Некегедейінгі кезең (некелік одақтан тыс жас бозбала немесе бойжеткен) немесе «монада уақыты». Бұл тұлғаның эмоциялық және экономикалық дербестілікке жететін, өзі және өз тағдыры үшін жауапкершілікті қабылдау, ата-ана отбасынан Менніңэмоциялық бөліну кезеңі, тұлғаның автономизациясы, еркіндік алуы; тұлғааралық қатынастар интимділігінің, ұнату және қарсы жыныспен тұлғааралық қатынаста сүйікті болу қабілетінің дамуы, некелік серіктесті іздеу (Э.Эриксон бойынша); тұлға Менінің мамандық алу және экономикалық тәуелсіздікке жетуі арқылы қалыптасуы.
Бұл кезеңде болашақ отбасының дамуы мен оның қызмет етуі аталған міндеттерді шешу табыстылығымен анықталады. Егер міндеттер шешілмесе, олар кейінге қалдырылады да олардың шешімі отбасының дамуының келесі кезеңдеріне ауысады, бұл отбасы қызметінің нашарлығын көрсетеді.
Некеге отыру, жаңа отбасылық жұп құру немесе «диада уақыты». Бұл кезеңде некеге отыру негізінде жаңа отбасылық жүйе құру жоспарланады және ортақ отбасылық құндылықтар және отбасы құрылысы келісіледі; отбасының басшысы және көшбасшысы анықталады;рөлдер бөлінеді, ерлі-зайыптылар оларды орындауға жауапкершілік алады; отбасының қаржылық-экономикалық статусы анықталады; отбасылық бюджет ұйымдастырылады; отбасының территориалды мәселелері (мекен мәселесі) шешіледі; бос уақыт ұйымдастырылады; отбасы өміріне үйрену ретінде ерлі-зайыптылардың неке-отбасылық бейімделуі жүреді; отбасылық «Біз» санасы қалыптасады; болашақ отбасына қатысты ортақ ұстаным белгілі болады; негізгі өмірлік мақсаттар жоспарланады; кең отбасымен (ата-аналармен және ерлі-зайыптылардың әрбір туысқандарымен) қатынастар орнатылады.
Отбасының өмірге төзімділігі және оның болашағы жаңа отбасылық жүйенің қалыптасу міндеттерінің шешілу табыстылығына байланысты болып келеді. «Мен және Сен» қатынастарының орнына жаңа сападағы «Біз» қатынасы саналы ұғынылады. «Бал айының» аяқталуы бұрынғы жақын қатынастардың және махаббат сезімінің қайта құрылуын, яғни осы кезеңдегі міндеттердің бірігіп шешілуін білдіреді. Жас отбасы осындай жағдайда болғанда ғана стресс ықпалдарына айрықша сезімтал әрі төзімді болады.
Некенің бұзылуына көбіне отбасының өмірлік циклінің осы кезеңдегі міндеттерін дұрыс жүзеге асыра алмауы, оларды жас жұбайлардың шешуге психологиялық дайын еместігі, әсіресе ата-аналарға эмоциялық, мінез-құлықтық, құндылық тәуелділігінің сақталуы, жас отбасының экономикалық дербестілігінің болмауы т.б. себепші болып жатады.
Жас жұбайлардың ерлі-зайыптылық өмірге дайындыққа бастамалық көрсетуінің маңызды кезеңі олардың ата-ана отбасының автономиясы негізінде кең отбасымен қатынастардың жаңа жүйесін орнату міндеттерін шешуі болып табылады.
Некелік бейімделу жас жұбайлардың симпатия, махаббат, достық және өзара құрмет тәрізді жағымды сезімдер негізінде бірлескен өмірге біртіндеп бейімделу үрдісі ретінде қарастырылады. Некелік бейімделу мыналардан тұрады: 1) жаңа некелік-отбасылық рөлдерге және келісілген рөлдік іс-әрекетке бейімделу; 2) жұбайының қажеттіліктеріне, өмірлік құндылықтарына, қызығуларына және өмір стиліне бейімделу; серіктестің жеке-типологиялық ерекшеліктеріне, мінезіне және тұлғалық қасиеттеріне бейімделу; 4) серіктесінің кәсіби қызметіне бейімделу; 5) серіктестердің сексуалды бейімделуі.