Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет7/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Отбасылық-некелік қатынастардың қазіргі зерттеулері. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылық – ата-ана – туысқандық мәселелеріне теорияда ғана емес,практикада да баса мән берілуде. Ю. И.Алешина, В. Н.Дружинин, С. В. Ковалев, А. С. Спиваковская, Э. Г. Эйдемиллер және басқа да ғалымдардың
еңбектерінде отбасы дербестілігімен, тұрақтылығымен ерекшеленсе де қоғамда жүріп жатқан барлық ӛзгерістерді тікелей немесе жанама бейнелейтіндігі баян етіледі.Барлық ӛзгерістерге қарамастан отбасы әлеуметтік институт ретінде қиыншылықтарға тӛтеп бере алды. Соңғы жылдары оның қоғаммен байланысы әлсіреді, әрине ол ӛз кезегінде отбасына да қоғамға да әсерін тигізбей қоймады. Бүгінгі таңда қоғамда бұрынғы құндылықтарды қалпына келтіру,жаңа бетбұрыстар мен үрдістерді зерттеу, сонымен қатар жастарды отбасылық ӛмірге практикалық дайындауқажеттілігі сезілуде.
Отбасылық қатынастар психологиясы нервтік және психикалық аурулардың, сондай-ақ отбасы тәрбиесі мәселелерінің алдын алу міндеттерімен байланысты дамып келеді. Отбасы психологиясында қарастырылатын мәселелер әртүрлі: бұл ерлі-зайыптылық, ата-ана-балалық қатынастар, отбасында үлкендермен ӛзара қатынастар, дамыту бағыттары, диагностика, отбасылық кеңес беру, қатынастарды түзету.
Отбасылардың дамуында соңғы он жылда айқын аңғарылып жүрген бірқатар бетбұрыстарды бӛлуге болады:

  • дәстүрлі (патриархалдық) түрдегі кӛпядролық кеңейгенотбасынан нуклеарлы отбасына кӛшу;

  • бала туудың азаюы – ХХ ғ. соңында қазіргі қоғамға тән ерекшелік. Қазіргі қоғамда кӛп балалы отбасынан аз балалы отбасына кӛшу әйелдердің ӛндірістік салаға араласуымен; ерлі-зайыптылардың кәсіби іс-әрекет ерекшеліктерімен, соның ішінде оның жоғары технологиялылығымен; құндылық бағдарлармаен және қазіргі отбасының әлеуметтік- экономикалық жағдайларымен байланысты. Кӛптеген елдерде бала туу санының азаю себептері: қоғамның экономикалық тұрақсыздығы; жас отбасылар үшін әлеуметтік кепілдіктің тӛмен деңгейі; балалар мен жеткіншектердің әлеуметтік қамқорлығының әлсіздігі; «білім беру құнының» және білім беру қызметтерінің ақылы секторының салыстырмалы мӛлшерінің шарықтауы; денсаулық қорғау, әсіресе ана мен бала денсаулығын қорғау деңгейінің қанағатсыздығы; ана болу беделінің тӛмендігі болып табылады. Сонымен, орташа есеппен алғанда кӛп жағдайда бір балаға тӛрт ата мен әже келеді. Бұл жағдай отбасы қамқорлығында «қиындық» тудырады – ата-аналарға ӛзінің қарт ата- аналарына да қамқорлық кӛрсетуге тура келеді. Сонымен қатар, елімізде отбасы жағдайының ерекшелігі отбасында кӛмек пен қамқорлықтың ӛзаралығы болып табылады: ата мен әже –зейнеткерлер жұмыс істеп жүрген балаларына қол ұшын беріп, немерелерін тәрбиелеуге, шаруашылыққа т.б. кӛмектеседі;

  • ерлер мен әйелдердің ӛмір сүру ұзақтығының диспропорциясы. Қарттық жаста және кәрілік кезеңде әйел қауымының басымдығы байқалады, отбасының тауқыметін тартқан жесір әйелдер саны артуда, жұбайынан айрылған әйелдер психологиялық мәселеге ұшырап, жаңа жағдайда ӛзін- ӛзі анықтауда қиналады. Қоғамымызда әжелер – ӛз балаларының

«отбасындағы баға жетпес мүшесі», отбасының формалды емес басшысы,
немерелерінің тәрбиешісі,«үй басқармасының бастығы», үй иесі т.б. сияқты жаңа рӛл алады.

  • ажырасу санының артуы. Тұлғаның толық психологиялық реабилитациясы және ажырасудың жағымсыз эмоциялық салдарын жеңуі тек 1-3 жыл ӛткен соң белгілі болады;

  • отбасынсыз және ата-аналармен және жақындарымен қарым-қатынас депривациясы жағдайында тәрбиеленіп жатқан балалар (жетімдер, интернатта тәрбиеленушілер, тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар, панасыз балалар) санының кӛбеюі. Мұндай бетбұрыс әлеуметтік күйзеліске, соғысқа, тӛңкеріске ұшыраған ӛмір сүру деңгейі тӛменелдерге тән;

  • отбасындағы қатынастардың, ең алдымен ерлі-зайыптылық қатынастардыңдемократизациясы мен эгалитаризациясы, рӛлдерді қатаң бекітуден ерлі-зайыптылардың серіктестікке, кӛмекке және ӛзара қолдауға ауысуы;

  • кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналар – жасӛспірім ата-аналар санының артуы. Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналарға әлеуметтік және психологиялық қызмет кӛрсетуге енді ғана қадам жасалу үстінде. Осыған байланысты, елімізде «балалардан бас тарту», аналардың перзентханадан-ақ баласын тәрбиелеуге жауапкершілік алудан қашуыкӛбейіп келеді;

  • отбасылық-тұрмыстық жағдайда қылмыстар аны артуда. Отбасында зорлық кӛрсету және агрессия экстраординарлы құбылыс болудан қалып барады, жан түршігерлік қылмыс отбасында әдеттегі үйреншікті құбылысқа айналып келеді. Отбасындағы зорлық, әсіресе ата-аналардың балаға зорлық кӛрсетуі ағылшын тіліндегі әдебиетте childabused

«отбасындағы қатыгездік» терминінің пайда болуына әкелді.«Отбасындағы қатыгездік» ұғымы ашық мәселе болып қала бермек. Психологтар отбасылық қатыгездік ұғымына алуан түрлі ата- аналық мінез-құлық кӛріністерін жатқызады: физикалық агрессия, сексуалды зорлық, баланың негізгі ӛмірлік (виталды) қажеттіліктерінің қанағаттанбауы, суық қатынастар, эмоциялық жақындықтың кемшілігі;

  • баласыз отбасылар санының артуы, ерлі-зайыптылардың «баласыз отбасын» саналы таңдауы. Олардың дүниеге бала әкелуді жиі кейінге қалдыруы – кәсіби білімді тәмамдау, мансапқа жету міндеттерімен, отбасының қиын қаржылық-экономикалық жағдайымен немесе баспана мәселесімен байланысты, балаларсыз «ӛзі үшін» ӛмір сүру шешімі артуда, ақырында бұл ӛзін-ӛзі жүзеге асырудың жеткіліксіздігін және терең тұлғалық дағдарысты ұғынуға әкеледі. Ерлі-зайыптылар бала туу мүмкіндігі жоқ медициналық себептерге байланысты мынадай мәселелерді шешуге мәжбүрлі –бедеулік, бала асырау, асыранды балаларды тәрбиелеу. Репродуктивті медицинаның дамуы осындай мәселелердің шешілуіне айтарлықтай мүмкіндік жасайды;

Қазақстандық отбасының негізгі ерекшелігі нуклеарлы емес, үш ұрпақтылығымен нәтижеленеді.Нуклеарлы отбасының үлкен үш ұрпақты отбасына айналу себебі жас отбасының қаржылық қабілетсіздігінен, яғни ӛз бетінше пәтер ала алмау немесе пәтерді жалға ала алмауынан бір пәтерде бірге тұру қажеттілігі болып табылады. Мұндай жағдай отбасылық рӛлдердің шиеленісуіне, отбасылық қызметтер тиімділігінің тӛмендеуіне, жанжалдың, отбасылық мазасыздық пен эмоциялық күйзелістің артуына себепші болады.
Отбасылық қатынастар психологиясының дамуындағы жаңа бағыт – оның әдіснамалық негіздерін жасау болып табылады, оған негізделу фрагменттілікті, кездейсоқтықты, интуитивтілікті болдырмауға мүмкіндік береді. Негізгі әдіснамалық жүйелілік принципі бойынша отбасылық қатынастар құрылымдық біртұтастықтан тұрады, оның элементтері бір-бірімен тығыз байланысады. Бұл ерлі-зайыптылық, ата-ана-балалық, бала-ата-аналық, бала-балалық, ата-әжелік-ата-аналық, ата-әжелік-балалық қатынастар.
Маңызды әдіснамалық синергетиялық принцип отбасылық қатынастар динамикасын дағдарыстық кезеңдер тұрғысынан қарастырады.
Қазіргі таңда ӛзара қатынастары бұзылған отбасыларды емдеудің жалпы заңдылықтарын қарастыратын, жинақталған тәжірибелерді біріктіретін жүйелі, ғылыми тәсілдемеге негізделген отбасы психотерапиясы қарқынды жасалып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет