Қостанай облысы Амангелді ауданы. Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі Ғылыми жұмыс тақырыбы



бет4/9
Дата03.02.2017
өлшемі4,35 Mb.
#8629
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Шарикті қаламсап.

Қазіргі таңда жазуға құралдары ғылыми техникалық прогреске сай болу керек. Бүгінде жазудың кең таралған құралы шарикті қаламсап. Оқушылар қаламсаппен жаза білу керек. Ол өте қолайлы және жеңіл. Қаламсаппен жазудың перомен жазу кезіндегі орналасуы өзгеше болады.

Шарикті қаламсап бұрыштан 50 – 55 0, перо – 35 – 45 0.
Қаламсапты үш саусақпен: үлкен, сұқ саусақ, бармақпен ұстаймыз. Сұқ саусақ бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында орналасып, қаламсапты жоғары жағынан ұстап тұрады. Сұқ саусақ пен қаламсап басының арақашықтығы 1,5 ,2 см болу керек. Жазу барысында сұқ саусақпен сәл ғана қысып ұстау керек. Сияның түсі көк немесе көкшіл болу керек. Қызыл түсті сияны мұғалім ғана қолданады. Қызыл түспен қатені, бағаны таңбалайды.
Сабақ барысында қаламсапты ашып, шашпау керек. Әр түрлі түсті сия тек мұғалімде ғана болады.

3D-принтері қаламсап түрінде көлемді нысандарды суретке салуға мүмкіндік береді
3Doodler — бұл қаламсап түрінде орындалған, ең нағыз 3D-принтері.Сондықтан бұндай тамаша өнертабыстың иегері компьютерді және бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдаланбай-ақ көлемді нысандардың суретін сала алады. 3Doodler суретшілер мен дизайнерлердің алдынан жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Хат жазу үшін стандартты 3-миллиметрлік пластикалық шыбықтар пайдаланылады. Бастапқы материалдың бір метрі дайын жолдың 10 метрден артығына жетеді. Пластик тез арада қатып қалады, асылып тұрып, тірексіз сурет салуға мүмкіндік береді.

Қаламсаптың салмағы 200 граммнан кем,  Кикстартерге алдын ала тапсырыс беру 75 долларға жетеді (жеткізілім жинақтамасына пластикалық шыбықтың екі жиынтығы енеді). 3Doodle үлкен жерлерді тез толтыруға және нәзік жұмыстарға арналған – «басып шығарудың» екі жылдамдығын ұстап тұрады. Шығарушылар күрделі емес түрлерін екі сағат ішінде жасауға ыңғайланса, ал жазықтықта сурет салу ешқандай ерекше дағдыларды талап етпейтініне сендіреді.

3D-қаламсаппен тек қана «қолдан жазу» ғана емес, сонымен қатар сайттан жеке-жеке «айналдыруға» болатын, сосын құрылымдаушы сияқты, үш өлшемдік құрылымды жинауға болатын, қағазға басып шығаруға арналған бөлшектердің үлгілерін жүктеуге болады. Жобаның авторлары үлгілер кітапханасын пайдаланушылар үнемі толықтырып отыратынына және көптеген жүз және мыңдаған модельдердің бар болатынына үміттенеді.






Құран оқитын қаламсап
Қазіргі кезде  технология заманы болғандықтан,заман қарыштап дамып келе жатыр.Адамды неше түрлі техникалармен құлтемірмен (робот) таңқалдыруда. Кеше әкем Қытайдан 90$ шамасында кішкентай қорапша әкелді. Таңғалғаным қасиетті Құран Кәрім кітабын оқитын қаламсапты  көргенде.Бұл құралды Құран сүрелеріне тигізсеңіз болды арабша мәнерлеп айтып береді.Тағы тамсандырғаны,аударма қызметінде атқара алады екен.
Қазақша,ағылшынша,ұйғырша,орысша,өзбекше т.б тілдерді қамтиды.Бұл дегеніміз Құран үйренушілерге таптырмайтын құрал екені даусыз.Оныммен бөлек кішкентай кітапшасы бар екен. Бұл араб әліппесін үйренушілерге арналған кітапша. Кәдімгі қалта телефоныны сияқты зарядтау мүмкіндігіне ие бұл құрал сізге ұзақ 7-8 сағат қызмет ете алады. Осындай пайдалы дүние жасайтын адамдарға Аллаһ разы болсын дегім келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет