Оспанова М. Қ. Аухадиева Қ. С


§ 58.  2(II)  ТОП  ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата09.10.2019
өлшемі15,47 Mb.
#49518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ospanova Himia 10 EM kz II chast

§ 58.  2(II)  ТОП  ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ 
ХИМИЯЛЫҚ  ҚАСИЕТТЕРІ
2(II)  топ  металдары  –  күшті  тотықсыз-
дандырғыштар. Химиялық тұрғыдан мейлінше 
белсенді металдар. Химиялық белсенділіктері 
бериллийден  радийге  қарай  өседі.  Олар  көп-
теген бейметалдармен  оксидтер немесе сәйкес 
тұздар (гидрид, галогенид, сульфид, фосфид, 
нитридтер  және  т.б.)  түзіп  әрекеттеседі. 
Химия лық  қасиеті  жағынан  бериллийдің 
Be  топтағы  басқа  металдардан  айтарлықтай 
айырма шылығы  бар.  Енді  осы  металдардың 
химиялық қасиеттерін қарастырып көрейік.
1.  Бейметалдармен  әрекеттесуі.  Ca,  Sr, 
Ba  ауада  оңай  тотығады,  сондықтан  олар  ауа 
қатысынсыз  сақталады.  Ал  бериллий  Be  мен 
магний Mg оттекпен қыздырғанда әрекеттеседі : 
Бүгінгі сабақта:

2(II) топ элементтерінің 
физикалық қасиетте-
рі нің өзгеру заңды-
лық тарын түсінетін 
боламыз; 

Сілтілікжер металдары-
ның маңызды қосылыс-
тарының қолдау аясын 
білетін боламыз.

2(II) топ элементтері

Химиялық қасиеттері

Қолданылуы
Тірек ұғымдар

34
2Ca + O
2
 = 2CaO
Ca + H
2
 
400° 
C
 CaH
2
Be + Cl
2
 = BeCl
2
,
Bа + S = B
аS
3Ba + 2P 
→ Ba
3
P

3Ca + N
2
 
500° 
C
 Ca
3
N
2
Кальций — азотпен тікелей әрекеттесетін санаулы металдардың бірі.
2. Сумен әрекеттесуі. Қалыпты жағдайда Be мен Mg басқа металдар  
сумен шабытты әрекеттесіп сутегін бөледі:
Ca + 2H
2
O = Ca(OH)
2
 + H
2
Ê
Магний сумен тек қыздырғанда әрекеттеседі:
Mg + 2H
2
O = Mg(OH)
2
 + H
2
Ê
3. Қышқылдармен әрекеттесуі
1. Тотықтырғыш емес қышқылдардың ерітіндісімен әрекеттесуі: 
Mg + 2HCl = MgCl
2
+H
2

Be + H
2
SO
4 (сұйылт)
 = BeSO
4
 + H
2

2.  Тотықтырғыш  қышқылдардың  ерітіндісімен  әрекеттесуі.  Азот 
қышқылымен  әрекеттескенде  тотықсыздану  өнімдері  азот  оксидтері 
болып табылады. Көп жағдайда азот (I) оксиді N
2
O түзіледі, ал қышқыл 
ерітіндісі  өте  сұйылтылған  болса,  онда  аммоний  нитраты  NH
4
NO

түзіледі:
4Mg + 10HNO
3(сұйылт)
 = 4Mg(NO
3
)
2
 + N
2
O + 5H
2
O,
4Mg + 10HNO
3(өте сұйылт.)
 = 4Mg(NO
3
)
2
 + NH
4
NO
3
 + 3H
2
O,
Концентрлі  күкірт  қышқылымен  H
2
SO
4
  бериллий  қыздырғанда 
әрекеттеседі,  ал  барийден  басқа  металдар  кез  келген  жағдайда 
тіпті  қышқылдың  салқын  ерітіндісімен  де  әрекеттеседі.  Металдың 
белсенділігіне байланысты тотықсыздану өнімі ретінде SO
2
, H
2
S және 
S түзіледі:
Be + 2H
2
SO
4 (конц)
 = BeSO
4
 + SO
2
↑ + 2H
2
O
3Mg + 4H
2
SO
4 (конц)
 = 3 MgSO
4
 + S + 4H
2
O
4Ca + 5H
2
SO
4 (конц)
 = 4 CaSO
4
 + H
2
 S
↑ + 4H
2
O
4. Сілтілермен әрекеттесуі:
Бериллий  сілті  ерітінділерімен  де,  сусыз  сілтілермен  қосып  қыз-
дырғанда оңай әрекеттеседі:

35
Be + 2KOH + 2H
2
O = K
2
[Be(OH)
4
] + H
2
↑ калий тетрагидроксоберил-
латы 
Be + 2KOH= K
2
BeO
2
+ H
2
↑ калий бериллаты 
5. Оксидтермен әрекеттесуі:
Белсенділігі  төмен  металдар  мен  кейбір  бейметалдарды  олардың 
оксидтерінен тотықсыздандырады.Мысалы:
2Mg + SiO
2
 = 2MgO + Si
Қолданылуы.  Магний  металы  жеңіл  құймалар  алуда  кеңінен 
қолданылады. Мысалы, құрамы 80% Mg, 10% Al, 6% Zn, 0,2% Мn 
және  т.б  тұратын  “электрон”  құймасын  атауға  болады.Бұл  құйма 
автокөліктер  мен  ұшақтар  жасауда  қолданылады.Магнийдің  оттекті 
қосылыстарынан маңыздысы магний оксиді MgO, кейде күйдірілген 
магнезия деп те аталады. Балқу температурасы 2800°С, отқа төзімді 
кірпіш  алуда  қолданылады.  Күйдірілген  магнезия  медицинада  да 
қолданылады.Магний силикаты— тальк 3MgO · 4SiO
2
 · Н
2
O пен асбестің 
CaO · 3MgO · 4SiO

беріктігіне
 
байланысты өзіндік қолдану аясы бар.
Асбестің құрылысы талшықтық, сондықтан одан жоғары темпера-
тураға төзімді арнайы киімдер тігеді. Кальций металы никель, мыс 
және  таттанбайтын  болат  алу  процестерінде  тотықсыздандырғыш 
болып  табылады.  Кальцийдің  қорғасынмен  құймасы  аккумулятор 
батареялары подшипник құймаларында қолданылады. Сөндірілмеген 
әк CaO негізінен сөндірілген әк Ca(OH)
2
 алуға жұмсалады, Сондай-ақ 
газдарды бір мезгілде су мен көмірқышқыл газынан CO
2
 арылту үшін 
пайдаланылады.  Сөндірілген  әк  Ca(OH)
2
  құрылыста  байланыстыру-
шы зат ретінде және сылақ әзірлеуге кеңінен қолданылады. Ca(OH)
2
 
судағы қаныққан ерітіндісі 
әк суы, ал жүзгіні әк сүті деп аталады. 
Әк сүтін қант өндірісінде оны бөгде қоспалардан тазарту үшін пайда-
ланса, әк суы көміртек (IV) оксидіне реактив болып табылады және 
судың  кермектігін  кетіру  үшін  қолданылады.  Хлорлы  әктің  CaOCl

практикалық маңызы үлкен. Ол ағартқыш және залалсыздандырғыш 
ретінде көп қолданылады. 
Ғаныш  (гипс)  CaSO
4
 
.  2H
2
O  —  кальций  сульфатының  дигидра-
ты.  Құрылыста,  медицинада  сынған  сүйектерге  таңғыш  ретінде 
қолданылады. Таза алебастрдан CaSO
4
 
. 0,5H
2
O  қолөнер бұйымдарын 
жасайды, медицинада ғаныш таңғыштарын жапсыруға қолданылады. 
Әк,  құм  және  сумен  алебастрдың  қоспасы  сылайтын  зат  ретінде 
қолданылады. Таза алебастрдан CaSO
4
 
. 0,5H
2
O қолөнер бұйымдарын 
жасауға, медицинада ғаныш таңғыштарын жапсыруға қолданылады.
Бор,  мәрмәр,  әктас  маңызды  рөл  атқарады.  Мәрмәрдан  әдемі 
мүсіндер  жасап,  құрылыс  нысандарын  әрлейді.  Әктас  та  құрылыста 
қолданылады

36
 
2(II) топ металдары — күшті тотықсыздандырғыштар. 
Химиялық  тұрғыдан  мейлінше  белсенді  металдар. 
Химиялық белсенділіктері бериллийден радийге қарай 
өседі. Олар көптеген бейметалдармен  оксидтер немесе 
сәйкес  тұздар  (гидрид,  галогенид,  сульфид,  фосфид, 
нитридтер  және  т.б.)  түзіп  әрекеттеседі.  Химиялық 
қасиеті  жағынан  бериллийдің  Be  топтағы  басқа  металдардан  айтар-
лықтай айырмашылығы бар. 
  1.  Магний мен бериллийдің ауада тотығуға тұрақтылығын қалай түсіндіруге болады? 
 
2.  Бериллийдің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар.
 
3.  Өздерің  білетін  бірнеше  тәсілмен  магний  сульфатын  алу  реакцияларының 
теңдеулерін (молекулалық, иондық түрде) жазыңдар. 
 
4.  Магний  хлоридінің  балқымасынан  электролизбен  магнийді  алу  процестерін 
сипаттаңдар. 
 
5.  Сілтілікжер металдарының тотықсыздандырғыш қасиетін дәлелдейтін бірнеше 
реак ция теңдеулерін жазыңдар.
 
6.  Күйдірілген әкті неге ауада ұзақ уақыт қалдыруға болмайды? Себебін реакция 
теңдеулерімен түсіндіріңдер.
 
7.  Әкті сөндіру химиялық реакциялардың қай түріне (экзотермиялық немесе эндотер-
миялық) жатады? 
 
8.  Сілтілікжер металдары мен олардың қосылыстары қайда қолданылатыны туралы 
әңгімелеңдер.
 
9.  Берілген CaCO
3
, MgSO
4
 және Ba(NO
3
)
2
 тұздарының ақ ұнтақтарын бір-бірінен 
ажырату әдістерін ұсыныңдар. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар. 

1.  Құрамында 10% қоспасы бар 5 кг әктасты өртегенде CO

қандай
 
көлемі (қ.ж.) 
түзіледі? 
Жауабы: 1008 л.

2.  Құрамында әктастың CaCO
3
 қоспасы бар 5 г кальций оксидін CaO қышқылмен 
өңдегенде 140 мл газ (қ.ж) түзілді. Бастапқы қоспадағы CaCO
3
 массалық үлесі 
қандай?  
Жауабы12,5%

3.  Массасы 248 г CuSO
4
 ерітіндісіне 20 г магний ұнтағын қосты. Біраз уақыттан кейін 
тұнбаға түскен металды жинап кептірді. Оның массасы  28 г болды. Алынған 
ерітіндідегі магний сульфатының массалық үлесін анықтаңдар.   Жауабы: 10%.
§ 59.  ТАБИҒИ  КАРБОНАТТАР
Карбонаттар  көмірқышқылының  (H
2
CO
3

тұздары екенін сендер білесіңдер.Олар көптеген 
минералдар  мен  тау  жыныстарының  негізгі 
құрам  бөліктері  болып  табылады.  Табиғи 
карбонаттардың  200  астам  минералдары 
белгілі.Соның ішінде кальцийдің карбонатта-
ры (кальцит, арагонит), магнийдің карбонаты 
(магнезит ) табиғатта кең тараған. Барийдің, 
стронцийдің  және  т.б.  карбонаттары  сирек 
кездеседі.  Кальциттің  CaCO
3
,  доломиттің 
CaMg(CO
3
)
2
  негізін  кальций  мен  магнийдің 
Бүгінгі сабақта:

карбонаттардың таби-
ғат тағы айналымы тура-
лы білетін боламыз

Карбонаттар
Тірек ұғымдар

37
карбонаттары құрайды (87-сурет). Сонымен қатар кальций карбонаты 
бор, мәрмәр және әктас сияқты тау жыныстарының да негізін құрайды. 
(77-сурет).
1
2
3
5
4
77-сурет. Табиғи карбонаттар: 1 — кальцит; 2 — доломит; 3 — бор; 4 — мәрмәр; 
5 — әктас
Кальцийдің табиғи карбонаттарының (әктастың мәрмәрдің,бордың) 
қалың  қабаттарының  түзілуі  теңізде  тіршілік  ететін  организмдерге 
байланысты. Өйткені кальций карбонаты көптеген тірі организмдердің 
қаңқасын, бақалшағын, сауытын жасауға қатысады. Осындай тірі ор-
ганизмдер тіршілігін жойғанда олардың қалдықтары су қоймаларының 
түбінде жиналады. Олардан бор немесе басқа минералдардың шөгінділері 
түзіледі. Кальций карбонаты суда ерімейді, қышқылдарда жақсы ериді.
Жаңбыр  және  табиғи  сулар  ауадағы  көмірқышқыл  газын  ерітіп, 
көмір  қышқылын  түзеді:  H
2
O  +  CO

= H
2
CO

Қышқылдың  ерітіндісі 
топыраққа сіңіп, жолындағы әктас, доломит, магнезит сияқты мине-
ралдарды ерітеді.
Олардың  құрамындағы  кальций  карбонаты  мен  көмірқышқылы 
әрекеттесіп, нәтижесінде кальций гидрокарбонаты түзіледі:
CaCO
3
 + H
2
O + CO
2
 

 Ca(HCO
3
)
2
CaCO
3
 + CO
2
 + H
2
O = Ca(HCO
3
)
2
 
кальций 
 
гидрокарбонаты 
Гидрокарбонаттар  шайылып,тау  жыныстарының  қабатында  ірі 
бос  орындар  мен  үңгірлер  пайда  болады.  Кальций  гидрокарбонаты 
Ca(HCO
3
)
2
 ерітінділеріндегі судың булануы барысында ол ыдырайды: 
Ca(HCO
3
)
2
 

 CaCO
3
' + H
2
O + CO
2
Ê

38
Осы  процесстің  нәтижесінде  қайтадан  кальций  карбонаты  СаСО

түзіледі.  Түзілген  карбонаттардан  үңгір  төбесінен  сүңгі  пішінді 
тұздардың кристалдары пайда болады. Олар сталактиттер деп атала-
ды. Бұл ондаған, жүздеген жылдар жүретін мейлінше баяу процесс.
Сталактиттердің  ұзындықтары  бірнеше  метрді  құрайды.  Сталактит-
терден тамған тамшыдан оған қарсы бағытта, яғни үңгірдің еденінен 
сталагмиттер өсіп шығады (88-сурет). Уақыт өте келе сталактит пен 
сталагмит тұтасып мұз бағаны — сталагнат түзеді. 
Табиғаттағы карбонаттардың айналымының моделін өздерің прак-
тикада тәжірибе арқылы жүзеге асыра аласыңдар. Ол үшін әк суына 
көмірқышқыл  газын  жібереді.  Ерітінді  лайланады,  яғни  кальций 
карбонаты түзілді:
Ca(OH)
2
 + CO
2
 = CaCO
3
' + H
2
O
 
(артық)  кальций
  
карбонаты
Ерітіндіге көмірқышқыл газын біраз уақыт жіберсе,қайтадан мөлдір 
ерітінді түзіледі:
CaCO
3
 + CO
2
 + H
2
O = Ca(HCO
3
)
2
 
Кальций 
 
гидрокарбонаты 
Кальций гидрокарбонатының мөлдір ерітіндісін қыздырсаңдар ол 
қайтадан лайланады:
78-сурет. Сталактитттер мен сталагмиттер

39
Ca(HCO
3
)
2
 
t
 CaCO
3
' + H
2
O + CO
2
Ê яғни қыздырғанда кальций ги-
дрокарбонатынан кальций карбонаты түзіліп тұнбаға түседі.
Карбонаттардың  гидрокарбонаттарға  және  керісінше  айна-
лу  процестерінің  табиғатта  маңызы  зор.  Ол  атмосферадағы  көмір 
қышқылының CO
2
 мөлшерін тұрақты ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
Егер атмосферада CO
2
 мөлшері жоғарыласа, мұхиттық карбонаттар оны 
байланыстырып,  гидрокарбонаттарға  айналады.  Егер  көмірқышқыл 
газы азайса, онда мұхиттағы гидрокарбонаттардың CO

бөліп, ыдырауы 
басталады да ерімейтін карбонаттар тұнбаға түседі.
1. 
Сталактит және сталагмит термины әдебиетке 1655 жылы дат табиғат 
зерттеушісі Оле Ворм енгізген.
Сен білесің бе?
Қолданылуы  Кальцийдің  табиғи  карбонаттары  (әктас,  мәрмәр) 
құрылыс  материалы;  бор  резеңке  қоспалары,  қағаз,  линолеум  үшін 
толтырғыш,  тіс  тазалайтын  ұнтақ,  косметикалық  заттар  т.б.  жасау 
өндірісінде қолданылады. Магний мен барийдің карбонаттары және т.б. 
құрылыс саласында,химия өнеркәсібінде, оптикада т.б. қолданылады.
Сталактит сөзі грек тілінен аударғанда тамшыдан түзілген дегенді білдіреді
.
Сен білесің бе?
 
Карбонаттар көптеген минералдар мен тау жыныс-
тарының маңызды құрам бөліктері болып табылады. 
Олар қышқыл ерітінділері әсерінен бұзылады. Нәти-
жесінде  кальций  карбонаты  мен  көмірқышқылы 
әрекеттесіп, кальций гидрокарбонаты түзіледі. Судың 
булану барысында кальций гидрокарбонаты ыдырайды. 
Процестің нәтижесінде қайтадан кальций карбонаты түзіледі. Карбонат-
тардың гидрокарбонаттарға және керісінше айналу процестері атмосфе-
радағы көмірқышқылының CO
2
 мөлшерін тұрақты ұстап тұруды қам-
тамасыз етеді.
  1.  Өздеріңе белгілі табиғи карбонаттарды атаңдар.Олар қайда қолданылады?
 
2.  а)  барий  оксиді  ә)  барий  гидроксидінің  берілген  заттармен  әрекеттесу 
реакцияларының теңдеулерін жазыңдар: CO
2
, N
2
O
5
, HCI, H
3
PO
4
 
  Реакция өнімдерін атаңдар.
 
3.  Айналымды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:
 
 
Ca → CaH
2
 → Ca(OH)
2
 → CaCO
3
 → Ca(HCO
3
)
2
 → CaCO
3
 → CaCl
2
CaO → CaSO
4

 
4.  Мына табиғи минералдарды: әктас, ғаныш, фосфоритті бір-бірінен қалай ажыратуға 
болды? Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.

40
 
5.  Қоршаған орта әсерінен кальций карбонатқа айналады. Тиісті реакция теңдеулерін 
жазыңдар.
 
6.  Кальций карбонаты суда ерімейді.Бірақ әктас сумен шайылып кетеді. Мұны қалай 
түсіндіруге болады? Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
 
7.  MgCl
2
  ерітіндісі  ас  содасының  NaHCO
3
  ерітіндісімен  әрекеттескенде  магний 
карбонаты MgCO
3
 тұнбаға түседі және CO

газы бөлінеді. Жүретін реакция теңдеуін 
жазыңдар.

1.  Массасы 2,76 г сақарды K
2
CO
3
 2,76 г сөндірілген әктің 200 г ерітіндісімен өңдеді.
Сақарды өңдеуге жұмсалған сөндірілген әктің массасын және ерітіндідегі  Ca(OH)
2
 
массалық үлесін (%) есептеңдер.  
Жауабы: 1,48 г; 0,74%.

2.  Тотығу дәрежесі +2 болатын 8 г металл сумен әрекеттесті,нәтижесінде көлемі 4,48 
л (қ.ж.) газ бөлінді. Реакцияға қатысқан белгісіз металды анықтаңдар. 
 
 
 
Жауабы: кальций.

3.  Доломиттегі CaCO
3
·MgCO
3
 кальций карбонатының массалық үлесі (%) қандай? 
Массасы 8 г доломитті ерітуге 10%-дық тұз қышқылының қандай массасы керек? 
 
 
 
Жауабы: 54,3% 63,5 г.

4.  Кальций  карбонаты  мен  гидрокарбонатынан  тұратын  524  г  қоспаны  тұз 
қышқылының ерітіндісімен өңдегенде  444 г кальций хлориді түзілді. Бастапқы 
қоспадағы компоненттердің массалық үлестерін анықтаңдар. 
 
 
 
Жауабы: 38,17% CaCO

және 61,83% Ca(HCO
3
)
2

5.  Стронций мен күкірт  хлормен жалпы формуласы XCl
2 
болатын қосылыс түзеді,
 
бірақ  олар  әртүрлі  қасиеттер  көрсетеді.  Қосылыстардың  қасиеттері  кестеде 
берілген:
Қасиеті
Стронций хлориді 
Күкірт (II) хлориді 
Сыртқы түрі
Ақ түсті қатты кристалдар
Қызыл сұйықтық
Балқу температурасы (
°
С) 873
–80
Бөлшектер 
иондар
молекулалар
Қатты күйіндегі 
электрөткізгіштігі
нашар
нашар
Сұйық күйіндегі  
электрөткізгіштігі
жақсы
нашар
 
  A) Әр заттың құрамында II валентті  элемент бар.Әр топта орналасқан элементтер 
неге бірдей валенттілік көрсетеді?
 
  B) Қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрастырыңдар.
 
  С)  Заттардың  қатты  күйіндегі  электрөткізгіштері  неге  бірдей  болатынын 
түсіндіріңдер.

41
№5-ЗЕРТХАНАЛЫҚ  ЖҰМЫС
II топ элементтері мен олардың қосылыстарының 
қасиеттерін зерделеу 
Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс 
істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.
Реактивтер:  кальций,  магний  металдары,  су,  тұз  қышқылының, 
күкірт қышқылының, натрий гидроксидінің, фенолфталеин ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен мен құрал-жабдықтар: сынауықтар; там-
шуырлар, шыны түтіктер.
Жұмыс барысы
1-тәжірибе. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын тәжірибелерді 
жасап, реакция теңдеулерін жазыңдар: 
a) Ca→ Ca(OH)
2
→CaCl
2
ә) Mg→ MgCl
2
→ Mg(OH)
2
→ MgSO
4
2-тәжірибе. Кальций гидроксидінің химиялық қасиеттерімен танысу
1.  Кальций  гидроксидін  фенолфталеинмен  анықтап,  тәжірибе 
нәтижесін түсіндіріңдер.
2. Алынған ерітіндіге түсі өзгергенше 1-2 мл тұз немесе азот қыш-
қылының ерітіндісін қосыңдар.
3.  Кальций  гидроксиді  бар  сынауыққа  түтікшемен  үрлеңдер.  Не 
байқадыңдар?  Тәжірибелердің  нәтижесін  түсіндіріп,  тиісті  реакция 
теңдеулерін жазыңдар.
№5-ПРАКТИКАЛЫҚ  ЖҰМЫС 
Эксперименттік есептерді шығару
Реактивтер: 
барий, кальций, магний хлоридтері немесе нитратта-
рының ерітінділері, натрий немесе калий гидроксидінің және карбо-
наттарының ерітінділері, кальций, магний металдары, су, тұз қыш-
қылының, күкірт қышқылының сұйылтылған ерітінділері, фенолфта-
леин ерітіндісі кальций, барий, строкций тұздарының ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар
Сынауықтар; тамшуырлар, шыны түтіктернихром сымы
Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс 
істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.
Жұмыс барысы
1-есеп. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып мына қосылыстарды 
алыңдар: 
1) барий сульфаты; 2) кальций карбонаты; 3) магний гидроксиді. 
2. Реакция теңдеулерін құрастырып, тиісті қорытынды жасаңдар.

42
2-есеп. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын тәжірибелерді жасап, 
реакция теңдеулерін жазыңдар: 
Ca→ Ca(OH)
2
→CaCl
2
→ CaCO
3
3-есеп. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын тәжірибелерді жасап, 
реакция теңдеулерін жазыңдар: 
Mg→ MgCl
2
→ Mg(OH)
2
→ MgSO
4
4-есеп. Сілтілікжер металдарының жалынның түсін бояуы 
Тазартылған нихром сымды кальций, стронций, барий тұздарының 
ерітінділеріне жеке-жеке батырып, спиртшамның немесе газ жанар-
ғының түссіз жалынына ұстаңдар. Кальций иондары жалынды кірпіш 
қызыл,  стронций  иондары  кармин  қызыл,  ал  барий  иондары  сары 
жасыл түске бояйды.

ХІІ тарау
ОРГАНИКАЛЫҚ  
ХИМИЯҒА  КІРІСПЕ

XII
тарау
44
ОРГАНИКАЛЫҚ   ХИМИЯҒА  
КІРІСПЕ
§ 60.  ОРГАНИКАЛЫҚ  ЗАТТАРДЫҢ  ҚҰРАМЫ
Органикалық химияны адамдардың меңгеруі 
және органикалық заттарды табиғи көздерінен 
алу  практикалық  қажеттіліктен  туындады. 
Ерте  кезден-ақ  адамдар  ашыған  шараптан 
сірке  қышқылын  алуды,  өсімдіктерден  эфир 
майын  алуды,  қант  қамысынан  қант  алуды, 
маталарды  бояуды,  сабын  қайнатуды,  тері 
илеуді  және  тамақты  дәмді  әрі  құнарлы 
етіп  дайындауды  білген.  Сонымен  бірге 
сырқатын  емдеуге  деген  ұмтылыс  табиғи 
заттарды медициналық тұрғыда пайдалануға 
қызығушылықты арт тыра түсті.
“Органикалық  химия”  терминін  ғылымға 
1807  жылы  швед  ғалымы  Й.Я.  Берцелиус 
енгізді. Бұл атау ол кезде тек тірі организмдерден 
бөлінген  заттарға  ғана  қолданылды.  Химия 
ғылымының  дамуымен  бірге  органикалық 
заттарды  табиғи  көздерден  алумен  қатар, 
химиялық  өңдеу  арқылы  басқа  заттардан 
өндіру  мүмкіндігі  туындады.  Қазіргі  таңда 
табиғатта  кездеспейтін  көптеген  заттар  бар, 
мысалы  пластмассалар,  синтетикалық  талшықтар,  дәрі-дәрмектер, 
жарылғыш заттар, бояғыштар, көксағыздар (каучуктер) және т.б.
Барлық органикалық қосылыстардың құрамына көмір тек элементі 
кіреді. Көміртектен басқа сутек атомдары өте жиі кездеседі. Көміртек 
пен сутектен тұратын қарапайым қосылыстар 
көмірсутектер деп ата-
лады. Мысалы, СН
4
, С
2
Н
6
, С
6
Н
6
 және т.б. 
Көмірсутек молекулаларындағы сутек Н атомдары ның орнын басқа 
атомдар немесе атомдар тобы басуы мүмкін. Мұндай орынбасу өнімдері 
көмірсутек туындылары деп аталады(9-сызбанұсқа).
Осылайша органикалық заттың құрамына көбінесе оттек, азот және 
галоген, сирек — фосфор, күкірт және басқа да элементтер кіреді. Бұл 
элементтерді 
органогендер деп атайды, яғни органикалық молекуланы 
туғызушы элементтер.

Көмірсутектер

Көмірсутек туындыла-
ры

Органогендер 
Тірек ұғымдар
Бүгінгі сабақта:

органикалық химия 
көмірсутектер мен 
олардың туындыларын 
зерттейтін химия ғылы-
мының бір саласы еке-
нін түсінетін боламыз;

органикалық заттардың 
бейорганикалық заттар-
дан айырмашылығын;

органикалық заттардың 
маңыздылығы туралы 
білетін боламыз

45
9-
сызбанұсқа
Метанның туындылары
Демек,  органикалық  және  бейорганикалық  заттар  арасында 
айтарлықтай айырмашылық жоқ, олар да бір-біріне түрленеді және дәл 
сол элементтерден құралады. Не себептен органикалық заттарды бөлек 
топ ретінде бөліп көрсетеді, олардың бейорганикалық заттардан қандай 
айырмашылықтары бар? Осы сұрақты бірге қарастырайық (45-кесте).
45
-кесте
Бейорганикалық және органикалық заттарды салыстыру
Типтік бейорганикалық заттар
Типтік органикалық заттар
Иондық және полюсті коваленттік байла-
ныстар
Полюссіз және әлсіз полюсті коваленттік 
байланыстар
Барлық  бейорганикалық  заттардың 
құра мына  кіретін  бірде- бір  химиялық 
элемент жоқ
Барлық  органикалық  заттардың  негізгі 
құрамына көміртек элементі кіреді
Электролиттер 
Бейэлектролиттер
Балқу  температурасы  жоғары  қатты 
заттар 
Балқу  температуралары  төмен  сұйық 
немесе қатты заттар*
Балқығанда айырылмайды
Қыздырғанда айырылып, СО
2
 бөледі не-
месе  көмірленеді  (осы  белгісі  бойын ша 
зерттелетін  заттың  органика лық  қосы-
лысқа жататынын анықтауға болады) 
Ауада тотықпайды, жанғыш емес
Ауада тотығады, жанғыш 
Суда ериді
Суда ерімейді немесе нашар ериді
Біздің  өміріміздегі  органикалық  химияның  маңызы  орасан  зор. 
Соңғы жылдары алынған жасанды полимерлік заттар (пластмассалар, 
талшықтар, полимерлік жабындар, желім, көксағыз) адамдарға ерте 

46
кезден  таныс  табиғи  материалдардың  орнын  толтырып  қана  қойған 
жоқ, сондай-ақ көптеген бағалы қасиеттері өнеркәсіптің бірқатар са-
лаларын түбегейлі өзгертті (79-сурет).
Органикалық қосылыстарды ауылшаруашылығында қолдану астық-
тан мол өнім алуға және ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құ нын 
төмендетуге  ықпал  етті.  Медициналық  синтездік  дәрілік  пре парат-
тарды қолдану адамның түрлі кеселдерден айығуына септігін ти гіз ді, 
нәтижесінде адамдардың орташа жасы едәуір ұзарды.
Біздер, яғни адамдар, нағыз органикалық заттардан құралғанбыз. 
Ойлап қараңдар: біздің жасушаларымыздың массасы бойынша 30% -ы 
органикалық  қосылыстар.  Нәруыздар  біздің  денемізді  құрайды. 
Көмірсулар  энергия  көзі  болып  табылады.  Майлар  энергия  қорын 
сақтайды. Гормондар органдардың жұмысын, тіпті кейде біздің мінез-
құлқымызды  да  реттейді.  Ферменттер  біздің  денеміздегі  химиялық 
реакцияларды  тездетушілер.  Тіпті,  “бастапқы  код”  ДНҚ  құрамында 
көміртек бар органикалық қосылыстардан тұрады.
Қазақстанның  органикалық  химия  өнеркәсібі  —  эко номиканың 
жас әрі жылдам дамып келе жатқан сала ларының бірі. Республиканың 
химиялық  және  мұнай-химиялық  кешендерінде  минералды  тыңайт-
қыштар,  пластмассалар,  жіптер  және  талшықтар,  техниканың  әр 
түріне арнап резеңкелер өндіріледі. Сонымен қатар Қазақстанда мұнай 
өңдейтін үш зауытта отынның әр түрі шығарылады. 
Химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіп химиялық кешеннің басқа 
салаларына қарағанда жылдам дамып келеді. Еліміздің 100-ден астам 
79-сурет. Адамзат синтездеген органикалық заттардың үлгілері

47
өндіріс  орындарында  өндірілген  дәрі-дәрмек  жалпы  қажеттіліктің 
10%-ын өтеп отыр.
Синтездік  органикалық  қосылыстар  адамзат  тір шілігінің  алуан 
түрлі салаларында қолданылады (80-сурет). Қазіргі кезде органикалық 
химияның  негіздерін  меңгермеген  адам  мұнайдан  алынған  әртүрлі 
өнімдерді экологиялық сауатты түрде қолдана алмайды. 
 
Органикалық химия — органикалық қосылыстар 
деп  аталатын  көміртек  қосылыстарын  және  бұл 
қосылыстардың  бір-біріне  айналу  заңдылықтарын 
зерттейтін химия ғылымының бір саласы, органикалық 
заттың құрамына көміртектен басқа оттек, сутек, азот, 
күкірт және басқа да элементтер кіреді. Қазіргі таңда 
табиғатта кездеспейтін көптеген заттар бар, мысалы, пластмассалар, 
синтетикалық талшықтар, дәрі-дәрмектер, жарылғыш заттар, бояғыш-
тар, көксағыздар және т.б. Бұл заттар органикалық синтез нәти жесінде 
алынады.
  1.  Органикалық химия нені зерттейді? Бұл ғылымға анықтама беріңдер.
 
2.  Көмірсутектер  деп  қандай  органикалық  заттарды  айтады?  Көмірсутектердің 
 туындылары деген не?
 
3.  Органикалық қосылыстардың бейорганикалық қосылыстардан қандай айырма-
шылықтары бар?
 
4.  Берілген заттарды бейорганикалық және органикалық қосылыстарға жіктеңдер:
 
  Na
2
CO
3
, C
3
H
8
, C
2
H
5
Cl, CaC
2
, NaCl, CH
3
COOH, CH
3
NH
2
, C
6
H
5
NO
2
, H
2
S, HNO
3
, CH
3
OH
 
5.  Өздеріңе таныс: а) тұрмыста, медицинада, өндірісте қолданыла тын өнімдер мен 
материалдар;  ә)  тағамдық  өнімдер  мен  биологиялық  белсенді  органикалық 
заттардың құрамына кіретін органикалық заттарды атаңдар. 
80-сурет. Өнеркәсіпте алынатын синтездік органикалық заттар

48
 
6.  Тамақ өнеркәсібі мен тұрмыста қолданылатын органикалық заттар қандай табиғи 
көздерден алынады?
 
7.  Қосымша ақпарат құралдарын пайдаланып, органикалық химия саласын дағы 
жетістіктер туралы хабарлама дайындаңдар.
 
8.  Егер металл қасықта қантты, ас тұзын спирт шамымен қыздырса, қант жылдам 
ериді, ал тұз ерімейді. Бұл тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет