Өсімдіктерді химиялық қорғау пәнінің дәрістері
Дәріс 1
Тақырыбы: Өсіміктерді химиялық қорғау пәніне кіріспе.
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1,6-30 мг/кг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындықтарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б.э.б.460-380 ж.) өсімдікті аурулардан плинус (б.э.б. 79-23 ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсімдікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8,5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер – химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын, орман және жайылым алқаптарын зиянды ағзалардан қорғау үшін пайдаланылатын пестицидтердің қолдану регламентін (мерзімі, жұмсалу мөлшері, қайталау) қатаң түрде сақтау қажет. Сол сияқты ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын тамақ өнімдерінде пестицидтер қалдығы гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препараттар мөлшерінен аспауын қадағалау керек. Өсімдікті химиялық қорғау пестицидтердің физикалықхимиялық, токсикологиялық қасиеттерін, зиянды ағзаларға, қоршаған ортаның элементтеріне әсерін, қарқынды технологияда интегралды қорғау шараларында қолданылуын зерттейтін ғылым. Өсімдікті химиялық қорғау курсының негізгі мақсаты – заманауи пестицидтерді талапқа сай қолдануға, әсер ету механизмінің табиғатын зерттеуге, барынша тиімді және қауіпсіз қолдануға үйретеді. Өсімдікті химиялық қорғаудың теориялық негіздеріне ауылшаруашылықта қолданылатын уларды зерттейтін ғылым - агрономиялық токсикология жатады. Өсімдікті химиялық қорғау курсының талаптары – ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістерін жақсарту үшін, әр түрлі химиялық қорғағыш заттардың зиянды ағзаларға және мәдени өсімдіктерге әсерін зерттеу. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттардың барлығы адам ағзасына және жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс жасау кезінде сақталатын жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
Дәріс 2.
Тақырыбы: Өсімдікті химиялық қорғау, классификациялау
Өсімдіктерді залалдайтын, ауылшаруашылық өнімдерін, материалдарды және бұйымдарды бүлдіретін зиянды ағзаларға, паразиттерге, ауру тасымалдағыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар - пестицидтер деп аталады. Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға енуі және әсер ету сипатына байланысты талданады. Химиялық құрамы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді: - бейорганикалық қосылыстар (күкірт, мыс, хлор, бор қосылыстары); - өсімдік, бактерия, саңырауқұлақ негізіндегі препараттар (пиретриндер, бактериялық және саңырауқұлақ препараттары, антибиотиктер, фитонцидтер); - органикалық қосылыстар (галогенді көмірсутектер, фосфордың органикалық қосылыстары, аминдер және аммоний негіздері тұздары, кетондар, спирттер, нитрофенолдар, жай эфирлер, синтетикалық пиретроидтар, карбамин, тио және дитиокарбамин қышқылы туындылары, фенолдың нитротуындылары, мочевина туындылары, симтриазиндер, бес мүшелі гетероциклді қосылыстар). Қолдану нысаны бойынша барлық химиялық заттар келесі топтарға бөлінеді: инсектицидтер (insectum-жәндік) – жәндіктермен күресу үшін; акарицидтер (acarys-кене) – кенелермен күресу үшін; инсектокарицидтер – жәндіктермен және кенелермен күресу үшін; овицидтер (ovum-жұмыртқа) - зиянды жәндіктермен және кенелердің жұмыртқаларын жою үшін; ларвицидтер (larva-құрт) - жәндіктер мен кенелердің құрттарын жою үшін; Пестицидтерді қолдану нысанына байланысты жіктеу шартты, өйткені олардың жәндіктерге, кенелерге және олардың жұмыртқаларына әр түрлі әсері бар. Мысалы, карбофос әрі инсектицид, әрі акарицид. Оларды инсектоакарицид деп атауға болады. Көптеген препараттар саңырауқұлақ ауруларын және тағы сол сияқты зиянкес жәндіктерді, кенелерді құртады. (Мысалы, каратан, мороцид, күкірт препараттары). Бұларды акарофунгицид деп атайды. Көптеген гербицидтер қолдану мөлшерін жоғарылатқан жағдайда ағаш бұталарды жояды. Оларды арборицид деп атайды. Инсектицидтер ағзаға ену және әсер ету қасиетіне байланысты ішекпен баратын, жанаспа әсерлі, фумиганттар болып жіктеледі. Ішекпен баратын инсектицидтер қоректік заттар мен бірге зиянды жәндіктердің ағзасына еніп уландырады. Жанама әсері бар инсектицидтер жәндіктердің тері қабатын тікелей жанасу арқылы улайды. Фумиганттар – жәндіктердің ағзасына тыныс жолдары арқылы, газ күйінде енеді. Барлық пестицидтер жанама әсерлі, жүйелік болып екі топқа бөлінеді. Жанама әсерлі пестицидтер зиянды ағазаларды тікелей жанасу арқылы жояды. Жүйелік пестицидтер өсімдіктердің ағзасына сіңгіш, ұлпаларымен жылжи отырып, зиянды ағзаларды жояды.
Биологиялық белсенді заттар
Өсімдікті зиянды ағзалардан қорғау үшін биологиялық белсенді заттарды қолдану көп зерттелген. Олар төмендегідей болып бөлінеді: Феромондар - жәндіктерден қоршаған ортадағы зиянкестерге әсер еткіш, бөліп шығарылатын заттар. Аттрактанттар – жәндіктер мен жануарларды иісімен, дәмімен еліктіргіш заттар. Репеленттер – жәндіктерді иісімен, дәмімен үркітетін заттар. Ингибиторлар – тірі ағзадағы зат алмасу процестерін, ферменттердің белсенділігін төмендететін органикалық, бейорганикалық заттар. Антифиданттар – жәндіктердің қоректенуін төмендететін заттар. Дефолианттар – өсімдіктің пісіп жетілуін жылдамдататын, өнім жинау жұмыстарын жеңілдететін, сабақтағы жапырақтарды түсіруге арналған заттар. Десиканттар – өнім жинау алдында өсімдіктерді кептіруге арналған заттар. Реторданттар – өсімдік сабағының өсуін бәсеңдететін заттар. Химиялық иммунизатор – өнімділік сапасын жоғарылататын өсімдіктің зат алмасу процестерін жақсартқыш заттар. Химиялық өндірісте шығарылатын барлық пестицидтер сапа жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы тиіс. Бұл стандарт препараттың нақты атын (химиялық және қысқаша аты), құрамын, дайындалу техникалық жағдайын, әсер етуші заттың мөлшерін, қоспалары, ылғалдылығы, сулағыш ұнтақтардың дисперстілігі, әсер етуші затты анықтау әдісі, сақталу мерзімі сияқты мәліметтерді қамтиды. Жыл сайын жаңа пестицидтер сынақтан өткізіліп, оларды өндірісте қолдану үшін Қазақстан Республикасының өсімдік қорғау құралдарын сынау және тіркеу жөніндегі комиссиясы ұсынады.
Дәріс -3
Тақырыбы:Пестицидтерді қолданудағы физикалық – химиялық негіздер
Препараттық формалар
Пестицидтердің тиімділіктері препараттың қолдану формасына және жағдайына байланысты. Пестицидтердің және зиянкестердің алуан түрлілігі көптеген препараттық формалардың жасалуын талап етеді. Дүние жүзі бойынша пестицидтердің 100 000-нан аса препараттық формалары бар. Белгілі жағдайда өте тиімді препараттар олардың әсер етуші заттарының физикалық-химиялық қасиеттеріне, қарсы қолданылатын нысанына және қолдану әдісіне байланысты іріктеп алынады. Көптеген жағдайда препараттың таңдамалық қасиеті препараттық формасына байланысты. Мұндай қасиет көбінесе гербицидтерге тән. Мысалы, жоңышқа егістіктерінде арамшөптерге қарсы қолданылатын 2М-4Х немесе калий тұздары өте тиімді, алайда препаратқа суландырғыш қосқан жағдайда оның жоңышқаға кері әсері байқалады. Пестицидтердің бірнеше негізгі топтары бар:
1) ұнтақтар; 2) түйіршіктер; 3) мирокапсуладағы препараттар; 4) сулы ертінділер; 5) ерігіш ұнтақтар; 6) концентрат эмульсиялар; 7) пасталар, сулы суспензиялар; 8) аэрозольдар мен фумиганттар; 9) басқа да түрлер.
Бөлшектері 3-30 мкм пестицидтер мен инертті толықтырғыштардың механикалық қоспаларын инсектицидтті, акаридцидттік, фунгицидттік ұнтақтар (дустар) деп атайды. Ұнтақтау процессі кезеңінде пестицидттің және толықтырғыш бөлшектерінің арасында: 1) Ұнтақтар (дусттар), умен тозаңдану немесе опалану; 2) түйіршіктелген (немесе микротүйіршіктелген) өсімдіктерді өңдеуге және топыраққа енгізуге арналған препараттар; 3) өсімдіктер мен топыраққа бүркілетін микрокапсуладағы препараттар; 4) судағы ерітінділер және органикалық ертітінділер (оның ішінде ультраазкөлемдегі ерітінділерді өсімдіктерге бүрку үшін қолданады); 5) сулайтын ұнтақтар, бүрку үшін қолданылатын су суспензиясы түрінде; 6) эмульсиялы концентраттар, эмульсияға су қосу арқылы немесе концентрленген эмульсиямен бүрку; 7) пасталар және сулы суспензиялар; 8) аэрозолдар мен фумиганттар; 9) басқа түрлері - антисептикалық және инсектицидті сабындар, бояулар, лактар, сылақшылар (маздер), мастиктер, балауыздар, инсектицидті қарындаштар және бактерицидті қағаздар, әртүрлі қармақ жемдер және т.б. Препараттардың соңғы түрлері шектеп қолданылады және аз мөлшерде өндіріледі. Улы қармақ жемдердің бір ерекшелігі - кеміргіштерге қарсы қолданылатын препараттардың негізгі түріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |