Оспан Жансая Елеуқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата15.09.2017
өлшемі88,62 Kb.
#33554
Оспан Жансая Елеуқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қ.Абаханов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы
Ашық тәрбие сағаты. "Көк байрақ көкте желбіреп... "
Білімділігі: Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі:  интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер, кітап көрмесі.

Жүру   барысы:

1-жүргіуші Құрметті ұстаздар! Тәуелсіздік жолында сан ғасырлық тарихы бар Қазақ елі ерлік пен елдіктің арқасында бірлігін сақтай отырып бүгінгі күнге жетті. Қанша жыл, қанша уақыт өтседе ұмытылмай ел есімінде мәңгі сақталатын еліміздің Егемендік алған күні. Ұмытылмайтындылығы - оның халық тағдырымен байланыстылығы. Асыл да аяулы ұл- қыздарымыздың арқасында Қазақстан Егеменді мемлекет болып дүниежүзіне танылды.

2-жүргізуші: Содан Сондықтан еліміздің Тәуелсіздік мерейтойын атап өту барша қазақ елі үшін үлкен қуаныш! Осыған орай 11- сынып оқушыларының "Көк байрақ көкте желбіреп..." атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы халқым менің,

Ардақта дәстүрінді, салтынды елім,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым,

Өзіңсін, Қазақстан, ән арманым!

2-жүргізуші: Армысыздар, аяулы алтын елім,

Салем саған алтын күн, халқым менің,

Ашық болсын көк аспан, нұрлы жерің,

Құтты болсын мерекелі күнің бүгін.


1-жүргізуші:  Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім,

Ел іргесі берік болсын ұраным

Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну

Салт-дәстүрлі қолдан түспес ұраным!
2-жүргізуші: Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным

Бір өзіңдей Мұхтар, Абай, Шоқаным

Тәуелсіздік сәбиімнің шаттығы

Тәуелсіздік ақ батасы атаңның!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр-әнім,

Көкбайрақ пен Елтаңба, Әнұраным

Мен өзіңнен Тәуелсіздік айналдым,

Алтын арай, көкке өрлеген қыраным!
2-жүргізуші: Бабалардың рухымен кеңескем,

Өзіңменен бекем белім, тең өскен,

Егеменді елдігіме бүгінгі

Қол жеткізген асыл ұрпақ емес пе ең?


1-жүргізуші: Құт-береке халқыма қайта келдің,

Орындалып арманы байтақ елдің!

Тарихынан халқымның бір үздік сыр,

Айта бергім келеді айта бергім.


Қария: Иә, айналайын ұрпақтарым. Тәуелсіздіктің көгін көрген, еркіндіктің жолын билеген бақытты ұрпақ сендерсіңдер шырақтарым. Осы бақытты уақыттың қадір-қасиетін ұғынып, егемендіктің елдігін сақтаңдар қарақтарым! Сендер біле білсеңдер қазақ жері, қазақ елі бүгінгі күнге оңай жеткен жоқ. Қаншама тарихи кезеңдер мен сергелдең жылдарды, қанды соғыстар мен зорлық- зомбылықты бастан кешірді десеңші. Қаншама ұлы ғұламалар, ойшылдар, билер мен хандар өтті десеңші.

ХҮ ғасырда қазақ хандығы құрылды. Алайда тәуелсіз Қазақ елі бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге тұс-тұстан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қазақ үшін осы бір кезеңдер, туған елінен, туған жерінен айырылған, далада жосыған халыққа жаулардың шабуы Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деген атпен қалады. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.



Қария: Бірақ қазақ жерін басып алғысы келгендер осыменен тоқтамады. Қалмақ шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып, елдің берекесін, бірлігін кетірді. Бірақ қазақтың елдері мен намысты батырлары өз елі мен жерін қорғап қазақ елінің біртұтастығын сақтап қалды.

(сахнаға батырлар шығады)

Қария: Қайран Отырар! Шыңғыс ханның шапқыншылығынан қол астында қалған қала. Қазақтың қаншама қасиетті кітаптеры мен ғылымды өрт астында қалған жылдар. Шығыстың ғылым ордасы Отырар кітапханасы жоғалып, өнер, ғылым, білім мен мәдениетімізге кедергі келтірді.

(«қазақша күй» Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз найзаларын біріктіреді)

Қария: Иә, 1923-33жылдары адам айтса нанғысыз ашаршылықта 6 миллиондай халықтың 2,5мил. опат болды. Тағы аштық, жалаңаштық, тағы да өлім. Өз атамекенін тастап қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік, орыс жерлеріне қоныс аударған халық. Осы уақытта қазақ зиялыларын қамауға алу басталды, қазақтың бес арысы мен үш алыбы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіп Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров халық жауы атанып, кете барды...

Замана сондай қағылды,

Қағынбаса нағылды,

Құрсаулы қара нардай боп,

Қарсы алдынан шабылды,

Арғымақтың жүйрігі,

Арбада кетті шабылмай,

Мұсылманның жақсысы,

Абақта кетті табылмай.

(оқ атылған дауыс, музыка) слайд

Қария: 1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизимнен бүкіл адамзатты, азаттықты қорғап ерекше ерлік көрсетті.

(соғыс кезіндегі музыка)

Әлия, Мәншүк, Мәлік пен Төлеген,

Қас батырдың ерлігімен теңелген,

Қасым, Рақым, Бауыржандай ұл туған,

Қазақ елім, батырсың-ау не деген?

Соғыс жұлып кетсе де, әрбір үйдің тірегін,

Соғыс өрті жалмаса да, әрбір адам жүрегін,

Қас батырдың ұрпақтары, қас жауына беріспей,

Жеңіспенен оралды олар туған елге көріспей.

Қария: Иә, қазақтың еркіндікке қол созған қасіреті осымен аяқталған жоқ. Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық сананың намысы жетелеген жаңа әрі қайсар буынды әлемге паш етті. Қазақ елінің 70 жыл бойы отарлықтың әкімші саясатынан іште беріш боп қатқан ашу ызасы тұңғыш рет осы буынның мінезі арқылы сыртқа шықты және бұл қайта құру кезеңінің ұранына сай жаңа демократиялық қозғалыстың басы болды.

(Сахнаға бір топ студенттер плакат алып шығады)

1-студент: «Бізге шындық керек, біз әділетті қолдаймыз»

2-студент: «Бізге өз көсеміміз керек»

3-студент: «Әркімге өз көсемі өз елінен болсын»

4-студент: «Әр республикаға өзінің басшысы болсын!»


 2-жүргізуші:        Хор:  «Желтоқсан желі»

Қайрат:  

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына

кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім

бар.

(Қайғырған музыка журіп тұрады)

Ақтық  сөзі:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер- ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма сорыма,

Біріншіден, мен анамды сағындым,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне, абақтыға жабылдым,

Әкетай- ау, Пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді  асылдар

Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды ай біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған,

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман — саулық тілеймін,

Өздеріңмен бірге болсын тілегім

Өздеріңе тіл қата алмай достарым,

Қайғы мұңлы өмірімді бастады.

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қария: Міне, ұрпақтарым, қазақ елі, қазақ жері осыншама қайғы-қасіретті бастан кешіріп, бүгінгі тәуелсіздікке қол жетті. Осы еркіндігіміз бен тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетіне жетіңдер. Өз елің мен жеріңді қорғап, ата-бабаларыңның қанымен, жанымен қорғаған кең байтақ қазақ жерін көздің қарашығындай сақтап, ұлтымыздың рухы мен тілін, дінін сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу сендерге аманат! Аманат! Аманат!

1-жүргізуші:  Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Елбасымыз" Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан"деген болатын.Сол тәуелсіз Қазақстан жылма - жыл даму, жаңғыру жолына бет бұрды. Даңғыл жолдағы жетістіктерді тізгіндесек:

1991 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды

Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы -төл теңгеміз дүниеге келді .

1994 жылы Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.

.1995 жылы 30 тамызда Жаңа Ата Заңымыз қабылданды.

1992 ж. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.



1997 жылы Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып жарияланды.

1999 ж. 10 қантар ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.

1998 жылы 10 маусымда Елордамыз Астанаға көшті.

2010 жылы Желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды. ЕКЫҰ / OSCE / саммиті өтті.

2011 жыл. Азиада-2011 Қазақстанда спортық ойындар өтті.

Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, мақтанышымыз.



1-жүргізуші:   Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де,

Асқар тау да сенікі

Бау-бақшада сенікі

Бәрі-бәрі сенікі
2 -жүргізуші:  Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,

Егемендік-ел бақыты ертеңгі,

Құтты болсын егемендік-қуаныш!


Хор:  «Қазақ елі»


Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет