Песчаный улучшенный сорты Қарағанды а.ш. станциясында шығарылған. Шабылғаннан кейінгі өсу қуаты төмен, әдетте бір-ақ шабыс береді, ылғалды жыддары шамалы өнімді екінші шабыс бере алады. Сорт-қыстың суығы мен қуаңшылыққа төзімді, 1950 (1,4,5,7,9,11,12).
Шортандинский 83 - Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1993 (11).
ТҮЙЕЖОҢЫШҚА ДОННИК-MELILOTUS ТАПСЫРМА
Түйежоңышқаның морфологиялық ерекшеліктерін оқып- үйрену.
Түйежоңышқаның түрлері мен ақ және сары түйежоңышқаның айырмашылық белгілерін оқып-үйрену.
Аудандастырылған сорттарына сипаттама беру.
Түйежоңышқаның мал азығына және тұқымға өсіру технологиясын жасау.
Түйежоңышқа (МеіііоШз) - бұршақ тұқымдасына жататын екіжылдық, кейде біржылдық шөптесін өсімдік.
Тамыр жүйесі кіндікті, жақсы дамыған, 1,0-5,0 м терендікке бойлайды. Сабақтары тік өседі, немесе көтерілгіш, бұтақты, іші қуыс, жылтыр немесе төбесіне қарай түкті, биіктігі 0,5-3,5 м.
Жапырақтары үштік, шеттері ара тісті, ортаңғы жапырақша ұзын аяқшаға орналасқан, ортаңғы және төменгі жапырақтар домалақ келген, жұмыртқа пішіндес, жоғарғылары-линиялы (сызықты), жіңішке-эллипс тәрізді, ұзынша-ланцетті.
Гүл шоғыры - ұршық немесе ұзынша цилиндр тәрізді шоқгүл, гүлдерінің саны 30-150, өсімдігі айқас тозанданады, бал жинағыш.
Жемістер - бұршаққап, біртүқымды, кейде қостұқымды, піскенде шашылуға бейім, жарылмайды, жұмыртқа немесе эллипс пішінді, тор көзді немесе көлденең әжімді.
Тұқым жұмыртқа пішінді, сопақ, тегіс немесе әлсіз дөңестелген, сары, жасылдау-сарғыш түсті. 1000 тұқымның массасы 1,6-3,0 г.
Қазіргі уақытта туыстығына жататын түйежоңышқаның 16 түрі белгілі, олардың 11-і жабайы түрде ТМД елдерінің аумағында кездеседі. Олардың ішінде ақ, сары, тісті, хош иісті, каспийлік, орыстық, бойшаң, неополитандық, қырымдық, түкті, үнді т.б. түйежоңышқаларды атауға болады.
Егістікте негізінен екі түрі - ак, (М. аіЪш) жөне сары (М. оШсіпа1і§) түйежоңышқа кең тараған.
Ақ және сары немесе дерілік түйежоңышқа төмендегідей негізгі белгілермен ажыратылады (59-сурет, 82-кесте).
82-кесте Ақ және сары түйежоңышқалардьң айырмашылық белігілері
|
Белгілері
|
Түйежоңышқаның түрлері
|
|
ақ
|
сары
|
Жапырақшалардың пішіні а. төменгі және ортаңғы жапырақтардың
|
Сопақтау кен келген, домалақ
|
Кері жұмыртқа пішінді немесе домалақ
|
б. жоғарғы жапырак,-тардың
|
Сызықты немесе жіңішке-эллипс төрізді
|
Ұзынша-ланцетті
|
Гүлдердің түсі
|
Ақ
|
Сары
|
Бұршаққап пішіні
|
Эллипс төрізді
|
Жұмыртқа төрізді
|
Бұршаққаптың беті
|
Торлы-әжімді
|
Көлденең өжімді
|
Бұршаққаптың ұшы
|
Қысқа үшкір түмсықты
|
Әдетте аналық аузы сақталған
|
Тұқымы
|
Сопақ, сарғыш немесе жасылдау-саргыш, 1000 тұқымның массасы, 1,9-3,0 г.
|
Жұмыртқа-эллипс тәрізді, жасылдау-сарғыш түсті күңгірт-күлгін дақты суреті бар-1000 тұқымның массасы
1,4-1,6 г.
|
59-сурет. Түйежоңышқа: сары түйежоңышқа: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезевдеріндсгі өсімдіктер; 3-гүл шоғырлары, жемістері және жапырақтарымен бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жеміс пен түқым (сол жакта-үлкейтілгендері). Ақ туйежоңышқа: 7-бүршіктің бір бөлігі; 8-гүл; 9-жеміс (сол жақта-үлкейтілген); 10-тамыр жүйесі.
Пайдалануға рүқсат етілген түйежоңышка сорттарының сипаттамасы:
Достарыңызбен бөлісу: |