Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет17/58
Дата05.03.2023
өлшемі303,09 Kb.
#171140
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
?îñòàíàé ìåìëåêåòò³ê ïåäàãîãèêàëû? èíñòèòóòû

Әлеуметтену теориялары.
Г.М.Андреева әлеуметтену үрдісін негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған: еңбекке дейінгі, еңбек ету және еңбектен кейінгі кезең.
Автордың ойынша, осы үш кезеңнің ішіндегі ең маңыздысы отбасындағы әлеуметтену болып табылады. Бұл кезең туғаннан 18 жас аралығын қамтиды. Аталған кезеңді автор екі маңызды кезеңге бөліп қарастырған:
1) ерте кезеңдегі әлеуметтену – баланың туған кезінен бастап, мектепке дейінгі уақытты қамтиды;
2) оқу кезеңі, кең мағынада адамның бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған тұтастай мектеп кезеңі және жоғары оқу орнында оқу жылдары кіреді.
Отбасы – адамның туғаннан қартайғанға дейінгі даму ортасы болғандықтан маңызды әлеуметтену институты болып табылады. Отбасының әлеуметтену стилі ата-ананың ұлттық санасымен, мәдениет деңгейімен, салт-дәстүрлерді, ұлттық рухани құндылықтарды қаншалықты қабылдайтынымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ата-аналардың білім деңгейімен әлеуметтік жағдаяттарына да байланысты болады. Отбасындағы әлеуметтенудің басты бағыты – бұл ата-аналардың тиімсіз және тиімді бағыттарды нұсқаулары болып табылады. Ата-ананың нұсқаулары отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, татулық сияқты рухани құндылықтарға байланысты байқалады.
Ата-ана тәрбиесінің жалпыланған формасы «бала – менің қызығушылықтарымның орталығы» ұғымының қанағаттандырылуымен беріледі. Ата-аналар әрдайым баламен айналысады, мейірімді қатынас көрсетеді, оның өмірі жайлы болу үшін жағдайдың бәрін жасайды.
Дегенмен, кейбір ата-аналар балаларын қабылдамау және шеттету сияқты бағыт ұстайды. Мұндай ата-аналар балаға назар аудармайды, қарым-қатынаста қаталдық, суықтық танытады, талаптар қояды. Мұндай отбасында әлеуметтенген балалардың қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдері жоғары болады. Ал енді бір ата-аналар бала тәрбиесіне бірде үлкен сүйіспеншілікпен, бірде қаталдықпен қарайды. Мұндай отбасынан кейде екі жүзді, алдау-арбау, эмоциясы тұрақсыз балалар шығады.
Осыған байланысты И.Ә.Әбеуова отбасындағы әлеуметтенудің қазіргі кездегі төрт түрін анықтады:
1. Баланың өз бетінше әрекет етуі мен бастамашылдығын дамыту мақсатында балаға мейірімді қарым-қатынас жасау, еркіндік беру;
2. Балаға қатаң қарау, оның жүріс-тұрысын қатал қадағалау, еркіндік бермеу, қателіктері үшін жазалау;
3. Балаға бірде шектен шыққан жылылық, бірде қаталдық, кейде әділетсіздік қарым-қатынастар құру арқылы баланың жайсыз әлеуметтік-психологиялық сапаларын тәрбиелеу;
4. Бала тәрбиесіне либералды қарау, ер жеткен соң өзі бәрін түсінеді, балалық қой деп оның жаман мінез-құлықтарына назар аудармау.
Бұдан көретініміз, көптеген ата-анаға педагогикалық және психологиялық білім, тәрбиелік біліктер, кейде тіпті отбасылық тәрбиенің мәнін дұрыс түсіне білудің жетіспеушілігі.
Отбасы тәрбиесінің тиімділігі ата-аналар өздерінің тәрбиелік міндетін терең түсінетіндігіне байланысты, олар бала тәрбиесіне қажетті психологиялық-педагогикалық білімді, тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін меңгеруге қызығушылық танытулары қажет. Ол үшін отбасы мен мектептің әріптестігі, өзара байланысы тұрақты болуы керек.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық мәдениетін (сауаттылығын) арттыру мақсатында бала-бақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері жүйелі жоспармен қызықты тақырыптар бойынша жұмыстар ұйымдастыру арқылы жүргізу қажет. Егер мұғалім мектептен, ал ата-ана үйден бірі-бірімен байланыссыз баланы жеңіске жетелесе, оның нәтижесі көп болмайтыны ғылыми зерттеулермен тұжырымдалған. Сондықтан да баласының тағдырына алаңдайтын ата-ана мектеппен, мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, екі жақ біріге отырып, жүйелі тәрбие бере алады. Көптеген ата-аналармен жұмыс істеу табандылықты, зор еңбекті талап етеді. Мұғалімдер оқушыларға қамқорлық жасап, көбірек көңіл бөліп, оқушының сыныптастарымен жарасымды тілдесіп, оқудан қуаныш табуына жағдай жасайды. Негізінде әрбір ата-ана ер жетіп келе жатқан баласының нағыз ер азамат болғанын, қызының нәзік жанды, инабатты бойжеткен етіп тәрбиелеуді армандайды. Баланың бұл қасиеттері асқан төзіммен келетін өте қиын жұмыс. Бұл жұмыста ата-ана психолог, педагог мамандардың кәсіби кеңесіне, көмегіне жүгініп отырғаны дұрыс. Мектеп пен отбасы жүйелі бірлестікте тәрбие жұмыстарын жүргізгенде баланың бойында жарасымды мінез-құлық қалыптасады.
Әлеуметтенудің екінші бір маңызды институты оқыту-тәрбиелеу орындары: балабақша мен мектеп. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, жан-жақты қалыптасқан саналы азамат тәрбиелеу осы институттардың үлесінде. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу орындары баланың әлеуметтенуүрдісінде алатын орны ерекше. Бала мектепке дейін өзі қатарлы балалардың ортасынан өз орнын табуда, өзі секілділермен қарым-қатынас орнату дағдысын қалыптастыруда, өзінің дара ерекшеліктерін көрсету, өзін-өзі бақылау, өзінің көзқарасын қорғау, өзгелерді сыйлау сияқты әлеуметтік мәні зор қасиеттерге ие бола бастайды.
Мектепке келген оқушы балабақшада алған әлеуметтік тәжірибелерін кеңейте отырып, оқу әрекетіне бірден кіріседі. Ал бала-бақшаға бармаған бала алдымен сыныптан өз орнын тауып, өзі секілді балалармен қарым-қатынас орнату, жаңа әрекетке, ортаға бейімделу проблемаларымен айналысып жүргенде, оқу әрекеті ақсап қалуы мүмкін.
Э. Эриксон өз зерттеулерінде адамның даму кезеңдерін эпигенетикалық принциппен бөлді. Эпигенетикалық принцип дегеніміз адамның туғаннан тіршілігін жойғанға дейінгі міндетті түрде өтетін кезеңдері. Ғалым эпигенетикалық дамудың екі түрін анықтаған: қалыпты және аномалды. Қалыпты даму – адамның әлеуметтік-психологиялық даму ортасы жайлы, жағдай жасалған, ата-аналары балаларымен үйлесімді қарым-қатынаста, баланың тұлғалық ерекшеліктерін құрметтейді, жақсы азамат болуы үшін өзінің үлгі-өнегесімен ықпал етеді. Қиындықтарды бірге шешіп, өмірлік қажетті біліктілік пен дағдаларды қалыптастыруға тырысады. Ал, аномалдық дамуда баланың тұлғалық ерекшеліктері, табиғи мүмкіндіктері ескерілмейді. Анасы балаға нашар қарайды, елемейді, көңіл бөлмеу нәтижесінен балада сенімсіздік, қорқыныш пайда болады. Мұндай балалар өзіне күдікпен қарайды, өзін икемсіз сезінеді, әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды. Осындай отбасында кейбір балалар өздерін ата-аналарының бақытсыздығына кінәлі санайды. Олай болса, отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасынан бастау алады.
Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар,қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық жасау да осында іске асырылады. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – ұрпақ тәрбиелеу міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі алмастыра алмайды. Отбасында – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, мінез-құлқы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Әрине отбасынан тыс тәрбие де бар. Ол туралы қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.
Отбасының тәрбие беру міндетімен қатар баланы дамытушы міндет бар. Ата-аналар балалардың бойындағы табиғи және жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқауы керек, сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамыта алады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағыт-бағдар беру ата-ананың баласына деген махаббатын білдіреді. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапты.
Қоғамда қалыптасқан «білім мектептен басталады» – деген көзқарас бар, бірақ бұл үрдіс отбасынан бастау алады. Алғаш рет кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық – нағыз «отбасылық дүние». Қазіргі кезде көптеген бала кітапты ғаламтормен алмастырған. Бұдан балалар кітап арқылы жер шарының бұрыш-бұрышымен сырласудан, «ойшыл, саналы» пікірлесінен айырылады. Кітап оқу – әрбір баланың бойындағы әлеуметтік бағалы қасиеттерін дамытып, жағдайды тура бағалай білетін, жылдам және дұрыс шешім қабылдайтын, еркін жазатын және сөйлейтін, анық тұжырымдай алатын психологиялық қасиеттерін қалыптастырады. 
Ата-ананың махаббаты – баланың жан мен тән саулығымен бірге рухани байлығының көрсеткіші әрі қайнар көзі болып табылады. Сондықтан ата-аналардың бірінші және негізгі міндеті баланың көзқарасында оны жақсы көретіні туралы сенімділікті қалыптастыру. Қандай жағдай болмасын балада ата-ана сүйспеншілігінен еш күмән тумауы тиіс. Ұрпағына қай жас кезеңінде болмасын әрқашан мейіріммен, ілтипатпен және ізгілікпен қарау – ата-ананың міндеті.
Бала әрқашанда өзара қарым-қатынаста ата-ананың мейірімін, өздеріне деген кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі сезінуі керек. Тек осы жағдайда ғана оның ішкі әлемі дұрыс қалыптасады, махаббат негізінде мінез-құлық, іс-әрекет жасап, айналасымен сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет