Өсімдіктерді химиялық қорғау пәнінің дәрістері



бет6/6
Дата28.09.2023
өлшемі77,29 Kb.
#182858
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өсімдікті химиялық қорғау дәрістер (копия)

Аэрозольдар
Ауылшаруашылығы мен денсаулық сақтау жүйелерінде пестицидтердің аэрозольдері ретінде көбінесе инсектицидтер қолданылады. Бұл пестицидті қолданудың үлкен тәжірибелік мәні бар, өйткені аэрозольдар препарат шығынын азайтып, жоғары тиімділік көрсетеді. Инсектицидті және фунгицидті аэрозольдарды алу үшін негізінен үш әдіс қолданылады: 1) құрамында әртүрлі инсектицидтер, фунгицидтер және бактерицидтер бар түтін түзетін материалдарды, жанғанда буға айналатын және зиянды организмдер үшін у түзетін түтін немесе тұман, пестцидтерді қыздырғыш құралдардың көмегімен қыздыру (мысалы, электршамдар), өртеу; 2) тез ұшатын ерітіндіде пестицид ерітінділерін шашырату, ауада; буланған псетицид жұқа дисперсті күйде қалады. 3) тозаңдану құрылғысын қолдану арқылы механикалық әдіспен пестицид ерітінділерін тозаңдандыру. Кейде бұл әдіс екіншімен қосылады: органикалық ерітіндіде пестицидтердің ерітінділері, ең бастысы мұнай өнімдерінде тозаңданады. Тозаңдануда ерітіндінің жартысы буланады, аэрозольдың бөлшекті мөлшеріне дейін тамшы азаяды. Бұл әдіс аз көлемді жұқа дисперсті бүрку деп аталады. Инсектицидті аэрозольдарды алу үшін ең оңай әдіс қолданылады, ол үшін арнайы қағаздар, іші бос жанғыш материалдар, инсектицидтер, фунгицидтер, бактерицидтер сіңген заттарды өртеу керек. Түтін түзетін композицияның құрамына, пестицидтерден басқа жанғыш заттар, толтырғыш және тотықтырғыш кіреді. Тотыққыш ретінде нитраттар, нитриттер, хлораттар, персульфаттар, хроматтар және олардың қосылыстары қолданылады. Керекті температураны ұстап тұру үшін оларға ағаш үгінділері, целлюлозаның, көмірдің, битумның және әртүрлі шайырдың өнірістегі қалдықтары қолданылады. Осы композицияны жандыру негізінде пестицидтің 80%-ы ыдырамай буға айналады, ал қалған бөлігі усыз шыбын-шіркейлерге тағам болады. Инсектицидті қағазды инсектицид ерітіндісіндегі желімсіз жапсырылған қағаздан алады. Қағазды алдын-ала нитраттың немесе натрий мен калийдің сулы ерітінділерін сіңдіреді және кептіреді. Аэрозольдарды ұшқыш ерітінділерден инсектицид ерітінділерін тозаңдандыру арқылы алады. Оны жабық кеңседе шыбын-шіркейлер үшін пайдаланады. Мұндай ерітінділер металды аэрозольды баллондарда тозаңдандырғыш қондырғымен жабдықталған. Көміртегі диоксидінің немесе төмен қайнайтын ерітінділердің (фреондар, метилхлорид және т.б.) көмегімен баллонда қысым пайда болады, осының әсерінен препарат тозаңданады. Пайда болған пестицидті аэрозольдің бөлшекті шамасы баллондағы қысымға және тозаңдану құрылғысының конструкциясына тәуелді, сонымен қатар олар көп жағдайда өзгереді. Осы әдістермен алынған аэрозольдердің құны жоғары болса, өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданбайды. Ауылшаруашылығында органикалық ерітінділерден пестицидтерді механикалық дисперстеу үшін арнайы аппараттардың көмегімен аэрозольдар қолданылады. Бұл әдістерің ішінде аз көлемді жұқа дисперсті бүрку (жабық грунтты, орман алқаптарын, егістіктерді) тиімділік көрсетті. Осы аз көлемді жұқа дисперсті бүрку кезінде ерітінді ретінде жоғары температурада қайнайтын мұнай өнімдері қолданылады. Пестицидтердің жоғары ерігіштігі үшін аралық ерітінділер (ксилол, полиметилнафталиндер және басқалары) қосылады.

Дәріс -4
Тақырыбы:Пестицидтерді қолдану тәсілдерінің жалпы сипаты


Бүрку. Пестицидтердің ертінділерінің, эмульсияларының немесе суспензияларының тамшы-сұйық күйінде өңдеу бүрку деп аталады. Бүркуді жүргізу үшін арнайы қондырғылар (тракторлы және авиациялық бүрку) қолданылады (6-кесте). Бүрку әдісі басқа пестицидтермен өңдеу әдістеріне қарағанда жұмсалу мөлшерінің аздығымен, бүркілетін ауданға тегіс жұғуымен ерекшеленеді. Бүркуге арналған ерітіндіге жұғу қасиетін жоғарылатқыш заттар қосу арқылы пестицидтердің тиімділігін жоғарылатуға болады. Табиғаттың жағдайларына байланысты бүркуде әртүрлі пестицидтер құрамдарын қолдануға болады.


Авиациялық бүрку кезінде аэрозольді тамшылар көлемінің аздығына, бастапқы түсу жылдамдығына байланысты олар тез буланып кетеді. Мысалы, 1% көлемі 50 мкм ұшқыш емес заттар бірнеше секундтан кейін құрғақ көлемі 11 мкм бөлшектерге айналады. Мұндай ұсақ бөлшекті заттар ауа ағынымен ұшып, белгіленген нысандарға қонбайды. Тамшылардың тұрақылығын ескерсек, 150С-та 40% ылғалдылықта диаметрлерінің өзгерістері келесі кестеде көрсетілген. Тамшының диаметрі 200 мкм құраған жағдайда ауадағы жылдамдығы 0,6 м/с болғанда, оның булануы аз болады. Тамшының диаметрі 100 мкм-ы құраған жағдайда ауадағы жылдамдығы 0,3 м/с болғанда, оның булануы жоғарылай түседі. Тамшының диаметрі 50 мкм құраған жағдайда, 0,3 метрден кейін буланып кетеді. Сондықтан, егістік жерлерді бүрку кезінде тамшы диаметрі 200 мкм болуы тиіс. Ұсақ көлемді бүрку үшін пестицидтердің майлы ерітінділері, концентрат эмульсиялары қолданылады. Ұсақ көлемді бүрку пестицидтердің тиімділігін жоғарылатады. Авиабүрку кезінде пестицидтердің шығынын төмендету үшін, кері эмульсиялау әдістері қолданылады. Құрамы желе немесе паста тәрізді пестицидтердің ерітінділерін бүрку кезінде, ұшқыштығы төмен майлы орташа ірі тамшыларға айналады. Мұндау бүрку кезінде пестицидтердің шығындары 2-3 есе азаяды. Ультраұсақ көлемді бүрку (УМО) кезінде пестицидтердің ерітінділерін езбей, дисперстеу арқылы қолданылады. Олардың жұмсалу мөлшерлері 1-5 л/га. Ультраұсақ көлемді бүрку (УМО) кезінде ұшақтың өнімділігін 4 есе жоғарылатады және жұмысты біршама арзандатады. УМО препараттары аққыш, сүт қоректілер үшін уыттылығы төмен, биологиялық белсенді, өсімдікке зияндылығы төмен, тұрақты қалдықтары болмауы тиіс. УМО препараттарымен бүрку пестицидтермен өңдеудің басқа әдістеріне қарағанда сұйытылған эмульсияларға қарағанда тиімділігі әсер ету ұзақтылығымен сипатталады. Сол сияқты УМО препараттарымен бүрку кезінде өңделетін ерітінді дайын, адам терісіне жанасу қауіптілігін төмендетеді. Жер бетінде бүркудің үш түрі белгілі - көплитрлік, төменгі көлемді және ультра төменгі көлемді (8-кесте). Көплитрлік бүрку жоғары концентрацияда фитоцидті қасиеттері бар пестицидтер және өсімдікке препараттың тікелей әсер етуі үшін пайдаланылады. Мұндай өңдеулер мөлшері көп емес жерлерге, жеке ағаштарды бүркуде қолданылады. Сол сияқты жоғары мөлшерлер фунгицидтермен жұмыс істегенде пайдаланылады. Тозаңдандыру – белгіленген ауданды пестицидтің тозаң күйімен бүрку. Бұл әдістің ерекшелігі дайын дусттар болғандықтан бүрку алдында арнайы ерітінділер дайындалмайды.
Тозаңды препараттар дәнді-дақылдардың қалың егістіктеріне оңай енеді. Тозаңдандырудың кейбір тиімсіз жақтары бар. Ол бүрку кезіндегі ауаның ластануы, адамға зиянды әсерінің болуы.
Дусттармен авициялық бүрку кезінде олардың бөлшектерінің ауысуын болдырмау үшін оларға 3-5 % (бөлшектерді ірілеп агрегаттайтын) бонификатор ретінде – минералды майлар қосылады. Дусттармен өңдеудің тиімділігін жоғарылату үшін бүркуді ертеде немесе кеште, желсіз күнде және жаңбырдан кейін жапырақтар ылғалды болғанда жасау керек.
Фумигациялау - зиянды ағзалардың мекендейтін ортасына пестицидті газ немесе бу күйінде жіберу. Фумигациялау дақылдарды сақтаудағы зиянкестермен күресудің негізгі жолы. Фумигациялау әдісі топырақтағы зиянкестермен және кеміргіштермен күресуде пайдаланылады. Бұл әдістің тиімділігі пестицидтің улы буының немесе газды материалдардың ұсақ тесіктеріне, қуыстарындағы ұялаған зиянкестерді жоюуымен негізделген. Дақылдардың өнімі сақталатын бөлмелерді жақсы ауа өткізбей бүрку жұмыстарын жүргізгенде 100 % тиімділік алуға болады. Фумигациялау тиімділігі сол сияқты фумиганттың қасиетіне және бүркілетін препараттың физикалық (газ, бу) күйіне байланысты. Фумиганттардың негізгі қасиеттері - ұшқыштығы, булану жылдамдығы, аудағы диффузиясы, жану қасиеті, әртүрлі заттармен сорбциялануы, металдарға әсері, улылығы, дегазациялануы. Фумиганттың ұшқыштығы белгілі бір температурада және қысымда ауаның бірлік көлемінде көп емес мөлшерінің булануы. Ол миллиграмм литрмен (мг/л) немесе 1м3 (г/м куб) сипатталады және температура артқан сайын жоғарылайды.
Фумиганттардың ұшқыштығы ауа қысымы төмендегенде жоғарылай түседі. Сол үшін фумигациялау вакуумдық камерада жүргізіледі. Фумиганттың булану жылдамдығы бу көлемімен (1 см кв. 1 мин) анықталады. Булану жылдамдығы ауадағы температура артқан сайын және ашық ортада жоғарылайды Фумигациялау тиімділігі жоғарылатудан фумигациялайтын бөлмеде жылытылады. Сусымалы заттар сақталған бөлмелерде фумигациялауда препараттың олардың қуыстарына енуі үшін фумиганттың ауадағы диффузия қасиетіне тәуелді әрі диффузиялану температура өскен сайын жоғарылайды және будың серпімділігіне тәуелді. Будың серпімділігі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым ауадағы диффузия жоғары болады. Фумиганттардың бүркілетін өнімдердің қабатына өтуі үшін вакуумдық камералар немесе басқа да техникалық қондарғылар пайдаланылады. Фумиганттардың бу немесе газ күйлерінде белгілі концентрация шегінде жанғыш және жарылғыш қасиеттері өте қауіпті. Сондықтан, мұндай заттармен жұмыс істегенде бүркілетін бөлмелерден жанғыш, қопарылғыш заттар алдын-ала тазартылады. Фумигациялау кезеңінде қорғайтын заттардың фумигантты сорбициялау қасиеті өте маңызда. Адсорбциялану фумиганттың материал бетіне топталуы немесе беткі қабатына сіңірілуі және барлық массасына сіңуі, хемосорбциялау препараттың материалмен әрекеттесуі болып бөлінеді. Адсорбциялану нәтижесінде пестицидтің шығыны жоғарылай, дегазациялану қиындайды және препараттың қалдық мөлшері белгіленген санитарлық мөлшерден көбейеді. Сорбциялану беттік ауданы жоғары ауылшаруашылық дақылдары өнімдері ұн, жарма, жемді фумигациялағанда жоғары болады. Фумигациялау жұмыстарын арнайы қауіпсіздік шараларына сәйкес арнайы фумигациялаушы топтар жасайды. Фумигациялауда өте улы заттар қолданылғандықтан олардың адам ағзасына және жануарларға уыттылығы жоғары.
Фумигациялаудың бірнеше негізгі түрлері белгілі. Бөлмелерді (қоймалар, элеваторлар, дән сақтайтын жерлер, т.б.) фумигациялау. Фумигациялау жұмыстарын жүргізуден бұрын дайындық жұмыстарын (бөлме ауданын анықтау, оны ауа өткізбейтіндей жабу, жылыту) жүргізеді. Фумигациялау кезінде өртену қауіпсіздігін сақтау үшін бүркілетін жерді өртенгіш заттардан тазарту керек. Дайындалған бөлмелерді газдау үшін қатты фумиганттарды тегіс себеді, сұйық препараттарды бүркиді, фумигант сіңірілген материалдарды іледі және газ күйіндегі пестицидтер толтырылған баллондарды қояды. Сол сияқты газдау жұмыстарын жүргізгенде 2-АГ және 2-АГМ қондырылғылары пайдаланылады. Фумигациялау кезінде зиянды ағзалар трахея жолдарындағы қосымша оттегімен тыныс алып, тыныс алу жолдарын жауып өмір сүретіндіктен бүрку уақытын дұрыс таңдау керек. Зиянды ағзалардың тыныс жолдарындағы көмірқышқыл газдарының қоспасы тыныс алу процестерін жылдамдататындықтан тыныс алу жолдарының тезірек ашылуына себепкер болады. Яғни, пестицидтердің уыттылығын жоғарылатады. Фумигациялау жұмыстарынан кейін бөлмені желдетіп, дегазациялау жүргізіледі. Дән сақталатын қоймаларды дегазациялау жұмыстары, тазалау машиналары арқылы кептіру, желдету және орын ауыстыру арқылы жүргізіледі. амералық фумигация. Келесі жылы отырғызылатын материалдарды (алма, пияз, әртүрлі отырғызылатын материалдар) зиянкестерден қорғау үшін камералық фумигациялау жасалады. Арнайы камераларды тиісті температура, герметизациялау, фумиганттың мөлшері белгіленген. Камералық фумигациялау вакуумдық және вакуумсыз болып бөлінеді. Вакуумсыз фумигациялау - ауа жібермейтін бөлмеде орналастырылған материалды фумиганттың белгіленген концентрациясымен фумигациялау. Мұндай фумигациялау отырғызылатын көшеттерді және гүлдерді карантиндік нысандардан тазарту үшін көлемі 40-200 м2 бөлмелерде қолданылады.
Вакуумдық фумигациялауда арнайы ауасын сорып шығаратын қондырғылар жасалады. Материалдарды орналастырғаннан соң вакуум-насос көмегімен ауасын сорып шығарады, қысымы 112-125 мм сынап бағанасына жеткізіледі. Кейін газ генератордан жіберілген газ немесе бутәрізді фумигант диффузия арқылы залалсыздандырылады. Вакуумдық фумигациялау біткен соң улы ауа белгіленген жерге сығылып залалсыздандырылады. Материал желдетілгеннен кейін камерадан шығарылады. Типтік фумигациялау қондырылғыларында фумиганттың концентрациясын анықтауды, газды ауаны сорғыш түтіктер атқарады. Фумигациялау қондырғыларында препаратты газ, бу фазаға айналдырылатын бөлігі, газдың тазалық деңгейін анықтайтын индикатор оранатылған. Фумигациялау қондырғыларын жүргізетін жұмысшылар арнайы газға қарсы маскалар киеді. Палаталық фумигациялау аса бағалы ағаштар мен бұталардың зиянкестерімен күресуде пайдаланылады. Оларды газ өткізгіш материалдардан жасалған палаткалармен жабады және астынан фумиганттың белгілі концентрациясы жіберіледі. Жылыжайларды фумигациялау - жабық алаңдарды зиянкестерден қорғау үшін қолданылады. Осы әдістің бұл түрі басқа фумигациялау түрлерінен айырмашылығы шамалы. Жылыжайларды фумигациялағанда препараттардың маусымдық өсімдіктерге тиетін әсері ескеріледі. Жылыжайларды фумигациялауда аэрозольді бүрку де қолданылады. Топырақты фумигациялау, топырақтағы зиянкестерді жою үшін қолданылады. Топырақты фумигациялау кезінде топырақтың сіңіргіш қасиеттері, фумиганттың сіңгіштік қасиеті, топырақтың ауыр механикалық құрамы, ылғалдылығы ескеріледі. Сол сияқты топырақтағы фумиганттар буланудың нәтижесінде ұшып кетуі мүмкін. Осы факторларды ескере отырып, фумигациялауда қайнау температурасы жоғары препараттар қолданылады. Топырақты фумигациялауда препараттар 18-20 см тереңдікке көміліп
жабылады. Қатты фумиганттар соқа атыздары шұңқырларына металл желіде, сұйық препараттар инжектор торда көміледі. Аэрозольды пестицидтерді қолдану - зиянды ағзалар мекендейтін ортаға пестицидтердің жоғары дисперсті (түтін, тұман) күйін бүрку. Аэрозольды пестицид бөлшектерінің диаметрі 0,001-ден 50 мкм, орташалары 20-дан 50 мкм құрайды. Аэрозольды пестицидтердің бөлшектері ауада баяу отырады (10-кесте). П.В. Поповтың санағы бойынша бөлшектердің ауадағы өзгерісі су тамшыларының диаметріне және түсу жылдамдығына байланысты Аэрозольды бөлшектер заттың қасиетіне байланысты оң немесе теріс зарядталған болады. Аэрозольдар дисперстілік, конденсация және термомеханикалық әдістермен алынады. Диперстілік әдісте сұйық пестицидтерді ұсақтау аэрозольды генераторлардың ауа ағынында немесе пестицидті сұйық ұшпада жүргізеді. Осы кезде сұйық буланып, тамшылар аэрозольға айналады. 10-кесте. Аэрозольді пестицидтердің бөлшектерінің ауадағы өзгерісі
Су тамшыларының диаметрі, мкм
Су тамшыларының ауадағы отыру жылдамдығы, см/м 100 120 10 1,2 0,1 0,00012 Конденсациялық әдісте аэрозольды генераторлардағы жылу құбыры көмегімен сұйық пестицид қыздырылып, буға айналдырылады, пайда болған бу ауада конденсацияланып, сұйық немесе қатты аэрозольды бөлшектер пайда болады. Аэрозольдар көбінесе бау-бақшалардың зиянкестерімен күресуде, бидай сақтайтын қоймаларды дезинфекциялағанда қолданылады. Аэрозольдар қолдану мақсатына байланысты тамшыларының келесі орташа дисперстілігі (тамшылардың орташа көлемі) болуы керек: - бөлмелерді фумигациялауда препараттардың дисперстілігі 5 жоғары емес (0,5-10); - ұшып жүрген жәндіктер үшін 20 (10-30);
- өсімдіктердің бетіне толығымен қонуы үшін 40 жоғары емес (20-50); - ұсақ тамшылармен бүрку кезінде 100 жоғары емес (50150). Аэрозольдардың кемшілігі желмен тамшылардың ығысуы, ауа ағынымен ауысуы, ұсақ тамшылардың дұрыс қонбауы, бұдыр беттерге дұрыс сіңірілмеуі. Уландырылған еліктіргіштер – пестицидтерді еліктіргіш жемдермен немесе материалдармен қолдану. Еліктіргіштерді дайындау үшін ішек арқылы әсер ететін улы заттар, зиянкестер мен кеміргіштер жақсы жейтін жемдер қолданылады. Еліктіргіштерді дайындауда препараттардың мөлшері басқа әдістерге қарағанда төмен келеді. Еліктіргіш заттар ретінде дәнді-дақылдардың дәндері, талқан, ұн, тары, т.б. қолданылады. Дымқыл еліктіргіштер пестицид ерітінділерімен немесе суспензияларымен сіңдірілген еліктіргіш материалдардан дайындалады. Жартылай кебу еліктіргіштерді пестицид ерітінділерімен немесе суспензияларымен өңделген материалдарды жеңіл кептірілген түрінде қолданады. Кебу еліктіргіштер пестицидтердің ұнтақтары мен еліктіргіш материалдарды араластыру арқылы дайындалады. Еліктіргіш заттар құрамына жабысқақ материалдар – минералды майлар, клейстерлер және т.б. қосылады. Кебу еліктіргіштерді дымқыл және жартылай кебу, уландырылған еліктіргіштерді кептіру арқылы алады. Тұқым немесе себуге арналған материалдарды улау – пестицидтерді тұқым немесе себуге арналған материалдардың бетінде немесе ішкі қабатында орналасқан зиянды ағзаларға қарсы қолдану. Осы мақсатта инсектицидтерден, жүйелік және жанаспа фунгицидтерден құрамалы дәрілеуіштер қолданылады. Қазіргі таңда қолданылатын дәрілеуіштер өсімдік бойына енгіш, ондағы инфекцияларды жою сияқты қасиеттер тән. Ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарын дәрілеу барысында:
- себуге арналған материалдар арқылы берілетін ауру қоздырғыштар жойылады; - тұқым немесе себуге арналған материалдардың өсіп-өну қасиеттерін сақтайды және зеңденуін болдырмайды; - топырақта мекендейтін зиянкестермен залалдануын төмендетеді; - тұқымдардың өну энергиясын жоғарылатады, егістікте көктеуін, өсімдіктің өсіп-жетілуін жақсартады; - күздік дақылдардың жақсы қыстап шығуына ықпал етеді. Препарат түріне, ауру қоздырғыштардың биологиясына байланысты дәрілеуіштер құрғақ, жартылай құрғақ, сулы және дымқылдау арқылы қолданылады. Сулы дәрілеу тұқымдарды пестицид ерітінділеріне немесе суспензияларына малытылып, кейін құрғатылу арқылы жасалады. Бұндай әдістер жасалу технолгиясының тиімсіздігіне байланысты сирек қолданылады. Құрғақ дәрілеуде ұнтақ тәрізді препараттар тұқымдармен су қоспай араластырылады. Бұл әдіс ауаның тозаңдануына байланысты санитарлы-эпидемиялық талаптардың бұзылуы, препараттар шығынының болуы және құрғақ пестицид тұқымдарының беткі қабатқа нашар жабысуы сияқты кемшіліктері бар. Жартылай құрғақ және дымқылдау дәрілеудің кемшіліктерін пестицидтердің сулы суспензияларын немесе тұқымды және ұнтақтарды ылғалдандыру арқылы жоюға болады. Осы жағдайда бүркудің екі түрін айыруға болады: - тұқымдық материалдарды пестицидтердің сулы суспензияларымен немесе ерітінділерімен жартылай құрғақ дәрілеуден соң (20-30 л/т) уақыт оздырып, дымқылдау арқылы дәрілеу жүргізіледі; - ұнтақ тәрізді препаратпен және сумен дәрілеу жүргізілген (5-15 л/т) соң құрғатылу жүргізілмейді. Көп жағдайда дәрілеу алдын-ала тұқым себуге дейін 2-3 ай қалғанда жүргізіледі. Дәрілеудің тиімділігін жоғарылату және жұмыс істеу жағдайын жақсарту үшін әртүрлі жабыстырғыштар - сұйық сульфит-спиртті концентрат (0,7-1 кг/т), қатты бард концентраты (0,5-0,7 кг/т), силикат желім (150-200 г/т) қолданылады.
Дәріс-5
Тақырыбы: Пестицидтер


Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестеріне, ауруларына және арамшөптеріне қарсы қолданылатын қазіргі кездегі белсенділігі жоғары инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер - аз жұмсалу мөлшерімен, жоғары тиімділігімен және зерттеу нысандарын іріктеп алу мақсаттылығымен ерекшеленеді. Планетамызда жылдан-жылға көбейіп жатқан халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық дақылдарының дәстүрлік әдісімен, индустриалды технологияны орнату мәселесімен байланысты болып отыр. Осы технологияның бірден-бір бөлігі пестицидтерді қолдану көмегімен жоғары өнім алу. Сондықтан, пестицидтерді прогрессивті әдіс-тәсілдермен тиімді және қауіпсіз қолдану зиянды организмдердің көбеюін төмендетеді. Пестицидтер (латын тілінен аударғанда рestis – жұқпалы, cide - өлтіру) – ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянды организмдеріне (зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге) қарсы қолданылатын химиялық заттар. Бұл пестицидтің өзі – барлық химиялық заттарды қамтитын жинақталған термин. Олар негізгі үш топқа бөлінеді: инсектицидтер (insectum – бунақденелілер) – бунақденелілерге қарсы; фунгицидтер (fungus - саңырауқұлақ) – саңырауқұлақ ауруларына қарсы; гербицидтер (herbum, herbi – шөп) – арамшөптер мен улы шөптерге қарсы қолданылады. Пестицидтер химиялық құрамына қарай үш негізгі топқа бөлінеді: 1. Бейорганикалық қосылыстар (сынап, фтор, барий, күкірт, мыс және хлораттардың, бораттардың қосылыстары). 2. Өсімдіктердің бактериалды және саңырауқұлақты препараттары (пиретриндер, бактериалды және саңырауқұлақты препараттар, антибиотиктер және фитонцидтер). 3. Органикалық қосылыстар – физиологиялық белсенділігі жоғары пестицидтердің кең көлемді топтарына: хлорорганикалық қосылыстар (гекса-хлорциклогексан, полихлоркамфен, тиодан, дилор және тағы басқалары); фосфорорганикалық қосылыстар (гардон, хлорофос, метафос, метатион, трихлорметафос-3, бромофос, карбофос, элсан, цидиал, фозалон, антио, актеллик, цианокс және басқалары); синтетикалық пиретроидтар – перметрин (амбуш, корсар), дельтаметрин (декаметрин, децис), циперметрин (рипкорд, цимбуш, арриво, кинмикс, фастак), сумицидин (фенвалерат) және басқалары; карбамин, тио-, дикарбамин қышқылдары (севин, пиримор, карбин, бетанал, эптам, тиллам, цинеб, поликарбацин, ТМТД және басқалары); фенолдардың нитро-қосылыстары - нитрофенолдар (акрекс, нитрафен, каратан, мороцид); фталимидтер (каптан, фталан); минералды майлар; сынаптың органикалық қосылыстары (гранозан, меркургексан); хинондар (дихлон); мочевина туындылары; симмтриазиндер және басқалары; хитин синтезінің ингибиторлары (димилин, номолт) және тағы басқалары қолданылады. Қоршаған ортаға пестицидтер физикалық-химиялық (минералогиялық, гранулометриялық және литологиялық) қасиеттерімен тәуелді. Сонымен, пестицидтердің өсімдіктерде, топырақта, суда ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшерінің ауылшаруашылық өнімдері сапасына әсері зерттелуі қажет. Пестицидтер біріншіден, зиянды организмдерге қарсы қолданылып, өнім сапасын арттыратын болса, екіншіден, табиғат пен адам өміріне зиянын тигізеді. Әсіресе, хлорорганикалық қосылыстардың ішінде полихлордифенилдер ана сүтінен табылғандықтан қазіргі уақытта қолданылмайды. Сондықтан, пестицидтердің неғұрлым әсері күшті, экономикалық жағынан пайдалы және уыты адамға да, малға да зиян келтірмейтін препараттарды таңдап алу қажет және тиімді қолдана білудің маңызы зор.
Пестицидтерді қолданудың қауіпті жағдайлары әртүрлі факторлармен байланысты. Ең негізгісі, жеке препараттың физикалық-химиялық қасиеті, өңдеу мерзімі және мөлшері, қайталау, зиянды организмдерден қорғалатын дақылдардың ерекшеліктері, топырақ-климат жағдайлары болып табылады. Сонымен қатар, әртүрлі топырақ-климат аймақтардың күн радиациясының қарқындылығымен байланысты. Яғни, ауа температурасы, топырақ, жауын-шашын және басқа факторлар пестицидтердің сыртқы ортадағы айырмашылықтарын көрсетеді, әртүрлі аймақтарда пестицидтерді қолдану регламентіне байланысты болады. Ауылшаруашылық өндірісі - тамақ өнеркәсібінің негізі. Әлбетте, ауыл-шаруашылық өнімдерінің мол болуы оларды өсіру барысында күту және қорғау арқылы жүзеге асырылады. Алынған өнімнің сапалық көрсеткіштері мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы санитарлық-гигиеналық және экологиялық зерттеулер нәтижесінде бағаланады. Республикамыздың болашақта дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне байланысты алдымызда әлемдік стандарттарға сай сапалы және экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін алу міндеті тұр. Өнім сапасының көрсеткіштері оларды сатуға рұқсат ететін куәліктерде (сертификаттарда) жариялануға міндетті. Ауылшаруашылығында пестицидтерді жүйелі түрде қолдану, фитоценоздарға әсер ететін аса ірі экологиялық фактор екені белгілі. Химиялық препараттарды көпжылдар бойы және кең көлемде қолдану, олардың өңделген жерлердің топырақтарында жиналуына, өнім сапасының өзгеруіне әкеп соғып, қоршаған ортаға тұрақты әсер етуші күшке айналады.
Өсімдіктің зиянкес жәндіктерімен күресу. Инсектицидтер мен акарицидтер
Әлемдік тәжірибе бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің 1/3 бөлігін зиянды организмдер көп шығынға ұшыратады. Әсіресе, зиянкестер мен кенелердің әсерінен өнімнің 13,8% ысырап етіледі. Осы аталған зиянкестер өсімдіктердің жапырағы мен жемістерінің сарғаюына, солуына, өлуіне әкеледі. Зиянкестер мен кенелердің 70 мыңнан астамы ауылшаруашылық өнімдерін вегетация кезінен бастап, өнімді сақтауға дейінгі уақытта экономикалық шығынға ұшыратады. Сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін зиянды организмдерден қорғау үшін, ішекпен әсер ететін препараттар жапырақ жемірқұрттарға, ал жүйелі инсектицидтер кенелерге қарсы қолданылады. Инсектицидтер (латын сөзінен insectum - жәндік және caedo - өлтіру), зиянкес жәндіктермен химиялық күресу. Инсектицидтердің жәндік организміне енуіне байланысты 4 топқа бөлінеді: - ішек инсектицидтері, қорек арқылы бунақденелілердің организміне енетін, көбінесе неорганикалық қосылыстар (кальций, магний, барий арсенаты), кремнийдің және металдардың фторидтері, тиодифениламиндер жүн шаруашылығында күйе көбелектен қорғау үшін қолданылады. - жанаспа әсерлі инсектицидтер, жәндіктердің организміне тері қабаты арқылы енетін фосфордың, хлордың, азоттың және күкірттің органикалық қосылыстары, пиретриндер және пиретроидтар жатады. Жанаспа әсерлі инсектицидтер өсімдіктің тамыры және жапырақтары арқылы бойына сіңіп, сол арқылы таралып, өсімдікті жәндіктерге улы (метилмеркаптофос, фосфамид) етеді. -жүйелік инсектицидтер (фосфорорганикалық) жануарлардың эктопаразиттерімен күресуде дератизациялау үшін пайдаланады. Адам денесіндегі биттермен күресуде бутадионды қолданады. Инсектицид препаратын адам бір рет қабылдағанда оның инсектицидтік қасиеті 2 аптаға дейін сақталады. Фумигантты және тыныс жолдары арқылы енетін инсектицидтер бу немесе газ күйінде зиянкестің бойына трахея жүйесі арқылы енеді. Ондай препараттарға гексахлорбутадиен және дихлорфос жатады. Бұл топқа ерекше ұсақталған, жәндіктердің тыныс жолдарының функциясын бұзатын силикаттар және минералды майлар жатады. Акарицидтер - кенелерді жоюға арналған химиялық препарат. Барлық акарицидтер жанама әсер етеді. Препараттың жүйелі қасиеті әзірше жақсы әсер ете алмайды. Сондықтан, сапалы өңдеу жұмыстарын жүргізген дұрыс. Қажетті бүрку мүмкін болмаған жағдайда фумиганттық қасиеті бар препараттарды қолдануға болады. 1). Омайт, пропаргит - жаппай әсер етеді, буланғыш әсері бар. 2). Санмайт, таурас, пиридабен (диазиндер) жаппай әсер етеді. Залалы аз, жылына бір реттен артық қолдануға болмайды. Зиянкес өте тез тұрақты түрге айналады. 3). Неорон., бромпропилат - жаппай әсер етеді. 4). Флумайт, флуфензин - гормональды акарицид. 5). Неорон., бромпропилат - жаппай әсер етеді. 6). Аполло, клофентезин - адамға зияны жоқ. Жұмыртқа мен дернәсілін жойып, үлкен жәндіктерді өлтірмейді, бірақ стерилдейді. Ұзақ уақыт қорғайды. 7). Борнео - гормональды акарицид, Tetranychus және Panonychus тор кенелеріне қарсы қолдануға ұсынылады. 8). Ниссоран, гекситиазокс (карбоксамиды) - гормональді препарат. Кең спектрлі әсер етеді. Залалы төмен, жұмыртқа мен дернәсілдерді, нимфаларды жояды. Үлкен жәндіктерді өлтірмейді, бірақ стерилдейді. 9). Борнео - гормональды акарицид, кенелерге қарсы қолданылады. 10). Митак, амитраз. Инсекотакарицид. Кең спектрлі әсер етеді. Тиімді акарицид. 11). Демитан, Магус, фенозаксин. Кең спектрлі әсер етеді. Залалы төмен. 12). Ортус. Кирон (фенпироксимат), пирозолдар класы. Кең спектрлі әсер етеді. Шығын көлемі төмен, залалдығы аз. 13). Масаи, Пираника (тебуфенпирад), пирозолдар класы. Кең спектрлі әсер етеді. Шығын көлемі төмен,залалдығы аз. 14). Оберон. Аққанаттыларға және трипсқа қарсы инсектицидті белсенділігі жоғары, өте кең акарицидті спектрлі әсер етеді. Молюскоцидтер - ұлулар мен молюскаларды жоюға арналған химиялық препарат. Метальдегид - түйіршіктер субстраттың немесе топырақтың беткі қабатында орналастырылады. Тиадезин класы - 1) базамид гранулят, дазомет, тиазон - топырақты стерилдеуші. Нематоцидті, фунгицидті, гербицидті инсектицидті әсері бар. Пестицидтерді қолданудағы бір қатар ережелер: Барлық пестицидтер әртүрлі дәрежеде кумулятивті концерогенді, иммуннодепрессивті әсер етеді. Сондықтан қорғану шараларын азайтудың қажеті жоқ, себебі денсаулыққа кері әсері аздаған уақыттан соң пайда болады. Ең алдымен тұмылдырық пайдалану керек, себебі өкпе арқылы қанға өте тез сіңеді, бауырға әсер етеді. Пестицид аз мөлшерде болса да, ағзаға түскен жағдайда ішімдік ішуге мүлдем болмайды. Әртүрлі заттар әсерінен, спирт улы ацетальдегидке айналады. Пестицидтердің биологиялық улылығына мән бермеуге мүлде болмайды. Олардың концерогенді және иммунодепрессивті әсері бар. Уды ағзадан шығаруға сүт, Е витамині жақсы көмектеседі.
Дәріс-6
Тақырыбы:Хлорорганикалық пестицидтер. Хлорорганикалық инсектицидтер.


Органикалық қосылыстардың ішінде хлорорганикалық пестицидтер суда нашар ериді, ал органикалық ерітінділерде, әсіресе майларда жақсы ериді. Сонымен қатар, олардың көпшілігі ұшқыш қосылыстар, термиялық және химиялық жағынан сыртқы ортаға (температураға, күн сәулесіне, ылғалдылығына) тұрақты. Сондықтан зиянкестерден қорғайтын препараттар ұзақ уақыт сақталатындықтан сыртқы орта мен ауылшаруашылық өнімдеріне қауіпті екені белгілі. Осы топтың препараттары топырақта 2-15 жыл аралығында сақталуы мүмкін, топырақтың беткі қабатынан, ішкі құрылымына баяу көшіп отырады. Содан кейін препараттар өсімдік ішіне тарайды, жаңбыр сулары арқылы өзендер мен көлдерге түседі. Топыраққа шашылған хлорорганикалық қосылыстар 1-8 апта ішінде топырақтың микробиологиялық белсенділігін уақытша төмендетеді, бірақ топырақтың қасиетіне елеулі әсер етпейді. Ал суға түскен химиялық қосылыстар бірнеше апта немесе айлар бойы табылады. Уақыт өте келе судағы өсімдіктер мен жануарлар организмдеріне сіңіп, жиналады. Сонымен қатар, хлорорганикалық инсектицидтердің негізгі топтары топырақта 18 айға жуық сақталып, баяу ыдыраған. Хлорорганикалық инсектицидтер жоғары температураның әсерінен ауа қабатында ұшып, қопсытылған топыраққа келетін құстарға, өңделген танапта жұмыс істейтін адамдарға қауіпті. Бұл қосылыстар өсімдік пен топырақта (қайталап өңдеуден кейін қалдық мөлшері 30-75 күн аралығында, ал тамыр арқылы таралған препарат вегетация кезінде) баяу ыдырайды. Зиянкестердің организмдеріне енген хлорорганикалық препарат оның жүйке жасушасындағы мембрананың липоидты тепе-теңдігін бұзады, жүйке серпілісіне кедергі жасайды. Нәтижесінде зиянкестер жүйке жүйесінің бұзылуынан өледі немесе сал ауруына ұшырайды. Бұл улану үрдісі 7 күнге созылуы мүмкін. Сонымен қатар, хлорорганикалық қосылыстар орташа және аса жоғары улылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Пестицидтердің ішінде хлорорганикалық препараттар тұрақты келеді және биологиялық ортада шоғырлануға бейім. Олар химиялық және термиялық берік заттар, сыртқы ортаның әсеріне де төзімді. Демек, препараттың ұзақ уақыт сақталуы зиянды организмдерді құртуға себепші болады. Бірақ, олардың баяу ыдырауы, сыртқы орта мен ауылшаруашылық өнімдерін ластайды. Хлорорганикалық қосылыстар өсімдікте баяу ыдырайды (қайталап өңделгеннен кейін олар 30 күннен де көп уақыт сақталады). Хлорлы көмірсутек туындыларының метаболизмі зиянкес организмінде және басқаларында негізгі үш бағытпен жүреді: 1) бір немесе одан да көп HCI молекуласының дегидрохлорлануымен уыты аз өнімнің түзілуі; 2) уыты аз метаболиттердің эпоксидтерге дейін тотығуы (активациялануы); 3) организмде суда еритін заттардың тез шығуы; Метаболизм процесінің бұл бағыты қосылыстар мен олардың токсикологиялық құрамына тәуелді. Пестицидтерді қолданудың негізгі маңызы - өнімді сақтау, адамдар үшін азық-түлік қорларын көбейту болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде пайдаланылатын пестицидтер мен бұрынғы қолданылып келген пестицидтердің айырмашылықтары өте үлкен. Хлорорганикалық инсектицидтердің ішінде барлығына мәлім препараттардың бірі - ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан) 1874 жылы синтездеп алынған. Препараттың инсектицидтік құрамын 1939 жылы ең бірінші анықтаған швейцариялық химик Паул Мюллер болатын. Ол жыл өткен соң, ашқан жаңалығы үшін Нобель сыйлығына ие болған. ДДТ препараты Ұлы Отан соғысы жылдарында малярий ауруларына, битке және басқа зиянкестерге қарсы қолданылған. Зерттеу барысында ДДТ препараты сиыр сүті мен ана сүтінен табылған. Алма ағашына бүркілген ДДТ препараты топырақта ұзақ сақталып, яғни 9 жылдан кейін де табылған. Ал қазіргі таңда бұл препараттың токсикологиялық кері әсері болғандықтан, өндірістен алынды. Хлорорганикалық пестицидтерге мына препараттар жатады: Даконил - жүйелі фунгицид, астық тұқымдастар мен техникалық дақылдардың ауруларына (тат, септориоз, фитофтороз және т.б.) қарсы қолданылады. Химиялық формуласы: 2,4,5,6 - тетрахлоризофталонитрил. Брутто формуласы: С8CI4N2. Әсер етуші заты - хлороталонил. Жапырақтарды қорғау үшін ұзақ сақталады, өсімдіктің беткі қабатына толығымен тарайды және өнім сапасын жоғарылатады. Жылықандыларға улылығы аз мөлшерде болады. Жұмсалу мөлшері - 0,3-50,0 кг/га. Спортак - ақ ұнтаққа, септориозға, теңбіл даққа қарсы қолданылады. Химиялық формуласы: N-пропил-N-2-(2,4,6трихлорфенокси)-этилимидазол-1-карбоксамид. Брутто формуласы: С15 Н16CI3N3О2. Әсер етуші заты - прохлораз. Жылықандыларға улы. Фунгицидті әсері күшті, өсімдіктің барлық органына енеді, сақталу белсенділігі 4 немесе одан да көп аптаға созылады. Астық тұқымдастарға вегетация кезінде 1,0 л/га концентрациясымен бүркіледі.
Дәріс -7
Тақырыбы: Фосфорорганикалық пестицидтер және инсектицидтер


Фосфорорганикалық пестицидтер химиялық қосылыстардың ішіндегі негізгі топтарға жатады. Себебі өсімдік пен топырақта тез ыдырайды, жұмсалу шығыны аз және экономикалық тиімділігі зор. Фосфорорганикалық пестицидтер зиянкестерге қарсы жоғары инсектицидті және акарицидті белсенділік көрсетеді; заттардың жүйелі әсері; препаратты аз жұмсалатын мөлшермен өңдеу және олардың зиянкестерге тез әсер етуі; топырақта тез ыдырауымен қатар балықтарға улы екені анықталған. Олардың ішінде аз және орташа ұшқыш қосылыстары терінің сіңіріп алуына ықпал етеді. Фосфорорганикалық пестицидтерді қолдануда қоршаған ортаға, фосфорорганикалық қосылыстардың аз мөлшері жұмсалса да, дәрілік препараттардың метаболизмі жылықанды жануарларда эмбриотоксикалық әсер көрсетеді. Қоршаған ортада өсімдіктерде, жануарларда және микроорганизмдерге пестицидтердің ыдырауы физикалық және химиялық факторлардың әсерінен болады. Факторлардың ішіндегі ең маңыздысы сыртқы ортада пестицидтердің бағыты, топырақтар пестицидтермен адсорбцияланып, яғни жер астындағы сулармен түбіне дейін сіңіп, белсенді биологиялық әсер етеді. Пестицидтер атмосфераның жоғарғы қабатында буланып, ауаға тарайды. Сонымен қатар, атмосферада тез ыдырап, негізінен қарапайым қосылыстары озон қабатында тотығады. Ал атмосферада фосфорорганикалық пестицидтердің көпшілігі гидролизденеді. Фосфорорганикалық пестицидтерінің ыдырауы - гидролиз және тотығу реакцияларымен жүреді және олардың гидролиздену жылдамдығы ортаның рН-ы мен температурасына тәуелді. Мысалы, Ресейдің орталық аудандарының алма ағаштарында қолданылған севин, фозалон препараттары баяу ыдырайды, ал оңтүстігінде жоғары температураның әсерінен фосфорорганикалық инсектицидтер тез ыдырайды. Демек, бұл реакциялардың көпшілігі биологиялық жүйеде тарап, анаэробты жағдайда микроорганизмдердің әсерінен тотықсыздану үрдісімен жүреді. Пестицидтерді орынсыз қолдану - қоршаған ортаға, адамза- тқа, жануарларға кері әсер етеді. Көптеген мақалаларда келтірілген зерттеулер бойынша, өсімдіктерде, жануарларда, топырақта және суда, танаптарда, ормандарда қолданылған пестицидтер топырақтардан табылған. Фосфорорганикалық пестицидтер қазіргі таңда кеңінен қолданылса да, адам өмірі мен жануарларға қауіпті. Бұл препараттар сыртқы ортада, яғни топырақта тез ыдырайды, бірақ кейбір зерттеушілердің пайымдауынша ұзақ сақталатыны белгілі болған. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шегіртке зиянкестеріне қарсы фосфорорганикалық дурсбан, адонис препараттары қолданылып, өсімдік пен топырақта 4 айға жуық сақталған. Демек, бұл препараттардың қоршаған ортаға тигізетін әсері көп. Химиялық препараттардың топырақта, жайылымдық шөпте баяу ыдырауы мал шаруашылықтары өнімдерінде улы заттардың жиналуына әкеледі. Егер шегірткелердің жаппай көбейген 1999-2000 жылдары республика бойынша пестицидтер 8,1 млн.га жерге қолданылған болса, соның ішінде дурсбан және адонис препараттарының қоршаған ортаға қаншама экологиялық зиян келтіргенін байқауға болады. Инсектицидтердің фосфорорганикалық класы - шектеулі жүйелі, кең спектрлі әсер етеді. 1). Актеллик, пиримифос-метил - инсектоакарицид. 2). Сумитион, фенитратион, овадофос, метатион. 3). Золон. Фозалон. Бензофосфат – инсектоакарицид. 4). НурелД, Пиринекс, Дурсбан, Матадор; хлорпирифос - фосфорорганикалық инсектиоакарицидтердің ең күшті құрамдасқан түрі, бірақ адамға келтіретін зияны өте үлкен. 5). Базудин. Диазинон. Диазол, Гром-2, Громобой, Бунчук, Медведокс - топырақта өмір сүретін зиянкестерге қарсы қолдануға болады. 6). Би-58, Рогор-С, Диметрин, Акцент, Пилармакс, Данадим - инсектоакарицид. 7). Фуфанон - Фосцебид, Карбофос, Малатион - инсектоакарицид. 8). Вофатокс, Фосфамид, Паратионметил, Парашют, метилпаратион - топырақта өмір сүретін зиянкестермен күресуге қолданады. 9). Волатон, фоксим. 10). Болстар, сульпрофос. 11). Селекрон, профенофос. 12). Фталофос, фосмед. 13). Хлорофос, трихлорфон. 14). Хостаквик, хептенофос. 15). Цианокс, цианофос. 16). Экамет, этримфос. Фосфорорганикалық инсектицидтер (ФОИ) - көп мөлшерде фосфор және тиофосфор қышқылдары эфирлерінен тұрады. Бұл препараттар хлорорганикалық препараттарға қарағанда өте улы, бірақ қоршаған ортада тұрақсыз, тез ыдырайтындықтан экологиялық көзқарас жағынан қауіпсіз. ФОИ 1930 жылдары Германияның Герхард Шрадер зертханасында зерттеліп алынған. Оның улылығы фосфор атомындағы алкил радикалының құрылымына тәуелді. Тиофосфор қышқылы туындыларына қарағанда фосфор қышқылы адамзат пен сүтқоректілер үшін улы, ал зиянкестерге керісінше әсер етеді. Бірінші рет осы топтың ішінде тетраэтилпирофосфат (ТЭПФ) препараты қолданылған. Препарат сүтқоректілерге улы болғандықтан кейіннен басқа қосылыстармен ауыстырылды. Сол қосылыстардың ішіндегі танымал фосфорорганикалық инсектицидтер: паратион, диазинон, хлорофос, карбофос, дисульфотион, малатион. Қазіргі таңда қолданылып жүрген фосфорорганикалық пестицидтер: Дурсбан - инсектицид, әсер етуші заты - хлорпирифос. Брутто формуласы: С9Н11CI3NO5PS. Химиялық формуласы: О(3,5,6,-трихлорпиридил-2)-О,)-диэтилтиофосфат. Бұл препарат техникалық және жеміс-жидек дақылдарының вегетация кезінде инсектоакрицид ретінде сорғыш және кеміргіш зиянкестерге, кенелерге (әсіресе шегіртке зхиянкестеріне қолдану тиімді) қарсы қолданылады. Улылығы жоғары. Улылық әсерінің ұзақтығы 10-12 күн. Жұмсалу мөлшері 0,2-0,4 л/га. Нурелл Д - жанама әсер етуші инсектицид. Химиялық формуласы: (1RS)-цис, транс-3-(дихлорвинил) 2,2-диметилциклопропанкорбон қышқылы (1%)+(RS)-3-фенокси-1-цианбензилді эфир (5%)+О-(3,5,6,-трихлорпиридил-2)-О,О-диэтилтиофосфат (50%). Әсер етуші заты циперметрин 5%+хлорпирифос 50%. Улылығы орташа. Препарат колорадо қоңызына, кенелерге, жапырақ ширатқыш көбелекке және күйе көбелегіне қарсы қолданылады. Жұмсалу мөлшері 0,3-1,5 л/га. Фосфамид - жүйелі және жанама әсер ететін инсектицид және акарицид. Бұл инсектицид рогор мен Би-58 препараттарына ұқсайды. Улылығы жоғары. Әсер етуші заты - диметоат. Химиялық формуласы: диметоат О,О-диметил-S-(N-метилкарбамоилметил)-дитиофосфат. Брутто формуласы: С5Н12NO3 PS2. Осалкумулятивті. Зиянкестерге (алманың жеміс жемірі, алманың қара күйесі, әртүрлі шыбындар, құрттар) қарсы қолданылған соң улы заттар 20 күн сақталады.

Дәріс -8
Тақырыбы: Синтетикалық пиретроидтар


Инсектицидтердің пиретроидтар класы - жаппай жылдам әсер етуімен сипатталады. Синтетикалық пиретроидтар инсектицидтердің ішінде өндірілуі мен қолданылуына байланысты екінші орынды алады. Синтетикалық препараттар табиғаттағы пиретриндерден, далматск түймедағының (Tanacetum cinerariifolum) кептірілген және үгітілген гүлінен алынған. Пиретрум ұнтағы және табиғаттағы пиретриндер жоғары инсектицидтік белсенділігімен, күн сәулесі әсерінен тез ыдырайтын қасиетімен маңызды. Пиретриндер қос байланыспен негізделген, фитототығуға тез түседі, жылықанды жануарлардың организмдерінде де тез тотығады. Мейлінше жүйелі әсері бар және гормональді инсектицидтермен араластырып қолданылады. Перметрин, циперметрин, фенвалерат және дельтаметриннің изомерлері, егеуқұйрықтардың майлары мен миларында цис-перметрин трансизомерге қарағанда тұрақтылық көрсетеді. Циперметриннің цисизомері организмнен тез (бір күнде), ал трансизомері баяу (13 күнде) шығады, сонымен қатар 1 кг майлы ұлпада 1 мг-ға дейін препарат қалады. Пиретроидтар зертханалық жағдайдағы бал араларына өте улы, бірақ танаптық жағдайда шамалы жұмсалу мөлшерімен бал араларына әсер етпейді. Перметрин (амбуш), флуцитринат (циболт), циперметрин (цимбуш, рипкорд), дельтаметрин (децис) және фенвалерат (сумицидин) препараттарының улылығы бал араларында зерттелген, бірақ оларға қауіпсіз екені анықталған. Қоршаған ортада синтетикалық пиретроидтар биотикалық және абиотикалық ыдырауға тез түседі. Аз мөлшерде қолдану кезінде табиғатты ластауға жол бермейді. Белсенді пиретроидтардың көпшілігі аз мөлшерінде қолданылса да, олардың зиянкестерге улылығы жоғары. Шегірткелерге өңделген пиретроидтар, олардың жүйке жүйелеріне әсер етеді және дене мүшелерін жансыздандырып, сал ауруына ұшыратады.


Олар дүниежүзілік пестицидтер нарығына 1970-жылдың басынан шыға бастады. Осы уақытқа дейін пиретриндер жәндіктермен (бөлме, бау-бақшаларда) күресуде «әлсіз» әсер ететін инсектицидті препарат. Бүгінгі таңда алдыңғы орында тұрған пиретроидтар қосылыстары 1979 жылдан бастап өндіріске ене бастады. Солардың арқасында жанаспа әсерлі инсектицидтерге арналған жаңа стандарттар пайда болды. Бұл стандарттарды Ротамстед лабораториясы (Англия) мен «Sumitomo Chemical Company» (Япония) компаниясы қызметкерлері жасап шығарған. Пиретроидтарды негізгі жетістіктерге төмендегі қасиеттер әкеледі: а) салыстырмалы тұрақтылық; б) метаболиттік ыдырау есебімен талғамды әсер ететін улылық; в) молекуланың әрбiр бөлігінің белсендiлiгін сақтап тұруы арқылы түрлендiру мүмкiндiгі; г) балықтар үшін жоғары инсектицидтік тиімділігі мен төмен улылықты бір уақытта сақтауы; д) тиімді фумиганттар мен топырақта тез ыдырайтын инсектицидтерді жасау мүмкіндігі; е) қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүмкіндік беретін оңтайлау тиімділігі. Синтетикалық пиретроидтар - суда ерімейтін липофильдік заттар. Берілген көрсеткіштер олардың жәндіктерге қатысты жоғары улағыштығын және жүйелі әсер етпейтінін көрсетеді. Пиретроидтар - алғашқы биологиялық тиімділігі жоғары ішекке жанаспа әсер ететін инсектицидтер. Олардың шығын көлемі жоғары болмағанымен, қатты қанаттыларға, қабыршаққанаттыларға, қосқанаттыларға, бүргелерге және басқа жәндіктерге тиімді. Пиретроидтар жәндіктің жүйке жүйесіне әсер етіп, жәндікті сал ауруына ұшыратады. Демек, натрийдің ион алмасу процесін бұзып, мембрананы деполярлап, кальций ионының алмасуын бұзып, сынаптың саңылауы арқылы жүйке импульсінің өтуінде ацетилхолиннің көптеген сандарының бөлінуіне әкеледі. Көптеген пиретроидты препараттар адамдар мен жылықанды жануарларға 3 және 4 класты қауіптілікке жатады. Пиретроидтардың улылығы жоқ, соған қарамастан күн сәулесіне шыдамды, өмір сүру мүмкіндігі жоқ жерде 12 айға дейін сақталады. Олар топырақта баяу жылжиды, микрофлора әсерінен 2-4 апта ішінде бұзылады, өсімдікке мүлде ене алмайды. Олардың жартылай ыдырау кезеңі, өсімдіктің жоғарғы қабатында 7-9 күн, ал қалдықтары 20-25 күнде табылады. Қорғау әсері 15-20 күн сақталады, күту мерзімі 20-30 күнге дейін сақталады. 1980-1990 жылдары пиретроидтарды қолдану көптеген зиянкестердің оларға деген төзімділігінің пайда болуына алып келді. Пестицидтер мен агрохимикаттар Мемлекеттік тізімде, Ресей жерінде 2003 жылдан қолдануға рұқсат етілген төмендегідей синтетикалық пиретроидтар көрсетіледі – инсектицидтер: циперметрин (альфа-, бета- мен зета-изомерлер: арриво, цимбуш, шарпей, кинмикс, алметрин, циракс, циткор, циппи, интавир, ципершанс, шерпа, фьюри, фастак және т.б), дельтаметрин (децис, сплэндер, дельтацид, фас, К-обиоль, Котек және басқалар), перметрин (хлорофос қоспасымен бірге пермефос препаратын түзеді), бета-цифлутрин (бульдок), лямбда-цигалотрин (инсектоакарицид каратэ), фенвалерат (суми-альфа, сэмпай), тау-флювалинат (инсектоакарицид маврик). Қолдану мөлшері 0,2 - 0,5 л/га, тек кейбірі (данитол) қолдану мөлшері 1-1,5 л/га. Циперметриннің улылығын жоғарылату үшін оны креолинмен араластырып қолданады. Жоғарыдағыларға қарағанда, осы қоспадан шығарылатын лептоцид тобындағы құрамалы препараттың қолдану мөлшері өте төмен, жұмсалу мөлшері 0,03 - 0,06 л/га болып келеді. Синтетикалық пиретроидтар балықтарға, бал араларына улы болғанымен, жылықанды жануарларға улылығы әртүрлі. Олардың ішінде жоғары, орташа және улылығы аз түрлері бар. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, препараттардың циантопты қосылыстары (децис, цимбуш, сумицидин) жылықандыларға өте улы. Осы топтың өкілдері қоршаған ортада әртүрлі сақталады. Синтетикалық пиретроидтардың табиғаттағы қосылыстардан айырмашылықтары - фенвалерат, эфенпрокс және олардың аналогтары құрылысына қарай майлы ароматикалық қосылыстарға жатады. Дельтаметрин және фенвалерат органикалық заттарға бай топырақта тұрақты. Перметрин мен циперметрин тез ыдырайды және циперметринге қарағанда перметриннің сақталу ұзақтығы аз. Синтетикалық пиретроидтарға мына препараттар жатады: Фастак - инсектицид, вегетация кезінде, бүрлену кезінде, астық тұқымдастар мен техникалық дақылдардың гүлдену кезінде колорадо қоңызына, бақашыққа, жапырақ ширатқыш көбелекке, шегірткеге және басқа да зиянкестерге қарсы қолданылады. Әсер етуші заты - альфаметрин. Химиялық формуласы: (1Rцис-)S- және (1Sцис-)R-энантиомер-қос изомері (альфа)-циан-3-феноксибензил-3-(2,2-дихлорвинил)-2,2 -диме- тилциклопропан-карбоксилат. Брутто формуласы: С22Н19NO2 CI2. Препараттың улылығы оның концентрациясы мен ерігіштігіне тәуелді. Удың сақталу мерзімі 5-7 күн. Жұмсалу мөлшері - 0,15-0,36 л/га. Кинмикс - әсер етуші заты бета-циперметрин. Улылығы жоғары. Препарат вегетация кезінде, бүрлену кезінде, астық тұқымдастар (бидай) мен техникалық дақылдардың гүлдену кезінде колорадо қоңызына, бақашыққа, жапырақ ширатқыш көбелекке, шегірткеге және басқа да зиянкестерге қарсы қолданылады. Удың сақталу мерзімі 5-7 күн. Жұмсалу мөлшері - 0,15-0,48 л/га. Шерпа - жанама, ішек арқылы әсер ететін инсектицид. Препарат вегетациялық кезінде, бүрлену кезінде, астық тұқымдастар мен техникалық дақылдардың гүлдену кезінде, қозықұйрық зиянкестері мен шегірткелерге қарсы қолданылады. Әсер етуші заты - циперметрин. Химиялық формуласы: RS-3фенокси-альфа-цианбензилді эфир және (1RS) цис, транс-3(дихлорвинил)-2,2-диметилциклопропан, 1-карбонды. Брутто формуласы: С22Н19NCI2O3. Препарат бал аралары мен пайдалы жәндіктерге, балықтарға улы. Удың сақталуы 3-5 күн. Каратэ - контактілі және ішек арқылы әсер ететін инсектицид. Пестицид вегетация кезінде астық тұқымдастардың, техникалық дақылдардың зиянкестеріне және шегірткелерге қарсы қолданылады. Әсер етуші заты - лямбда-цигалотрин. Брутто формуласы С23Н19CIF3 NO3. Химиялық формуласы: Lцигалотрин, альфа-циан-3-феноксибензил-3-(2-хлор-3,3,3-трифторпропенил)-2,2-диметилциклопропанкарбоксил. Балықтарға, көртышқандарға улылығы жоғары. Удың сақталу мерзімі 3-5 күн. Жұмсалу мөлшері - 0,15-0,4 л/га. Децис - инсектицид, астық тұқымдастар мен техникалық дақылдардың вегетация кезінде зиянкестерге қарсы қолданылады. Әсер етуші заты - дельтаметрин. Химиялық формуласы: (S)-3-фенокси-б-цианбензилдіэфирі (1R)-цис-3-(2,2-дибровинил)-2,2-диметил-циклопропанкарбонды қышқылы. Брутто формуласы: С22Н19Br2NO3. Жұмсалу мөлшері - 0,1-0,6 л/га. Неорон - инсектицид. Химиялық формуласы: 4,4-дибромбензил қышқылының изопропилді эфирі. Брутто формуласы: C17H16Br2O3. Әсер етуші заты - бромпропилат. Улылығы төмен. Персистентті. Препарат вегетация кезеңінде техникалық дақылдардың кенелеріне қарсы қолданылады. Жұмсалу мөлшері - 0,9-3,0 л/га. Инсектицидтердің тиомочевиндер класы Пегас - инсектоакарицид, шектеулі жүйелі, түтіндету арқылы овицидті әсер етеді. Кең спектрлі, адамға келтіретін залалы аз. Инсектицидтердің нейтротоксиндер класы - кең спектрлы әсер етуімен, аз шығындылығымен сипатталады. Адамға залалы жоқ. Тамыр іші және тамыр сыртын өңдеуге арналған. Неоникотиноидтар жүйелі әсер етеді: 1) Актара, Крутзер, тиаметоксам, (оксадиазиндер); 2) Конфидор, Лидер, Витал, Антижук; Варрант, Зевс, Зенит, Ратибор, Танрек, Гаучо; имидаклоприд. (имидазолдар); 3) Престиж, имидаклоприд. (имидазолдар); 4) Калипсо, тиаклоприд, (цианамидтер); 5) Моспилан, ацетамиприд, (ацетамидтер); 6) Дантоп, Понче, Апачи (гуанидтер туындылары); Никотиноидтар: ішекке жанама әсері 7) Регент, фипронил, (Фенилпиразолдар) - біріңғай ішекке жанама әсер етеді, шығын көлемі өте аз; 8) Банкол, бенсултап, (сульфон қышқылы туындылары) ішекке жанама әсері. Инсектицидтердің гормональды класы. Хитин синтезінің ингибаторы. Қоршаған ортаға залалы жоқ. Тар таңдаулы спектрлі әсер етеді. Овицидті әсері де бар. Үлкен жәндіктерді өлтірмейді, бірақ стерилдейді. Пиретроид немесе нейтроксинмен бірге қолдануға болады. 1) Инсегар, феноксикарб (карбаматтар); 2) Димилин, дифлубензурон; 3) Матч, Люфенурон; 4) Сонет, гексафлумурон; 5) Номолт-тефлубензурон; 6) Апплауд, бупрофезин-аққанаттылармен күресуге арналған инсектицид; 7) Римон, новалурон.
Инсектицидтердің авериектиндер класы. Адамға залалы аз, кең спектрлі, зиянкестерге төзімділігі төмен. Инсектицидті, акарицидті және нематоцидті белсенділік қасиетіне ие. Вермитек ұсынылады. 1) Вермитек, абамектин; 2) Актофит; 3) Фитоверм, аверсектин; 4) Агравертин, Акарин.
Инсектицидтердің карбаматтар класы - жүйелі әсер етеді. Инсектицидті, акарицидті және нематицидті белсенділігі, келтіретін залалы жоғары. 1) Карбофуран; 2) маршал, Карбосульфан.
Дәріс -9
Тақырыбы: Басқа химиялық топтардағы инсектицидтер

Бенсультап (банкол препараты) - Limbrineris brevissira-дан бөлінген нейтротоксиндердің табиғи аналогы. Жәндіктерге әсер ету механизмі антихолерэстеразды әсер етуімен көрсетіледі. Бұл препаратты басқа химиялық топтарға төзімді, зиянкестер популяциясына қарсы қолдану тиімді. Банкол, СП (500 г/кг) негізінен қаттықанаттыларға (астықтың барылдақ қоңызына, картоптың колорадо қоңызына, рапстың тұқым себуінде рапс гүлжегішіне) және бұзаубасқа қарсы қолданады. Препараттың жұмсалу мөлшері 0,2-1,0 кг/га, күту мерзімі- картопта 20 күн, қызанақта 40 күн. Жылықанды жануарларға қаупі аз, кумулятивті қасиеті әлсіз білінеді. Диафентиурон (пегас препараты) - инсектоакарицид, қансорғыш жәндіктерге және кенелерге (жылыжай аққанаттысына, бит және торлы кенеге) қарсы қолданылады. Пегас, КС (250г/л) жүйке серпілісін тежейтіндіктен, буынаяқтылар қоректене алмай өледі. Жылыжайда жұмсалу мөлшері 1,2-3,6 л/га құрайды, 7 күнде 2 рет бүрку жұмыстарын жүргізуге болады. Препараттың адамға қаупі аз, кумулятивтігі және беріктігі көрінбейді. Фипронил - жоғары улылығымен ерекшелінетін фенилпиразол тобына жататын инсектицид. Бұл әсер етуші зат регент, космос, адонис секілді препараттардың негізі болып саналады. Фипронил жанаспа-ішек әсеріне ие. Олардың әсер ету механизмі, мембранаға жүйке торларындағы хлор ион каналымен өтетін жүйке серпілісін реттеп отыратын гаммааминомайлы қышқылды блоктауы болып табылады. Фипронил жапырақта өмір сүретін және топырақтағы жәндіктерді бақылап отыруға қолданылады. Оны шегірткелерге қолдану жақсы нәтиже береді. Ресейде адонис КЭ(40г/л), препаратын шегірткелерге 0,1 л/га шығын мөлшерінде, космос препаратын КС(250л/г) жүгері, күнбағыс және қант қызылшасының тұқымдарын сымқұрттарға қарсы өңдеуге, регент препаратын ВДГ(800г/кг) астық дақылдарында астықтың барылдақ қоңызынан, зиянды бақашық қандаласынан және сүлікше қоңызынан қорғау үшін 0,02-0,03 л/га жұмсалу мөлшерінде, ал картопта колорадо қоңызына 0,020,025 л/га жұмсалу мөлшерімен қолданады. Препараттың қорғау әсерінің мерзімі шамамен 14 күнді құрайды. Олар адамға қаупі жоғары топқа жатады. Топырақта микрофлора қатысуымен жылдам таралады.


Акарицидтер
Кенелерді зақымдайтын қосылыстарды екі топқа бөлуге болады: инсектоакарицидтер және ерекше акарицидтер. Акарицидтерге фосфорорганикалық қосылыстар; фенитротин (сумитион препараты), хлорпирифос (дурсбан), малатион (карбофос), пиримифосфометил (актеллик), диметоат (БИ-58 жана және данадим), фозалон (золон), паратион-метил (парашют), синтетикалық пиретроидтар туындысы: бифентрин (талстар, клипер), фенпропатрин (данитол), тау-флювалинат (маврик), топырақ саңырауқұлағының Streptomyces avermilitilis микробты синтез туындысы: абамектин (вертимек), аверсектин С (фитоверм), авертин N (акарин), жатады. Сонымен қатар инсектоакарицидтерге құрамына өте жоғары спектрлі әсер ететін амитрац (митак препараты) кіретін аминдер тобы жатады. Тиомовичиндер туындысы қияр мен қызанаққа және мәдени емдік шөптерде аққанаттылармен және торлы кенелерге қарсы, акарицидті әсер ету қасиетіне диафентиурон (пегас препараты) ие. Күкірт препараты акарицидті де фунгицидті де нәтиже көрсетеді. Барлық аталған заттар кең спектрлі әсер ету қасиетіне ие және дәл осы көрсеткіш ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер арасында даңқын арттырды. Бірақ, олар көптеген тиімді энтомофаг пен акарифагтарды жояды. Инсектоакарицидтердің жеке топтарында келесі ерекшеліктер бар: Фосфорорганикалық инсектоакарицидтер - улы өсімдіктерде дернәсілдері, нимфалары ересек жәндіктерді жояды, бірақ жұмыртқа қабығынан кіре алмау себепті кененің жұмыртқасына әлсіз әсер етеді.1960-1980 жылдары агроценозда, әсіресе көкөніс бақтарында қолданғанда оларға кене-фитофагтардың төзімділігі тез жоғарылағаны ескерілді. Пиретроидты инсектицидтер - жоғары биологиялық тиімділігі мен төмен шығын көлемімен ерекшелінеді. Және белгілі бір тәртіп бойынша қолданғанда олардың төзімділігі тез артады.
Авермектиндер - топырақтағы стрептомицеттердің ферментация нәтижесінде түзілетін Streptomyces avermitilis топырақ актиномицеттері. Алғаш авермектиндер 1976 жылы Жапонияда гольф алаңдарында гельминттерге қарсы топырақтың сүлбелерінде жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде топырақ сүлбелерінің паразиттерге қарсы қолданудағы потенциалы белгіленген. Streptomyces avermitilis авермектинінің өнімін 1978 жылы Берга, Миллер тапқан. Streptomyces avermitilis тобы радикалдарымен ерекшеленетін негізгі А1, А2, В1, В2 бөліп шығарады және әр форма 2 измерден тұрады. Кешенді 8 авермектиннен тұратын топ аверсектин деп аталады. Табиғи авемектинді кешен аверсектин С деп аталады. Streptomycas avermitilis мицелиядан алынған 67,8-77,4% В тобынан тұратын препарат авертин N деп аталады. Авермектиндердің топтары паразиттерге қарсы белсенді, әсіресе В1 тобы. Алғаш өсімдікті қорғау үшін Щвейцария Сингента компаниясының Абамектин (1,8%) препаратын тіркеген болатын. Абамектин (1,8%) паразиттерге қарсы белсенді болғанымен жылықанды жануарларға және пайдалы нысандарға уыттылығы жоғары. Кейінгі кезде ғылыми жетістіктердің бағыты Streptomyces avermitilis – мен жаңа штамдарды алу және олардың уыттылығын төмендету мақсатында синтетикалық түрлерін алды. Авермектиндердің ісік ауруларына қарсы белсенділіктері белгіленген. Химиялық синтездеудің нәтижесінде абамектиннен Ивермектин бөлінген. Ивермектин – 22,22-дигидроавермектин B1а және B1b тұратын, жылы қанды жанураларға уыттылығы төмен, ерігіштігі жоғары, кең спектр көлемінде тұрақты және паразиттерге қарсы белсенділігі белсенді жартылай синтетикалық авермектин. Кейін B1а дигидроавермектин, дорамектин (R.M. Jones et al., 1993), эприномектин (К. Guerrero et al., 1998) және селамектин (B.F. Bishop et al., 2000), атауларымен патенттелген. Авермектиннің кейінгі түрлері моксидектин атуына ие.
Авермектиндердің аз мөлшерінде буынаяқтыларға және нематодтарға қары белсенділігі нәтижесінде агрономия және ветеренарияда көптеген жартылай синтетикалық препараттардың өндірілуіне себеп болды. Оларға Ивомек, Иверсект, Ивермек, Баймек, Цевамек, Иверген, Бимектин, Пандекс, Ивертин, Новомек, Гиподастин және т.б. жатады. Өсімдікті қорғауда арзан шикізат негізінде жасалады Аверсектина-С (Фитоверм, Актофит) немесе оның аналогы Авертина N (Акарин, Агравертин, Искра-Био, Клещевит). Авермектиндер таза күйінде өте улы, сондықтан 3 класс улылығына жатады. Авермектиндер - фосфорорганикалық топтар мен пиретроидтарға қарағанда биологиялық және экономикалық тиімді. Олардың шығын көлемі аз және тиiмдiлiгі жоғары, табиғи ортада жылдам бұзылады. Сонымен қатар, олар жұмыртқаларға төмен улағыштыққа ие. Сол себепті де оларды торлы кенелердің жұмыртқа кезеңінде қолдану және қорғау мерзімі аз уақытта авермектиндер жоғары биологиялық тиімділігі жеткіліксіз болатындығын көрсетеді. Соған қарамастан, олар антирезистенттік қасиетттерді жақсы көрсетеді. Улы өсімдік кенелеріне қарсы қолданатын күкірт қышқылдары арасында: күкірт, П(800г/кг), коллоидты күкірт, ПС(700 г/кг), тиовит джет,ВДГ(800 г/кг), күкірт таблеткалар (800 г/кг) және т.б қолданылады. Спецификалық акарицидтер - күшті бейнеленген акарицидтік қасиетке ие. Оларға мына химиялық кластар жатады: тетразиндер, бензилаттар, сульфокислот туындылары, хинозолиндер, пиразолдар және пиридазинондар.
Тетразиндер
Клофентизин Ресейде Аполло препараты ретінде колданылады. Кенелердің метеморфоза процессін ингибирлейді, ұзақ овицидті кезеңде әсер етеді, жылжитын дернәсілдерге улы болып келеді. Аполло, СК(500 г/л) алмада улы өсімдік кенелеріне (қызыл жемісті, бурыл жемісті, долана және т.б кенелер) 0,4-0,6 л/га, жүзімдікте бақша торлы өрмекшісіне, жүзімнің түкті кенесіне 0,24-0,36 л/га және бүлдірген аналығында бүлдірген кенесі мен торлы кенелерге 0,3-0,4 л/га қарсы қолданады. Вегетациялық кезеңінде екі рет алма бақтарында 30 күн, жүзімдікте 60 күн аралығында өңдеуге болады. Препарат адамға қаупі аз класқа жатады. Араларға улылығы жоқ. Флуфензин негізінде флумайт препараты қолданылады. Ол кенелердің жұмыртқа, дернәсіл мен нимфа кезеңінде олардың түлеуін ингибирлеп зақым келтіреді. Олармен өңделген аналықтар өміршеңдігі жоқ жұмыртқалар бөліп шығарады. Флуфензин, әсіресе жыртқыш кенелерді сақтайтын интерирлік күрес бағдарламасында өте қажет. Препарат тек алмада және жүзімдікте 0,3-0,48 л/га шығын мөлшерінде қолданылады. Күту мерзімі - 30күн. Препарат қауіптілігі аз акрицидке жатады, теріні тітіркендірмейді, көздің шырышты қабығын аз түршіктіреді. Бензилаттар
Бромпропилат негізінде Ресейде неорон препараты қолданылады. Кенелердің барлық стадиясында зақым келтіретін жанаспа акарицид. Неорон, КЭ(500 г/л) көкөніс пен жеміс мәдени дақылдарында 0,9-3 л/га, цитрусты жемістерде 4,5 л/га шығын мөлшерінде қолданылады. Көптеген пестицидтермен қатар қолданылады. Адамға қаупі аз, дегенмен оны қолданғанда теріге тисе тез арада сумен шайып тастау керек, себебі теріге сіңетін улағыштығы бар. Табиги жағдайда белгіленген аздаған шығын мөлшерінде 1,5 айда микроорганизмдердің әсеріне байланысты жай заттар түзіледі, ал бейтарап ортада 3 жылда таралады. Суда және топырақта өте тұрақты. Өндірістік егісте күту мерзімі 45 күн. Күту мерзімінен ерте жиналып алынған жемісті жуып тазалағанмен оның ластану деңгейі төмендемейді.
Сульфоқышқыл туындылары
Бұл туындыға гекситиазокс пен пропаргит жатады. Гекситиазокс - негізіне ниссоран препараты қолданылады. Кене фитофагты барлық стадиясында (ересектен басқа) зақымдайтын трансламинарлы белсенділігі жоғары жанама-ішек әсері бар акарицид. Бірақ бұл препаратпен өңделген улы өсімдіктен кенелердің аналығы өміршеңдігі жоқ жұмыртқа бөліп шығарады. Сонымен қатар, ол жыртқыш кенелер мен жәндіктерге зиян келтірмейді. Екі препаратты формада жасалынған препаратты СП(100 г/кг) және КЭ(50 г/л) алма, жүзім лозасында, цитрус жемістерінде, қара қарамық аналығында қолданылады. Мезгілінде цитрустарда-60, ал басқа дақылдарда-30 күн ішінде 1 рет өңделеді. Препарат жарыққа тұрақты. Жартылай құлау кезеңі (ДТ50) ашық ауада 17 күн, топырақта 15°С температурада 8 күн ішінде. Араға улылығы жоқ. Көптеген пестицидтер қоспасымен бірге қолдануға болады. Пропаргит - Омайт препараты түрінде тіркелген. Екі препаратты формада жасалынған Омайт препаратын СП(300 г/кг) және КЭ(570 г/л) - қытай бұршаққа, хмелге, қант қызылшасына, көкөніс және цитрус дақылдарына, жүзім лозасына, фундукке, қарақат пен таңқурай аналықтарына қолданылады. Кенені бүкіл кезеңінде зақымдайды. Өңделетін өнімнің жоғары қабатын түгел жапқанда ғана жоғары тиімділікті көрсетеді. Концентратты эмульсиясы кезінде, мысалы алмада - 1,5-3 л/га, қарақатта - 1,2-1,6 л/га шығын мөлшерін көрсетеді. Шөп түріндегі өсімдіктерде мезгілінде 1 рет, ал қалған ағаш пен бұтақтар 2 реттен өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Күту мезгілі хмельде 30 күнді, қытай бұршақта және алмада 45, цитруста және жүзім лозасында 60 күнді құрайды. Қорғау мерзімі шамамен 15 күн. Бұндай ұзақ күту мерзімі препараттың адамға қауіптілігі төмендігіне байланысты. Препараттың адамға және пайдалы жәндіктерге, құстарға улылығы аз.
Хиназолиндер
Феназахин. Феназахин ретінде жанама-ішек акарицидті әсері бар демитан препараты СК(200 г/л) қолданылады. Алма мен алмұртта 0,3-0,45 л/га, жүзім лозасында 0,24-0,36 л/га шығын мөлшерінде қолдануға рұқсат етілген. Улы өсімдік кенесін барлық кезеңінде жояды. Көкніс дақылдарына мезгілінде 2 рет, жүзімде 1 рет өңдеуге болады. Күту мерзімі 30 күн. Көптеген пайдалы жәндіктерге зиян келтірмейді, жыртқыш кенелерге улылығы төмен, бірақ балықтарға улы. Адамға қаупі төмен.
Пирозолдар
Фенпироксимат - ортус, с.к. (50 г/л) препараты алма ағаштарында 0,5-0,75 л/га және жүзім жемісі мен сабағында 0,6-0,9 л/га жұмсалу мөлшері қолданылады. Күту мерзімі 30 күнді құрайды. Өсімдік кенелерінің тез қозғалғыштығын бәсеңдетіп, дәрнәсілдерін жансыздандырады. Ал фитосеийд кенелері мен қамба кенелеріне және топырақ кенелеріне әсері төмен болады. Адамға шамалы қаупі бар немесе көз ауруына шалдықтырады.
Пиридазипондар
Пиридабен - санмайт, с.п. (200 г/л) препараты акарицид түрінде қолданылады. Алмада 0,5-0,9 л/га жұмсалу мөлшеріне зиянкестерге қарсы пайдаланылады. Ол тез арарда әсер етіп, денесін жансыздандырады, препараттың қалдығы ұзақ уақытқа сақталады. Мезгіліне 1 рет қана бүркіледі. Адамға шамалы қауіпті, денеге сіңуі көрсетілмеген.
Дәріс-10
Тақырыбы:Фунгицидтер. Фунгицидтерді қолданудың биологиялық негіздері, классификациялау.

Фунгицидтер (лат.fungus - саңырауқұлақ, caedo - өлтіру) - мәдени дақылдарды саңырауқұлақ ауруларынан қорғау үшін қолданатын химиялық препараттар. Құрылымы жағынан фунгицидтер органикалық және бейорганикалық болып екіге бөлінеді. Әсер етуіне байланысты фунгицидтер профилактикалық, қорғаушы және емдік ауру тоқтатушы болып бөлінеді. 1. Тұқымды себуге дейін дәрілеу (тұқымға және топырақтағы аурулар мен қоздырғыштармен күресуге арналған). 2. Топырақты өңдеуге арналған препаратттар (топырақтағы ауру қоздырғыштарды жояды, әсіресе жылыжайлармен парниктерге тиімді). 3. Өсімдікті тынығуы кезінде өңдейтін фунгицидтер (қоздырғышты қыстау сатысында жояды, ерте көктемде өнуге дейін күзде, қыста қолданылады). 4. Вегетациялық кезеңінде өңдеу (көктемде қолдануға профилактикалық әсері бар препаратттар), астық және жеміс көкөніс қоймаларын бүрку және қоймаларды фумигациялау. Өсімдіктің ішкі ұлпаларына таралуына байланысты фунгицидтер жанасушы (сыртқы әсер) және жүйелі (ішкі әсер) болып келеді. Жүйелі және жартылый жүйелі фунгицидтер Жүйелі фунгицидтерге құрамында триазол, имидазол және пиримидиндер топтары бар химиялық заттар, ал жартылый жүйелі фунгицидтерге құрамында фенилпирролдар, бензимидазолдар және стробилуриндер бар заттар жатады. Бұл препараттарды, көбінесе дәнді-дақылдарды вегетация кезінде өңдеу үшін қолданады. Триазолдар өсімдіктің бойымен таралып жас өскінді қорғайды. Құрамында тризолдары бар фунгицидтер профилактикалық және емдегіш қасиеттеріне ие. Әсер ету механизмі патогенді саңырауқұлақтардың өсуін тежеп оны жояды. Сол сияқты триазолды фунгицидтер белгіленген нысананы көздейді. Имидазолдар мен пиримидиндер өсімдіктің бойымен жартылай тарайды. Осы топтың негізгі өкілдеріне триазоксид, прохлораз және имазалил жатады. Бұл препараттар арпаның жапырақтарының жолақтануымен күресуде жиі қолданылады. Жүйелі фунгицидтер өсімдіктің ішіне еніп, ішкі ұлпаларына таралып қоздырғыштарды жояды. Бұлардың әсер етуі өсімдіктің ұлпасына тез арада енуіне және метеорологиялық уақытына байланысты. Жүйелі фунгицидтерді жанасушы фунгицидтерден кейінірек 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап қолдана бастады. Бұл препараттарды топқа бөлу уақытша болып табылады. Мысалы, көптеген профилактикалық препараттар үлкен мөлшерде немесе жоғары концентрацияда емдік қасиетке ие, тұқым улағыш және топырақта болатын аурулардың қоздырғыштарын жояды.


Фунгицидтердің негізгі топтарының бірі триазолдар. Сипаты жағынан жүйелік, зиянды ағзаларға қарсы қасиеті ұзақ сақталатын фунгицид. Мұндай препараттар өсімдік бойымен жылжып, акрепетальды қасиет көрсетеді. Жапырақтарға тез сіңгіш, белгіленген жұмсау мөлшерінде фитоуыттылық қасиет көрсетпейді. Оларды дақылдардың ақ ұнтақ, шірік, тат, дақ, парша, септориоз, церкоспореллез, ринхоспориоз ауруларына қарсы кеңінен қолданады. 1). Скор, Сплит, дифеноконазол. 2). Топаз, пенконазол. 3). Импакт, Винцит. Флутриафол. 4). Вектра, бромуконазол. 5). Байлетон, Тозонит, триадимефон. 6). Виал, динконазол. 7). Лоспел, тетраконазол. 8). Реал. Премис25, тритиконазол. 9). Раксил, Террасил тебуконазол. 10). Тилт, пропиконазол. 11). Суми-8, диниконазол. 12). Фалькон, комбинирленген фунгицид (д.в.тебуконазол, триадименол, спiроксамiн). 13). Фоликур, комбинирленген ф-д. тебуконазол, триадимефон. 14).Шавит, комбинирленген ф-д (д.в.триадименол, фолпет). 15). Рекс, Аллегро Плюс эпоксиконазол. 16). Бампер, пропиконазол. 17). Альто, ципроконазол және пропиконазол. Бензимидазолдар. Бензимидазолды фунгицидтер жүйелік қасиеттері бар, адамға уыттылығы төмен, 0,2 % ерітінді күйінде қолданылады. Өсімдіктің тамырына сіңуі арқылы, өзегімен бойына таралады. Қорғайтын өсімдікке фитоуыттылық қасиеті жоқ, дәрілеуіш зат ретінде пайдалануға болатын суспензия. Тамыр шірігі ауруына қарсы тиімді препарат. Сол сияқты басқа да саңырауқұлақ ауру қоздырғыштарына қарсы қолданылады. Мысалы, ақұнтақ, церкоспорелла, фузариозды тамыр шірігі, сұр және ақ шіріктер, фузариозды солу, аскохитоз, қарлы зең, тозаңды және қатты қара күйе, қызыл шірік, перикуляриоз, фомоз, антракноз ауруларына қолдануға болады. Бензимидазолдар патогенді саңырауқұлақтардың жасушаларының бөліну кезіндегі метаболизм процестерін (митоз) әлсіретеді. Осы кезде митоттық аппараттың негізгі құраушысы митоттық веретеноны бұзады. Бұл топтың құрамына кіретін заттар қара зеңге қарсы қарсы тиімділігі жоғары. Препарат жүйелі әсер етеді, тамыр жүйесіне жақсы еніп, сабақ арқылы жоғары таралады. Өсімдікке фитозалалсыз, яғни күйдірмейді. Сонымен қатар, 2% суспензияны тұқымды дәрілеу негізінде қолдануға болады. Тамыр шірігімен күрес үшін ең үздік фунгицид. Оларға мына фунгицидтер жатады: 1) Феразаим, терминатор, карбендазим, дерозал, штефазал, бавемтин, БМК; 2) Бенлат, фундазол, агроцит, беномил; 3) Виал, винцит, текто, тиабендазол.
Дәріс-11
Тақырыбы: Тұқым өңдейтін фунгицидтер.

Жанама әсер етуші фунгицидтермен өңдегенде өсімдіктің сыртқы қабатында сақталып, қоздырғыштар жанасу кезеңінде жойылады. Мысалы тұқымның сыртқы қабатына ену арқылы тереңдеп әсер ету қабілеті бар. Жанама әсер ететін фунгицидтердің әсер етуі ауа-райына, санына, өңделетін жерде сақталу уақытына, фотохимиялық және химиялық тұрақтылығына байланысты. Жанама әсер ететін фунгицидтерді XIX ғасырдың соңынан бері ауылшаруашылығында пайдаланып келеді. Жанама әсер ететін фунгицидтердің тобына әсер етуші заттары - тиокарбомат және тирам тобына жататын және манкоцеб, метирам және ТМТД жатады. Бұл қосылыстар әсер ету шегі кең және дақылдардың сезімталдығы жоғары заттарға жатады. Фунгицидттік әсері саңырауқұлақ жасушаларының метаболизімін тежеу арқылы сипатталады. Бұл қосылыстар ұсақ ұрықты дақылдарды өңдеуде қолданылады. Сол сияқты қызылшаның, рапстың, жүгерінің және картоптың тұқымдарын өңдеуге арналған. Фенилпирролдар жартылый жүйелік қасиет көрсетеді және өсіп келе жатқан өсімдіктерді қорғайтын аймақ түзеді. Бұл препараттар қатты күйе, тұқым өскіндернің ауруларына және фузариозға қарсы тиімділігі жоғары. Фунгицидтердің бұл тобына флудиоксинил жатады. Фунгицидтердің стробилуриндер класы - өсімдікке жартылай жүйелі түрде оның құрамында түзілген зат депо ретінде оның бойымен көтеріледі. Стробилуриндер саңырауқұлақ жасушаларының митохондрияларына еніп, тыныс алу процестеріндегі ферменттерден фосфорлану тотықсыздануына әсер етеді. Стробилуриндер - жүйелі, төзімді стимуляциялы әсер етеді. Ақұнтақ, шіріктер, тат, тазқотыр, переноспороз, фитофтороз, жалған ақұнтақ және басқа дақ ауруларына қарсы қолданады. Препараттың бұл түрінің әсер ету аймағына барлық саңырауқұлақ тұқымдас фитопатогендер кіреді. Стробилуриндер саңырауқұлақтың 4 класын жояды: оомицет, аскомицет, базидиомицет және дейтеромицет. Акропетальді әсер етеді, яғни өсімдіктің өсу нүктесімен жылжып, жас өскін органдарын қорғайды. Температура өзгерісіне тұрақты, өсімдікке тез енеді, ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Өсімдік ауруларына профилактикалық өңдеу негізіне арналған. Оларға мына препараттар жатады: 1). Строби, крезоксим-метил. 2). Флинт, трифлоксистробин. 3). Квадрис, азоксистробин. 4). Кабрио Топ, пиаклостробин.


Фунгицидтердің гидроксианилидтер класы - жаңа пайда болған топ. 1) Тельдор - сұр және жеміс шірігі, ақұнтақ ауруларымен күресуге арналған ең жақсы фунгицид. Фитозалалсыз, қоршаған ортаға және адамға қауіпсіз. Гүл өңдеуге жақсы. Ұзақ жанама әсер етеді. Фунгицидтердің карбамат класы - жүйелі әсер етеді. Субстратты суғару әдісін қолдануға болады. Тамыр арқылы еніп, сабақ жүйесімен жоғары таралады. 1). Превикур, пропамокарб - жүйелі және жоғарылату әдісі, оомицеттерге қарсы кең спектрлі әсер етеді (сабақ және тамыр шірігі, жалған ақұнтақ саңырауқұлақтары). 2). Тату, пропамокарб. 3).Топсин-М, тиофанатметил. Ақұнтақ, тазқотыр, жеміс шірігі, церкоспорозға қарсы қолдану тиімді. 4). Фундазол, бенлат, беномил, агроцит. Фунгицидтердің пиперазиндер туындылары класы - қорғау және емдеу арқылы әсер етеді. 1). Сапроль, трифорин - ақұнтақ, сұр шірік, тазқотыр, ооидиумға қарсы тиімді. Фунгицидтердің пиримидинамин класы - жүйелі немесе шектеулі жүйелі әсер етеді. Тазқотыр, ақұнтақ, жеміс шірігіне қолданады. 1). Рубиган. 2). Мильго, этиримол. 3). Хорус, ципродинил. Фунгицидтердің имидазолдар класы - ақұнтақ саңырауқұлақтарына қарсы қолдану тиімді. 1). Мираж. 2). Спортак. 3). Трифмин. Фунгицидтердің оксатикарбон қышқылдар туындылары класы - жүйелі әсер етеді. 1). Витавакс. Карбоксин. Тұқымды жүйелі улаушы. Фунгицидтердің дитиокарбоматтар класы - жанама әсер етеді, сондықтан көбіне басқа әсер етуші заттардың қоспаларымен бірге қолданылады. Аз күнге немесе өсімдікті соңғы өңдеу кезеңінде қолдану тиімді. 1). Поликарбацин, полирам, метирам. 2). Дитан, манкоцеб. 3). Антракол, пропинеб-цинк құрамды. Бактерицидті қабілеті бар фунгицид. 4). Акробат (манкоцеб-манеба мен цинеба кешені). 5). Тату, құрамдас фунгицид, манкоцеб (екінші ә.з. пропамокарб). 6). Ридомил-Голд құрамдас фунгицид, манкоцеб) екінші ә.з. металаксил). 7). Кабрио Топ, метирам.
Фунгицидтердің ацетамидтер және оксазолидиндер класы 1) Танос. Құрамдастырылған фунгицид (цимоксанил, фамоксадон) - фитофтороз, альтернариоз және жалған ақұнтақ ауруларына қарсы тиімді. Фунгицидтердің аминоқышқыл туындылары класы - жалған ақұнтақ ауруына қарсы тиімді, жүйелі әсер етеді. 1). Металаксил, Ридомил. 2). Алацид. 3). Апрон. 4). Крептан. 5). Сандофан. 6). Арцерид. 7). Максим, метелаксил-М.
Фунгицидтердің пирол фтор құрамды туындылары класы 1). Максим, флудиоксонил. Фунгицидтердің фосфорорганикалық класы - ақұнтақ, саңырауқұлақ ауруларына қарсы тиімді. Афуган - ақұнтақ саңырауқұлақтарына қарсы тиімді. Әсер етуші заты алюминий фосэтилі. Жалған ақұнтақ саңырауқұлақтарына қарсы қолдану тиімді. Жүйелі әсер етеді. 1). Альетт, алюминий фосэтилі. 2). Эфаль. 3). Мицу. 4). Алюфит. Фунгицидтердің морфолиндер класы 1). Акробат МЦ (диметоморф). 2). Аллегро Плюс құрамдас фунгицид (фенпропиморф). 3). Фадеморф (триморфамид). 4). Корбел. Фунгицидтердің ароматты оксималар класы 1). Алегро плюс, крезоксим-метил.
Фунгицидтердің дитиандар класы 1). Делан, дитианон.
Металлқосылысты пестицидтер Металлқосылысты пестицидтер екі класқа: бейорганикалық және органикалық фунгицидтер деп бөлінеді. Бейорганикалық пестицидтерге фторқосылысты, цианқосылысты, роданқосылысты, күкіртқосылысты, мысқосылысты, мышьякқосылысты пестицидтер жатады. Органикалық препараттарға: көмірсутектер, альдегидтер және олардың туындылары (бромды метил, жасыл сабын, формалин, метальдегид және басқалары). Металлқосылысты пестицидтер сыртқы ортада тұрақты, топырақтан өсімдікке өтіп белсенділік танытады, топырақ пен судағы микроорганизмдерге бактерицидті әсер етеді. Металлқосылысты пестицидтерге мыналар жатады: Мыс купоросы - фунгицид. Әсер етуші заты - мыс сульфаты. Кристалды кесек ұнтақ түрінде шығарылады (әсер етуші заты 93-98% құрайды). Жеміс-жидектер бүршік атқанға дейін препараттың 1% -дық концентрациясын алманың таз қотырына, филлокстиктозға, коккомикозға қарсы қолданады. Орташа улы. Жұмсалу мөлшері 8,0-20,0 кг/га. Бордос сұйықтығы - фунгицид. Әсер етуші заты магний сульфаты+кальций гирооксидінің қоспасы. 100 мл бордос сұйықтығын жасау үшін 100 л суға 1 кг мыс купоросы мен 1 кг әкті сумен араластырады. Сұйықтық нейтралды немесе әлсіз сілтілі ортада болуы тиіс. Оны жеміс-жидектердің, жүзімнің, көкөністердің, техникалық дақылдардың, дәрілік өсімдіктердің ауруларына қарсы қолданады. Бал арасы үшін аздап улы препараттың сақталу уақыты дәрілік шөптерде 20 күн болса, аталған дақылдарда 15 күн. Жұмсалу мөлшері - 6,0-60,0 кг/га. Мыс хлорокисі - фунгицид. Брутто формуласы: 3Cu(OH)2 CuCI2H2O. Препарат 90%-ды борпылдақ ұнтақ күйінде шығарылады. Орташа улы. Фунгицидпен бау-бақшаны, көкөністерді, техникалық дақылдарды өнімді жинауға дейінгі 20 күннің ішінде бүркіледі. Альетт - жүйелі фунгицид, өсімдік ұлпасына тамыр мен жапырақ арқылы енеді, өсімдік ішінде жақсы қозғалады. Химиялық формуласы: трис (этилфосфат) алюминий. Әсер етуші заты - фосэтилалюминий. Брутто формуласы: C6H18 ALO9P3. Жылықандыларға улылығы төмен. Препарат техникалық дақылдар мен басқа да дақылдардың пероноспороз ауруларына қарсы вегетация кезінде қолданылады. Жұмсалу мөлшері - 1,2-5,0 л/га. Жұмсалу мөлшері әр дақылда әртүрлі.
Дәріс-12
Тақырыбы: Гербицидтер

Гербицидтер, шөпжойғыштар (лат. herba - шөп және caedo - өлтіремін) - арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Қазіргі таңда қолданылатын препараттардың көпшілігі жоғары физиологиялық белсенділігімен, тиімділігімен және аз жұмсалу мөлшерімен ерекшеленеді. Гербицидтер өсімдіктерге әсер етуіне қарай екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің барлық түріне жаппай әсер ететін гербицидтер және іріктеп әсер ететін талғамды гербицидтер. Жаппай әсер ететін гербицидтер (раундап, баста) - өндіріс орындары айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі өсімдіктерді құрту үшін, ал талғамды гербицидтер өсімдіктің бір түрін ғана құртып, басқаларына әсер етпейді, мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады. Мұндай препараттар анатомды-морфологиялық және физиологиялық ерекшеленеді. Мысалы, бидай дақылдарының егістігінде қосжарнақты арамшөптерге қарсы 2,4-Д, 2М-4Х қолданылады. Гербицидтер өсімдіктерге әсері және қолдану әдісіне байланысты тікелей жойғыш және жүйелік болып бөлінеді. Тікелей жойғыш гербицидтер - өсімдік тіндерін тікелей уландырады, өсімдік тез солып, қурайды. Жүйелік гербицидтер – өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары арқылы бүкіл өн бойына тарап уландырады, бұл гербицидтер тамыры ұзын және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. (14-кесте). Мысалы: 1 га 1,2-1,6 кг мөлшерде әсер етуші зат монуран мен диурон, мақта алқабындағы 1 жылдық арамшөптерді, ал көп мөлшерде бүкіл өсімділігін жояды.


Тікелей жойғыш және жүйелік гербицидтердің ерітінділерін, эмульсияларын өсімдіктің сабағына бүркеді. Гербицидтер ретінде органикалық және анорганикалық заттар қолданылады, кейде бірнеше гербицидтерді араластырып қолдану арамшөптердің әр түрлерін жою үшін тиімді. Қазір гербицидтік қасиеттері бар 1000-нан аса қосылыстар белгілі. Гербицидтерді ерітінділер, ерігіш ұнтақ, паста, жұққыш ұнтақ, концентратты эмульсия түрінде дайындайды. Гербицидтер - орташа улы заттар, дененің ашық жерлеріне, ауызға, көзге, мұрынға тимеу үшін қолғап, көзілдірік, т.б. пайдалану керек. Бірқатар гербицидтер, мысалы 2,4- дихлорфеноксисірке қышқылының аз ғана мөлшері өсімдіктің өсуіне кедергі келтіреді. Пестицидтердің көпшілігі гербицидтер болып табылатындықтан оларды инсек-тицидтермен салыстырғанда жылықандылар мен құстарға және балықтарға улылығы аз (А.П. Карпенко А.П., 1981). Бірақ, гербицидтер топырақта ұзақ уақыт сақталып, сыртқы ортаның нысандарын ластауы мүмкін. Әсіресе, топырақта пиклорам мен сим-триазиндер, 2М-4Х және хлорфеноксиқышқылды гербицидтердің қалдықтары 4 айға дейін сақталады. Көп қолданылатын гербицидтер қатарына паракват-дихлорид (IV), DHOH (V,R-CH3), диносеб [V,R-CH(CH3)C2 H5], пентахлорфенол және пентахлор фенолет Na, H3 A5 O4.5 H2O аметрин (VI), эндотал кіреді. Қазіргі таңда көп қолданылатын гербицидтерге мына препараттар жатады: Раундап - гербицид. Химиялық формуласы: глифосат - (фосфонометил) глицин. Брутто-формуласы: С3Н8NO5P. Әсер етуші заты - глифосат. Улылығы шамалы. Препарат астық тұқымдастар мен жеміс-жидектердің арамшөптеріне қарсы қолданылады. Жұмсалу мөлшері - 2,0-8,0 кг/га. Ураган - гербицид, әсер етуші заты глифосат+тримезиум. Жаңадан өсіп шыққан арамшөптерге қарсы қолданылады. Жұмсалу мөлшері - 2,0-6,0 кг/га. Дуал - гербицид, біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы егу алдында немесе өсімдік шықаннан кейін де қолданылады. Әсер етуші заты - металохлор. Жұмсалу мөлшері - 1,62,6 кг/га. Кросс - гербицид, біржылдық және көпжылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. Әсер етуші заты – хлорсульфурон+хлорсульфоксим. Жұмсалу мөлшері - 100-150 мл/га. Октиген - астық тұқымдастардың арамшөптеріне қарсы қолданылады. Әсер етуші заты - хлорсульфурон+2,4-Д-нің азұшатын эфирі. Жұмсалу мөлшері - 0,6-0,9 кг/га. Пирамин - гербицид. Химиялық формуласы: 1-фенил-4амино-5-хлорпиридазон-6. Әсер етуші заты-хлоридазон. Брутто формуласы: С10Н8CIN3O. Препарат қант қызылшасының арамшөптеріне қарсы қолданылады. Жылықандыларға улы. Жұмсалу мөлшері - 3,0-5,0 кг/га. 2,4-Д аминді тұздар - гербицид. Әсер етуші заты - диметиламинді тұздар. Химиялық формуласы: 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы. Брутто формуласы: С10Н13CI2 NO3. Бал аралары мен пайдалы жәндіктерге улылығы аз. Препарат ойраншөпке, егіс қышасына және басқа да арамшөптерге қарсы қоладнылады. Сонымен қатар гербицид мақта, күнбағыс, қант қызылшасының дақылдарына өте улы. Осы дақылдарда препарат 1-5 ай аралығында ыдырайды. Жұмсалу мөлшері - 1,52,0 л/га. Дезормон - гербицид. Әсер етуші заты - 2,4-Д диметиламинді тұздары. Препаратты астық тұқымдастардың егістігін түптеу кезінде және арамшөптердің 1-2 жапырағы шыққан кезде қолданады. Жұмсалу мөлшері - 0,6-1,5 л/га. Диален-супер - гербицид, 35,7%-ы 2,4-Д мен 12,4%-ы дикамбаның қоспасы. Әсер етуші заты - диметиламинді тұздар. Препарат бір жылдық арамшөптерге қарсы бүркіледі. Жұмсалу мөлшері - 0,5-1,25 л/га. Хармони - гербицид. Әсер етуші заты – тифенсульфуронметил. Химиялық формуласы: Метил эфирінің 3-[[[[(4метокси-6-метил-1,3,5-триазин-2-ил)амино]карбонил]амиино] сульфонил)-2-тиофенкарбонды қышқылы. Брутто формуласы: С12Н13О6S2. Препарат бидай дақылдары мен техникалық дақылдардың арамшөптеріне қарсы, өсімдікте 2-3 жапырақ шыққаннан кейін қолданылады.

Дәріс -13


Тақырыбы: Имидазолинді пестицидтер. Дефолианттар және десиканттар.


Имидазолиндер - зерттеліп, синтезделген жаңа препараттар. Оның құрылымында имидазолинді сақина, көмірқышқылдар мен негіздер бар. Бұл топтың күшті гербицидтік әсері бар, аз жұмсалу мөлшерімен ерекшелінеді. Суда тез ериді, сүтқоректілер мен балықтарға аздап улы. Олар өсімдіктің тамыры мен жапырағына тез енетіндіктен, препаратты егіске дейін немесе өскін шыққанда бүркеді. Имидазолинді гербицидтер әдебиеттер бойынша, имазапир, имазетапир, имазокс препараттары топырақта 160 күнге дейін сақталған. Қазіргі таңда ауылшаруашылығында имидазолинді гербицидтің мына түрлері көп қолданылады: Пивот - гербицид, әсер етуші заты имазетапир. Химиялық формуласы: (RS)-5-этил-2-(4-изопропил-4-метил-5-оксо-2-имидазолин-2-ил) никотин қышқылы. Брутто формуласы: С15Н19 N3О3. Препарат біржылдық және көпжылдық арамшөптерге қарсы қолданылады.Арсенал - гербицид, әсер етуші заты имазапир. Химиялық формуласы:2-(4-изопропил-4-метил-5-оксоимидазолинил-2) никотин қышқылы мен изопропиламиннің тұздары. Брутто формуласы: С13H15N3O3·С3H9N. Препарат бал араларына аздап улы. Гербицид біржылдық және көпжылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. Жұмсалу мөлшері 0,25-1,5 кг/га. Гербицидтердің пестицидтер мен агрохимикаттарда қолдануға рұқсат етілген мынадай кластары бар: Хлорфеноксиуксусты қышқыл туындысы - бұл класқа астық дақылдарына шабындық пен жайылымдарда қосжарнақты арамшөптерге қарсы қолданылатын тұздар мен эфирлер 204-Д, МЦПА (2М-4Х) жатады. 2,4-Д мен МЦПА тұздары біржылдық арамшөптерді, ал биологиялық жоғары тиімділігі бар 2,4-Д эфирлер кей көжылдық қосжарнақты арамшөптерді жояды. Арилоксифеноксипропионды қышқыл туындылары – бұларға зеллек-супер, пума-супер, тарга-супер, фуроре-супер, фюзилад-супер, фюзилад форте, шогун, ирбис препараттары жатады. Бұл топ препараттары феноксиуксусты мен феноксипропионды қышқылдарға қарағанда біржылдық және көпжылдық астық арамшөптеріне тиімділігі жоғары. Қосжарнақты өсімдік арамшөптерінде де, мәдени ретінде де аталған гербицид түріне тұрақты. Пиколинді қышқыл туындылары - бұларға лонтрел-300, биклон, лонтрел гранд, Клео препараты жатады. Бұл препараттарды біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптерін жоюға, сонымен қатар 2,4-Д ға тұрақты күрделігүлділер мен қарақұмық тұқымдастарына қолданады. Препараттар астық пен жүгері егісінде 2,4-Д мен, қызылша егісінде бетанол, фюзилад, зеллек және клетодим плюс микспен бірге қолданылады. Циклогександиондар: клетодим негізінде центурион, селект және клетодим плюс, микс препараттары қолданылады. Олар біржылдық және көпжылдық арамшөптеріне (күрмек тары, түкті және арамшөпті, қылтанақты, өскіндерді, жатаған бидайыққа, құмайға қарсы тиімділігі жоғары. Сульфонилмочевиндер туындысы: бұл класс гербицидтері 1970 жылдары соңында «Дюпон»(АҚШ) фирмасы жасап шығарған, биологиялық жоғары белсенділікке ие және біржылдық қосжарнақты және кей астық арамшөптеріне, ал жоғарылатылған мөлшерде көпжылдық түрлерін де жояды. Хлорсульфурон негізінде ленок препараты шығарылуда. Метсульфурон метил негізінде ларен, гренч, магнум препараттары қолданылады. Метсульфурон-метил көптеген біржылдық және кей қосжарнақты көпжылдық арамшөптеріне қарсы тиімді. Алайда олардың қалдық көлемі сезімтал дақылдарға (тары, балжүгері, зығыр, күнбағыс, қызылша) әсер етуі мүмкін. Дефолианттар және десиканттар
Десиканттар (лат. desiccantis - кептіруші) - препараттар арқылы жапырақтар мен сабақтың өсуін доғарып, ерте кептіру, өнім жинау мен өсімдіктің пісуін тездету мақсатында қолданылады (күнбағыс, картоп, мақта, капуста, т.б.). десикант ретінде жанама әсері бар, тез әсер ететін гербицид дикватдибромид Mg(ClO3)2*6H2O (І) қолданылады. КСРО-да 1986-90 жылдары, сонымен қатар NaSCN (дебос) CaCl2 қоспасындағы Ca(ClO3), метаксурон (пуривел ІІ) және буминафос (ІІІ) рұқсат етілген. Сонымен қатар әлемдік деңгейде паракват-дихлорид (ІV), диносеб[V, R=CH(CH3)C2H5], пентахлорфенол және пентахлорфенолят Na, H3AsO4*5H2O, аметрин (VІ), эндотал (VІІ) кіреді.
Десиканттың шығын мөлшері 0,4-0,6 кг/га (дикватдибромит) 30 кг/га дейін (хлоратмагний). Ең көп қолданылатын тәсілдің бірі - сулы ерітінділер мен десиканттарды авиабүрку арқылы қолдану. Ауылшаруашылық дақылдары қажеттілігіне және өңдеудің мөлшері мен уақытына байланысты бұл заттар гербицид және дефолиант ретінде пайдаланылады. Қоршаған ортаны қауіпті ластанудан сақтау үшін десиканттарды белгілі бір қатаң тәртіп регламенті бойынша қолданады. Табиғи өсу реттеуіштері-фитогормондар аз мөлшерде және өмір сүру қабілетіне қажетті мөлшерде өсімдіктің өз бойында жиналады. Оларға аукциндер, гиббереллиндер, итокинттер, брассиностероидтар, (мыс брассинолид формуласы), өсімдіктің өсіп, жетілуіне (мыс, биосинтез РНК, ДНК, ақуыз және т.б., клеткалардың өсуі және бөлінуі): абсиизо қышқылы және эндогенді этилен - бұл процестердің ингибиторлары пісуге, солуға және тынығу кезеңіне өтуге себепші болады

Дәріс-14
Тақырыбы: Өсімдіктің өсіп, жетілуін реттегіштер, ретерданттар


Өсімдіктерде фитогормондардан басқа екінші өсіруші заттар: флаонойдтар, аминоқышқылдар, липидтер, алколоидтар, толық емес лактондар, терпеноидтар және т.б. жиналады. Көптеген фитогормондар өсіруші қасиеттерімен ерекшеленетін затттар да саңырауқұлақтар мен бактериялардың өміршеңдігі желісінде пайда болады.


Көбінесе тәжірибеде өсімдіктің өсуіне синтетикалық реттегіштердің маңызы зор, атап айтқанда, арилоксиалифат қышқылы, әсіресе құрамында азот қышқылы бар гетероциклды қосындылар. Өсімдіктің өсуіндегі синтетикалық реттегіштер фитогормондардың қатынасына байланысты төмендегі топтарға бөлінеді: ауксиндер және цитокениндер, аналогтары антиауксиндер және антогонистер, тасымалдау ауксиндегі және гиббереллиндер биосинтезіндегі ингибиторлар, этилен бөлушілер немесе өсімдікте оның пайда болуына әсер етушілер. Өсімдіктің өсуін синтетикалық реттегіштің антигибберелдік әсері, ол өсімдік бойының өсуін баяулатқыш, сонымен бірге сабақты беріктендіргіш, әсіресе артық ылғалдану кезінде астық дақылының жапырылып қалуын тоқтатушы ретердант ретінде кеңінен қолданылады. Маңыздысы, хлоридті хлормеквад болып табылады. [ClCH2CH2 (CH3)3]+Cl- бидай егісін өңдеуге қолданылады. Мақта және астық егісіне метикват хлорид, бау-бақша және гүл өсіруде өсімдіктен жақсы өнім алу, жемістің сапасын жақсарту үшін анцилидол (ІІІ) және даминозид қолданылады.
Арпа және сұлы егісінде ретердант ретінде этилен-этофон тобы ClCH2CH2P(O)(OH2) және оның тұздары қолданылады. Этефон қолданудың маңыздылығы гевейдің латекс құрамын жоғарылатады, сонымен қатар этафон мақта қауашағының ашылуын, шие мен алма жемісінің пісуін тездетеді. Ретерданттар ретінде бірқатар триозолдың 1,2,4 туындылары белгілі, мыс паклобутразол (ІV), униканазол (4 хлорфенил)-күріш сабағының жатып қалуын сақтап қалу үшін ұсынылады (шығын мөлшері 12 г/га), трио-пентенолдар (V,R= циклогексин) - майлы рапс және күріш (300-750 г/га) қолданылады.
Өсімдіктің жетілуін жақсарту мақсатында өсу реттегіштері себілетін және отырғызылатын материалдар жиі өңделмейді. Сонымен, қалемшелерді өңдеу үшін ауксиндер -3-майлы индолил, 3-сіркеинролил және сірке қышқылының-а-нафтилі қолданылады: бидай тұқымын өңдеу үшін-хлормекват, мақтағамеликват, қызанаққа - N-оксид 2,6-диметелпиридин, қант қызылшасына-диметил сульфоксид, сәбізге-3-майлы индомил қышқылы пайдаланылады. Картоптың өсіп жетілуіне әсер етуіне кейде гибберелл қышқылын қолданады. Ал картоптың және пияздың өсуін баяулату үшін гербицидтер, жасуша бөлінетін ингибиторлар (мысалы, ИФК, хлор-ИФК), гидрозид малина қыщқылы (МҚ), сонымен қатар этафон және метилді эфир нафтил-сіркеқышқылы қолданылады. МҚ-н көбіне темекі өсімдігінің өркендері көбейіп кетуіне қарсы қолданады. Қант құрамының қанттылығын жоғарылату үшін глифосин HOOCCH2N[CH2P(O)(OH)2]2, жемістерді жинау алдындағы шашылудан қорғау үшін даминозид және ауксин тобындағы препараттар, мысалы 4-хлорофеноксисірке және 2-нафтилоксисірке қышқылдары қолданылады. Кейбір өсу реттегіштерін, мысалы глиоксил (HON=CHCH=NOH) жемістердің тез жұлынуы үшін пайдаланылады. Өсу реттегіштерін өсімдік жынысын реттеу және партенокарпиялық жеміс алу үшін жиі қолданады, жүзімнің дәнсіз сортының өсуін реттеу үшін гибберелді қышқылды қолданады. Өсу реттегіштерін өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін жоғарылатуға, қауіпті егіншілік аудандарындағы үсіктен қорғауға қолдану жақсы нәтиже береді, ол үшін әсіресе, цитокини жаңа әсер етуімен және реторданттарымен жарамды. Өсу реттегіштерін негізінен өсімдіктің вегетациялық өсу кезеңінде, тұқымды, түйнектерді, қалемшелерді өңдеуде ерітінді және дисперсия жолымен бүрку, кей кезде ғана топыраққа енгізу жолдарын пайдаланады. Өте көп мөлшерде өсімдіктің өсу реттегіштері гербицид, дефолиант, десикант ретінде әсер етеді.

Дәріс-15
Тақырыбы: Пестицидтерді кешенді қолдану.


Өсімдік қорғауда әртүрлі химиялық заттарды біріктіріп пайдалану ауылшаруашылығында кеңінен қолданылады. Пестицидтердің қоспасын төмендегі бағыттарға пайдаланады: А). Зиянды организмдердің әр түріне байланысты, пестицидтердің әсері спектрін кеңейту. Б). Препараттардың зиянды организмге қатысты улағыштығын жоғарылату. В). Пестицидтердің қорғау қабілетінің ұзақтығын көбейту. Г). Қорғалатын өсімдікке деген препараттың улылығын төмендету (азайту). Д). Химиялық өңдеудің кері әсері болмауы үшін. Е). Пестицидтерді қолдануда жоғары экономикалық тиімділікті алуда. Пестицидтерді біріктіріп пайдалану, көбіне олардың әсер ету диапазонын кеңейтуде кеңінен қолданылады. Біріктірілген гербицидтер банвел және логран кең спектр қабілетіне байланысты мәдени дәнді-дақылдар егістігінде луварам мен эстеролға шыдамды арамшөптерге қарсы қолданылады. Өсімдік қорғау тәжірибесінде әртүрлі зиянды организмдермен күрес мезгілі бірдей болуы жиі кездеседі. Сондықтан, пестицидтердің бірнеше түрін біріктіре отырып өңдеуді жүргізеді. Жәндіктер мен кенелерді жою үшін акарицидтерді фосфорорганикалық инсектицид қоспаларын пайдаланады. Бақшаны қорғау шаралары кешенінде жеміс жеміріне қарсы инсектицидтер және аурулармен күресетін фунгицидтер біріктірілген өңдеу қарастырылды. Жаздық, дәнді-дақыл егістігінде және жүгері алқабында арамшөптер мен швед шыбынымен залалдануын төмендету үшін инсектицидтер мен гербицидтердің (2,4-Д туынды) бірлесіп қолданылуы мүмкін. Пестицидтер компоненттері біреуінің төзімділігінің жоғарылауы, олардың бірлесіп әсер ету қорытындысына байланысты. Компоненттердің біріккен әсері аддитивті, синергизмді және антогонизмді ерекшеліктері болады.


Өсімдік қорғауда химиялық заттардың тиімділігін жоғарылатуда синергизмдік ерекшелігі пайда болуының маңызы зор. Синергизмдік тиімділік пестицидтерде мына жағдайлар негізінде пайда болады: 1) біріккен компоненттердің біреуі зиянды организмнің ішіне улы затты тез ендіру қасиетіне ие болғанда; 2) егер бір зат зиянды организмнің немесе топырақтың ішіндегі белсенді компоненттің уды тез жою күшіне кедергі келтірген жағдайда; Фосфорорганикалық біріккен қоспасы жәндіктің ағзасына түскенде, олардың бірі алиэстераза белсенділігін қатты жаншып, келесі заттың құртылуына кедергі келтіреді. Сонымен, алиэстераздар ингибиторы жоғары синергиялық тиімділігі карбофос пен сумитион қоспаларында табылды. 3) механикалық әсер етуіне байланысты ажыратылатын қоспалардың улылығы организмнің әртүрлі кезеңдерінде оның өміріне аса қажетті физиологиялық реакцияларын ингибирлейді. Сонымен, жақсы нәтижелер фосфорорганикалық инсектицидтер біріккен түрінде және пиретроидтық топтарда кездескен. Пестицидтерді біріктіріп қолдануда осы жағдайлар да өсімдікті зиянды организмдерден қорғау кезеңінің ұзартылуын жоғарылатады. Мыс, карбофостың неоронмен қоспасы қиярды торлы кенеден 30-40 күн ішінде қорғайды. Карбофос-тұрақтылығы төмен препарат, 7-10 күн аралығында үлкен кенелер мен олардың құрттарын тиімді жояды, ал неорон өсімдікте кенелерді болдырмайды. Купрозон - мыс хлортотығы мен цинеб препараттарына қарағанда өсімдікті аз күйдіреді. Дихлорацетамид (эродиканның құрама бөлігі), белсенділігі аз бола тұра жүгерінің арамшөптерге қарсы күрес тиімділігін төмендетпестен, тиокарбамат тобындағы гербицидтермен залалданудан қорғайды. Спецификалық акарицидтердің фосфорорганикалық қосындыларының қоспасы, кенелердің спецификалық төзімділігінің пайда болуын тоқтатады. Сонымен пестицидтерді кешенді қолдану ауылшаруашылық дақылдарды өңдеуде шығын мөлшерін едәуір қысқартып, арзан өнім алуға мүмкіндік береді. Бірақ, кейде пестицидтерді бірлестіріп қолдану теріс нәтижелер беруі мүмкін. Препараттардың улылығының төмендеуі, улылығы жоқ өнім пайда болғандағы химиялық реакциялар натижесінде пайда болады. Мысалы, фосфорорганикалық қосындылар сілтілік ортада тез ыдырайды, оларды бордо сұйықтығымен, әкпен және күкіртті-әк суымен араластыруға болмайды. Ондай кезде бұл инсектицидтердің қорғау кезеңі бір мезгілде қысқартылады. Аурулармен күрес кезінде фталимидті инсектицидті эмульсиялы концентрат қоспасымен бірге қолданған жағдайда өсімдіктің қатты күюі байқалады. Пестицидтер төзімділігінің төмендеуі антогонизм жағдайында өтеді. Бұл жағдайлар пестицид қоспаларын механикалық жолдың тек бір түрін пайдаланғанда, бірақ әртүрлі улылықта болуы мүмкін. Пестицид қоспаларын дұрыс қолдану - олардың әсерін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады, химиялық өңдеу кезіндегі еңбек өнімділігін және өсімдікті зиянкестерден, аурулардан, арамшөптерден қорғаудағы химиялық жеке кемшіліктерін жояды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет