Сұрақтар мен тапсырмалар
Отбасына кеңес беру және отбасы психотерапиясы ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
Отбасымен психологиялық жұмыстың негізгі модельдеріне сипаттама беріңіз.
Отбасына кеңес берудің міндеттері қандай?
Ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы мәселесі бойынша психологиялық кеңес беру стратегиясын сипаттаңыз.
Отбасына кеңес берудің негізгі кезеңдерінің бірізділігі қандай?
Кеңес беру үрдісінің негізгі кезеңдерін ашып айтыңыз.
8 ОТБАСЫДА ТАТУЛЫҚ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР
Мақсаты: отбасы мүшелерінің үйлесімді қарым-қатынасына ықпал ету, өзара сыйластығы мен бірін-бірін құрметтеу, баланың отбасындағы өмір сүру деңгейін жақсарту, отбасы татулығын байыту, отбасына және оның мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек беру.
Отбасы татулығы мен сыйластығы – ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді құруға, жалпы отбасының тұтастығын сақтауға арналған іс-шараларға арналған.
«Отбасылық қатынастар психологиясының» практикалық бөлімі студенттердің келесідей іс-шараларды жүргізе білу дағдыларын қалыптастырады:
Психологиялық диагностика
Психологиялық диагностика отбасы мүшелерінің эмоционалды қалыптарын (қобалжу, мазасыздану, қорқу және қысым), тұлғалық ерекшеліктерін (әлеуметтік-психологиялық дамуға белгілі бір қиындықтар тудыратын бұзылыстарды) анықтауға бағытталған.
Психологиялық диагностика нәтижелері психологтың жоспарлап жүргізетін коррекциялық жұмысын белгілейді, «Баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту» бағытында балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және «ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениеті» бағытында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру, бала тәрбиесінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру, тәрбие үрдісінде қолдана білу дағдаларын қалыптастыру, психологиялық кеңес беру, психологиялық ағарту жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |