Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы


-кесте Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері



бет52/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76
85-кесте

Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері



Белгілері

Кеңмасакты

Жіңішке масақты



Тарақша (А&. ресііпоҒогте)

Иректісті (А§. егізШшп)

Сібірлік (А£. 5І-Ьігісит)

Шөл (А§. сіеяеііогит)

Масақ-тар мен масақшалар

Жиі тарақ тәрізді, бірақ масақшалар арасында анық керінген саңлаулар бар, ұзынша-жүмыртқа тәрізді, ұзындығы 1,5-5,0 см, ені 1-2 см, төбесіне қарай сүйірленген, масақшалар жасыл немесе көкшіл сүр жасылдау түсті, 3-10 гүлді

Өте жиі, тарақ тәрізді, масақшалар арасында саңылау көрінбейді, ұзынша-жұмыртқа ланцетті пішінді, төбесіне қарай аздап сүйірленген, ұзындығы 1,5-5,0 см, ені 1-2 см, қысқа қылтықты, масақшалар бір-біріне тығыз қабысқан, 3-10 гілді_

Сызықты, тарақ тәрізді көп масақшалы, ұзындығы 7-10 см, ені 0,5-1,2 см

Қысқа сызықты тарақ тәрізді емес цилиндр пішінді, гүлдері жайыла орналасқан, масақшалары бір-біріне ілесіп келген, талшықты қылтығы бар

Төменп гүл қабық-шасы

Жалаңаш, ұзындығы 5-7 мм, қысқа қылтықты, (3-4 мм)

Ланцетті, жиі талшықты, ұзындығы 5-7 мм, қысқа бұдырлы қылтығы (3-4мм) бар

Жылтыр, жалаңаш, ұзыңдығы 6-8 мм, үшкірленген, қылтығы 1 мм дейін, немесе мүдде жоқ

Ланцетті, қайықша тәрізді, жалаңаш, ұзындығы 6-7 мм, қылтықты (2-3 мм)

Сабақ-тары

Биіктігі 25-75 см

Биіктігі 25-60 см, масақ асты жұмсақ түкті келген

Сабақтары тік, немесе иілген биікгігі 30-80 см (егістікте 100 см дейін)

Сабақтары ұшар басында иілген, (биіктігі 25-50 см) егістікге 80 см дейін

Жапырақтар

Жіңішке сызықты (мәдени өсімдіктерде кең ланцетті пішінге дейін) жалпақ немесе бүгілген, шеттері оратылған

Жіңішке ланцетгі, бүгілген немесе жалпақ, шеттері оратылған

Жіңішке сызықты, (мәдени түрлерінде айтарлықтай кең, жіңішке ланцетті)

Қатты, көкшіл сүр

жасылдау, бүгілген

Қазақстаңда аудандастырылған еркекшөп сорттары:

Тарақша еркекшөптен - Актюбинский, Батыр, Долинский I, Карабалыкский 202, Краснокутский ширококолосный 4;

Сібірлік еркекшөптен - Краснокутский узкоколосый 305, Таукумский гибридный, Уральский узкоколосый ;

Шөл еркекшөбінен — Актюбинский узкоколосый местный.



Пайдалануға рұқсат етілген сорттары:

Карабалыкский (кең масақты) 202 - Қарабалық МАТС-да шығарылған. Тарақша еркекшөп түріне жатады, жапырақтануы 21-35%, 1000 тұқымның массасы 2,5 г. көктемгі көктенгеннен алғашқы шабысқа дейінгі өсіп-даму кезеңі 55-65 тәулік, тұқымның шаруашылыққа жарамды пісу кезеңі 90-100 тәулік. Қысқа жөне қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1949 (1,3,4,7,8,9,11,12).

Долинский 1. -Қарағанды МАТС-да шығарылған. Еркекшөптің тарақша түріне жатады. Жапырақтануы орташа, кеш піседі, қысқа және қуаңшылыққа жоғары төзімді, 1968 (7).

Батыр -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1992 (1,12).

Антюбинский узкоколосый местный, 1948 (2);

Тобагай, 1998 (11);

Красноводопадский 414, 1984 (3);

Таукумский гибридный, 1984 (3);



Уральский узкоколосый,1994 (6);

Местные сорта, 1967 (3).

ҚЫЛТЫҚСЫЗ АРПАБАС - КОСТРЕЦ БЕЗОСТЫЙ –BROMOPSIS INERMIS ТАПСЫРМА

  1. Қылтықсыз арпабастың морфологиялық ерекшеліктерін оқып- үйрену.

  2. Сорттардың шаруашылық-биологиялық сипаттамасын оқып- үйрену.

  3. Қылтықсыз арпабасты мал азығына өсірудің операциялық технологиясын жасау.

  4. Қылтықсыз арпабастың тұқымға өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Қыжықсыз арпабас-маңызы мен таралуы бойынша Қазақстанда еркекшөптен кейін көпжылдық астық түқымдас шөптердің ішінде шабындық-жайылымдық дақыл ретінде екінші орын алады.

Арпабас туыстығына (Вготорзіз) 40-тан аса түрлер кіреді, оның ішінде Қазақстанда 20 түрі өседі, олардың арасында қылтықсыз, қарабидайлы, тік, шүбар, сібірлік т.б. бар.

Қазақстанның егіншілігіңде қылтықсыз арпабас (Вготор5І5 іпегтіз) тараған. Соңғы жылдары пайдалануға тік арпабас (Вг. агуепзів) жіберілген. Қылтықсыз арпабас-кепжыддық көген тамырлы жер асты сабақты, борпас бұтақты төбелік типтегі өсімдік, Ол жайыла өсетін көген тамыр түзеді және жер асты өркендерін қалыптастырады. Көген тамыры шалғындық арпабасты топыраққа 8-10 см, ал далалық тобында 15-20 см дейін бойлайды. Жер асты еркендердің бірнеше буын (түйін) аралықтары болады, олардан қосалқы өркендер дамып, жер беті сабақтарын құрайды, жөне қосымша түптену тамырларын береді. Өсімдіктің бірінші тіршілік жылында тамырлар 50-100 см дейін, ал кейінгі жылдары 200-225 см дейін терендейді. Қылтықсыз арпабас генеративті (жемісті) жөне вегетативті (жеміссіз) сабақтардан түрады. Жемісті сабақтардың үлесі жалпы санының шалғындық тобывда 25-45%, ал далалық топтарында 30-55 %. Өсімдік биіктігі 0,6-1,7м. Жапырақтары жалаңаш, өсіп-даму кезендерінің басында-көктеу кезеңінде-ғана өсімдіктер түкті келеді. Жапырақтануы бірінші шабыста 50-56%, екіншісінде 55-70%.



Гүл шоғыры-сіпсебас (шашақ), ұзындығы 10-30 см, шашақ иілген, қысыңқы, жартылай қысыңқы, біржалды түрде кездеседі және ол бүтақтардың саны мен тығыздығына байланысты өзгереді. Масақшалары ірі, көпгүлді, ұзын күлгін реңді. Жемістері (егістік материал)-қабықты, дәннің үзындығы 9-12 мм, ені 2,5-3,0 мм күңгірт-сүр немесе қоңыр түсті, қылтықсыз, сусымалы емес. 1000 тұқымның массасы орта есеппен 3,5 г, алайда сорттық ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты 2,8-ден 4,5 г дейін өзгереді.

Өсімдік сәуір айының ортасында көктей бастайды, маусымның екінші жартысында гүлдейді, ал тұқымы шідденің аяғы-тамыздың басыида піседі де жалпы есіп-жетілу кезеңі 80-110 тәулік құрайды (66-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет