Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Тарбие сағатының тақырыбы: Отбасындағы әкенің қадірі



бет40/58
Дата05.03.2023
өлшемі303,09 Kb.
#171140
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Байланысты:
?îñòàíàé ìåìëåêåòò³ê ïåäàãîãèêàëû? èíñòèòóòû

Тарбие сағатының тақырыбы: Отбасындағы әкенің қадірі


Тәрбие сағатының мақсаты: отбасындағы әкенің орны, оған деген құрмет пен сыйластық сезімін тәрбиелеу.
Міндеттері:

  • мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой-пікірін ауызша, жазбашабілдіруге дағдыландыру;

  • логикалық ойлауын, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

  • әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: презентациялар, мақалдар, әуен, шығармашылық жұмыс.

  1. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау керек. Ол үшін тірек сөздер айтылады: отбасы, әке, тірек, бәйтерек, рөл, асқартау, басшысы, қорған, пана т.б.
Иә, отбасының тірегі, қорғаны – әке туралы болмақ бүгінгі әңгімеміз.

  1. Әр отбасы шағын мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Бұл мемлекеттің басшысы кім?

  3. «Әке» сөзінің мағынасын ашыңыздар?

  4. «Әке касіреті» мәтінін талдау.

Осы бір орта бойлы, бидай өңді келген ақсақалды анда-санда көшеде, дүкен маңайында көретінмін. Жүріс-тұрысы пысық, киімі өзіне қонымды. Қолында сүйеніші – әсем жасалған таяғы бар. Келесі бір кездескенде сәлем беріп, қол алысып амандастық. Үлкен кісілердің жөн сұрау әдеті ғой. Қай елсің, қырдың қазағымысың деп менен жөн сұрасып, әңгімелесіп кеттік. Қалаға келгеніне он жылдай болып қалыпты.
– Біреулер келімсек деп жатады біздерді.«Ел іші алтын бесік қой»бірақ не істейсің заман осылай болып тұр ғой. Үйден аттап шықпайсың. Бұрынғыдай ағайын-туманың, көрші-көлемнің амандығын білу деген бүгінде жоқ. Балалар көпқабатты үйде тұрады, әлгі көтергіші, лифт дейтін бе еді, сол бірде істейді, бірде істемей қалады. Өмірінің 40 жылынұстаздық кәсіпке арнаған. Кемпірінің дүниеден өткеніне үш жыл болыпты. Ұл-қыздарынер жеткізіп, бәрінежоғары білім берген.
Ойына әлде бірдеңе түсті ме екен, біразүнсіз қалды. Бір кезде «Жетпістің жетеуіне келдім.Ата дәстүріміз бойынша үйленген үлкен балаларымызға енші беріп шығардық. Кейінгілері де ағаларының жолымен еншісін алып, бөлек шықты.Кенжеміз шаңырақтың иесі болар деп ойлайтынбыз. Қаланың қызымен танысып, дәм-тұздары жарасып үйленді. Қазақы салт-дәстүр бойынша құда түсіп, құйрық-бауыр жесіп, құда болдық, үлкен той жасадық. Құдамыз қызмет басында, жөн-жосықты білетін тәуір азамат. Осы күні бар пәле әйелден шығып жатыр ғой. Құдағиымыз менмендеу кісі екен. Бізді өздеріне тең көрмеді ме, әйтеуір, әрқашан менсінбеген кейіп танытады. Бір жылдай қолымызда тұрған кенжеміз бөлек шығатынынайтты. Бұл әринекеліннің қалауы. Екеуінің арасына от жақпайық деп үндемегенді жөн көрдік.Жақын арада заттарын жинап отау үйге көшіп кетті.Араға жыл салып келініміз аман-сау босанып, ұл балалы болды. Қуаныш есімді немеремізге той-томалақ жасап, кемпір екеуміздің есіміз шықты. Анда-санда немеремізді әкеліп, бізді алдастырған болады. Біз соған да ризамыз, иіскеп, бауырымызға басып, мәз болып қаламыз. Қара табан болған соң үйге өзі шауып келетін болды. Кейде қонып, біздің қойнымызға жататын. Бірде салқын тиіп, әлгі немереміз ауырып қалмасы бар ма. Содан кейін келініміз Қуанышты біздің үйге қарай аттатпай қойды. Өзіміз барсақ, бұрынғыдай емес, бізге бәлендей жолай қоймайды. Бір тәтті-дәмді бірдеңе апарсақ, мамам ұрысады деп алмайды. Міне, осылай келін бізге сырт қарай бастады.
Жаз шыға бұлар да қалаға көшіп кетті. Сонымен кемпір екеуміз қала бердік. Ол кезде күш-қуатымыз бар. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өз тіршілігімізді өзіміз көріп жаттық. Қаладағы балалар ара-тұра келіп амандық біліп, май-қаймақ, жұмыртқа алып кетеді. Күзге қарай қаз, үйректі соларға жөнелтеміз, соғымдары да бізден болатын. Шешелері мықты сияқты еді. Не болғанын білмеймін, әйтеуір бір жыл ішінде дүниеден өтті, деп ауыр күрсінді ақсақал.
Еркек адамғаәйелсіз қиынғой. Күн де батып болмайды, таң да атпайды. Бірде үлкен ұлым келіп: «Бізбен бірге бол, үйді, малды сатайық», деді. «Қарағым, мені жылы орнымнан қозғап қайтесің. Ағайын-тумалардың ортасындамын ғой. Бұлойыңды келінхош көре қояр ма екен. Бір кемпірдің реті болса, отыра бергенім дұрыс болар», деп едім, ол ыршып кетті. «Бізге ол керек емес. Ертең үйіңе, дүниеңе жармасып жүрсе не істейсің. Келініңе жағдайды айтып түсіндірдім. Бізде болуыңа қарсы емес», – деп ыңғайына көндіргендей болды.
Келіні бастапқыда «аталап» асты-үстіне түседі. Тумысынан биязы мінезді қарттың қақ-соқпен жұмысы жоқ-тын. Көбіне газет-журнал оқып, теледидарды ермек етеді. Шахматты да бір кісідей ойнайды. Ел жақтан көшіп келген ағайын, ілік-жекжаттар шақырып жатады. Той-томалақтарынан қалдырып көрген емес.Бірде шай үстінде келін-баласына қазақта «сыйға – сый, сыраға – бал» деген сөз бар. Өздерің көріп отырсыңдар, мені бәрі сыйлап, құрмет тұтып шақырып жатады. Солардың басын қосып, бір шақырып жіберген жөн болар еді, деп ойын айтты. Қабағының астынан келініне көз қиығын тастап еді, оның көзі шатынап кетіпті. «Оларды кім күтеді? Менің қонақ күтуге уақытым да жоқ, құлқым да соқпайды. Жай отырыңыз. Қазір басқа заман. Қонақтап жүру еріккендердің ермегі», деп атасына біраз «насихат» айтып тастайды. Ал енді сөйлесіп көр бұл келінмен. Осыдан кейін атасын мүлде елемейтін болды. Отбасы болып шүйіркелесіп шай ішпейді,үйдебереке-бірлік жоқ, немерелер де өздерімен өздері. Қария берген тамағын ішеді де, қалған уақытын шағын бөлмесінде өткізеді. Басқабалалары аңда-саңда соғып кеткені болмаса бір-бірімен туыс ретінде араласпайды. Неге араласып тұрмайсыңдар деген сұраққа «Қол тимейді, шаруамыз көп» дейді.
Үлкен кісіні ыңқыл-сыңқыл айналдыра беретіні бар ғой. Бірде ақсақал төсек тартып қалады. Ұзақты күн нәр тартпайды. Келін жұмыстан бірінші келеді. Қасына келіп жағдайын сұрамайды. Кештетіп баласы келеді жұмыстан шаршап. Бірде араларында қандай әңгіме болғанын кім білсін, келіннің шаңқылдаған дауысы естіледі:«Мен ауру шалды баға алмаймын. Апар ана бауырыңа, ол да баласы ғой.Әкем, әкем деп өңеші үзіліп жүрген жоқ па»…
Күн жексенбі. Кешірек оянған қария жуынып-таранып, өзін ретке келтірді. Бөлмесіне баласы мен келіні келді. Ақсақал оларға: «Мен үшін ренжіспеңдер.Балалар бар ғой, құдайғақараған біреуі бағар», – деп үйден шығып кетті.
Екінші ұлы Ермекбайына келді. Бұл өзі бала кезінен әке-шешесіне жақын-тын. Әркез келіп-кетіп, шаруаларына қолғабыс жасайтын.Қария келгенде коммерсант келіні Алматыға тауарға кетіпті. Ақсақал үлкен ұлынакөңілі қалғанын, келінінің айтқандарын жасырмай жайып салды. «Әзірге осында бол. Ағамызбен сөйлесеміз», деген болды Ермекбай. Екі-үш күн өткенде коммерсант келіні де келді. «Мына шалды кім шақырды» дегендей, ернінің ұшымен ғана амандасқан болды. Кешкі асты бұлар үн-түнсіз ішті. Екі немересі атасына жалтақ-жалтақ қарайды. Шешесі бірдеңе деген-ау, сірә.
Ертеңгісі бәрі шаруасымен кетеді, екі немересі балабақшаға барады. Баяғы бір сарынды, сүреңсіз тіршілік. Бұлардың пәтері сәл төменірек, ара-тұра сыртқа аулаға шығады, бірақ ешкімді танымайды, үлкен кісілер де көрінбейді. Бірде бесінге таман сыртқа шығып, аздап бой жазып қайтқан-тын. Төсекке қисайғаны сол еді, көзі ілініп кетіпті. Жұмыстан оралған келінінің шаңқылдаған даусынан оянып кетті: «Бір күні бізді біреулер тонап кетер. Мына шалға сеніп жүрген мен ақымақ. Білетіні тамақ, сосын ұйқы. Жанымды жеп жүргенім мынау менің. Бұл шалдан құдай құтқарар ма екен», деп күйеуіне зіркілдесін келіп. Кешкі асқа отырды. Мұның орны үстелдің шет жағы еді. Әңгімені келін бастады. «Біздің үйде атамыздың жағдайы келмей жүр. Біз бәріміз ерте кетеміз, кеш келеміз. Өзі және ұмытшақ. Ана жолы үй ашық қалған, өзі ұйықтап жатыр. Тірнектеп жинағанымыздан бір күні айырылып қалуымыз мүмкін. Бізде біраз болды ғой. Құдайға шүкір балалары бар. Енді ана Алмагүліне барсын», деп кесіп айтты келін. Келін айтты – заң. Ақсақалда үн жоқ. Ермекбай да ләм-мим демеді.
Ертесін қария Алмагүлінің үйіне келді. Қыз бала ата-анаға жақын ғой, жаны ашып тұрады. Әкесін аялап, жылы-жұмсағын ертелі-кеш аузына тосты. Алмагүл кішкентайлы болған соң жұмыстан бос. Жұбайы вахталық әдіспен Атырау жақта жұмыста екен. Қызына барлық мән-жайды айтып, екі баласынан да көңілі қалғанын айтты.
– «Қызым, – деді бірде қария, – жолдасыңның мінезі ауыр, кісіге бәлендей жуық емес. Маған оң қабақ танытпаса, жүз шайысып, отбасыңның берекесін кетірме. Осы есіңде болсын» – деді.
Жолсапардан оралған Лұқпан қайын атасына ақжарқын пейіл танытып, естіген, көргенін әңгімелеп, қартты бір серпілтіп тастады. Екеуі ұзақты күн шахмат ойнайды, арасында нарды ойнап қояды. Міне, осылай қария қызының үйіндеалаңсыз жүріп жатты.
Бірде күйеу баласыныңелде тұратын анасы қонаққа келді. Алпысты алқымдаған кісі екен. Құда-құдағи болып әңгімелері жараса қоймайды. Ұлының тапқанын осы шал құртып жатқандай көрінеді оған. Сөз арасында тілмен шағып, мына тіршілігін кекетіп, мысқылдап отыратынды шығарды. Бұл әңгімеден Алмагүл бейхабар. Бірақ, әкесінің құдағиымен бәлендей емесін аңғарды. Шыдамның да шегі бар емес пе,бірдеақсақал:
– Сіз бір емес, екі емес, мені үнемі кекетіп-мұқатып отырасыз. Мен панасыз емеспін. Күйеу балам көбіне сыртта жұмыста жү­реді, Алмагүліме серік болайын деп келген едім. Оны несіне қазбалай бересіз. Қыз бала жақсы ғой, Алмагүлімнің мен дегенде жаны жоқ. Алайда, Құдай қызға қаратпасын. Ертең-ақкетемін, – деп құдағиына батыра-батыра айтып тастады.
Ертеңгі шай үстінде қария:«Біраз аунап-қунап, бойымды жаздым. Астанадағы немерелерімді сағынып жүрмін. Соларға барып қайтамын», – деп жинала бастады. Күйеу баласы да да қызы дажарып, бәлен деген жоқ.
Міне, бір кезде ел-жұртына сыйлы, алдынан жүздеген шәкірт тәлім-білім алып, қадірлі ұстаз атанғанақсақалдыңбүгінгі тіршілігі осындай. Балаларын жағалап, бірінен біріне жылжи қонып, ғұмыр кешуде. Алланың жазмышына көнбесіне амалы жоқ.
Жеті баласы бүгінде жетілген. Өкініштісі, ең болмаса бір ұлы: «Папа, сен менің қолымда боласың. Сенің үйің осы», деп айта алмай отыр. Қарттың қарны аш, үсті жалаңаш емес. Зейнетақысы бір өзіне жетіп арты­лады. Оның жанын жегідей жейтіні өз боса­ғасы­ның, тұрағының болмауы.
Жаттығу: Қазір бір ұл, бір қыздан жеті топ бөлініңдер де осы әңгімедегі қарттың балалары мен келіндері болып,осы мәтіннің негізінде пікірлеріңді ортаға салыңдар. Соңынан қатысушылар қандай көңіл күйде болды,ролдерін ойнау оңай болды ма әлдесезімдерді бастарынан өткізгені бойынша өз ойларын ортаға салады.
Жүргізуші:
Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі баласынаүлгі өнеге, оған қарап өсетін нысанасы. "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан асып туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз бар. Қазір осы мақал сөздің мағынасы туралы алдымен ойланып алып пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
Жүргізушінің қорытынды сөзі:
1. Бүгінгі тәрбие сағатында көтерген мәселе сіздергеқандай ой салды?
2. Тәрбиелік мәні неде?
3. Өздеріңізбен қандай тәжірибе, таным-түсінік алып кетесіздер?

Бүгінгі іс-шарамызға белсенді қатысып, ой-пікір білдіргендеріңізге үлкен рахмет!






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет