Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы мәселесі бойынша кеңес беру



бет23/58
Дата05.03.2023
өлшемі303,09 Kb.
#171140
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Байланысты:
?îñòàíàé ìåìëåêåòò³ê ïåäàãîãèêàëû? èíñòèòóòû

Ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы мәселесі бойынша кеңес беру. Ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы ерлі-зайыптылық қатынастарды қалыпқа келтіру немесе некелік одақтың ыдырауы арқылы шешілуі мүмкін. Көптеген жағдайда көзге шөп салу жағдаяты ұзақ жылдар бойынша шешілмеген күйде қалады. Ерлі-зайыптылық қатынас ыдыраған жағдайдағы клиентке психологиялық көмек көрсетудің міндеті жаңа өмір салтын құрудан, уайымға салыну реакцияларын жеңдіріп, жоғалғанның орнын толтыруға мүмкіндік беретін жаңа тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудан тұрады. Ерлі-зайыптылық қатынастарды қалыпқа келтіру жағдайында кеңес беру міндеттері келесідей: қызғану реакциясын жою және жеңу, «кешіру моралін» қалыптастыру [Волкова, 1989]; өз мінез-құлқын және аффективті әсерленулерін бақылау ептілігін қалыптастыру; көзге шөп салу себептері мен өз қателіктерін талдау; серіктеспен жаңа қатынас орнату. Психологиялық жұмыстың конструктивті емес тәсілі ерлі-зайыптылық көзге шөп салу фактісі мен серіктестің өзініңқұнын төмендету стратегиясы болып табылады. маңызы бар іс-әрекетке көңіл аударту – жұмысқа, оқуға, балаларды тәрбиелеуге, хобби, қызығушылықтарға – бұл іс-әрекет түрлері уақытша көңіл сергітуге көмектескенмен проблеманы «ұмытуға» және аффективті әсерленулердің қарқынын сейілтуге көмектеседі.
Ерлі-зайыптылық көзге шөп салуға психологиялық кеңес берудіңА.Н. Волкова ұсынған үлгісі:

  1. Көзге шөп салу бейнесін қалыптастыру:

  • ерлі-зайыптылық көзге шөп салудың себептері туралы түсініктерді басшылыққа ала отырып, қарсыластың психологиялық мінездемесін жасау;

  • қызғану реакциясының «қалыптылығын» анықтау;

  • қызғанушының мінез-құлық белсенділігінің деңгейін және қызғаныштағы басым реакцияларды анықтау, оларды анағұрлым конструктивті сипатқа өзгерту;

  • реакциялардың қарқындылығын, олардың өмірге және көзге шөп салуға ықпалын анықтау.

  1. Ерлі-зайыптылық көзге шөп салуға қатысушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу.

  2. Клиенттің қызғанышын жеңу мәселесі бойынша жұмыстарды оңтайландыру және ерлі-зайыптылық қатынастарды мүмкін болса қайта қалыпқа келтіру мақсатында психологиялық ықпал ету әдістерін таңдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет