Изумрудная —Башқұрт егіншілік ҒЗИ-да шығарылған, өсімдігі тік есетін биіктігі 210 см дейін бұта қалыптастырады, 1000 тұқымның массасы 12-14 г. сорт ерте піседі: шабылмалы пісуіне дейін 45-56, тұқымның шаруашылық пісуіне дейін 75-85 тәулік, қарқынды өсуімен және жоғары алшынкөктігімен ерекшеленеді, 2-3 шабыс бере алады, қуаңшылыққа және суыққа төзімді.
Кинельская 100-Кинель МСС-да шығарылған, орташа түптенетін, жапырақтануы 35-40%, биіктігі 185 см дейінгі өсімдік. 1000 тұқымның массасы 7-8 г. сорт қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен жөне ерте пісуімен ерекшеленеді, өсіп-жетілу кезеңі шабылмалы пісуіне дейін 40-46, тұқымының шаруашылықты пісуше дейін 72-86 тәулік, алшынкөктігі жақсы, 3 шабысқа дейін бере алады, 1985 (1,6,12).
Тугай —Башқұрт егіншілік ҒЗИ-да шығарылған, өсімдігі тік өсетін немесе өлсіз қомақты бұта қалыптастырады, 2-3 сабақты, биіктігі 200 см дейін. Сорт ерте піседі, 1986 (4,9,12).
Саратовская 1183-Оңтүстік -Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Өсімдігі биік 180-190 см, жоғары бүталы. Өсіп-жетілу кезеңі мі азығына өсіргенде 43-68, түқымға өсіргенде 92-100 тәулік, 1993 (7,12).
Джурунская 1, 1985 (2); Коллективная 10, 1996 (3); Одесская 25, 1955 (5,6). Чамбайская 8, 1992 (8); Широколистная 2, 1976 (13); Шөй жүгері, судан шөбі буданы Алма-Атинский 81, 1992 (3,4,8,11,13).
ИТҚОНАҚ-МОГАР-8.І.MOCHARICUM
Итқонақ-біржыддық мал азықтық өсімдік, қоңырбастар (астық) тұқымдасына, мысыққүйрық туыстығына жатады. Мысыққұйрық туыстығы 100-ден аса түрлерді біріктіреді. Мәдени мысыққүйрық түрлерінен барынша кең тарағаны бастанған немесе мысықұйрықты тары ол екі тұр тармағына-итқонақ және қонақтары-ажыратылады.
Итқонақтың' тамыр жүйесі шашақты, 1,0-1,5 м топырақ қабатына бойлайды, ауа тамырларын да түзе алады. Биіктігі 0,5-1,5 м сабағы тік өседі, бұтақты, цилиндрлі, түксіз, ашық-жасыл түсті немесе әлсіз боялған, іші қуыс, сортына байланысты буынаралығының саны 4-16. Өсімдік жиілігіне қарай түптенуі 5-тен 30-ға дейін. Жапырақтарының "құлақшасы" жоқ және қынабы жалаңаш, жапырақ саны 9-22, ұзындығы 16-50 см, ені 1-3 см. Гүл шоғыры-масақ тәрізді сіпсебас, ұзындыгы 6-25, ені 1-4 см, әлсіз конус тәрізді, цилиндр немесе ұршық пішінді, қысқа бұтақты (0,5-2,5 см), тығыз орналасқан бүтақтарда ұсақ масақшалар мен аратісті қылшықтар бар. Масақшалар біргүлді, ұсақ, түксіз, ұзынша-эллипс тәрізді немесе сопақша-домалақтау-эллипс пішінді. Жемісі-дән, сабан түсті, сары, күрең-қызыл жөне қара, ұзынша-эллипс немесе сопақтау, домалақтау-эллипс пішіңці, 1000 тұқымның массасы 1,5-3,1 г.
Итқонақ негізгі екі экологиялық топқа бөлінеді: таулы құрғақ аңғарлы қуаңшылыққа төзімді, тез піседі, биіктігі шамалы өсімдік; ойпаң, суармалы жерлерде кеш піседі, биік өседі, қуаңшылыққа төзімділігі нашар, қатты сабақты өсімдік (71-сурет).
Пайдалануға рүқсат етілген сортгары:
Карагандинский 242 - Қарағанды МАТС-да шығарылган. Өсімдігінің биіктігі 45-75 см, орташа бұтақты-егістік жиілігіне қарай 2-3-тен 10 сабаққа дейін, тұқымы күрең-қызыл немесе қызыл-күрең, 1000 тұқымның массасы, 2,5-2,8 г. сорт ортадан ерте піседі, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, алшынкөктігі әлсіз: бір-ақ шабыс береді, 1953 (1,7,9).
71-сурет. Бастанған тары: 1,2-егін көгі мен толысу кезендеріндегі қонақтары; 3-масақ төрізді шашақ; 4,5-қонақтарының масақшасы мен дөні (сол жақта-үлкейтілген); 6,7-егін көгі мен дәнінің толысу кезеңіндегі итқонақ; 8-итқонақтың шашаш; 9,10-итқонақтың масақшасы мен дөні.
Достарыңызбен бөлісу: |