Инсайт– адамның қандай да бір мәселенің шешімін күтпеген жерден табуы.
Интериоризация (лат. interior-ішке-сырттан) адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы. И. ұғымын француз психологтары (П.Жане, Ж.Пиаже, А.Валлон, ресейлік психолог Л.С.Выготский) зерттеген. И. Сыртқы ақиқат дүниенің сананың ішкі жоспары құрылымына айналуы болып ұғынылады. Интериоризацияны психиканың белгілік ақпаратты сырттан алуының, ішкі ӛндеуі мен сақтауының қандай нысандарынан болсын ажырата білу керек.
Интерференция(лат. inter-ӛзара, ӛз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы; кӛне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтіру дегенді білдіреді) – психологияда қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар, құндылықгар арасындағы қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер етуінен оның әлсіреуі. И. вербалды И., моторлы-акустикалық болып бӛлінеді. И. ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі.
Интроспекция(лат. introspectare-ішіне қарау) – ӛзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның ӛзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалык іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы ӛзін-ӛзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Ӛзін-ӛзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі ӛзіңнің психикалык ӛмірінді бақылау. Интроспекцияны ӛзін-ӛзі бақылаудан ажырата білу керек.
Инфантилизм(лат. infantilis-бала) –ересек адамда балалық жасқа тән дене немесе психикалық келбет сақталудан кӛрінетін дамудың кешеуілденуі.
Кәсіптік бағдар беру – әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп тандауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда кӛмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялык ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық- практикалық іс-әрекеті.
Контент анализ(ағылш. contents-мазмұн) – психологияда пайдаланылатын зерттеу әдісі. Мәтін және ӛзге де тасымалдаушылардың (бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, жеке бас кұжаттары, т.б.) ӛзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді.