Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы



бет9/16
Дата25.12.2016
өлшемі3,17 Mb.
#4640
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


Аудиториялық сабақтардың ауқымы:

Дәрiс сабақтары – 15

Семинарлар - 15

ОЖ СӨЖ (барлық студенттер үшiн мiндеттi) - 15

ОЖ СӨЖ (студенттердiң берешектерiн өтеу жұмыстары) – 15

Барлығы – 60 сабақ



2.Ағымдық және аралық бақылау баллдары бөлiнiсi ( 60 балл )

Аралық бақылауға 5 балл берiледi. Барлығы 2 аралық бақылау өткiзiледi.

2 АБ = 5 балл + 5 балл =10 балл.

Аралық бақылау өткiзудiң кескiндемесi (графигi):




Бақылау түрлерi

Өткiзiлетiн уақыты

Берiлетiн балы

Тақырыптар

Аралық бақылау

Тестiлiк

Тапсырмалар, сәйкестендiру тапсырмалары



7-апта

5

1-7 тақырыптар

Аралық бақылау

Комплекстi тапсырмалар орындау, бақылау жұмысы

5 – апта

5

8-15 тақырыптар


Ағымдық бақылауға 50 балл берiледi (25 балл бiрiншi аттестация және 25 балл екiншi аттестация). Бұл баллдарды 15 семинар сабағы мен 15 студенттердiң оқытушылардың басшылығымен жүргiзетiн өз бетiнше жасайтын жұмыстары барысында жинақтау мүмкiндiгi бар. Олардың 14 сабағы бiрiншi аттестацияға дейiн өткiзiледi (7 апта бойы), ал 16 сабағы екiншi аттестацияға дейiн өтiледi (8 апта бойы). Осы уақыттар аралығында студенттер барлығ 50 балл жинақтаулары қажет. (Әр сабақта – 1,56 балл).



3.Орындалатын тапсырмалардың түрлерiне қарай баллдарды бөлу:

Сабақ түрлерi:

-семинар сабақтарындағы жауаптар мен ОЖ СӨЖ - өте жақсы. - 1 балл

жақсы - 0,7 балл

қанағат. - 0,5 балл

қанағат-сыз. – минус 0,5 балл

- лекция қатысы (конспектілеген жағдайда) – 0,2 балл.

- қосымшалар – 0,3-0,5 балл;

- баяндамалар дайындау –1,5 балл;

- реферат жазу – 1 балл;

- жедел бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- үйде орындалатын тапсырмалар - 0,3 балл;

- сөздiк жасау - 0,2 балл;

- сөзжұмбақтар құрастыру - 0,3 балл;

- бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- БАҚ, арнайы әдебиетпен жұмыс - 0,2 балл;

- студенттiк ғылыми конференцияға дайындық - 1 балл.

- аудиториялық сабаққа себепсіз қатыспағандар – 0,5 балл шегеріледі.

Студенттер орындаған жұмыстар бойынша есеп - семинар сабақтарында немесе ОЖ СӨЖ сабақтарында берiледi (сабақ кестесiне сай).

4.Аралық бақылау оқытушының қалауымен тест, жазбаша,пiкiрлесу, белгiлi бiр тақырыптардың ұғымдарымен жұмыс жасау түрлерiнде өткiзiледi.
Емтихан нәтижелерi бойынша рейтингтiк баллдарды бөлу:

Студенттер жауаптарының бағалануы %

Баллдары

Бағалары

90-100

37-40

5 (өте жақсы )

75-89

31-36

4 (жақсы )

50-74

20-30

3 (қанағат.)

0-49

0-19

2(қанағаттан – сыз)


«Этнология» пәнi бойынша қорытынды баға:

Студенттердiң рейтингтiк

жалпы балдары

Бағалары

90-100

5 (өте жақсы )

75-89

4 (жақсы )

50-74

3 (қанақат.)

0-49

2 (қанағат.-сыз)


Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:

Баллдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Баллдың

сандық


баламасы

Баға

95-100

90-94


А

А-


4.0 3.67

Өте жақсы

85-89

80-84


75-79

В+

в

в-



3.33

3.0


2.67

Жақсы

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

с+

с

с-



2.33

2.0


1.67

1.33


1.0

Қанағаттанарлық

0-49

Ғ

0

Қанагаттанарлықсыз



Этнология пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары.


  1. Австралия және Океания халықтары.

  2. Солтүстік, Батыс, Шығыс Африка халықтары.

  3. Орталық және Оңтүстік Африка халықтары.

  4. Батыс (Алдыңғы), Оңтүстік Азия халықтары.

  5. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары.

  6. Орталық және Солтүстік Азия халықтары.

  7. Солтүстік Америка халықтары.

  8. Шығыс Еуропа халықтары.

  9. Оңтүстік Еуорпа халықтары.

  10. Батыс Еуропа халықтары.

  11. Орталық және Оңтүстік Америка халықтары.

  12. Солтүстік Еуропа халықтары.

  13. Қазақ этносының этнологиясы.

  14. Қазақтың дәстүрлі, діни-наным түсінігі.

  15. Қазақ этносының мәдени-шаруашылық түрлері.( Шаруашылығы, тұрғын үй, киім, әшекей, тамақ, қолөнер және мәдениет).

  16. Азия және Еуропаның түрік халықтары.

  17. Этнологияның зерттеу әдістері мен деректері.

  18. Этнология ғылымының қалыптасуы.

  19. Этнологиядағы эволюционизм және қазіргі эволюционистік теориялар.

  20. Этнологияның диффузионистік бағыты.

  21. Этнологиядағы әлеуметтік мектеп және оның негізгі идеясы.

  22. Этнологиядағы функционалистік бағыт.

  23. Этнологиядағы структурализм.

  24. Тарихи этнологияның Американдық мектебі.

  25. Этнологияның этнопсихологиялық мектебі.

  26. Қазіргі ғылымдағы этнос және этникалық мәселелер.

  27. Антопогенез және оның негізгі кезеңдері.

  28. Этногенез және оның негізгі формалары.

  29. Л.Н.Гумелевтің этногенез теориясы.

  30. Этногенез процесінің түрлері.

  31. Жер этносферасының қалыптасуы, және этностарды жіктеу мәселесі.

  32. Этностарды географиялық топтау.

  33. Этностарды антропологиялық топтау.

  34. Этноставрды лингвистикалық топтау.

  35. Этнос этнологиясының құрылымы.

  36. Кавказ халықтары.

  37. Этникалық стеоретив негізі және табиғат.

  38. Әлем халықтарының образы.

  39. Мәдениет және оның этникалық функциясы.

  40. Мәденини аралық байланыстың нәтижесі және формасы.

  41. Этностар байласының нәтижесі және формасы.

  42. Этникалық азшылдық және жергілікті халық.

  43. Этностар қатынасының байланысы.

  44. Этникалық жанжалдардың себебі және табиғат.

  45. Этникалық жанжалдардың түрлері және динамикасы.

  46. Этникалық жанжалдарды реттеу тәсілі.

  47. Ғаламның этникалық тарихы және қазіргі этникалық тарих.

  48. Этникалық миграция және оның бағыттары.

  49. Этникалық тарихтың негізгі тенденциялары.

  50. Этнос түрін анықтау (антропологиялық, географиялық, лингвистикалық, мәдени шаруашылық). Этнос мәдениетінің негізгі мінез-құлқын атаңыздар.

  51. Қазақтар

  52. Қытайлықтар.

  53. Орыстар.

  54. Украйындықтар.

  55. Немістер.

  56. Жапондықтар.

  57. Кәрістер.

  58. Француздар.

  59. Ағылшындар.

  60. Үндістер.

  61. Арабтар.

  62. Туріктер.

  63. Солтүстік Американың үндістер.

  64. Шведтер.

  65. Еврейлер.

  66. Финдер.

  67. Сахалар.

  68. Өзбектер.

  69. Татарлар.

  70. Монғолдар.

  71. Испандар.

  72. Парсылр.

  73. Бушмендер.

  74. Зулулар.

  75. Масайлар.


Негізгі әдебиеттер тізімі

  1. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

  2. Этнография /Под.ред. Ю.В. Бромлея и Г.Е.Маркова. М.,1982.

  3. Этнология /Под.ред Г.Е. Маркова и В.В. Пименова. М.,1994.

  4. Итс.Р.Ф. Введение в этнографию. Л.,1991.

  5. Атлас народов мира. М., 1964.

  6. Брук С.А. Население мира. М.,1981.

  7. Народы мира. Историко-этнографический справочник. М.,1988.

  8. Население мира. М.,1992.

  9. Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана.2001.

  10. Садохин А.П. Этнология. М.2004.

  11. Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.

  12. Қосымша

  13. Бромлей Ю.В. Современные проблемы этнографии. М.,1981.

  14. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М.,1983.

  15. Леви-Стросс К. Структурная антропология. М.,1983.

  16. Марков Г.Е. История хозяйства и материальной культуры. М.,1993.

  17. Пучков П.И. Современная география религии. М.,1976.

  18. Токарев С.А. История зарубежной этнографии. М.,1983.

  19. Токарев С.А. История русской этнографии. М.,1966.

  20. Токарев С.А. Истоки этнографической науки (до середины XIX в.). М.,1978.

  21. Этнические процессы в современном мире. М.,1987.

  22. Артемова О.В. Личность и социальные нормы в раннепервобытной
    общине по австралийским этнографическим данным . М.,1987.

  23. Бутиков Н.А. Папуасы Новой Гвинеи (хозяйство, общественный
    строй). М.,1988.

  24. Кабо. В.Р. Происхождение и ранняя история аборигенов Австралии.
    М.,1968.

  25. Пучков П.И. Население Океании. М.,1967.

  26. Пучков П.И. Формирование населения Меланезии. М.,1968.

  27. Пучков П.И. Этническое развитие Австралии. М.,1987.

  28. Пучков П.И. Этническая ситуация в Океании. М.,1983.

  29. Аристова Т.Ф. Материальная культура курдов XIX-первой пол. XX веков. М.,1990.

  30. Еремеев Д.Е. Этногенез турок. М.,1971.

  31. Кочнев В.И. Шри-Ланка. М.,1976.

  32. Курылев В.П. Хозяйство и материальная культура турецкого
    крестьянства. М.,1976.

  33. Марков Г.Е. Кочевники Азии. М.,1976.

  34. Шпажников Г.А. Религии стран Западной Азии. М.,1976.

  35. Кашмадзе Н.И. Индонезия: Острова и люди. М.,1987.

  36. Марков Г.Е. Народы Индонезии. М.,1965.

  37. Чеснов Я.В. Историческая этнография народов Индонезии. М.,1978.

  38. Шпажников Г.А. Религия стран Юго-Восточной Азии. М.,1980.

  39. Арутюнов С.А. Современный быт японцев. М.,1968.

  40. Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. М.,1970.

  41. Крюков М.В. Система родства китайцев. М.,1972.

  42. Чебоксаров Н.И. Этническая антропология Китая. М.,1982.

  43. Дэвидсон Б. Африканцы. Введение в историю культуры. М.,1975.

  44. Исмагилова Р.Н. Этнические проблемы современной Тропической
    Африки. М.,1973.

  45. Львова Э.С. Этнография Африки. М.,1981.

  46. Америка после Колумба. М.,1992.

  47. Галич Мануэль. История доколумбовых цивилизаций. М.,1990.

  48. Кинжалов. Р.В. Культура древних майя. Л.,1971.

  49. Народы Америки. Т. 1,2 //Серия «Народы мира». М., 1959.

  50. Этнические процессы в странах Карибского моря. М.,1982.

  51. Этнические процессы в странах Южной Америки. М.,1981.

  52. Алексеев В.П. Происхождение народов Кавказа. М.,1967.

  53. Волкова Н.Г. Этнонимы и племенные названия Северного Кавказа.
    М.,1972.

  54. Акынжанов М.Б. Казактың шығу тегі туралы. Алматы,1957.

  55. Кисляков А. Очерки по истории семьи и брака у народов Средней
    Азии и Казахстана. М.,1972.

  56. Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы,1994.

  57. Мұқанова Г.Қ. Этнология. Оқу-әдістемелік құрал. А.2005.

  58. Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002.


Курстың саясаты:

- Сабаққа кешікпей қатысу.

- Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.

-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.

-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)

-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.

-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.

-Сабаққа тиісті киіммен келу.

-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)

-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.

-Оқу процесіне белсенді қатысу.

-Курстастарыңа, оқытушыға іззетті, ашық бол.

-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.

-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:

-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.

-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.

-Сабақты жіберген жағдайда барлық өтілген тапсырмаларды орындауға жауаптысыз.

-Егерде жіберілген сағаттар саны дәлелсіз болса (ауырмасаңыз немесе басқа да дәлелді себептердің анықтамасы болмаса) кредит сағат санының курс бойынша екі есеге артса, біз сізді курстан қалдырамыз.

-Сіз барлық топтың оқуына септігіңізді тигізуге тиістісіз.

-Сіз өзіңіздің оқуыңызға ден қойып жақсы білім алуға талапты болуға тиістісіз.

Оқу жылы барысында өзіңізге тиісті міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға тиістісіз.

-Оқу процесіне сіздің тек келіп кетуіңіз емес, сапалы қатынасыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз.


Курстың құрамдас бөліктері және оны игерудегі негізгі талаптар. Сіздер пәнді белсенді және ынтызарлықпен оқып, үйренулеріңіз керек. Әрбір негізгі тақырыптардың материалдары күні бұрын үлестірілді. Сіздер сол материалдармен және тақырып бойынша негізгі оқулықтың материалдарымен танысып, оқып келуге тиістісіздер. Оқу сабақтарында тақырып бойынша білімгерлер тарапынан сұрақ қою, жауап айтып, пікірталасқа қатысу керек. Осы тұрғыда сіздердің оқығандарыңыздан түсінгендеріңізді, оқулықпен жұмыс істегендегі ойтүсініктеріңізді жазбаша, ауызша немесе тест сұрақтары бойынша алдын-ала ескерту жасамай-ақ тексеріп, оның нәтижесі қорытынды бағаға қосылады. Ол тақырыптар оқу сабақтарының кестесінде көрсетіледі.

Сонымен қатар оқулық пен тақырыптық материалдарды тек тапсырманы орындаған кезде ғана емес, семестр аяқталғанға дейін үзбей оқып жүру керек. Сондай-ақ әрбір сабаққа мұқият дайындалу қажет. Сіздің сабақтардан қалмауыңыз, сабақтарға жақсы дайындалуыңыз, белсенділік танытуыңыз, тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындауыңыз- қажетті балл алудың кепілі болып табылады.

Сіз екі аралық бақылаудан өтесіз. Аралық бақылау тек өткен материалдар негізінде жүргізіледі. Оқу процесінің соңында сіздер міндетті түрде емтихан тапсырасыздар. Кейбір кездері ескертпестен сізден ауызша немесе жазбаша жауап алынуы мүмкін. Ол жауаптарда бағаланып, қорытынды бағаға қосылады.

Аралық бақылау межелерінің уақыттары:



  1. ші аралық бақылау межесі- 7- ші апта

  2. ші аралық бақылау межесі- 14- шы апта

Айып баллдарын межелік бақылау алдында қосымша тапсырмалар алып жоюына мүмкіндік беріледі.

Мәтінге қосымша белгілер жасап кейбір қорытындылар жасау- бұл негізгі тақырыптарды игеруге шығармашылық ізденсіек шығармашылық ізденіске бағытталған жұмыс, сондықтан ондағы жасаған белгілеріңіз сіздің сол тақырыпта жұмыс істегеніңізді көрсетеді, кейіннен оларды тәрбие жұмысының жоспарын жасауда пайдалануыңыхзға болады.

Қорытынды бақылау- емтихан тест түрінде өткізіледі.

Барлық тапсырмалар уақытылы орныдалуы керек, мерзімнен өтіп кетекндер үшін төмендетілген балл қойылады. Өткізілген тапсырмалар сізді емтиханға кіру рұқсатымен қамсыздандырады. өтетін материалдар туралы сұрақ қойып және сол туралы әңгіме сөз құру үшін барлық сабақтарға дайындалып келулеріңіз керек. Осы тұрғыда да сіз балл жинайтындығыңызды естен шығармаңыз.


Білімгер танысуы қажет:

Білімгер білуге тиісті:

  • Әр түрлі елдердің этникалық құрамы мен этногенезін зерттеп, білу;

  • Этникалық тарихына көңіл аудару;

  • Олардың тілдік топталуын, шаруашылығын, дінін білу;

Білімгер жасай білу қажет:

  • Оқу барысында алған теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуі;

  • Өз бетінше іздене білуі.

Қостанай мемлекетік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

«Этнология» пәнінен

Лекция сабақтарының әдістемелік нұсқаулары

Қостанай, 2010.


Лекция 1. Кіріспе.

Жиі кездесетін сөздер. Этнология, этнография, мәдени антропология, этнос.

Жоспар:

1. Этнология пәні және міндеттері.

2.Этнология ғылымын зерттеудің әдісі, деректері және функциялары.

Мақсаты: Этнология пәні мақмасы , міндеті және тәрбиелік функцияларымен таныстыру.

1. Этнология пәні және міндеттері.

Этнология – негізгі зерттеу объектісі әлем халықтары туралы тарихи пән. Оның ерекшелігі – этнологияны гуматитарлық және жаратылыстық ғылымдарға бірдей жатқызуға болады, себебі этнос тек қана әлеуметтік емес, сонымен бірге биологиялық феномен.

Курстың мақсаты - этносты, адамдардың еркі бойынша емес, табиғи-тарихи процес негізінде пайда болған әлеуметтік топтың ерекше түрі ретінде көрсету.

Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер шешіледі:


  • Этнологияның әдістері мен ұғымдық аппараты зерртеледі;

  • Әлемнің этникалық көрінісі, этностардың географикалық, антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени топтасуы зерттеледі;

  • Әлем халықтарының шығу тегі, этникалық тарихының негізгі кезеңдері зерттеледі;

  • Дәстүрлі мәдениеттің негізгі сипаттамаларын, әлемдегі этномәдени, этнодіни процестердің негізгі заңдылықтарын зерттеу.

Тарихи ғылымдардың жалпы жүйесінде этнологияға, оның жалпығылымдық ролін шектемей, жеке дербес дүниетанымдық (әдіснамалық) мағна беру керек.

Этностарды бүкіл жиынтығында зерттеп, этникалық және әлеуметтік тарихтың байланысына назар аударып, мәдениеттің бүкіл салаларындағы өзгерістерді көрсетіп, этнология жеке елдер мен халықтарды тарихи, археологиялық, экономикалық-географиялық тұрғыдан зерртеу барысына ұлттық-мәдени өзгешіліктерді сипаттауға маңызды мәлімет береді. Бұл жағдайда басқа ғылым өкілдері этнологиялық материалдарды тарихи, экономикалық-географиялық немесе басқа ой-желістерін ашуға көмектесетін қосымша мәлімет ретінде пайдаланады. Сонымен, этнология өзінің дәстүрлі мағынасында көмекші тарихи пән ретінде болып шығады. Ақырында, этнологияға әртүрлі континенттердегі болып жатқан кәзіргі саяси процестердің ең қалың ортасына, әсіресе өзінің коллизиялары мен салдарынан аса шиеленіскен ұлтаралық қатынастар мәселелеріне қатысу тән. Кәзіргі саяси процестердін этнодіни негізінде жандандырылу жағдайында объективті этникалық тарихты, мәдени интеграция мен ассимиляцияның заңдылықтарын, этникалық территориялардың мемлекеттік шекараларға сәйкестігін білудің практикалық маңыздылығы сөссіз.

Сонымен, этнология оның жалпығылыми және әлеуметтік мағнасы тұрғыдан келесі түрлерде қарастырылады::


  1. адамзат және жеке (ең алдымен өз жазуы жоқ) халықтар тарихының маңызды әдіснамалық мәселелерін жеке мәселелерін шеше алатын дүниетанымдық ғылым ретінде;

  2. адам және қоғам жөнінде басқа ғылымдарға ерекше этникалық мәлімет беретін көмекші пән ретінде;

  3. саяси маңызды білім саласы.

Этнологияны оқытудың алдында келесі жалпыгуманитарлық пәндер оқытылады: Қазақстан тарихы, Философия, Мәдениеттану. Осы пәнмен келесі жаратылыстық пәндер: Экология, Кәзіргі жаратылыстану концепциялары және профилдік пәндер: Алғашқы қоғам тарихы, Археология тікелей байланысты.
Лекция 2. Этнология теориясының негізі және бағыты.

Жиі кездесетін сөздер. Эволюционизм, диффузионизм, функционализм, этнопсихология, этноцсоциология, постмодернизм.

Жоспар:

1. Эволюционизм.

2. Диффузионизм.

3. Функционализм.

4. Қазіргі этнология.

5. Ресей этнологиясының дамуы.

6. Қазақстанда этнологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуы.

Мақсаты: Этнология теориясының бағыттары және мектептерімен танысу.

1. Эволюционизм.

Эволюция латын сөзі «бірте-бірте даму» бұл мәдениетті зерттеудің бағыты. ХІХғ ортасында эволюция термині қалыптасты. Этнография ғылым ретінде қалыптасты. Теология - дін туралы ғылымның ықпалына қатысты табиғаттың мүлде өзгермейтіндігі туралы басым болатын. Эвалюцмялар –адамзат мәдениетінің жалпы даму заңдылықтарын ашты. Тарихи мәдени бағыт – бұл бағыт өз еңбектерін қоғамдық өмірдің өзіндік сферфсының дамуын қарастырады.



Эдуард Тэйлор ағылшын ғалымы эволиция классигі ХІХғ. ортасы ХХғ. Басында өмір сүрген» Ежелгі мәдениет», «Антропология» атты еңбектері 1881жылы жарыққа шықты. Тэйлор адамзат мәдениетінің тарихын «табиғат тарихының бір бөлігі» ретінде қарастырып, мәдениеттің әр түрлі формаларын біртіндеп даму сатылары деп түсінді. Оның ойынша, мәдени сатылардың әр қайсысы өткеннің жемісі болып табылады және болашақты қалыптастыруда елгілі рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет