Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ



бет2/58
Дата05.03.2023
өлшемі303,09 Kb.
#171140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
?îñòàíàé ìåìëåêåòò³ê ïåäàãîãèêàëû? èíñòèòóòû

1ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

Қазіргі отбасы және оның мәселелері психология, педагогика, әлеуметтану, демография, экономика сияқты бірқатар ғылымдардың зерттеу нысанына айналып келеді. Аталған ғылымдардың әрқайсысы отбасы қызметтерін және оның даму мәселелерін өз ерекшелігіне орай қарастырады. Экономика – бұл отбасының тұтынушы аспектілерін және оның өндірістегі материалды игіліктері мен қызметтерін қарастырады. Этнография – түрлі этникалық сипаттағы отбасылардың тыныс-тіршілігі ерекшеліктерін зерттейді. Демография – халықтың өсу үрдісіндегі отбасы рөлін қарастырады. Педагогика – отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындайды.


Отбасын зерттеуде аталған бағыттардың бірігуі әлеуметтік құбылыс ретіндегі отбасы жайлы біртұтас түсінік алуға мүмкіндік береді.
Отбасы психологиясы – отбасындағы тұлғааралық қатынастар, тұлғаның дамуына ықпал ету тұрғысында отбасы ішіндегі қатынастар (олардың тұрақтылығы) заңдылықтарын зерттеуге баса назар аударады. Заңдылықтарды білу – отбасылармен практикалық жұмыс жасауға, диагностика жүргізуге және отбасылық өзара қатынастарды қайта құруға көмектеседі. Тұлғааралық қатынастардың негізгі параметрлері – статусты-рөлдік ерекшеліктер, психологиялық дистанция, қатынастар валенттілігі, динамикасы және тұрақтылығы.
Отбасы психологиясының пәні – отбасының қызметтік құрылымы, негізгі заңдылықтары және оның даму динамикасы; отбасында тұлғаның дамуы.
Отбасы психологиясының міндеттері:

  • өмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі отбасының қалыптасу заңдылықтарын және оның қызметтік-рөлдік құрылымының дамуын зерттеу;

  • некеге дейінгі кезеңді, некелік серіктесті іздеу және таңдау ерекшеліктерін зерттеу;

  • ерлі-зайыптылық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  • бала-ата-аналық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  • баланың әртүрлі жас кезеңдерінде дамуындағы отбасылық тәрбиенің рөлін анықтау;

  • отбасының қалыпты емес дағдарыстарын зерттеу және оларды жеңу стратегияларын жасау.

Отбасы психологиясы саласында практикалық білімдерді қолдану – отбасы психологы мен отбасына кеңес беруші қызметінің келесі түрлерін талап етеді:

  • неке, некелік серіктесті таңдау және некелесу мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру;

  • ерлі-зайыптылық қатынастар мәселелері (диагностика, түзету, алдын алу) бойынша кеңес беру;

  • отбасына дағдарыстық жағдаяттарда және ажырасуда психологиялық көмек көрсету;

  • бала-ата-аналық қатынастарға кеңес беру, диагностика жүргізу, алдын алу және түзету;

  • балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелері (дамудағы бұзылыстар мен ауытқушылықтарға диагностика жүргізу, алдын алу және түзету) бойынша психологиялық кеңес беру;

  • «тәуекелдік топ» балаларын және дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру;

  • бала асырау және асыранды балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық көмек көрсету;

  • «отбасынсыз» (жақындарымен қарым-қатынас депривациясы жағдайындағы) тәрбиеленіп жатқан балалар мен жеткіншектердің дамуындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстардың алдын алу;

  • нағылеттер жүктілігіне психологиялық кеңес беру және психологиялық қолдау;

  • ата-аналардың қалыптасуына психологиялық қолдау көрсету.

Әлеуметтік институт ретіндегі отбасы қызметтерін анықтау көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда отбасы – бұл шағын әлеуметтік топ, ерлі-зайыптылық одаққа және туыстық байланыстарға, яғни бірге тұрып, ортақ шаруашылықты жүргізіп жатқан ер мен әйелге, ата-ана мен балаларға негізделген жеке тұрмыс құрудың маңызды формасы.
Туыстық байланыстардың үш түрі бар: қандас туыстық (ағайындар, апалы-сіңлілер, аға-қарындастар), туылу (ата-ана – бала), некелік қатынастар (ер мен әйел, ерлі-зайыптылар).
Психологиялық-педагогикалық тұрғыда отбасы – бұл ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи жүйесі болып табылады. Қазақ тілі түсіндірмелерінде «Отбасы – өзіне, неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ», – деген анықтама берілген.
Отбасы, біріншіден, шағын әлеуметтік топ ретінде қарастырылады және оның қызметі тиімділігі топ ішіндегі коммуникация, яғни отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас, билік және көшбасшылық мәселелеріне, жанжалдарды шешуге, әлеуметтік орталармен топаралық өзара әрекеттесулерге байланысты.
Екіншіден, шағын әлеуметтік топ ретіндегі отбасының ерекше сипаты – жоғары аффективті қарқындылықпен және отбасы мүшелері арасындағы қатынастардың эмоциялық «қанықтылығымен», бір жағынан – махаббатпен, сүйіспеншілікпен, басқа жағынан алғанда – өшпенділікпен, жек көрушілікпен, шеттетілумен байланысты.
Отбасы ұғымымен неке ұғымы қатар жүреді. Неке – айрықша әлеуметтік институт, ер мен әйел арасындағы қатынастарды, олардың құқықтарын және бір-біріне және олардың балаларына қатысты міндеттерін әлеуметтік жағынан реттейтін, тарихи қалыптасқан қатынас түрі. Неке – отбасын құрудың негізі. Неке және отбасы –қандас байланыста тұратын адамдар арасындағы байланыстарды реттейтін қоғамдық қатынас түрі, алайда аталған ұғымдар бір-біріне жақын болғанымен, ұқсас ұғымдар болып саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет