Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет27/58
Дата05.03.2023
өлшемі303,09 Kb.
#171140
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Байланысты:
?îñòàíàé ìåìëåêåòò³ê ïåäàãîãèêàëû? èíñòèòóòû

Психологиялық коррекция

Психологиялық коррекция – бала мен ата-ананың тұлғаішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді түзетуге арналған кешенді психологиялық-педагогикалық жұмыс.


Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану, бала мен ата-ана және отбасы жағдайында туындайтын жайсыз психологиялық жағдаяттарды түзету.


Психологиялық ағарту

Балалардың тұлғалық әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру, ата-анаға психологиялық ағарту, психологиялық мәдениетті дамыту. Тәрбие жұмыстарында, ата-аналар жиналысында психологиялық сауаттылық пен мәдениетті жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар. Бала мен ата-аналардың ішкі әлеміне үңіле отырып, тұлғалық тұтастықты қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптастыруға арналған психологиялық қолдау көрсету.


Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты арттыру, баланың жас және жекелік, жыныстық ерекшеліктері мен психологиялық саулығын сақтау туралы білімдермен таныстыру. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары арқылы отбасылық жауапкершілікті жоғарылату.


Психологиялық кеңес беру

Шағымданып келген бала мен ата-аналардың мәселесін шешуге бағытталған психологиялық кеңес беру, психологиялық көмек көрсету. Баланың жекелік (жас, жыныстық, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, оқу үлгерімі, тәуелділігіне т.б) ықпал ету. Қиын балалардың жан дүниесін түсіну, қиындықты тудыратын себептердің мәнін ашу және ығыстыру. Баланың психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеру.


Психолог, педагогтардың кәсіби этикалық ережелері

  • Құзыреттілік – психодиагностикалық әдістер мен әдістемелерді таңдай білу, зерттеу нәтижелерінің қорытындысын шығара білу;

  • Нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты болу. Айналасындағыларға құрметпен қарау, әлеуметтік рөлдеріне нақты және соған сәйкес қызмет атқару.

  • Адам құқықтары және абыройын құрметтеу. Психологтың клиенттің жеке өмірлік құқығын сақтауы, өзіндік анықтау және автономиясын құрметтеу. Диагностикалық және коррекциялық шараларды жүргізе отырып, бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алу. Психологтың клиенттердің мәдени, жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарауы.

  • Бала мен ата-аналардың әріптестік, серіктестік қолайлылық орнатуына көмектесу. Туындаған қақтығыстарды жауапты түрде шешу. Адамдардың ерекшелігіне шынайы әрі мұқият қарау.

  • Әлеуметтік жауапкершілік. Адамдардың қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосу, әлеуметтік-психологиялық ықпал ету.

Аталған ережелердің балалармен және ата-аналармен педагогикалық-психологиялық жұмыстар кезінде ескерілуі отбасы татулығы мен сыйластығына тиімді ықпал етуді қамтамасыз етеді.
Жүргізілетін педагогикалық-психологиялық іс-шаралар келесі әдіс, тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, психодрама, би-қозғалыс терапиясы, денеге бағытталған терапия, гештальттерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, психологиялық тренинг, әуентерапия және т.б.
«Баланың жеке басын дамыту мектебі» бағдарламасының мақсаты: жекелік ерекшеліктер мен ресустарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет