61-сурст. Ак. беде (көген тамырлы): 1-гүлдену кезеңіндегі өсімдік; 2-егін көгі; 3-бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жемістері мен түкымдары (сол жақта үлкейтілгендері).
Мүйізді лядвенец-150 см дейін бойлайтын жақсы бұтақтанған кіндік тамырлы көпжылдық өсімдік (62-сурет). Сабақтары тығыз бүта қалыптастырады, үштік жапырақтарының кішірек қос жапырақ серіктері бар. Гүл шоғыры-шатыр тәрізді жұмыргүл, жіңішке аяқшаларға орналасқан 5-8 гүлден тұрады. Гүлдері ашық-сары түсті. Бұршакқаптары көптүқымды, ұзынша келген, жарылмалы. Түқымдары ұсақ, домалақ, күнгірт-қоңыр түсті, 1000 санының массасы 1,1-1,4 г. Қазақстанда өсірілмейді, аудандастырылған сорттары жоқ. Негізгі есірілетін аудандары-Ресейдің қаратопыраксыз аймағы, Белорусь Республикасы.
Бақылау сұрақтары
1 Негізгі көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді латынша және орысша атаңыз.
62-сурет. Муйізді лядвенец: 1,2-дамыган егін көгі мен гүлдену-жеміс түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-гул шоғырлары жөне жемістерімен бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5-жеміс жармасы; 6-тұқымдары (сол жақта улкейтілгендері). Көпжылдық бұршақ тұқымдас шептердің азықтық құндылығын салыстырмалы түрде сипаттаңыз.
Жоңышқа,эспарцет,түйежоңышқа ж.б. морфологиялықерекшеліктері.
Гүлдер мен жемістердің құрылысындағы ерекшеліктері.
Көпжылдық шөптердің бірінші жөне одан кейінгі тіршілікжылдарындағы өсіп-даму ерекшеліктері (тамыр жүйесі, сабақ).
Пайдаланута рұқсат етілген көпжылдық бұршақ тұқымдасшөптердің сорттары жөне олардың агробиологиялық сипаттамасы.
Жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа, беде ж.б. биологиялыкерекшеліктері: жылуға, ылғалға, топыраққа қоятын талаптарын, қысқа аязға төзімділігін сипаттау.
Жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа, беденің гүлдену жөнетозандану биологиясындағы ерекшеліктер. Негізгі тозандағышнасекомдар, түқымдық алқаптарда тозандағыш насекомдардың тығыздығын арттыру шаралары. Шөптерді өнімді пайдаланудың ұзак. өміршендігі. Бұл көрсеткішке өсер етуші факторлар. Шөптерді жасартудың теориялық негіздері.
Жоңышқаны мал азығына суармалы және суарылмайтын жағдайларда өсіру ерекшеліктері.
Жоңышқаны суармалы жөне саурылмайтын жағдайларда түқымғаөсіру ерекшеліктері.
Мал азығына эспарцет агротехникасы ерекшеліктері.
Мал азығына түйежоңышқа агротехникасының ерекшеліктері.
Эспарцетті тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері.