Вегетативтік көбею (лат. вегето – тірілту, қоздыру, өсіру) – өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі.
Вегетативтік көбею - көп жасушалы ағзалардың жыныссыз көбеюдің бір түрі: жаңа дарақтың ата-анасының бір бөлігінен пайда болуы.
Вегетативтік көбею төменгі сатыдағы өсімдіктерге және барлық өсімдіктерге тән.
Вегетативті көбейту Қаламшалар арқылы көбейту
Телу арқылы көбейту
Сұлату арқылы көбейту
Қаламшалар арқылы көбейту
Жүзімнің 2-3 жылғы өркендерінен жапырақтарын алып тастап 40-50 см етіп қаламшалар дайындайды,бірнешеуін топтап байлайды,2/3 бөлімін топырақпен көмеді,1/3 бөлімін ашық қылады да,ағаш жаңқаларымен,өсімдік қалдықтарымен жабады.Көктемде тамыр байлағанда отырғызады.
Телу арқылы көбейту
Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыру. Дәмді, суыққа төзімді, зиянкестерге шыдамды, іріктемелер шығаруға телу әдісін қолданады.
Суыққа төзімді жеміс алу үшін мәдени өсімдіктердің бүршігін жабайы өсімдікке телиді. Суыққа төзімділік қасиеті жемістерге беріледі. Телудің кубрик қолданылып жүргендері –жанастыра телу, кесінділеп телу, көзшелеп телу.
Жынысты көбею
Гүлде арнайы жыныс жасушалар - аталық пен аналық жыныс жасушалары түзіледі . Аналық жыныс жасушасы - жұмыртқа жасушасы аналықтың түйініндегі тұқымбүршікте түзіледі . Аталық жыныс жасушалары - аталықтағы тозаңқапта түзілген тозаңда орналасады .Тозаңдану аталық тозаңының аналықтың аузына келіп түсуі.
Тозаңдану
Өздігінен тозаңдану - бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүл аналығының аузына ( қос жынысты гүл ) түсуі . Мысалы ,ноқат, бидай.
Айқас тозаңдану бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүл аналығына түсуі . Айқас тозаңдануды бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді . Мысалы , жүгері.
Жынысты көбеюдің үш түрі болады: