Бала тәрбиесіндегі ата-ана махаббатының мәні неде?
Бала тәрбиесіндегі ата-әжелердің рӛлін анықтаңыз.
Махаббатсыз отбасы деген баяндаманы дайындаңыз.
5ОТБАСЫ ТИПОЛОГИЯСЫ
Отбасы типологиясының ӛлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық ӛмір ӛтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рӛлдерді бӛлу ерекшеліктері, билік ету және ӛзара әрекеттесу сипаты; кәсіби жұмысбастылық және ерлі-зайыптылар мансабы; әлеуметтік біртектілік; отбасының құндылық бағыттылығы; отбасылық ӛмірдің айрықша жағдайлары; сексуалды қатынастар сипаты.
Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бӛлінеді.
Нуклеарлы (ядерлік) отбасы – бұл ерлі-зайыптылар және олардың балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы шектеледі. Нуклеарлы отбасы – ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы.
Кеңейген нуклеарлы отбасы – ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар (ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т.б.) қосылған отбасы.
Толық емес отбасы–ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе ӛмірден озған отбасы. Толық емес отбасының типтік түрі – бұл баламен (балалармен) қалған ана. Толық емес отбасының қызмет ету сипаты екінші жұптың болмау себебіне байланысты. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыпты бұрынғыдай ата-аналық рӛлін, «асыраушы» рӛлін сақтайды және балаларды материалды қамтамасыз етуге қатысады. Алайда дүниеден ӛткен әке отбасында құрмет пен махаббатқа бӛленеді, ал ажырасқан әкеге кӛп жағдайда ашық немесе үнсіз айып тағылады, оның үстіне ана баланың ажырасқан әкемен кездесуіне кедергі жасайды. Толық емес отбасының тағы бір түрі «аналық отбасы», оның құрамына ана мен бала (балалар), ананың саналы ниеті бойына некесіз туған балалар кіреді. Сонымен, толық емес отбасының типтік түрі – бұл әкесіз отбасы. Толық емес отбасы рӛлдік шамадан артық күштенуіне қарай тәуекел тобына кіреді.
Функционалдытолық емес отбасы– ерлі-зайыптының біреуінің ӛз қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша толық) отбасы. Ерлі-зайыптының ӛзінің отбасылық рӛлдерін атқаруға кедергі келтіретін себептер: ауыр немесе созылмалы ауру, кәсіби қызмет спецификасы, отбасымен ұзақ уақыт болмау. Ұзақ іс-сапармен байланысты мамандықтардағы адамдар (геологтар, әскери теңізшілер, машинстер, ұшқыштар, жол серіктер), еңбектің вахталық әдісімен жұмыс жасайтын адамдар (мұнайшылар, құрылысшылар, поляршылар),жұмыс кестесі тұрақсыз және эмоциялық күйзелісі жоғары еңбектегі адамдар (әртістер, радио және теледидар қызметкерлері, «жедел жәрдем» және аурухана дәрігерлері, мұғалімдер) ӛздерін отбасылық ӛмірде толықтай жүзеге асыра алмайды. Функционалды толық емес отбасын да тәуекел тобына жатқызу қажет, ал оған психологиялық кӛмек функционалды міндеттерді орынды, қолайлы жоспарлауға және тұлғаның
кәсіби қызметте, отбасында үйлесімді жүзеге асу жолдарын іздестіруінебағытталуы тиіс.
Аралас отбасы – ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде болмаса әрқайсысы бӛлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп жатқан тәте отбасы да жатады және т.б.
Ерлі-зайыптылық ӛмірдің отбасылық ӛтіліміне байланысты: жастар отбасы(«бал айындағы» отбасы); жасотбасы(жарты жылдан балалар туғанға дейінгі бір жарым жыл); бала күтіп жүрген отбасы; орта ерлі-зайыптылық жастағы отбасы (3 жылдан 10 жылға дейін бірге тұру); ересекерлі- зайыптылық жастағы отбасы(10-20 жыл ерлі-зайыптылық ӛтілім) және қартайған ерлі-зайыпты жұптар(ӛз отбасын құрған ересек балалар тәрбиелеп жатқан ерлі-зайыптылар және қазіргі уақытта ата және әже отбасылық рӛлдерін атқарып жатқан отбасы) [Зацепин].
Отбасылар балалар санына қарай баласыз, бір балалы, аз балалыжәнекӛп балалы отбасына бӛлінеді. Некеге түскеннен кейін 8-10 жыл бала кӛрмеген ерлі-зайыптылар баласыз отбасы болып саналады. Отбасында бала болмау себептері медико-биологиялық факторлар, ерлі-зайыптының баланы қаламауы болуы мүмкін. Қазіргі таңда баласыз отбасылардың әлеуметтік және психологиялық себептерінің басым екендігін айтуға болады. Психологиялық себептер тәуекел тобына кіреді. Ана болуға және әке болуға ұмтылысты жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы, тұлғалық иденттіліктің аяқталмауы ерлі- зайыптының біреуінің жанына батып, жаңа отбасын құруына себепші болады, яғни баланың болмауы күрделі отбасылық мәселе болып табылады. Екінші жағынан баласыз отбасыларда ажырасудың меншікті салмағы жоғары болып келеді, ол ерлі-зайыптылық қатынастардың үйлесімсіздігінен туындайды. Мұндай жағдайда баладан бас тарту себеп емес, ерлі-зайыптылар қатынастарының қиындығының салдары болып саналады. Бір балалы және аз балалы отбасылар қазіргі, әсіресе қалалық отбасылардың демографиясында кең таралған. Тӛрт және одан кӛп балалары бар отбасы кӛп балалы отбасына жатады. Кӛп балалы отбасы статистика бойынша ажырасуға тұрақты болып келеді.
Мекен-жай орны бойынша қалалық, ауылдық отбасыларды және алыс аудандарда тұратын отбасыларды бӛледі. Олар ӛмір сүру стилімен, тұрмыс салтымен, ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жұмыс бастылық сипатымен және рӛлдік құрылымымен, тұтыну деңгейімен, тәрбиелік қызметтерді атқару сипатымен ерекшеленеді. Мысалы, алыс аудандарда тұратын отбасылар ӛз балаларын мектеп-интернаттарға оқуға жіберуге мәжбүр, бұл дегеніміз ата- аналардың балаларынан ұзақ уақытқа жырақта жүруіне және ата-аналық қамқорлық пен протекцияның депривациясына әкеледі.
Ӛмір сүру түрінің ӛлшемдері патрилокальды, матрилокальды және неолокальды отбасыларын бӛлуге мүмкіндік береді. Отбасының патрилокальды түрі әйелдің күйеуге шыққаннан кейін жұбайының үйіндегі мекен-жайымен
анықталады. Матрилокальды отбасының әйелдің үйінде мекендеуімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда отбасының неолокальды типте мекен етуі кең таралған, мұнда нуклеарлы отбасы ата-анадан және басқа туысқандардан бӛлініп, жеке отбасымен ӛмір сүруге тырысады. Сонымен қатар, қазіргі уақыттабірге тұратын ерлі-зайыптыларда годвин-неке, яғни ерлі- зайыптылардың жеке тұруы жиі кездеседі. Бұл неке түрі ӛмір сүрудің осындай түрін жақтайтынУ. Годвиннің есіміне байланысты аталған, У. Годвин бойынша ерлі-зайыптылардың бірге тұруы олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына, бейімділіктеріне сәйкес толыққанды тұлғалық дамуға кедергі келтіреді [Ощепкова, Эпштейн, 1995].
Рӛлдерді бӛлу ерекшеліктері, билік ету және ӛзара әрекеттесу сипатына байланысты дәстүрлі, авторитарлық, эгалитарлық, демократиялық отбасыларды бӛледі.