Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланба;
Табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі;
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс аурулары басқа өңірмен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млнн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар бар. Олар:
Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту;
Қорытындылай келе, жоғарыда сөз болған жәйттердің негізгі түйіні Жер-Ана әлем елдеріне ортақ, оның бетінде болатын табиғи ауытқушылық көгілдір планетаны мекен етушілердің бәріне бірдей зардабын тарттырады. Оған жанды мысал көз алдымызда суалып бара жатқан Арал теңізі.Өйткені, мұның кеуіп қалған теңіз арнасынан ұшқан тұздың Үндістан шай алқаптарын басып қалғанын айтпағанда, мұхит асып барып, Американың экологиясын да бүлдіріп жатқанының өзі-ақ табиғатқа “менікі-сенікі” деп қарауға болмайтынын байқатты. Міне, сондықтан да “Аспан” деп аталатын ортақ шаңырақ астындағы табиғат та ортақ. Міне, осыған сәйкес болуы керек, БҰҰ-ның осы жуырдағы биылғы сессиясында Арал мәселесін арнайы қарауы тегін емес. Сөзімді қорытындылай келе, әлемдік апаттың түп төркінін тани білейік дегім келеді.