Мұғалім беделі Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген оң көзқарасыңыз баланың бейімделу кезеңін жеңілдетеді.
Мектеп табалдырығын аттаған күнен бастап балаңыздың өмірінде сізден де беделді адам пайда болды. Ол- мұғалім.
Бірінші сынып оқушысының ұстазы жайындағы пікірін сыйлаңыз.
Балаңыздың мұғалімдерімен бірге жұмыс жасаңыз , көмек ұсыныңыз, белсенділік танытыңыз. Белсенді ата-аналары бар сыныпта байқалғандай балалар арасындағы қарым-қатынас тығыз және жақсы, өмір қызықты, көп мерекелер мен саяхаттар болады.
Ұмытпаңыз: ата-ана ретінде жеке өзіңізде мұғалімге деген сұрақтарыңыз немесе кейбір нәрселерді басқаша жасау керек деген пікірлеріңіз болса, мұндай қайшылықтар ересектер арасында қалуы қажет. Әйтпесе бала ата-анасына деген махаббат пен мұғалімнің беделі ортасында қалуға мәжбүр болады.
«Отбасы ортасында» мектеп немесе мұғалім жайлы негативті пікірлер өте зиянды, бұл баланың бейімделу кезеңін айтарлықтай қиындатады, баланың тыныштығын бұзады және ол үшін жақын адамдары арасында келісім мен қамқорлыққа сенімсіздігін туындатады.
Егер де сізге оқыту әдісі түсініксіз не қолайсыз болса, мұғалімнен бұл әдістің өзге тәсілдерден қандай айырмашылығы және қандай артықшылығы бар екенін түсіндіруін сұрауыңыз қажет. Кез-келген мұғалім бұл сұраққа қуана жауап береді, себебі , мұғалімге де сыншы емес көмекші ата-ана қажет.