16. Фотосинтездің С3-жолы немесе М.Кальвин циклі.Негізгі кезеңдері, сипаттамасы. Кальвин циклі оны ашқан ғалым Кальвиннің құрметіне аталған. Шындығында, глюкоза синтезі бір химиялық реакцияда жүрмейді. Ол циклді үдеріс болып табылады. Циклді реакциялар бұл – соңғы реакция өнімі бірінші реакция үшін бастапқы зат болып табылатын сақинатәрізді тұйықталған биохимиялық рет. Кальвин циклінің басқа атауы С3 – фотосинтез, себебі реакцияның бірінші өнімі кейін қосылып, глюкоза молекуласына айналатын үшкөміртекті қанттар болып табылады . Циклдің барлық қатысушыларын анықтау үшін америкалық биохимик Мелвин Кальвин эксперимент жүргізді. Нысан ретінде ол біржасушалы балдыр – хлорелланы пайдаланды. Кальвин жарты минут уақыттан бастады, бірақ 30 секунд ішінде өсімдік глюкозаны синтездеп үлгеріп, полиқанттарды түзуге кірісіп кетті. Біртіндеп уақытты 5 секундқа дейін азайтып, Кальвин атмосферадағы СО2 құрамындағыөсімдік сіңірген көміртек қатысында түзілетін барлық қосылысты сәйкестендіре білді.