125 тәулік қажет, 1975 (12).
69-сурет. Түкті сиыржоңышқа; 1,2-егін көгі мен гүлдену-жеміс түзу кезеңдеріндегі есімдіктер; 3-сабақтың бір бөлігі; 4-гул; 5-жемістер; 6-түқымдар.
87-кесте Егістік сиыржоңышқаның веропалық түр тармағы негізгі түршелерінің сипаттамасы
Күлтеше жапырақшаның түсі
|
Тұқымның түсі
|
Тұқымдағы сурет
|
Түрше
|
Желкені ақшыл -кек, қанаттары қара, қошқыл
|
Күңгірт-сұр немесе қоңыр түсті, кейде мүлде қара түсті
|
Қоңыр мраморлы қара дақтары және әр түрлі шамадағы нүктелері бар
|
Типика
|
Сондай
|
Ақ, қызғылт, жасыл, ақшыл-көк, қара т.б. түсті
|
Суреті жоқ
|
Иммакулята
|
Гулдері ақ
|
Сүрлау, жасылдау, күлге ұқсас
|
Суреті жоқ
|
Альбифлора
|
Гүлдері ашық-қызғылт
|
Күңгірт-қоңыр
|
Мраморлы
|
Розеола
|
Достарыңызбен бөлісу: |