Қостанай облысы Амангелді ауданы. Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі Ғылыми жұмыс тақырыбы



бет9/9
Дата03.02.2017
өлшемі4,35 Mb.
#8629
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.6.Қаламнан жасалатын заттар
(оқушы шығармашылығы)

Егер сіздің қаламыңыздың сиясы таусылып қалатын болса, оны лақтырмай көрмелік заттар жасап, әр түрлі макеттер жасап жаратыңыз. Себебі, қаламның сырттарынан әр түрлі фигурада түрлі макеттер жасауға болады. Мен осы жоба барысында қаламнан бірнеше коллекциялар жасап, түрлі заттардың макетін жасауды үйрендім. Келесі көріністер қаламнан жасалған макет туындылары.



3.7. Қалам туралы әзілдер, мақал-мәтелдер, эссе, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, суреттер (оқушы шығармашылығынан)

ЖҰМБАҚТАР
Қаралаяқ ат міндім қаздаңдатып,

Су ішпесе жүрмейді қырсау тартып,

Бір аяғын шалшыққа малып алып,

Тар көшеге салдым табандатып.

Қалам

Жаны жоқ қаршыға қолға қонар,

Жем алып қиын жерден аузы толар,

Мен өзім қаршығамнан баһра алдым,

Шешуі осы сөздің қиын болар.

Қалам

Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,

Жүргенде жол салады табандатып.



Қалам

Астында төсегі бар салған тағы,

Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,

Теңізден салған жолы сайрап жатыр,

Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы.

Қалам

Бір басты,екі тілді бір мақұлық,

Жүреді айдалада ырғатылып,

Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,

Өзінің сөйлеспесе досты барып.

Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы

Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып,

Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,

Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,

Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық.



Қалам
Бір нәрсе құмырсқа бел,сүйрік тұмсық,

Екі бүйірі шығыңқы, көзі қисық.

Жансызда жалықпайтын соны көрдім,

Жорғалап қызмет етер құстай ұшып.



Қаламұш

Секіріп жүріп сырғиды,

Тетігі бірақ адамда,

Ақылмен, бимен жылжиды.



Қаламұш

Үш адам мініп алып жалғыз жорға,

Үшеуі тәуекел деп түсті жолға.

Ізінен жорғасының тәлім қалып,

Кетіпті жаппай тарап қолдан-қолға.

Сия

Екі басты айдаһар,

Қара суды ішеді,

Қайта құсып ақ жерге,

Өрнектері түседі,

Онсыз жаңа іс болмас,

Адамның қылар ісі еді.

Қаламсап

Бір жорға бар шабысты,

Ақ қағазға жабысты.

Жорғаласа тайпалап,

Келтірер көп табысты.

Сауыт қалам

Бір құс бар екі тілді сайрап тұрған,

Үстінде мәуесі бар жайнап тұрған.

Ішетін суы да көп, ішу де көп,

Құдығы тасбұлақтан қайнап тұрған.

Қалам,сия

Бір құс бар дарияда тұмсығы ұзын,

Жаны жоқ жанды малдан жүрер бұрын.

Бұл жұмбақ талай жерде айтылып жүр,

Еш адам шеше алмайды бұдан бұрын.

Қалам

Үшкір ғана бір нәрсе айыр басты,

Құдықтан көзге сулап төкті жасты.

Кеппейтін мәңгі бақи жастың ізі,

Дүниенің бәріменен араласты.

Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан,

Ішінен су шығады мың сан батпан,

Сол құдық сондай-ақ көп болса-дағы,

Бетіне бетегесі шығып жатқан.

Сия

Ағартуға жоқ, Қарайтуға әйдік-ақ.



Сия

Бір құс бар бұлбұл деген ұзын мұрын,

Сөйлесе келтіреді сөздің нұрын,

Үстіне көкше мұздың жорғалаған,

Құс жоқта сөйлейтұғын одан бұрын.

(Қаламсап)

Денесi бар шыбықтан,


Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.
(Қаламсап)
ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ, АҒАШ ҚАЛАМСАП ЖӘНЕ БОЛАТ ҚАЛАМҰШ ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ

Ақ қаз су жағасында мамырлай жайылып жүр едi, құлағына шаң-шұң керiскен дауыс естiлдi. Дауыс шыққан жаққа мойын созып қараса, о, ғаламат, кәдiмгi ағаш қаламсап пен болат қаламұш! Екеуi терезенiң алдына шығып алып, бiрiне-бiрi кiжiнiп, салғыласып тұр.

– Менiң пайдам адамға сенен гөрi он есе артық тиедi. Мен оның көңiлдегiсiн қағазға айнытпай жазып беретiн қолғанатымын. Менсiз сен түкке де аспайсың, – дейдi Қаламұш шiңкiлдек жiңiшке үнмен.

– Мен болмасам, сия сауыттың iшiне күмп етiп, батып кетер едiң, болмаса иеңнiң қолын былғап, сөгiс естiп жатар едiң, – дейдi Қаламсап оған дау айтып.

Ақ қаз бұл сөздердi естiп, өз-өзiнен мырс етiп күлiп  жiбердi. Содан соң мойнын одан бетер созыңқырап:

– Әй, достарым, сәл сабыр етiңдер. Екеуiңнiң таластарың менiң күлкiмдi келтiрiп тұр, – дедi.

– Неге? – деп үрпиiстi Қаламсап пен Қаламұш. Ақ қаздың бұған ашуы келiп кеттi де:

– Мен болмасам, сендер дүниеге келмес едiңдер. Бүйтiп таласып тұрмас едiңдер. Мен сендердiң аталарың болам! Сендер, екеуiң де менiң қауырсынымнан жаралғансыңдар! – дедi Ақ қаз.

– Қайтiп?

– Бiлмесеңдер, тыңдаңдар әулекiленбей, – деп, Ақ қаз әңгiмесiн шұбырта жөнелдi. – Адам бiр кезде менiң қауырсынымды ұштап, ұшын екi айырық қып үшкiрлеп, жазуды сонымен жазатын едi. Оны қауырсын қалам деп атайтын. Арада талай заман өттi. Жер бетiнде жазу бiлетiн адамның саны көбейдi де, қаздың қауырсыны оларға жетпейтiн болды. Содан соң адам ағаштан қаламсап жасап, оған қаз қауырсынынан қаламұш тiлiп орнататын амал тапты. Бұлай еткенде бiр қауырсын талай адамның пайдалануына жарайтын едi.

Арада тағы да көп-көп жылдар өттi. Жазу бiлетiндер бұрынғыдан да молайды. Қаздың қауырсынына мұқтаждық арта түстi. Сонан соң адам әрi толғанып, берi тол-ғанып мына сенi, болат Қаламұшты ойлап тапты. Екеуiңнiң дүниеге келу тарихтарың, қысқартып айт-қанда, мiне, осындай, – деп, Ақ қаз сөзiн түйдi.

Ағаш Қаламсап пен болат Қаламұш бұл жайды бұрын-соңды естiмегендiктен, екеуi бiр-бiрiне таңырқаса қарасып тұрып қалды.



Қалам туралы әзілдер:

Қаламсап-1

Сыныпта диктант жазып жатқан оқушылардың бірінің қаламсабының сиясы таусылып қалса керек, қасындағы досынан ақырын ғана:


-Қаламсабым жазбай қалды, ұштағышыңды бере тұршы,-депті.

Қаламсап-2

Сабаққа Айбек келді. Диктант жазып жатқан кезде қаламының сиясы бітіп қалды.Апайы неге жазбай отырсың дегенде, қаламсабымның бинзині бітіп қалды депті



Оқушының салған суреттері





Қорытынды.

Қалам адам баласының барлық ойын, ішкі сырын, теңдесі жоқ туындыларын қағаз бетіне түсіретін құнды зат. Егер де қалам болмаған жағдайда алған біліміміз одан әрі жалғасын таппас па еді. Себебі, қаншалықты білімді кітаптан оқып алсақ та, оны ары қарай дамытып жүзеге асыратын жүйрік қалам. Осы зерттеу жұмысым барысында қалам арқылы жазып қана қоймай, оның сиясы бітіп қалған жағдайда, оларды жинап, әр түрлі колекциялар мен түрлі заттар жасап дайындауға болатындығын білдім.

Мен қаламның сырттарын пайдалана отырып, түрлі бұйымдар дайындадым. Зерттеу жұмысым өте қызықты болғандықтаннан ба, мен бар ынта жігеріммен осы жұмыс бойынша жасауға тиісті, жазуға тиісті барлық ақпараттар мен материалдарыды жинақтадым. Өзім бұрын білмейтін көптеген жаңа мәліметтермен таныса отырып, ғылыми жұмысқа деген құлшынысым арта түскендей. Шынымен де күнделікті өмірде ұстап жүрген осы қаламға көпшілігі мән бермейтіндігі шындық. Оны тек жазу құралы деп қана қарай салады. Оның шын мәнінде қаншалықты маңыздылығы мен қажеттілігіне аса мән бермейтіндей.

Қазіргі заманда тіпті ақпараттық дамыған заман болғандықтан да, көпшілік адамдар компьютер, ноутбук т.с.с электронды құралдарға сүйеніп алып, сауатсыздыққа жол беруде. Оның зияны : біріншіден – сауатты жазу, жазудың бұзылуына зиянын тигізсе; екіншіден-адамды жалқаулыққа, еріншектікке, шынайы архивті материалдардың жинақталмауына тәрбиелейді. Сондықтан да, өзінің ішкі жан дүниеннен шыққан ойында сауатты, әдемі әріптермен қағаз бетіне шынайы жазып түсіруден артық ештеңе жоқ.

Зерттеу барысында 13 қаламның түрімен танысып, әр қайсысы туралы қызықты деректер жинақтап таныстым. Ақпараттық түрде ғана материалдар зерттеумен ғана шектелемей, практика жүзінде қаламның қалай жасалатындығын және одан түрлі заттардың макеттерін жасауға болатындығын үйрендім. Сонымен қатар, қалам туралы өз шығармашылығымды шыңдап, өлеңдер, жұмбақтар, мақал мәтелдер, аңыз әңгімелер, ертегілер бар екендігін білдім. Зерттеу жұмыс мені қиялымды ұштап, тың мәліметтер мен деректер жинап қана қоймай, шығармашылығымды арттырып қызығушылығымды арттырды. Сондықтан да жұмысымды қорытындылай келе ішкі ойымыз бен сырымызды жеткізетін, хат танытып, оқыта білген бұл қаламның адамзат үшін маңызы зор екендігіне жобам барысында көз жеткіздім.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ақпарат құралдары

2.Интернет жаңалықтары

3.Ел аузынан

4.Теледидар жаңалықтарынан (бейне сюжеттер)

5. Kaz-referaty.ucoz.kz.

6. hdg.kz

7. Astana-akshamy.kz



Аннотация

«Қалам қашан, қалай пайда болды?» тақырыбындағы ғылыми жұмысында оқушы қаламды толық зерттеп тақырыпты нақты аша білген. Алғашқыда оқушы бұл жобаны бастамас бұрын, қаламның жазу құралы екенін ғана білген болатын. Кейіннен осы тақырыпқа аса зер салып, қызығушылық танытып, қаламның бірнеше түрін жинақтап, танысып, одан бірнеше макеттер мен өзінің шығармашылық туындыларын да жинақтаған.

Оқушы осы тақырыпты зерттеу барысында қаламның 13 түрін, олардың шығу тарихын, атқаратын қызметтерін анықтаған. Технология пәнінің мұғалімі Мырзағалиев Айдын Маралұлынан сұхбат алу барысында қаламның жасалу жолдарын біліп қана қоймай, оны өз көзіммен көріп, жүзеге асырған.

Қаламға деген қызығушылығының оянғаны соншалық, қаламнан коллекциялар жинақтап, суреттерін салдып, қаламнан түрлі макеттер жасаған.

Тақырып оқушы жасына қарасақ өте өзекті. Себебі, оқушы өзінің ой қиялынан туындаған маңызды заттар мен деректер жинап отыр. Көп ізденіп, қосымша жұмыстар атқарған. Оның дәлелі осы зерттеу жұмысында қалам туралы аңыздар, әзілдер, жұмбақтар, мақалдар, ертегілер бар екенін және оларды кітапша қылып жинақтаған.

Оқушының осы зерттеу жұмысын қарай келе, тақырыптың тың таңдалып зерттелуінде негіз бар. Қосымша материалдар арқылы ғылыми жұмыстың мазмұның аша білген. Әрбір адам түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол - алға қойған жұмысының жемісін көру.


Аннотация

Ученик полностью исследовал научную работу на тему «Когда и как пявился ручка?». Мы знали, пока не начали этот проект то что ручка средство писания. В процессе работы ученик заинтересовался, показал себя, суммиравав несколько видов русек, собрал творческую работу и сделал макеты из ручек.

В ходе исследования определил 13 видов ручек, их историю и функцию. Он взял интервью у учителя технологии Мырзагалиева Айдын Мараловича, о том как сделать ручку из дерево, и вместе они сделали несколько макетов из ручки.

Ученик так заинтересовался ручкой, что в процессе работы он собрал коллекцию, начал рисовать и делать макеты.

Тема очень подходить к возросту ученика. Потому что, в порцессе работы он собрал интересные и важные данные. Занимался поиском, сделал дополнительную работу. Довод к этому он собрал книжку состоящий из легенды, , шутек, загадак, пословиц - поговорок и сказки о ручке.

Полностью исследовав научную работу ученика можно сказать что тема работы редкая. С помощью дополнительных работ он сумел плностью раскрыт тему работу. Каждый человек стремиться к своей цели. Это получить плоды своей работы.

Қостанай облысы Амангелді ауданы

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің 2 -сынып оқушысы

Бөдешов Өмірсеріктің



«Қалам қашан және қалай пайда болды?»

тақырыбындағы ғылыми-

зерттеу жұмысына
Пікір

Бөдешов Өмірсерік «Қалам қашан және қалай пайда болды?» атты ғылыми еңбегімен толық танысып шықтым.

Бөдешов Өмірсерік қалам туралы зерттеу жұмысын өте жақсы жаза білген. Қалам туралы бізге беймәлім ақпараттарды кең көлемде аша білген. Оқушы сабақтан тыс уақыттарда ізденіп, өзінің ойларын, жинаған материалдарын жұмыс барысында жүйелі жазған. Берілген уақыт мүмкіндігін пайдалан білген.

Қалам туралы жан – жақты жиналған мұндай деректер 2-сынып оқушылары үшін өте қызықты жаңалықтардың бірі болып отыр. Бөдешов Өмірсеріктің ғылыми еңбегі жоғарыдан көрінетініне сенімім мол. Себебі оқушы зерттеу жұмысында қаламның пайдасы мен зиянды жақтарын да саралай отырып, жұмыстың теориялы және практикалық маңызына да көп көңіл бөлген. Сондай-ақ барлық саламен байланыстыра отырып, зерттеу жұмысына толықтай күш салған. Яғни оқушы жоба барысында қаламның түрлерін анықтауда және оны жасауда технология, информатика, әдебиет, сурет т.б пәндерімен байланыстыра отырып зерттеген. Тіпті қаламда діни сауаттылықты арттыратын Құран оқитын қаламсаптың да болатындығын баса айтып отыр. Мұны бірі білсе, бірі білмейтіні шындық.

Оқушының қалам туралы тағы да басқа қосымша жинақтаған материалдарын көре отырып, бұл жұмысын өте жоғары бағаладым. Өзі жас болса да, ғылымға қызығушылық танытып, қалам туралы жан-жақты материалдарды ыждағаттылықпен жинап, жұмыс атқарғандығы көрініп тұр.
Сондықтан Өмірсеріктің болашағынан көп үміт күтуге болады. Оқушыны ғылыми зерттеу жұмысын сараптай келе, бастауыш сыныптарда жүргізілетін факультатив сабақтарда және үйірме жұмыстарында осы тақырыпты дәріптеп пайдалануға болады.
Пікір жазушы: Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары: К.Ш.Абдикова
Қостанай облысы Амангелді ауданы

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің 2 -сынып оқушысы

Бөдешов Өмірсеріктің

«Қалам қашан және қалай пайда болды?»

тақырыбындағы ғылыми-



зерттеу жұмысына



Каталог: uploads -> doc -> 09e0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09e0 -> Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
09e0 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Күні,айы,жылы: 28. 11. 2016 Білім беру саласы
09e0 -> Күні: 30. 12. 2015ж. Тобы: «Бүлдіршін». Жүргізген тәрбиеші
09e0 -> Сабақ Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту Сынып: 5 Ә Пән мұғалімі: Асылбекова Д. Б сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет