Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Отбасына психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері



бет22/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Отбасына психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері


Отбасына психологиялық кеңес берудің келесі кезеңдерін бӛлуге болады: алдын ала жазылу кезеңі; бірінші қабылдау кезеңі; диагностикалық кезең; психологиялық қорытынды жасау кезеңі; проблеманың туындау себептерін бірлесе талдау және оны шешу жолдарын анықтау кезеңі; қорытынды кезеңі.
Алдынала жазылу кезеңі. Жазылу. Ӛтініштің бекітілуі. Клиент шағымы мен сауалын нысаналау. Отбасы және клиент туралы алғашқы ақпаратты жинау. Ұйымдастырушы сұрақтарды шешу. Клиентті жұмыс тәртібі мен регламентіне бағдарлау.
Біріншіқабылдау кезеңі. Кеңес берушінің клиентпен танысуы. Қосылу техникаларын қолдану арқылы байланыс орнату – кеңес берушінің отбасы мүшелерінің мінез-құлық стилі мен ерекшеліктеріне еліктеу ретіндегі аккомодация (С. Минухин), белсенді эмпатиялық тыңдау (К. Роджерс). Кеңес берушінің ӛзін таныстыруы және кеңес беру үрдісінде позицияларды құрылымдауы. Сенім және қауіпсіздік атмосферасын орнатуы. Бұл кезеңде отбасы құрамы, отбасы мүшелерінің әрқайсысының жасы, білімі, мамандығы және олардың қарым-қатынас, ӛзара әрекеттесу ерекшеліктері туралы жалпы ақпарат алу керек. Бұл тұста оңтайлы әдіс – отбасының үш ұрпағы үшін генограмма құру болып табылады. Егер жұмыс тұтастай отбасымен жүргізілетін болса, онда ӛтініш білдірілген проблемаға қатысы бар отбасы мүшелерінің әрқайсысының позициясын анықтап алған жӛн.
Сауалды қайта тұжырымдау. Психологиялық кеңес беруді жүргізу келісімшартына бітім жасау.Келісімшарт негізінде кеңес беру мақсаттары мен
клиентке кӛрсетілетін психологиялық кӛмек формасы келісіледі. Клиент пен кеңес берушінің жауапкершілігі мәселесі және олардың жұмыс үрдісіндегі қызметтері талқыланады. Ұйымдастырушы мәселелерді келісу жүзеге асырылады: кездесу саны, оның ұзақтығы мен мерзімділігі, қатысушылар құрамы, кеңес беру ақысы.
Диагностикалық кезең. Клиент мәселесін нақтылау. Оны диагноз стереокоптылығы принципіне сәйкес зерттеу, отбасының рӛлдік құрылымын және оның ішкі, әлеуметтік ресурстарын анықтау. Ерлі-зайыптылармен танысу сәтінен бастап отбасының даму тарихын реконструкциялау. Проблемалық жағдаяттарды, типтік отбасылық сценарийді талдау, отбасылық мифтерді анықтау және талқылау. Проблема мазмұны мен себептері туралы жұмысшы болжамды тұжырымдау. Шығарылған болжамды тексеру мақсатында қажетті диагностикалық тексеруді жүргізу.
Психологиялық қорытынды жасау кезеңі. Психологиялық диагноз мен болжамды тұжырымдау. Диагностикалық қорытынды отбасының объективті статусын сипаттап, отбасының объективті мәселесіне жасалған шағымына сай қорытынды жасауы қажет және ол негіздемелермен тұжырымдалып, отбасының одан әрі қызмет етуіне жағымды баға беруі керек. Отбасы мәселесін жеңу бойынша ұсыныстардың жалпы жоспарын жасау. Кеңес беруші психологиялық қорытындыны клиентпен кездеспейтін уақытта дайындауы тиіс. Кеңес беруші проблеманы талдау және түсіндіру нәтижесін, сонымен қатар келесі кезеңді жүргізуге арналған негіздемені ұсынуы қажет. Бірқатар жағдайларда психологиялық қорытындыны дайындау проблеманы бірлесе талдау және оны шешімдерін іздестіру кезеңдерімен қабысып жатады.
Проблеманың туындау себептерін бірлесе талдау және оны шешу жолдарын анықтау кезеңі. Проблеманы талдауға бағытталып, отбасы қызметінің«күшті», «ресурсты» және «әлсіз» аспектілерін бӛлу. Тиімсіз қызмет ету себептерін анықтау. Психологиялық диагноздың негізгі қағидаларын талқылау. Шартты-вариантты болжауды бірлесе жасау. Мәселенің шешілу мүмкіндігін қарастыру, шешімдердің әрқайсысының «жақсы» және «кемшілік» жақтарын жан-жақты бағалау. Шешім қабылдау, оны жүзеге асыру жоспарын құру. Отбасы мүшелері арасында жауапкершілік пен қызметтерді бӛлу. Қабылданған шешімді ӛмірде жүзеге асыруға «үй тапсырмалары» жүйесін жасау.
Қорытындыкезеңі. Қорытындылау. Қабылданған шешімнің іске асырылуын бақылау және бағалау. Кеңес берушімен бірлескен жұмысты аяқтау, одан әрі орнатылатын байланыс түрі мен серзімін талқылау. Отбасында туындайтын қиындықтар мен проблемалардың алдын алу бойынша профилактикалық және превентивті шаралар жоспарын бірлесе құру.
Аталған психологиялық кеңес беру кезеңдері бірізділікпен жүзеге аса бермеуі де мүмкін, уақыты немесе жалғасу қисындылығы жағынан бұзылуы ықтимал, кейде алдағы кезеңдерге ӛтпес бұрын ӛткен кезеңге қайта оралатын жағдайлар да болады. Кезеңдердің ұсынылған бірізділігі кеңес беру жұмысы мен процедураларының бір түрінен келесі түріне ӛту заңдылығын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет