Диагностикалық кезең. Отбасылық өмірдің диагнозы түсінігінде отбасы мүшелерінің тұлғалық қасиетін анықтау, қатынастағы бұзылысты анықтау. Отбасы қатынасына диагностика жүргізу үрдісіне психологпен бірге психотерапев те қосыла отырып, диагностика нәтижелерін талдау, болжамды ұсыну және тексеру жатады. Отбасылық диагностиканың өзіндік ерекшелігі – ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапиялық техникалар іріктеліп отырылады. Екінші ерекшелігі – отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, отбасы мүшелерін бақылау және сұрау барысындағы «отбасы бала көзімен», «отбасы психолог көзімен», «шын мәнінде қандай» деген мәселелерді анықтау арқылы алынады.
Отбасындағы қақтығысты жою. Екінші кезеңде психолог отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен себебін анықтайды. Отбасы мүшелері арасында тепе-тең қарым-қатынасты орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың теріс эмоционалдық күйлерін төмендету және жоюға көмектесу. Психолог қақтығысқа қатысушылардың бәріне бірдей түсінікті тілде сөйлеуге, жақсы сөздермен қарым-қатынас құруға шақырады.
Қайта құру кезеңі. Бұл кезең отбасы мүшелерінің қақтығысқа дейінгі үйлесімді, түсіністік қарым-қатынастарын, мінез-құлықтарын қалыпқа келтіруге көмектесу, өзара сыйластықтың денсаулыққа, әлеуметтік саулыққа маңызын ашып көрсетіп, жақын адамдардың бір-біріне деген жылы, сыйластықтарын ояту.
Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты рөлдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын әдістер:
Үнсіздікті мәнді пайдалану;