Бұл жолы мұғалімдер ең алдымен№1 тапсырманы орындады. Содан соң №2 тапсырманы топ мүшелерінің ішінен жекелей, топпен және жұппен презентация арқылы қорғады. "Аялдама" стратегиясы арқылы бір-біріне өз ойларын айта отырып, ортақ пікірге келді.
Мұғалімдер берілген тапсырманы орындай отырып, сапалы білім беру, білім сапасына арттыру әдістері, инновациялық оқыту-сапалы білім берудің кепілі туралы өз ойларын білдірді.Сол сияқты бастауыш білім беру жүйесіндегі, гуманитарлық, жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасын қалай арттыруға болатындығы туралы да талқыланды.
№3 тапсырма бойынша қазіргі сабақ пен дәстүрлі сабақты салыстыру, білім сапасын арттырудың мониторингісін қалай құруға болады? Білім сапасын арттырудың сипаттамаларына не жатады? тақырыптары төңірегінде сөз қозғалды. Постер құрып, презентациялар қорғады.
|