Отбасылық қатынастар психологиясының даму кезеңдерін атаңыздар.
Ежелгі отбасылық қатынастарға сипаттама беріңіздер.
Моногамды отбасын сипаттаңыздар.
Балаларға қатынас динамикасын ашыңыздар.
Қазақстандағы отбасылық қатынастар ерекшелігі неде?
3 ОТБАСЫНЫҢӚМІРЛІККЕЗЕҢДЕРІ (ЦИКЛДЕРІ)
Отбасын жүйелілік тәсілдемемен қарастыру – қазіргі отбасы психологиясында анағұрлым маңызды. Жүйелілік тәсілдеме парадигмалары негізінде отбасы қоршаған ортамен тұрақты алмасатын,ашық ӛз бетімен құрылатын әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының қызмет етуі бір-бірін толықтырып отырушы екі негізгі заңға бағынады. Олар гомеостаз заңы (тұрақтылықты сақтауға бағытталған) және даму заңы. Даму заңы – отбасының кез келген жүйе тәрізді генезис, даму және ликвидация (жойылу) терминдерімен тарихи аспектіде сипатталатындығын білдіреді. Сондықтан, отбасының ӛмірлік циклі мен белгілі бір кезеңдердің және олардың пайда болғаннан бастап, ӛмір сүруін тоқтататын ӛзгерістер жайында сӛз қозғауға болады. Отбасының даму циклі» терминін 1948 ж. Э. Дювалль және Р. Хиллалғаш қолданған.Отбасының даму динамикасын қарастыру Э. Эриксонның отбасының дамуының әрбір кезеңінде тұлғаның шешетін міндеттерінің спецификасы туралы идеясына негізделді. Отбасының ӛмірлік циклінің әрбір кезеңіне дамудың спецификалық міндеттері сай келеді.
Отбасының дамуының ӛмірлік циклі елеулі оқиғалармен (туу, ӛлу) анықталады және отбасының барлық мүшелерінің жас ӛзгерістері негізінде жүзеге асады. Отбасының әрбір мүшесінің жеке басына қатысты жас- психологиялық ӛзгерістер тұлға ӛмірін түбегейлі ӛзгертеді: тұлға қажеттіліктері мен мотивтері жүйесі, оның мінез-құлық және іс-әрекет тәсілдері, отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесі ӛзгереді, сонымен қатар біртұтас отбасының қарым-қатынас стилі мен қызмет ету сипаты да ӛзгереді.
Отбасының ӛмірлік циклінің бар кезеңдеріне шолу жасау – оның барлығының отбасы құрамындағы балалар орнының ӛзгеру ӛлшеміне және ерлі-зайыптылардың тәрбиелік қызметтерді жүзеге асыруына негізделетіндігі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Э.К. Васильева отбасының ӛмірлік циклінің бес кезеңін бӛледі, оның әрқайсысында дамудың спецификалық міндеттері шешіледі. Бірінші кезең – отбасының құрылуы – бірінші бала ӛмірге келгенге дейін.Екінші – балаларды ӛмірге әкелу және балаларды тәрбиелеу – бір баланың еңбек іс-әрекетін бастауымен аяқталады.Үшінші кезең – отбасының бір баланың еңбек іс-әрекетін бастағаннан, ата-ана қамқорлығында бір баланың қалмауына дейін, яғни отбасының тәрбиелік қызметті аяқтауымен байланысты. Тӛртінші кезең ересек балалар ата-аналарымен бірге тұрады және оның біреуінің жеке отбасы болады. Бесінші кезең ерлі-зайыптылар ӛздері ғана тұрады немесе балалары бар жеке отбасымен бірге тұрады. Р. Нойбертекеу болып тұрудың кезеңдерін бӛледі: балаларды ӛмірге әкелгеннен кейін оларды тәрбиелеу; жоғары сынып жасындағы балаларды тәрбиелеу; балалардың ата- аналарынан бӛлінуі және немерелерді тәрбиелеу. В. Баркайдың бӛліп кӛрсеткен жас кезеңдерінен біз жоғарыда аталғанға ұқсас кезеңдерді кӛреміз: балаларсыз отбасы; ерте сәби жастағы баласы бар отбасы;балалары балабақшаға баратын отбасы; мектеп жасындағы балалары бар отбасы; ӛз бетімен ӛмір сүре алатын балалары бар отбасы; балалары қалдырып кеткен отбасы.
Хиллдің бӛліп кӛрсеткен жас кезеңдерінде монада кезеңі некеге түсу, бала туу, жеткіншектік жасқа дейін баламен тұру кезеңін алмастырады,
«баланың ұядан ұшуы» кезеңі, ерлі-зайыптылардың біреуінің ӛмірден ӛтуі және монада кезеңінің қайта басталуы.Отбасының тәрбиелік қызметінің аздаған маңызы М.Эриксонның бӛліп кӛрсеткен жас кезеңдерінде кӛрініс табады, онда отбасының ӛмірлік циклі күту (кӛңілін табу) кезеңін, некелік мінез-құлықты, баланың туылуын және онымен ӛзара әрекеттесуді, кемелденген некені, балалардың ата-аналардан алыстауын, зейнеткерлікті және кәрілікті құрайды.
Б.Картер мен М. Макголдрик ұсынған жас кезеңдеріне негізделген отбасының ӛмірлік циклін қарастырамыз. Аталмыш жас кезеңдерінің ӛлшемдері отбасының келесі сипаттамалары болып табылады: 1) ӛмірлік мақсаттар; 2) осы мақсатқа жету үшін іске асырылатын міндеттер; 3) құрамы; 4) отбасылық жүйенің жаңа ӛмірлік беталысына сай бір кезеңнен басқа кезеңге ӛту.Біздің пікірімізше, айтылып отырған соңғы ӛлшем ӛзгеше болып табылады,отбасының нормативті дағдарысын кӛрсетеді, себебі жаңа кезеңге ӛту ең алдымен барлық отбасылық жүйенің қайта құрылуын талап етеді. Ӛмірлік циклдің әрбір кезеңінде отбасының дамуында екі кӛрініс болады: 1) ерлі-зайыптылардың алға қойған міндеттерін табысты шешуді кӛздейтін үй ішінің амандығы кӛрінісі; 2) аталған міндеттерді шеше алмаудан туындап, отбасының деструктивті дамуынан кӛрінетін нашар кӛрінісі.
Отбасының ӛмірлік циклі алты кезеңдерден тұрады: некеге дейінгі кезең, некеге түсу және жаңа отбасы жұбын құру, кішкентай баласы бар отбасы, жеткіншек жастағы баласы бар отбасы, балалардың ересектік статусын алу кезеңі және олардың отбасынан жыраққа кетуі («ұядан ұшуы), балалардың бӛлініп шықаннан кейінгі ӛмір кезеңі. Отбасының ӛмірлік циклінің кезеңдерін жай ғана бӛліп кӛрсету – қазіргі отбасының маңызды қызметі ата-ана болуды және балалар тәрбиелеуді дәлелдейді. Ерлі-зайыптылық ӛтілім отбасының ӛмірлік циклінің кезеңін анықтамайды. Отбасының дамудың сапалы жаңа кезеңіне ӛтуі бала туу және оларды тәрбиелеу міндеттерін шешуімен анықталады.