«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»


Өсімдіктің жылауы. Гуттация. Тамырқысымы: оның мәні, механизмі және анықтау әдістері. Олардың физиологиялық рөлі



бет40/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

17.Өсімдіктің жылауы. Гуттация. Тамырқысымы: оның мәні, механизмі және анықтау әдістері. Олардың физиологиялық рөлі.
Өсімдіктің тамыр системасының суды активті түрде қабылдап, одан сосудтарға итеріп ендірумен қатар, өсімдік бойымен суды жоғары көтеретініне өсімдіктің «жылауы» мен гутациясы толық дәлел бола алады.
Гуттация – ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда транспирация күрделенгенде жапырақ ұшынан сұйықтын тамшыларының бөліну процессі. Яғни жапырақтардың бүйірлері бойынша түтікшелі ұлпа шеттерінен судың бөлінуі. Кез келген өсімдікті, әсіресе көктем кезінде түбіне жақын кесетінболсақ, кесілген жерінен көп уақытқа дейінсұйықтық ағып тұрады. Егер кесілген жерге резина түтік арқылы шыны түтік жалғастырсақ, сұйықтық шыны түтіктің бойымен көтеріле бастайды. Бұл сұйықтық — нәршырын (пасока), ал сұйықтықтың ағуын өсімдік «жылауы» депатайды. 
Жарақаттанған өсімдіктің тамыр мойнынансұйықтың бөлініп шығуы тамыр қысымына байланысты. Өсімдіктің «жылауы» шөптесін өсімдіктерде болып қана қоймай, ағаш тектесөсімдіктерде де /қайың, үйеңкі, жүзім, жаңғақ, шамшат/ болады. Өсімдіктерден сөлдің былайбөлінуі ерте көктемде, қысқы тыныштық күйден активті тіршілікке көшу кезінде өсімдіктің төменгібөлімінен ғана байқалып қоймай, жоғары, биікбөлімдерінен де байқалады.
Әр түрлі өсімдіктердің тамыр қысымы түрліше болады. Шөптесін өсімдіктердің тамыр қысымы 1 немесе 1,5 атмосфераға тең болса, ағаш тектес өсімдіктерде одан біраз жоғары болады. Өсімдікбойындағы сұйықтықтың жылжу жылдамдығы өсімдіктің тамыр қысымына байланысты болады да, әртүрлі өсімдіктерде түрліше болып қана қоймай, бір өсімдіктің өзінде жылдың әрбір мезгілінде, тіпті бір тәуліктің ішінде алуан түрлі болады. Мысалы, ағаш тектес өсімдіктердің «жылауы» негізінен көктем айларында күшті болады да, жаз кезінде ауа ылғалдылығы артқанда, немесе қанықтырып суарғанда ғана байқалады. Ал, шөптесін өсімдіктерде олардың әрбір жеке даму кезеңдерінде байқала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет