Мұғалімнің аты-жөні:
|
Оспанова Гульмира Нургазыевна
|
Пән/Сынып:
|
Химия, 9 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
4- сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
І тарау. Электролиттік диссоциация
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер
|
Оқу мақсаты:
|
9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
|
Бағалау критериі:
|
күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіреді және оларды ажырата біледі
диссоциациялану дәрежесін анықтайды
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндіру. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырманы бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Оқу тапсырмасын ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
00:00 – 03:00
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Сенің меңгеретінің:
Күшті және әлсіз электролиттер
|
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
|
|
|
Презентация
Слайд 1
Слайд 2
|
8 минут
03:00 – 11:00
11:00-14:00
|
Жаңа сабақ
|
Диссоциациялану дәрежесі
Егер тұз қышқылы мен сірке қышқылының ерітінділерінің электрөткізгіштігін салыстыратын болсақ, тұз қышқылында шамның жарқырап жанғанын, ал сірке қышқылында әлсіз жанғанын байқауға болады.
Себебі: диссоциациялану қайтымды процесс боландықтан, электролит ерітінділерінде оның иондарымен бірге молекулалар да болады. Сондықтан электролиттік диссоциация сандық жағынан диссоциациялану дәрежесімен сипатталады, оны гректің α-әрпімен әріпімен белгілейді.
Электролиттің диссоциациялану дәрежесі құрамындағы еріген заттың үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш еріткіш пен еріген заттың қасиетіне және еріген заттың концентрациясына, сыртқы температураға тәуелді.
Диссоциациялану дәрежесі (α) – диссоциацияланған молекулалар санының (n), ерітіндідегі жалпы молекулалар санына (N) қатынасы:
Күшті және әлсіз электролиттер
Электролиттерді табиғатына қарай шартты түрде күшті және әлсіз деп екіге бөлуге болады.
Диссоциациялану дәрежесі
0,3 (30%)-тен жоғары – күшті,
0,03 (3%)-тен 0,3 (30%)-ке дейін – орта, ал 0,03 (3%)-тен төмен – әлсіз электролитке жатады.
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11628/9.mp4
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
|
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11628/9.mp4
|
9 минут
14:00-17:00
17:00-20:00
|
Тапсырма
|
1 тапсырма
Зерттелген қосылыстарды келесі топтарға жікте: күшті электролиттер, әлсіз электролиттер және бейэлектролиттер.
хлорсутек, HCl
|
күшті электролит
|
натрий гидроксиді,
NaOH
|
күшті электролит
|
сірке қышқылы,
CH3COOH
|
әлсіз электролит
|
натрий хлориді,
NaCl
|
күшті электролит
|
этанол, C2H5OH
|
бейэлектролит
|
сахароза, C12H22O11
|
бейэлектролит
|
2 тапсырма
Егер ерітіндіге 200 молекуланың 20-ы ыдыраса, электролиттік диссоциациялану дәрежесі неге тең болады?
Берілгені: шешуі:
n = 20 α= 20/200 ∙ 100% = 10%
N=200
Табу керек: (α)=?
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Дескриптор:
-қосылыстарды ажырата алады
Дескриптор:
- диссоциациялану дәрежесін
анықтайды;
|
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9
Слайд 10
|
2 минут
20:00-23:00
|
Бекіту
|
Сабағымызды қорытындылайық
Оқу тапсырмасы:
Электролиттерді күшті және әлсіз деп жіктеудің себебі неде?
Күшті және ілсіз электролиттерге мысал келтір(кем дегенде екеу)
Бүгінгі сабақта:
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
|
|
Слайд 11
|