«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»



бет47/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі: Гидатофиттер (гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Судан шығарғанкезде бұл өсімдіктер тез қурап кетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица) және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдері судың бетіне шығарады (кейде тозаңдану су астында да жүреді)да, тозаңданған сон қайта суға көміледі. Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң).
Гидрофиттер - (су) - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Оларда гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған, аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар эпидермис те дамыған.
Гигрофиттер - (ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның ылғаддылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жүқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады.
Мезофиттер (гр. mesos - орташа, аралық) - ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері. Бүларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет