Қостанай облысының флора мен фаунасы



бет7/8
Дата24.01.2023
өлшемі0,55 Mb.
#166294
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өлкетану 3 апта
Документ (1), 5В061200-Метеорология

Қара кезқұйрық (лат. Milvus migrans) – сұңқартәрізділер отряды қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құсҚазақстанда кең тараған (тек ормансыз жазықтар мен өте биік таулы аймақтарда кездеспейді). Шәулісінің қанатының ұзындығы 41 – 51 см, құйрығының ұзындығы 25 – 28 смұябасары сәл ірілеу. Салмағы 1000 г-ға жетеді. Басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығының ұшы айыр. Ол әсіресе қалықтап ұшқанда жақсы байқалады. Арқасы қара қоңыр, қоңыр сұр түсті, басы ақшылдау, ал бауыры – ұзына бойына орналасқан қара дақты, сарғыш қоңыр. Ұшып жүргенде қанат астындағы ақ дақ жақсы көрінеді. Жас құстардың реңі басқаша: қауырсындары бурыл, денесі қызғылт қоңыр теңбілді және құйрық қанаттарының ұшы ақ. Кезқұйрық – жыл құсы. Наурызда Қазақстан аумағына ұшып келеді. Сәуірдің ортасында ағаш басына (негізінен еменнің), жартасқа ұялайды. Ондағы 2 – 3 жұмыртқаны ұябасары 30 күндей шайқайды. Балапандары 45 күннен кейін ұядан ұшады. Тамыздың аяғы – қыркүйектің басында топталып, жылы жаққа – Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Әлсіз жыртқыш болғандықтан негізгі қорегі – жануарлар өлексесі, ұсақ кемірушілертауықтәрізділер мен су құстарының балапандарыкесірткелержыландарбақаларсу бетінде қалқып жүрген өлібалықтармоллюскілер. Өлексені, т.б. қалдықтарды, зиянды кемірушілерді жеп пайда келтіред

Ителгі [1](лат. Falco cherrug) – сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құсҚазақстанда биік таулар мен ормансыз жазықтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Сарыарқаның аласа таулы өңірлерінде көп ұшырасады. Баянауланың, Ерейментаудың, Қызыларайдың, ҚарқаралыныңКөкшетаудың қия тасты, қалың қарағайлы таулары ителгінің негізгі мекені болып табылады. Шәулісінің қанатының ұызндығы 34 – 39 см, салмағы 730 – 800 г, ұябасарының қанаты 37 – 41 см, салмағы 1000 – 1300 г. Қазақстанда ителгінің 5 түр тармағы кездеседі. Олардың реңі таралған аймағына қарай әр түрлі болып келеді. Бәріне ортақ белгі – сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры – сарғылт теңбілді болады. Ителгі қанаттарын жиі қағып, ауыр ұшады. Өте биіктеп, ұзақ қалықтайды. Негізінен, наурыздың аяғы – мамырдың басында құз-жартас кемеріне, биік қарағайдың басына ұя салады. Ұядағы 3 – 5 жұмыртқаны ұябасары бір айдан аса шайқайды. Балапандары 40 – 45 күннен соң ұядан ұшады. Бір жұптан орта есеппен алғанда жылына 2 балапан ғана қанаттанады. Негізгі қорегі – құмтышқан, сарышұнақ, майда құстар (торғай, кептер, түркептер, кекілік), сондай-ақ бауырымен жорғалаушыларды, ірі қоңыздарды, тіпті көкқасқа шегірткелерді де жей береді. Жемтігін бір орнында ұзақ отырып, тасадан күтеді, оны көре салысымен өте шапшаң ұшып, қуып жетіп ұстайды. Кейде құсты жоғарыдан шүйлігіп, қағып түсіреді. Тамыз – қыркүйекте жылы жаққа ұша бастайды. Жергілікті құстар республиканың оңт-нде, ал көпшілігі Таяу және Орта Шығыс Азияда қыстайды. Қырандардың ішінде баптауға ең көндіккіші осы – ителгі Арқа құсбегілері ителгіге қоян, үйрек алдырса, Сыр бойының құсбегілері қырғауыл, құр, шіл, кекілік алдыратын болған. Ал араб елінің құсбегілері ителгіні көбіне жорға дуадаққа салады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстанда 2 – 3 мың бас ителгінің ұялағаны белгілі. Бірақ 1992 жылдан бастап, бұл құсты шет елге (әсіресе, араб елдеріне) сату науқанының кең етек алуына байланысты, И. бей-берекетсіз ауланып, саны күрт төмендеді. Соңғы санақ бойынша Қазақстанда 100 – 150 жұп қана ұялаған (2001). Алматыдағы “Сұңқарбіріккен кәсіпорнының құс питомнигі мен Алматы хайуанаттар саябағында қолда өсіріліп, 100-ден аса ителгі табиғатқа жіберілді (1990 – 1995). Қазақстанда ителгі Ақсу – Жабағылы, Наурызым, Үстірт қорықтары мен “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында қорғалады. ителгілердің жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет