Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді



бет5/7
Дата27.04.2020
өлшемі38,38 Kb.
#64907
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
топ коргау реферат

Орманды қорғау және бақылау.Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Топырақ өсімдіктері – бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ құнарлылығын көтеруде маңызды роль атқарады.Жер асты өсімдіктері бактериялар түрунде кездеседі және 3км тереңдікте болады.

Жер беті өсімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі.Олардың көпшілігін адам баласы пайдаланады және өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль атқарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау басты міндеттің бірі. Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез – күрделі биологиялық процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті – хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осының натижесінде мол органикалық қосылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдырады.Бұл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара –пар.Шамамен алғанда құрылықтың өсімдіктер қабаты жыл сайын 20-30, млрд т. көміртегін пайдаланады.300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және суларда болатын көміртегіне тең. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалыө заттар құрады. Олардың 122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд тоннасы – мұхиттағы өсімдіктер үлесіне тиеді.Жыл ішіндегі фотосинтез өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі электростанциялардың қуатынан 100 есе асып түседі.Фотосинтез миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып келеді. Бұл уақыт ішінде көптеген органикалық заттар жиынтықталды, олардың бірқатары мұнай, жанатын газ, тас көмір, торф т.б. Көмір, мұнай күйінде кездесетін көміртегінің өзі барлық тірі организмдерде кездесетін көміртегінен 50 есе көп .Өсімдіктер құрамына кіретін химиялық элементтер де көп. Бұған қосымша өсімдіктердің табиғатқа, адам өөміріне, өндіргіш күштердің дамуына тигізетін пайдалы әсерін ескерсек, өсімдіктерсіз өмір жоқ деген қорытынды жасауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет