Чемпиондарды білу керек: Суреттерге қарап, Лондон Олимпиада ойындарының чемпиондарын атап, спорт түрлерін айту. Дұрыс жауап - 3 ұпай. І – топ Александр Винокуров (велоспорт) - алтын медаль Майя Манеза (ауыр атлетика) - алтын медаль Гузель Манюрова (еркін күрес) қола медаль Әділбек Ниязымбетов (бокс) - күміс медаль ІІ – топ Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) - алтын медаль Илья Ильин (ауыр атлетика) - алтын медаль Даниял Гаджиев (грек-рим күрес) - қола медаль Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика) - алтын медаль Суреттері берілмеген Лондон Олимпиада ойындарының чемпиондарын атаңдар. Қосымша ұпай беріледі. Жауаптары: Светлана Подобедова (ауыр атлетика) Серік Сапиев (бокс) Иван Дычко(бокс) Ақжүрек Танатаров (күрес) Марина Вольнова (бокс)
ҮІІ. Біздің жерлесіміз: ( 12 -13 слайд )
Сүйікті спортшым
Иван Дычко – спортшы. Ол – боксшы. Бокспен жасынан шұғылданды. Бокс жарыстарына жиі қатысты. Ол – күшті, мықты боксшы. Спортшы – біздің жерлесіміз. 2012 жылы Лондон қаласындағы олимпиадаға қатысты. Бұл 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ойнап келе жатқан Иван Дычконың Лондон Олимпиадасында қол жеткізген жетістігі. Финалға жолдама алып беретін жекпе-жекте Иван Ұлыбритания боксшысына небәрі 2 ұпай түрінде есесін жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Ол қола жүлдегері. Иван Дычко - қаламыздың мақтанышы. Мен бокстың жанкүйерімін.
Әр топ 3 минут ішінде біздің жерлесіміз Иван Дычко туралы әңгіме құрастырып айту.
ҮІІІ. Сандар сөйлейді: ( 14- слайд )
Әр топқа кезек-кезекпен сандар көрсетіледі, бұл санды спортпен байланыстыру:
1980 169 11
2011 12 69
2000 1996 100-110
16 2012 42
ІХ. Капитандар жарысы:
Капитандарға жеке тапсырма беріледі - сөйлемдерді толықтыру, осы кезде жанкүйерлер жарысады.
Сөйлемдерді толықтыру:
Спорт денсаулыққа ... .
Екі адамның жекпе жегі түріндегі спорт түрі ... .
Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі - ... .
Қысқы спорт түрі ... .
Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі ... .
Штанғаны жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы - ... .
Қазақстан – ежелден спорттық дәстүрі ... .
Футбол ойынының Отаны - ... .
1996 жылы Атлантада палуан Ю. Мельченко, боксы В.Жиров ... .
Жүгіру денсаулық үшін ... .
Х. Жанкүйерлер жарысы:
1- топ жанкүйерлері екінші топтың жанкүйерлеріне спорт туралы 5 сұрақ қояды. 2 - топ жанкүйерлері бірінші топтың жанкүйерлеріне 5 сұрақ қояды. Дұрыс жауп -2 ұпай.
ХІ. Викторина: ( 17 -18 слайд )
Дұрыс жауап берген топқа 2 ұпайдан қосылады:
Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы?
7-Қысқы Азиадада спорттың неше түрі болды?
Сидней Олимпиаданың чемпиондары?
Тейквондо штаб пәтері қайда орналасқан?
“Против силы найдется еще большая сила” мақалын қазақшаға аудару
Атланта Олимпиаданың чемпиондары?
Футбол сөзі қандай сөздерден шыққан?
Лондон Олимпиадасының жеңімпаздарын ата.
Атақты қазақ палуандарын ата.
Спорт алғаш қай елде пайда болды?
Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына неше медаль салды?
ХІІ. Марапаттау:
Сөз әділқазыларға беріледі, ойын нәтижесін айту, марапаттау.
ОЙЫН – САЙЫСТА ЖАРЫСАМЫЗ
«МИРАС» тобы
«ҚАЙРАТ» тобы
Достарыңызбен бөлісу: |